Қазақстан қорықтары жайында



Пән: География
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 6 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан қорықтары

Жоспары:

Кіріспе: Қорықтар және ерекше қорғалатын аумақтар.

І. Қызыл кітап және Қазақстан қорықтары
1.1 Қазақстан Қызыл кітабындағы сүтқоректілер
1.2 Алматы қорығы
1.3 Наурызым қорығы

ІІ. Қорық ұйымдастыру ісінің болашағы
1.1 Ерментау қорығы
1.2 Қаратау қорығы
1.3 Алакөл қорығы

Қорытынды:

Пайдаланылған әдебиеттер

Қорықтар және ерекше қорғалатын аумақтар

Қорықтар – бұл табиғат обьектілерін қорғаудың ең жоғарғы формасы. Қорық
аймағы шаруашылық айналымынан босатылып, онда кен өндіру мен құрылыс
жұмыстарын жүргізу, аң – құс атып, балық аулау, шөп шабу мен мал жаю және
ағаш дайындау сияқты табиғат байлықтарына нұқсан келтіретін әрекеттерге
тйым салынған. Сонымен қатар, қорық жеріне улы химикаттарды шашуға және
басқа жерлердің өсімдіктері мен хайуанаттарын жер сіндіруге болмайды. Бір
сөзбен айтқанда қорық ұйымдастырылған жердің табиғаты сол аймақтың
ландшафтылы – географиялық белдеуінің үлгісі, ретінде қорғалуы қажет. Бұл
жерлердегі экологиялық процестердің барлығы адам араласуынсыз табиғи
жағдайда өтеді. Адам оның бақылаушы-сы, зерттеушісі ғана. Сол себепті де
қорық-тарды соңғы кезде ашық аспан астындағы нағыз *табиғат лабараториясы*
деп те атап жүр. Өйткені, мұнда ұзақ жылдар бойына табиғат комплекстерін
табиғи жағдайда ғылыми терең зерттеу, *табиғат жылнамаларын* жүргізу сияқты
алуан түрлі жұмыстар жүзеге асырылады. Қорықатарда тек саны азайып, жойылып
кетуге жақын тұрған қоймай сонымен қатар, өлкеміздің көрікті табиғат
ландшафтылары, жалпы табиғат комплекстері сол қалпында сақталады. Міне,
сондықтан да болашақ ұрпаққа табиғат байлықта-рын кемеліне келтіре
көркейген қалпында табыс етуде қорықтар-дың алатын орны ерекше. Шындығында
да кең – байтақ республи-камызда қорықтардың жетіспеуі кімді болса да
ойландырмай қоймайды. Қазақстанда әр жылдары ұйымдастырылған *Ақсу –
Жабағылы* (1926), *Алматы* (1934), *Наурызым* (1959), *Барса- келмес*
(1939), *Қорғалжын* (1968), және *Марқакөл* (1976), Үстірт (1984), Батыс
Алтай (1992), Алакөл (1998) қорықтары бар. Осы орайда Қазақстан қорықтары
республикамыздың табиғат байлықтарын қорғау ісіне орасан зор үлес қосып
отырғандығын айта кетпеске болмайды. Енді, Қазақстандағы қорықтардың
бүгінгі жайымен танысып, республикамыздағы қорық ұйымдастыру ісінің
ертеңіне көз жібергеніміз жөн секілді.
І. Қызыл кітап және Қазақстан қорықтары
Алматы қорығы

Іле Алатауының төрінен орын тепкен Алматы мемлекеттік қорығы
қаламыздан небәрі 25 шақырым қашықтықта жатыр. Бұл қорық 1934 жылы 6
мамырда құрылды. Бастапқыда қорық ұйымдас – тырған жердің көлемі 15 мың
ғана гектар алқапты қамтыса, кейіннен оған көптеген жерлерді қосуға
байланысты 40 – шы жыл-дардың басында Алматы қорығының жалпы аймағы 857 мың
гектарға жетіп, ол ерекше маңыза бар қорықтар қатарына енді. Сол кезде,
оның қамтыған аймағы бүкіл Іле Алатауының, сонау Сөгеті жазығынан Каскелен
өзені аңғарына дейінгі аралықты алып жатқан болатын. Оның құрамына Іле
өзенінің жағалауы да кірген еді.Алай-да, соғыстан кейінгі жылдары түрлі
себептерге байланысты қорық-тың көлемі бірнеше рет өзгеріп, тіпті кейіннен
жабылып та қалды. Содан, Алматы қорығы 1960 жылдың 11 қаңтарында Іле
Алатауы-ның орталық бөлігіндегі таулы аймақта қайта құрылды. Қорықтың таулы
бөлінің алып жатқан жер көлемі 71 681 гектар.
Қорық жерінде табиғаттың барлық белдеулері анық байқалады. Мұнда,
аптабы ыстығы бар шөл даланы да, тынық орманды белдеу-ді де және мәңгілік
мұз болған тундраны да кездестіруге болады. Осыған байланысты қорық
жеріндегі өсетін өсімдіктер мен мекен-дейтін хайуанаттар дүниесі түр
жағынан бай келеді. Алматы қоры-ғында халықаралық табиғат қорғау одағының
*Қызыл кітабында* жойылып кету қаупі бар аң ретінде тіркелген барыс,
қарақұйрық мекендейді.

Наурызым қорығы

Наурызым мемлекеттік қорығы 1959 жылы ұйымдастырылды. Бұл қорық
ұйымдастырылғаннан бері уақыт ішінде талай-талай өзгерістерге де ұшырады.
Алпысыншы жылдарға дейін қорық бірнеше рет жабылып, артынша қайта ашылып
отырған кездерде болды. Тек 1966 жылдың 18 қыркүйегінен бастап ол
мемлекеттік қорық ретінде жұмыс істей бастады. Ал 1968 жылдан Наурызым
қорығы республикалық экология және табиғат ресурстары министірлігінің
қарауына енеді. Арада өткен талай өзгерістер қо-рық жерінде із қалдырмай
кеткен жоқ. Мұнда шаруашылық жұмыстары кең етек алумен қатар, қарағайлы
орман алқаптарының едәуір жерін өрт те шарпыды. Дегенмен, соңғы жылдары
жүргізіліп келе жатқан жұмыстар бұл аймақта қорықтық режимнің сақтала-
тындығын байқатады.
Наурызым қорығының қазіргі уақытта алып жатқан жер көлемі 87 694
гектар. Соның 17 662 гектары немесе 19,5 пайызы орманды алқаптардың үлесіне
тиеді. Олар – Терсек, Сыпсың және Наурызым реликтілі қарағай орман
алқаптары. Сонымен қатар, қорық жерінде Жаркөл, Ақсуат, Сарымойын атты
көлдер бар. Аталған көлдер, әсіресе, көктем мен күз айларында нағыз құс
базарына айналады. Мұнда солтүстікте тіршілік ететін құстар жылы жаққа
барар және қайтар жолда дем алуға отырады. Селеу өскен жазық далалар мен
ормандар арасында аң мен құстардың көптеген түрлері кездеседі. Жалпы қорық
аймағында ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстан Қызыл кітабы
Қазақстан қорықтары жайлы
Қызыл кітап жайлы
Қазақстан қорықтары және қызыл кітап
Қорықтардың қоршаған ортаны қорғаудағы рөлі
Ерементау қорығы
Қызыл кітап және Қазақстан қорықтары
Қазақстанның аса қорғалатын табиғи қорықтары және территориялары
Қазақстандағы жануарлар дүниесінің зона бойынша таралуы
Кения Республикасы
Пәндер