Қазақстан КСРО-ның ірі өнеркәсіп аймағы


Пән: Қазақстан тарихы
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 5 бет
Таңдаулыға:   

Қазақстан КСРО-ның ірі өнеркәсіп аймағы

Қазақстанда химия өнеркәсібінің даму тарихы Қаратау фосфорит кенінің игерілуімен тығыз байланысты. Республикамызда минералды және органикалық бай қордың болуы химия өнеркәсібінде технологиялардың жетілдірілуіне және өндіріс орындарының салынуына игі әсерін тигізді.

Жамбыл облысы республикадағы өнеркәсібі жан-жақты дамыған ірі аймақтың бірі болып табылады. Халық шаруашылығының барлық дерлік салаларының өркендеуіне обылыстың табиғи - географиялық жағынан қолайлы орналасуы мүмкіндік береді. Қаратауда теңдесі жоқ бай (жалпы қоры 1, 6 млрд. тн. ) фосфорит кені жинақталған. Мұндағы байлық облыс өнеркәсібінде жетекші орын алады. Химия кәсіпорындарының қуаты жыл сайын 80 000 тн дейін сары фосфор, 150 000 тн минералдық тыңайтқыштар 120 000 тн натрий триполифосфатын, ортофосфорлық қышқылдар өндіруді қамтамасыз ете алады [1] .

Қазақстандағы фосфорит алабын зерттеу ХХ ғасырдың басында басталды. Оларды 1909-1915 жылдары Я. В. Самойлов бастаған геологтар зерттеді.

1936 жылы И. И. Машкара Кіші Қаратау (Батыс Тянь-Шянь) жотасында құрамы 18-37 % Р 2 О 5 тұратын ұсақ түйірлі кремнийлі - карбонатты төменгі кембрийлік фосфорит қабаттарын ашты. 1937 - 1946 жылдары П. Л. Безруков және Б. М. Гиммельфарб басқаруымен НИУИФ геологтары ұзындығы 120 км, ені 25-30 км болатын Қаратау фосфорит алабын ашты. Мұнда 40-тан астам кен орындары және әртүрлі мөлшерді табылды. Бұл кезде фосфорит алабының қоры 2 млрд. деп бағаланды [2] .

1937-1939 жылдары НИУИФ барлау жұмыстарының нәтижесінде фосфорит шығатын алаңда масштабы 1: 100 000 геологиялық карта жасалды. Бұл алаңдағы зерттеу бөлімінде 42 кен орны анықталды. Оның 11-і алғаш рет 1939 жылы ашылды. Жаңа кен орындары - Шолақтау және Жаңатас алдыңғы табылған Көксу және Ақсай ірі кен орындарымен теңесті [3] .

1960-1980 жылдары Қаратау алабына мемлекет үлкен маңыз беріп, оны арнайы барлау үшін Жаңатас геологиялық барлау экспедициясы ұйымдастырылған.

Б. М. Гиммельфарб және А. М. Тушин геологиялық құрылымының ерекшелігіне байланысты кен орнын негізгі бес топқа бөледі [4] .

Бірінші топ алаптың оңтүстік-шығыс бөлігіндегі кен орындарын қамтиды. Олардың ең ірісі - Шолақтау. Жүргізілген жұмыстар көрсеткендей Шолақтаудың басты артықшылығы - оның темір жолға (100 км) жақын орналасқандығы [3, 27 бет] . Шолақтау фосфорит кенін басқа бірқатар шағын: Тамды, Арбатас, Сүлейменсай, Насынқұл, Шолақтау III, Қотырбұлақ, Жетімшоқы I және II кен орындары кіреді.

Екінші топ Ақсай фосфорит кені, Түйесай кені және қоры шағын: Көктал, Тесіктас, Шилібұлақ, Қыршабақты кен орындарын құрайды. Бұл топтың жалпы қоры алаптың барлық қорының 12 % құрайды.

Үшінші топқа ірі өндіріс және ұсақ кен орындары: Ақжар, Үшбас, Жартас, Арқалықсай кен орындары кіреді.

Төртінші топ Ақсай және Көксу кен орындарының аралығындағы ұсақ кен орындарын құрайды.

Бесінші топқа Көкжон және Жаңатас кен орындары кіреді. Бұл топ кен орындарының өнеркәсіптегі маңызы зор. Алаптың жалпы қорының 61% осында шоғырланған.

Қаратау фосфорит кені Жамбыл облысының Талас және Сарысу аудандарында және Оңтүстік Қазақстан облысының Созақ ауданында орналасқан [3, 23 бет] .

1941 жылы Қаратау кен-химия комбинатының құрылысы басталып, тұңғыш руда ұсақтау-ұнтақтау цехтары 1946 жылы іске қосылды. Осы жылғы алаптың алғашқы кен орны игерілуіне байланысты Шолақтау кенті салынды. Қала өмірі Қаратау фосфорит алабымен тікелей қатысты болды. Қаратау кеніші алғашқы өнімін 1946 жылы бере бастады. Мұнда фосфорит өндіру жұмысы үш жерде - Шолақтау, Ақсай, Жаңатас кен орындарында жүргізілді. Комбинаты төрт рудник жұмыс істеді. Олар: «Молодежный», Ақсай, Орталық және Оңтүстік-батыс рудниктері. Карьерден руда ашық әдіспен өндірілді. Қаратау кен-химия комбинаты минералды тыңайтқыш өндіруге қажетті шикізат - фосфорит рудасын және кварцит пен мәрмәр шығарды. Қаратау алабы фосфорлы тыңайтқыштар өндіру жөнінен Одақ көлемінде «Апатит» комбинатынан кейін екінші орынды иемденді. Қаратау кен - химия комбинаты 1966 жылы 1677 тн, ал 8 - ші бесжылдықта комбинаттың өндірістік қуаты 48% артып, 1970 жылы 3 292 000 тн руда өндірді. Одақ көлеміндегі табиғи фосфатты шикізат қорының 11, 5% Қаратау кен алабының үлесіне тиді [5] .

1943 жылы соғыс кезінде фосфорит кен орындарына халық құрылысы әдісі бойынша облыс колхозшыларының күшімен темір жол бұтақтары төселді. Оның ұзындығы соғылып жатқан Жамбыл суперфосфат зауытына фосфор шикізатын апару үшін 144 км созылды. Оның құрылысы 1948 жылы басталып, екі жылдан соң пайдалануға бірінші суперфосфат цехы, ал 1951 жылы ортофосфор қышқылы цехы берілді [6] . Алғашқыда бұл зауыттың ісі алға баспады. Себебі, цехтардың өз уақытында іске қосылмауы және фосфор ұнының жетіспеушілігі кері әсерін тигізді жоспарды 140 000 тн жеткізіп орындау үшін қажетті 82 000 тн фосфор ұнын алу керек болса, іс жүзінде тек қана 62 000 тн алынды [7] .

Өндіріс цехтарында 1952 жылы жұмысшылардың саны 664 адам болды. 1951 жылы зауыттың цехтарында еңбек ақыны төлеу жүйесі іске асырылып, еңбек өнімділігінің артуына әсер етті. Зауыттың жұмыс күші негізінен жергілікті халықтан жинақталған. Мұндағы жұмысшылардың арнаулы мамандықтары болмады. 1951 жылы 753 адам жұмысқа алынып, 490 адам жұмыстан шығарылды. Шығарылғандардың көпшілігі - жүк тиеушілер. Олар химия өнеркәсібінде алғаш рет жұмыс істегендіктен, ауыр және зиянды жағдайға үйрене алмай, шығып кеткендер [7, 6-7 бет] .

ХХ ғасырдың 50 жылдары Қаратау фосфорит кені негізінде химия өнеркәсібі жедел дамыды. 60 жылдары Жамбыл қосарлы суперфосфат зауыты тұрмыстық химияның республикадағы және Орта Азиядағы аса ірі кәсіпорнына айналды. 1962 жылы Жамбыл суперфосфат зауыты аммафос тыңайтқышын шығара бастады. Химия өнеркәсібі бесжылдық жоспарды уақытынан бұрын 1965 жылы қараша айында орындады. Ішкі өнім көлемі 1, 7 есе артты. Зауыт өнімі Орта Азия, Ресей Федерациясы, Украина және Литва Республикаларына шығарылды. 1966 жылы қосарлы суперфосфат зауытының құрылысы басталды. 1969 жылы сары фосфор және термиялық фосфор қышқылы цехтары іске қосылды.

Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі Төралқасының жарлығымен 1963 жылы Қаратау, 1969 жылы Жаңатас қалалары пайда болды. Халық шаруашылығын өркендетуде және мәдениет құрылысында облыс еңбекшілерінің қол жеткізген табыстары үшін Жамбыл облысы 1967 жылы 8 тамызда Ленин орденімен марапатталды.

1971 жылы 20 сәуірде КСРО Жоғарғы Кеңесі жарлығымен химия өнеркәсібінің өндіріс орындары мен ұйымдары жұмысшыларын КСРО орден және медальдарымен марапаттады. Жамбыл облысы бойынша 90 адам марапатталды [8] .

1979 жылы Кеңестер Одағының фосфор өнеркәсібінің флагманы Жаңа Жамбыл фосфор зауыты салынып бітіп, қала «Үлкен химияның астанасына» айналды. 1979 жылы республикада өндірілетін химия өнеркәсібі өнімінің 40% Жамбыл территориялық - өнеркәсіптік кешенінің үлесіне тиді. ХХ ғасырдың 80 жылдары Жамбыл облысы Қазақстанда шығарылған минералдық тыңайқыштардың 78 %, сары фосфордың 52 % берді [1, 39 бет] .

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
2-ші дүние жүзілік соғыстан кейінгі халықаралық жағдай. Герман мәселесі
Қазақстанның әлем шаруашылығына енуі
Кеңес Одағының ыдырауы және оның себептері
Қазақстанның Ресейге қосылуы: кіруі, жаулап алуы, отарлауы
1946-1970 жылдардағы Қазақстанның қоғамдық-саяси және экономикалық жағдайы
Экономикалық интеграция туралы
Қытайдың Орталық Азиядағы саясаты
Қазақстанның энергетика жүйесі туралы ақпарат
Қазақстан Республикасының нарықтық экономикалық ерекшеліктері мен халықаралық экономикалық қатынастарын зерттеу
Қазіргі Халықаралық қатынастардағы Иран Факторы туралы ақпарат
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz