Қазақ тілі сабағындағы дидактикалық ойындарды қолданудың тәрбиелік негіздері. Дидактикалық ойынға анықтама


Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 6 бет
Таңдаулыға:   

Қазақ тілі сабағындағы дидактикалық ойындарды қолданудың тәрбиелік негіздері.

Жоспары:

І. Кіріспе бөлім

1. Дидактикалық ойынға анықтама

ІІ. Негізгі бөлім

1) Ойын-пәнге қызығушылықты арттырудың тиімді жолы

2) Дидактикалық ойындардың мақсаты мен міндеттері

3) Құрылымы

4) Сапалылығы

5) Түрлері және қолданылуы, теориясы

6) Даму деңгейлері

7) Бала ойынында педагогтың рөлі

ІІІ. Қорытынды бөлім

Дидактикалық ойынның маңызы

Эпиграф:

Ойын дегеніміз ұшқын, білімге құштарлық пен еліктеудің маздап жанған оты.

В. М. Сухомлинский

І . Кіріспе бөлім

Ойын адамның өмір танымының алғашқы қадамы. Ойын өмірде өте ерте жастан басталып, адамның кәсіпті толық мегергенінше жалғасады. Ал оқыту процесінде жаңа технологияның маңызды бөлігі. Қазақ халқының ұлт ретінде өмір сүруіне оның тілімен қатар салт-дәстүрлердің, әдет-ғұрыптарының маңызы айрықша. Қазақтың мақал-мәтелдері жас ұрпақты ибалы болуға, әдептілікке, мінезін жақсы қасиеттер арқылы имандылықпен инабаттылыққа тәрбиелесе, ақын-жазушылардың көркем шығармалары эстетикалық, этикалық қасиеттерге тәрбиелейді.

Абай Құнанбаевтың он тоғызыншы қара сөзінде жас кезінен жақсы сөз естіп өскен бала кейін есті адам болады: «Адам ата-анадан туғанда есті болмайды, естіп, көріп, ұстап, татып ескерсе. Дүниедегі жақсы, жаманды таниды-дағы, сондайдан білгені, көргені көп болған адам білімді болады. Сондықтан балаға жас кезінен бастап ойын арқылы тәрбиелік маңызы жоғары халық ойларының кәусар бұлақтарымен сусындату қажет.

Орыс ғалымы, дәрігер, педагог К. А. Покровский «ойын-күнделікті бала еңбегі, болашақ өмірінің бастамасы. Ойын үстінде баланың ертеңгі өмірге деген қабілеті байқалады»-деген. Ойын баланы қимылға, әрекетке, денешынықтыруға төселдіреді. Сол арқылы өмір күресіне, еңбекке баулиды. Ойынсыз ақыл-ойдың қалыпты дамуы да жоқ. Ойын арқылы баланың рухани сезімі жасампаз өмірмен ұштасып, өзін қоршаған дүние туралы түсінік алады. Дидактикалық ойындар арқылы оқушылардың интеллектуалдық қабілеттері, логикалық ойлауы, түрлі көркем шығармаларды пайдалана отырып, ізгілік, адамгершілік қасиеттерін бойына сіңіреді. Ойын екі немесе одан да көп адамдардан құрылатын топтардың өз мүдделерін іске асыру үшін күрес жүргізу процесі. Әрбір топтың өз мақсаты, стратегиясы болады.

Педагогика саласында пайдаланатын ойындарды - дидактикалық ойындар дейді.

ІІ. Негізгі бөлім

Дидактикалық ойындар баланың ынтасын сабаққа аударуға, көңіл қойғызуға, қабылдауын жеңілдетуге, білімді толық игеруге көмектеседі, сабаққа эмоциялық бояу береді.

Ойынның мақсаты:1. Баланы пәнге қызықтыру, логикалық ойлауын дамыту . 2 . Сөздерді орынды қолдану дағдыларын жетілдіре отырып, сөйлеу мәдениетіне тәрбиелеу.

3. Таным әрекетін қалыптастыру, тиянақтау, пысықтау, алған білімді тексеру, қызығушылығын ояту, белсенділігін арттыру.

Міндеті: 1) Танымдық: баланың тану, іздену әрекетін дамыту.

2) Тәрбиелік: айналасымен қарым-қатынас жасауға, қажетті дағдыны, адамгершілік қасиеттерін қалыптастыру

Дидактикалық ойындарды құру мына негіздерге сүйенеді:

1) Балалардың іс-әрекетіне ойын түрлерімен оқуды байланыстыру, біртіндеп қызықты жеңіл ойындардан ойын-тапсырмалар арқылы берілген оқу-тәрбие мәселелеріне көшу.

2) Шарты мен міндеттерін біртіндеп күрделенуі

3) Берілген тапсырмаларды шешуде баланың ақыл-ой белсенділігінің күшеюі

4) Оқу-тәрбие мақсаттарының бірлігі

Дидактикалық ойындардың сапалылығы:

Олардың сабақтың әр кезеңіндегі орны мен міндетін, мақсатын дәл анықтауға, оны қолданудың теориясы мен практикасын мұғалімнің жетік меңгеруіне, шеберлік танытуына, ойынға қажеті материалдарды алдын-ала дайындап алуына, ойын үрдісіне оқушыларды белсенді қатыстыруына

байланысты болады.

Дидактикалық ойын түрлері:

1) Заттық дидактикалық ойындар

Бұл ойын әртүрлі ойыншықтармен ж/е әртүрлі ойын материалдарымен ұйымдастырылады.

2) «Жаңылтпашты жаңылмай айт», «Мақалды дұрыс оқы», «Мақалды жалғастыр» т. б.

3) Сөздік дидактикалық ойындар, яғни ауызша ойналатын ойындар:

Мыс: Мұғалім бірінші топтың алдына келіп, «өтірік сөз» немесе «ұрлық» деді, оқушылар өтірік сөздің жолы қысқа екендігін және ұрлық түбі қорлық екенін айтып, мақалдар ұйқастырып айтады. Оқушылар осындай ойындарға дағдыланып, жаман қылықтардан аулақ болады. Сабақта викториналық сұрақтар, жұмбақтар, сөзжұмбақтар, ребустар пайдалану өте тиімді.

Оқытудың ойын теориясын қолдануда екі жақты дидактика байқалады:

1. Ойнау үшін білу, үйренудің қажеттілігі.

2. Ойнай отырып, өзіндік білім алуы, өмір тәжірибесін жинақтау қажеттігі.

Ойнау теориясы мен практикасын отандық және шет елдік педагог-психологтар, социологтар зерттеуде.

Дидактикалық ойынға «Ғажайып алаң», «Бақытты сәт», ХХI ғасыр көшбасшы, анаграммалар, тренинг-сабақ, «Ойлантап, », «Кім тез», атты ойындар және викториналар, сөзжұмбақтар, ребустар жатады.

Сонымен қатар ұлттық ойындары оқушылардың ауызша жеткізу сауаттылығы мен біліктілігін дамыту үшін пайдалануға болады. Ұлттық ойындар- ата-бабалардан бізге жеткен «ханталапай» ойынын топтық жарыс сабағында пайдалануға болады.

Бұл негізгі шарты бойынша шашылған асықты жинай отырып, жаңылтпашты жаңылмай айтып отыруы керек. Қай топтың баласы қанша асық жинаса, сонша жаңылтпаш айтуы керек, жаңылтпашты дұрыс, анық айтқан баланың тілі шынығады әрі жылдамдыққа, шапшаңдыққа, ептілікке үйренеді.

«Ақсүйек» ойынын айлы түнде көңіл көтерген жастар сүйекті лақтырып, оны іздеу арқылы ойнаған. Мен «ақсүйекті» 2-сыныпта сан есім тақырыбын өткенде сан есімі бар мақал-мәтелдерді айтқызу үшін қолдандым. 3- сыныпта негізгі және туынды зат есім тақырыбында негізгі зат есіммен туынды зат есімді табу үшін ойнаттым. Бұл ойында кез-келген қималарды таңдап алып, тапсырманы орындау керек.

«Арқан тартыс» ойынының негізгі шарты 2 топтың сынасуы болса, қазақ тілі сабағында 2 топ білім сынасады. Мұны былай жасадым: Жуандығы 2 елідей ұзын жіпті тақтаның жоғарғы жағынғы 2 шегеге іліп, ұштарын теңестіріп қоямын. 2 топтан 1-1 оқушы шығып, 1 мезгілде мақал-мәтелдерді тоқтамай айтып шығады. Қай топтың оқушысы бұрын шығарса, жіптің ұшын өзіне қарай тартады. Нәтижесінде арқан қай топқа қарай көп жылжыса сол жеңді деп есептеледі. Бұл ойынды барлық пәндерге қолдануға болады.

Бастауыш сынып апталықтарында «Тапқыр достар», «Бақытты сәт» атты интеллектуалдық ойындарда қазақ тілі пәнінен викториналық сұрақтар түрінде өткіздім.

Ойын әрекеті негізінен 3 түрлі даму деңгейлерінен тұрады: кәсіптік ойындар, әуестену ойындары, оқу-жаттыу ойындары.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Бастауыш сынып оқушыларының қазақ тілі пәніне қызығушылығын арттыру
Қазақ тілі сабағында оқушылардың сөйлеу мәдениетін қалыптастыруда дидактикалық ойындардың ролі
Қазақ тілі сабағындағы дидактикалық ойын түрлерін сабақта тиімді қолдана білу әдісі, дидактикалық ойынның мәні, ерекшеліктері мен қызметі
Шетел тілі оқыту әдістемесі
ТІЛ ДАМЫТУ САБАҒЫНДАҒЫ ДИДАКТИКАЛЫҚ ОЙЫНДАРДЫ ҚОЛДАНУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
Оқыту мен дамыту бағытындағы дидактикалық ойын
Шетел тілін оқыту әдістемесі
Дидактикалық ойын арқылы оқушылардың есте сақтау қабілеттерін дамыту
Бастауыш сыныптарда математика сабақтарында ойын технологиясын қолдану
Ойындарды қолданудың теориялық негіздері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz