Қазақстан мен Қырғызстан


Пән: Экономикалық география
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 4 бет
Таңдаулыға:   

Қазақстан мен Қырғызстанның байланысы

Географиялық тұрғыдан жақындығы, тарихи тұрғыдан Терең тамырластығы, тілдің, мәдениеттің, салт-дәстүрдің ортақтығы Қазақстанның Қырғызстан Республикасымен жаңа тиімді ынтымақтастығының сенімді негізі болып табылады.

Екі жақты қарым-қатынас 1993 жылы жасалған, Достық, ынтымақтастық және өзара көмек туралы шарттың ережелеріне сәйкес құрылады.

Шартта тараптардың әрқайсысы өз аумағында тұрып жатқан екінші тараптың азаматтарына жалпыға бірдей танылған азаматтық, әлеуметтік, экономикалық және мәдени құқықтар мен еркіндіктерге кепілдік береді. Құжатта сауда-экономикалық, мәдени, ғылыми-техникалық және басқада байланыстарды кеңейтуге, экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге айрықша маңыз беріледі. Тараптар қоршаған ортаның ластануын болдырмау, табиғатты пайдаланудың, әсіресе экологиялық тұрғыдан қолайсыз аудандарда ұтымдылықты және ресурсты үнемдеуді қамтамасыз ету үшін қажетті шаралар қабылдау туралы өздеріне міндеттеме алды. Мемлекеттер сейсмология саласында ынтымақтасуға, өз аумақтарындағы ірі экологиялық апаттардың салдарын жоюда жәрдем көрсетуге, сондай-ақ халықтың тыныс-тіршілігі үшін қауіп туғызатын, табиғи және техногендік факторларға байланысты төтенше жағдайлар туындаған кезде өзара көмек көрсетуге уағдаласты.

Екі жақты қатынастардың шеңберінде 90-ға жуық құжаттарға қол қойылды. Олардың ішінде Сауда-экономикалық ынтымақтастық принциптері туралы, Еркін сауда-саттық туралы, Қазақстан мен Қырғызстанның үкіметтері мен ұлттық банктері арасындағы есеп айырысуларды ұйымдастыру туралы келісімдер маңызды болып табылады. Жерді республикааралық пайдалану туралы, сауда-саттыққа жатпайтын төлемдер туралы, өнеркәсіп, құрамында ураны бар шикізатты өндіру және ұқсату саласындағы бұдан былайғы интеграция туралы және басқа да келісімдердің маңызы үлкен. Тараптардың өзара қарым-қатынасындағы негізгі арқау сауда-экономикалык ынтымақтастықты жан-жақты тереңдету.

Қырғызстанның Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы Біртұтас экономикалық кеңістік құру туралы шартқа қосылуы, осы шартқа үш тарапты құжаттың сипатын беру шын мәнінде Орталык, Азия республикаларынын, арасындағы ынтымақтастықтын, жаңа кезеңі басталғандығын куәландырады, олар өзара тиімді байланыстарды нығайту мақсатында күш-жігерді біріктіруге деген ұмтылыстарын анық білдірді.

Екі жақты қатынастарды кеңейту үшін Президент А. Акаевтың 1997 жылғы 8 сәуірдегі Қазақстанға ресми сапарының зор маңызы болды. Екі мемлекет басшылары Мәңгілік достық туралы шартқа қол қойды. Бұл құжат Қазақстан мен Қырғызстанның әртарапты ынтымақтастығының тұрлаулы болашағын белгілеп берді.

Екі елдің Президенттері екі елдің арасындағы мемлекеттік шекараны құқықтық тұрғыда рәсімдеудің орындылығы туралы пікір білдірді. Осы уағдаластықты орындау үшін тараптар

Қазақстан Республикасы мен Қырғыз Республикасы арасындағы шекараны делимитациялауға кірісті. Н. Назарбаевтың 2001 жылғы маусымда Бішкек сапары барысында екі мемлекет басшылары осы жұмысты тиісті шартқа қол қою үшін жылдың аяғына дейін аяқтау ниеті туралы мәлімдеді.

Қазақстан мен Кырғызстан Орталық Азия Экономикалық Қоғамдастығымен қатар Еуразиялық Экономикалык, Қоғамдастық шеңберінде де белсенді түрде өзара іс-қимыл жасайтынын атап өту керек. Екі елдің арасындағы тауар айналымы 1998 жылы 140 миллион долларды құрады. Бұл орайда Қырғызстанның сыртқы сауда айналымы құрылымындағы Қазақстанның үлесі 25 пайызға жуығын құрайды.

Алайда, 2000 жылы сауда көлемі 90 миллион долларға дейін төмендеп кетті. Екі жақты сауданың дамуына тежеу болатын негізгі факторлар бірыңғай кеден тарифінің және сыртқы сауданы реттеу жөніндегі бірыңғай шаралардың болмауы, өзара қаржы-есеп айырысу қатынастары, атап айтқанда қосылған құн салығын алу мәселелерінің реттелмегендігі, сон-дай-ақ Қазақстан аумағы арқылы жүктерді транзиттік тасымалдауды квоталауға байланысты проблемалар болып табылады.

Бұл проблемаларды екі елдің үкіметтері тұрақты түрде назарда ұстап келеді және олар тату көршілік пен өзара тиімділік рухында өз шешімдерін табуда. Тараптар су-энергетика сияқты күрделі салада да сындарлы жұмыс істеуде.

Қазақстанның оңтүстік аймақтары, әсіресе егістің өсіп-өнуі кезінде су тапшылығын тұрақты түрде сезінетіні белгілі. Кырғызстан аумағында Тоқтағұл су электр станциясы болғандықтан принципінде Қазақстанға жеткілікті су көлемін бере алады, бұл орайда жазғы кезеңде басы артық электр қуатын сатып алуды ұсынады және қырғыз отын электр орталыгына көмір жеткізуді сұрайды. Ал Қазақстанда электр қуаты жетіп артылады, электр қуаты Қазақстанның солтүстігінде орналасқан станциялардан елдің оңтүстігіне қырғыздардікіне қарағанда әлдеқайда арзан тарифтермен жеткізіледі. Осындай күрделі жағдайларда екі елдің үкіметтеріне келіссөздер арқылы өзара мүдделердін, тепе-теңцігін іздестіруіне тура келеді.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстан мен Қырғызстанның сыртқы саяси қатынастары
Еуразиялық Экономикалық Бірлестік (ЕврАзЭС)
Қазақстан-Қырғызстан қарым-қатынасы мен бауырлас елде болған революция тақырыбын қазақ басылымдары қаншалықты шынайы, анық та, айқын жазатынына талдау жасау
ҚЫРҒЫЗ ТАРИХЫ
ҚАЗАҚ - ҚЫРҒЫЗ ҚАТНАСТЫРЫ
Қырғызстандағы қазақтар
Шетелдердің конституциялары мен конституциялық заңнамаларын қабылдау тәртібі (Қырғызстан мысалында)
Трансшекаралық аумақ шеңберіндегі Сырдария мен Амудария өзендерінің мәселесі
Қытайдың орталық азиядағы қауіпсіздіктің экономикалық факторы
Негізгі өзен бассейндері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz