Қазақстан өнеркәсібінің инновациясы



Пән: Өнеркәсіп, Өндіріс
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 30 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан өнеркәсібінің инновациясы

Жоспар

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...

1 Өнеркәсіп кәсіпорындарында инновациялық қызметті ұйымдастыру және
жоспарлауды теориялық негіздері

1.1 Инновацияның мәні, белгілері және
түрлері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...

1.2 Инновациялық процестің негізгі
кезеңдері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..

2 Қазақстанның өнеркәсіп кәсіпорындарында инновациялық қызметті
ұйымдастырудың қазіргі жағдайын талдау

2.1 ҚР – сы өнеркәсіп кәсіпорындарының инновациялық қызметінің

маңызы және
саясаты ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ...

2.2 ҚР - ның инновациялық қызметін сақтандыру ісі және инновациялық
жобаларды жүзеге асыру
мәселелері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
.

3 ҚР – да өнеркәсіп кәсіпорындарының индустриялық – инновациялық даму
стратегиясы

3.1 Өнеркәсіп кәсіпорындарында инновациялық қызметті басқарудың жаңа
тәсілдері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...

3.2 Қазақстандағы индустриялық – инновациялық 2003 – 2015ж.ж

даму
стратегиясы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ..

Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..

Пайдаланылған әдебиеттер
тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
..

Курстық жұмыстың мақсаты:
Индустриалды-инвестициялық қызмет мемлекеттік дәрежеде ең алдымен
инвестициялық портфель құрумен байланысты. Ол өзіне нақты және қаржылық
инвестиция объектілерінің жиынтығынан тұрады және оның мақсаты инновациялық
және инвестициялык стратегиясын жүзеге асыру болып табылады.

Курстық жұмыстың міндеті:

Индустриалды-инновациялық қызметтің негізінде кәсіпкерлікті
өркендетудің ілімдік негіздері.
Қазақстанда нарықтық экономикалық қатынастарды қалыптастыру мақсатында
бәсекеге қабілетті өнімдерді жаңа жоғарғы технологияларды игеру негізінде
өндіру, индустрия , ғылым және техникадағы әлеуетін дамыту басты
стратегиялық міндеттердің бірі болып отыр.

Кіріспе

Инновация – жаңа бұйымдар мен озық технологияларды жасауға, өндіруге,
дамытуға және сапалық жағынан жетілдіруге бағытталған күрделі құбылыс.
Индустриалды-инновациялық қызметтің құрылымдық тұжырымдамасы
республикамыздың индустриалды-инновациялық дамудың 2003-2015 жылдарға
арналған стратегиясы қабылданды. Оның мақсаты - шикізат бағытынан қол
үзуге ықпал ететін экономика салаларын әр тараптандыру
жолымен елдің тұрақты дамуына қол жеткізу, ұзақ мерзімді жоспарда сервистік-
технологиялық экономикаға өту үшін жағдай жасау болып табылады.
Қазақстан өзінің тарихи таңдауын жасады. Экономика салаларының әр
тараптануы және дамудың шикізаттық бағытталуынан шығу жолымен елдің тұрақты
дамуына бағытталған Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә. Назарбаевтың
2003-2015 жж. Қазақстан Республикасының индустриалды - инновациялық
даму стратегиясы постиндустриалды экономикаға алғашқы қадам болып
табылады. Өңдеуші өнеркәсіп пен қызмет сферасында бәсекеге қабілетті және
экспортқа бағытталған тауарлар, жұмыстар мен қызметтер өндірісі берілген
саясаттың басты бағыты.
Индустриялы-инновациялық бағытты нақты шаралармен толықтыру мақсатында
және оны жүзеге асырудың ұйымдық - экономикалық жетістіктерін
қалыптастыруға қажетті негізгі шарттар мен қағидаларды қамтитын,
индустрияны қарқынды түрде дамуын қамтамасыз ететін тұжырымдама әзірленді.
Осы тұжырымдамада индустрия саласының бірінші кезектегі мақсаттары, отандық
өндірушілерді мемлекеттік қолдау және дамыту бағыттары, әрі олардың
мүдделерін қорғайтын зандық нормативтерге жүгіну механизмдерін жақсарту
шаралары қамтылады.

1 Өнеркәсіп кәсіпорындарында инновациялық қызметті ұйымдастыру және
жоспарлауды теориялық негіздері

1.1 Инновацияның мәні, белгілері және түрлері

Инновация – жаңа бұйымдар мен озық технологияларды жасауға, өндіруге,
дамытуға және сапалық жағынан жетілдіруге бағытталған күрделі құбылыс.
Кәсіпорынның инновациялық қызметі – бұл жаңа немесе өнімнің жақсаруы,
не қызмет көрсетуі, оларды өндірудің жаңа әдістерін қолдану мақсатындағы
ғылыми – техникалық және зияткерлік әлеуметтік шаралар жүйесі. Бұл жеке
сұранысты сонымен бірге жалпы пайдалы жаңалықтарға қоғамның мұқтажын
қанағаттандыруы үшін пайдаланылады.
Инновацияның екі тұрпаты ажыратылады:
1) Өнімділік;
2) Үдерістік.
Жаңа өнімді өндіріске енгізу инновацияның түбегейлі өнімділігі ретінде
анықталады. Мұндай жаңалықтар негізінде жаңа технологияға, негізделеді, не
тіршілікте қолданылып жүрген технологияның жаңа түрінде пайдалануын
ұштастырады.
Процестік инновация – бұл жаңалықты енгізу немесе өндіріс тәсілін және
технологияны едәуір жетілдіру, жабдықтарды және өндірісті ұйымдастыруды
өзгерту.
Жаңалық дәрежедегі инновация негізінде жаңа, яғни өткен, отандық және
шетелдік практикада ұқсастығы жоқ және жаңа нәрсенің салыстырмалы жаңалығы
болып ұсақталады.
Кәсіпорынның инновациялық қызметін әзірлеуде, енгізуде, жаңалықтарды
пайдалануда қосылатындары:
Кәсіпорынның қызметін әзірлеуде, енгізуде жаңалықтарды:
- Жаңалық идеяны әзірлеу, зертханалық ғылыми жұмыстар, өнімнің жаңа
зертханалық үлгілерін, техниканың жаңа түрлерін, жаңа конструкцияны
және бұйымдарды дайындауда ғылыми зерттеу және конструкциялық
жұмыстарды жүргізі;
- Өнімнің жаңа түрлерін дайындау үшін шикізаттар мен материалдардың
қажетті түрлерін таңдап алу;
- Жаңа өнімді дайындауда технологиялық процесті әзірлеу;
- Қажетті өнімді дайындау үшін жобалау, жасау, сынақтан өткізу және жаңа
техниканың үлгілерін енгізу;
- Жаңалықтарды іс - жүзіне асыруда бағытталған ұйымдастырушылық
басқарушылық шешеімдерді әзірлеу және енгізу;
- Қажетті ақпараттық ресурстарды және инновацияны ақпаратпен қамтамасыз
етуді зерттеу және әзірлеу;
- Қажетті ғылыми – зерттеу және конструкторлық жұмыстарды жүргізу үшін
дайындау, оқыту, жаңа мамандық беру және қызметтерді арнайы әдіспен
іріктеу;
- Лицензиялау, патенттеу, ноу – хоу жұмыстарын жүргізу немесе қажетті
құжаттарды алу;
- Инновацияны жетілдіруді ұйымдастыру және маркетингтік зерттеулерді
жүргізу.
1. Жаңалық идеяны әзірлеу, ғылыми – зертханалық жұмыстар, техниканың жаңа
түрлерін, жаңа конструкцияны және бұйымдарды дайындауда ғылыми –
зерттеу және конструкциялық жұмыстарды жүргізу;
2. Өнімнің жаңа түрлерін дайындау үшін шикізаттар мен материалдардың
қажетті түрлерін таңдап алу.
3. Жаңа өнімді дайындауда технологиялық процесті әзірлеу;
4. Қажетті өнімдерді дайындау үшін жобалау, жасау, сынақтан өткізу және
жаңа техниканың үлгілерін енгізу;
5. Жаңалықтарды іс – жүзіне асыруға бағытталған ұйымдастырушылық
шешімдерді әзірлеу және енгізу;
6. Қажетті ғылыми – зерттеу конструкциялық жұмыстарды жүргізу үшін
дайындау, оқыту жаңа мамандық беру және қызметкерлерді арнайы әдіспен
іріктеу;
7. Қажетті ақпараттық ресурстарды және инновацияны ақпаратпен қамтамасыз
етуді зерттеу және әзірлеу;
8. Лицензиялау, патенттеу немесе қажетті қаражаттарды алу.

1.2 Инновациялық процестің негізгі кезеңдері

Жоғары технологияларды енгізуге және инновацияларды қолдауға
бағытталған біртұтас мемлекеттік стратегия жүргізу:
Біріншіден, өзіміздің бәскелестік артықшылықтарымызды негізге ала
отырып, технологиялар трансфертін белсенді әрі байыпты жүргізуіміз керек.
Сырттан жаңа технологиялар әкеліп, оларды жетілдіруді жүзеге асыратын,
сондай – ақ отандық ғылыми әзірлемелерді өндіріске енгізумен шұғылданатын
конструкторлық бюролар мен жобалау ұйымдарының желілерін құруға жәрдемдесу
қажет.
Екіншіден, жоғары технологиялар саласындағы жобаларды қаржыландыруды,
соның ішінде венчурлық негізде қаржыландыруды қолдайтын құрылымдар
жасақтау.
Үшіншіден, Қазақстан бизнесінің инновациялық белсенділігін көтермелеу
шарт. Ғылыми – зерттеу және конструкторлық қызметтегі зор күш – жігер жеке
меншік сектордың еншісіне тигені жөн.
Төртіншіден, зерттеу жұмыстарына мемлекеттік тапсырыстар жасауды бір
жүйеге келтіру қажет, сонда ғана бұл жұмыстардың нәтижесіне экономиканың
нақтылы секторында сұраныс туатын болады.
Индустриялық-инновациялық саясаттың басымдықтарын анықтау әдiстерi
әлемдiк тәжiрибе көрсеткенiндей, нарықтық экономикалы мемлекет экономикада
құрылымдық өзгерiстердi жүзеге асыруда жеке сектормен ынтымақтастық орната
алады. Осындай ынтымақтастықтың неғұрлым сәттi мысалдары Жапонияда,
Оңтүстiк Кореяда, Малайзияда және соңғы отыз жылда өздерiнiң экономикалық
даму саласында iрi бетбұрыс жасаған басқа да елдерде бар.
      Қазiргi Қытай индустриялық дамудың стратегиялық бағыттарын дамыту
саласында жеке сектормен ынтымақтасу саясатын жүргізуде.
      Дүниежүзiлiк Банктiң зерттеулерi мемлекеттiк индустриялық саясатқа
қатысты барлық көзқарастар кең ауқымды үш санатқа: инвестицияларды
үйлестiруге, iскерлiк ынтымақтастықты дамытуға және рыноктың орнын басуға
ұштастырылуы мүмкiн екендiгін көрсеттi.
      Инвестицияларды үйлестiру жөнiндегi бастамалар
      Жеткiлiктi дамымаған рынок жағдайында фирмалардың өндiрiстiң кеңеюiне
қарай қалыптасатын жаңа және барынша сапалы өнiмге сұраныстың көлемiн
бағалауға мүмкiндiгi болмайды. Мемлекет инвестицияларды үйлестiру
функциясын өз мойнына алады, олар инвестициялық жобаларды бiрлесiп жүзеге
асыру кезiнде ғана компанияларға пайда түсiредi.
      Инвестицияларды үйлестiрудiң осы үлгiсiн қолдану мемлекеттiк және
жеке институттарда белгiлi бiр әлеуеттiң болуын көздейдi, оған көптеген
дамушы елдердiң қолы жетпейдi.
      Іскерлік ынтымақтастықты дамыту жөнiндегi бастамалар
      Іскерлiк ынтымақтастық жөнiндегi белсендi мемлекеттiк саясат
шеңберiнде бастамалар кәсiпкерлермен мынадай бағыттарда iскерлiк қарым-
қатынасты нығайтуға тiкелей бағытталуы мүмкiн:
      сатып алушылардың мамандандырылған санаттары жаңа нарықтық орындарды
қалыптастырады және өнiм стандарттары бойынша ақпарат көзi болып табылады;
      жабдықтарды жеткiзушiлер олармен бiрге өндiрiстiк тәжiрибе жинайды;
      ресурстарды жеткiзушiлер өндiрiстiң жаңа идеялары мен әдiстерiнiң
пайда болуына ықпал етедi, ал бәсекелестер жаңа идеялардың қайнар көзi
болып табылады.
      Фирмалар, сатып алушылар, жабдықтар мен ресурстарды, қызметтер
көрсетудi жеткiзушiлер топтары, салалық қауымдастықтар, конструкторлық
бюролар және кооперация қағидаттарымен жұмыс iстейтiн басқа да
мамандандырылған ұйымдар сол бiр аймақтың шеңберiнде бiрлесiп жұмыс
iстейдi.
      Рыногы жеткiлiктi деңгейде дамымаған елдерге рынокты тереңдетудiң
және iскерлiк ынтымақтастықты дамытудың жинақтаушы процесiн қозғалысқа
келтiру үшiн ұйытқы (өзiнiң табиғаты жағынан ол мемлекеттiк немесе жеке
болуы мүмкiн) қажет болуы мүмкiн.
           Бұл көзқарас үкiметтiң рынокты толық ығыстырып шығару
әрекеттерiмен байланысты. Өнеркәсiптiк өсуге серпiн беру үшiн мемлекеттер
нарықтық бағалауды ақпаратпен және мемлекеттiк секторда жинақталатын
бағалармен ауыстыру ырқына бой ұрады. Мұндай әрекет жемiстi бола бермейдi.
      Филиппиннiң 70-жылдардың соңы мен 80-жылдардағы тәжiрибесi жеке
кәсiпкерлердiң беделдi топтары үкiметке күшті ықпал еткен кезде не болуы
мүмкiн екенiн көрсеттi.

2 Қазақстанның өнеркәсіп кәсіпорындарында инновациялық қызметті
ұйымдастырудың қазіргі жағдайын талдау

2.1ҚР – сы өнеркәсіп кәсіпорындарының инновациялық қызметінің маңызы және
саясаты

Қазақстанның өнеркәсіпөндірісі жылдар бойы күйзеліс - дағдарысқа
ұшырап, құлдыраудан кейін 1999 жылдан бастап даму жолына түсті. Ал қай елде
болмасын экономиканың дамуы өнеркәсіптің жағдайына байланысты болатыны
белгілі. Кейінгі жылдары дами бастаған Қазақстан өнеркәсібі — кен өндіру
өнеркәсібінің, оның ішінде шикі мұнай өндіру есебінен өсуде.
Сондықтан да оның сипаты шикізат өндіруші болып отыр. Бұл, әсіресе,
экспорт жәие импорт құрамынан да көрінеді. Мәселен, 2003 жылы Қазақстан
экспортының құрамында минералдық өнімдердің үлес салмағы 65 пайыз, жай
металдардың үлес салмағы 20 пайыз, осы екі шикізаттардан тұратын өнімдерді
бірге алғанда, олардың үлесіне барлық экспорттың 85 пайызы келеді.
Осы жағдайлар ескеріле отырып, экономиканы әртараптандыру және
жаңғырту негізінде елдің тұрақты дамуын қамтамасыз ету үшін Ел
Президентінің 2003 жылғы 17 мамырдағы №1096 Жарлығымен Қазақстан
Республикасының Индустриялық - инновациялық дамуының 2003-2015 жылдарға
арналған стратегиясы бекітілген.
Көптеген себептерге байланысты Қазақстандық өнеркәсіп өндірісі 90-
жылдары үлкен күйзеліске ұшырап, аса қатты құлдырап кеткені белгілі. 1995
жылдан бері оның көлемі жыл сайын өсіп келеді. 1995 жылғы өнеркәсіп
өндірісінін көлемі 1990-жылғы көлемнің жартысындай ғана болса, 2002 жылы
ол 72,9 пайызын құрады. 2003 жылы 1990 - жылдың деңгейіне жақындай түсті.
Енді 2003 жылғы өнеркәсіп өндірісінің жағдайын нақты деректермен
талдап көрелік. Өткен жылы Қазақстанның өнеркәсіп кәсіпорындарында (шағын,
қосалқы кәсіпорындарды, үй шаруашылығы секторын қоса алғанда) қолданыстағы
бағамен 2794,4 млрд. тенгенің өнімі өндірілді, бұл оның алдындағы жылғыдан
8,8 пайызға көп. Соның ішінде кен өндіру өнеркәсібінде 1360,4 млрд.
теңгенің өнімі өндірілді, бұл 2002 жылғы деңгейден 8,8 пайызға жоғары. Ал
өңдеу өнеркәсібінде 1207,9 млрд. теңгенің өнімі өндірілді, бұл 2002 жылғы
деңгейден 8,9 пайызға жоғары. Өнеркәсіптің аталған басты екі саласынан
басқа электр энергиясын, газ бен суды өндіру және бөлу деп аталатын үшінші
салада 226,2 млрд. теңгенін өнімі өндірілді, бұл 2002 жылғы денгейден 7,1
пайызға жоғары.
Өнеркәсіп өнімінің құрамындағы кен өндіру өнеркәсібінің үлес салмағы
2003 жылы 48,7 пайыз, өңдеу өнеркәсібінін үлес салмағы 43,2 пайыз болды.
Сөйтіп, кен өндіру саласы Қазақстан өнеркәсібінің жетекші саласына айналды.
Ал 1998 жылы кен өндіру өнеркәсібінің үлесі 24,3 пайыз, өңдеу өнеркәсібінің
үлесі 55,1 пайыз еді. 1999 жылы кен өндіру өнеркәсібінің үлесі бірден 36,1
пайызға дейін көтерілді. Өндеу өнеркәсібінің үлесі 50,6 пайызға дейін
төмендеді, 1999 жылы бұл көрсеткіштер, тиісінше 44,5 және 46.5 пайыз болды.
Содан бері кең өндіру өнеркәсібі алда келеді.
Кен өндіру өнеркәсібінің басты және негізгі саласы отын-энергетикалық
пайдалы қазбаларды өндіру болып табылады, оның 2003-жылғы көлемі 1239,5
млрд. теңге, ал үлес салмағы 91,1 пайыз болды. Кен өндіру өнеркәсібінің
бұдан басқа салаларының көлемі 120.9 млрд. теңге немесе олардың үлесі 8.9
пайыз болды.
Отын-энергетикалық пайдалы қазбаларды өндіру өнеркәсібінің ішінде шикі
мұнай мен ілеспе газды өндірудің 2003 жылғы көлемі 1120,8 млрд. теңге
немесе оның үлес салмағы 90,4 пайыз болды. Шикі мұнай мен ілеспе газдың
бүкіл өнеркәсіп өндірісіндегі үлес салмағы 40,1 пайызға, кен өндіру
өнеркәсібіндегі үлес салмағы 82,4 пайызға жетті. Өндірілген көмірдің,
лигниттің (қоңыр көмірдің) және шымтезектің көлемі 40,4 млрд. теңге немесе
оның үлес салмағы 3,3 пайыз болды. Өндірілген табиғи газдың көлемі 12.7
млрд. теңге немесе 1 пайыз болды.
Индустриалды-инновациялық қызметтің негізінде кәсіпкерлікті
өркендетудің ілімдік негіздері.
Қазақстанда нарықтық экономикалық қатынастарды қалыптастыру мақсатында
бәсекеге қабілетті өнімдерді жаңа жоғарғы технологияларды игеру негізінде
өндіру, индустрия , ғылым және техникадағы әлеуетін дамыту басты
стратегиялық міндеттердің бірі болып отыр.
Индустриалды-инновациялық қызметтің құрылымдық тұжырымдамасы
республикамыздың индустриалды-инновациялық дамудың 2003-2015 жылдарға
арналған стратегиясы қабылданды. Оның мақсаты - шикізат бағытынан қол
үзуге ықпал ететін экономика салаларын әр тараптандыру
жолымен елдің тұрақты дамуына қол жеткізу, ұзақ мерзімді жоспарда сервистік-
технологиялық экономикаға өту үшін жағдай жасау болып табылады.
Қазіргі күнде 2015 жылға дейінгі болашақ үшін индустриалды-
инновациялық қызметтің құрылымдық тұжырымдамасын төмендегідей өзара қарым-
қатынастағы жүйелі іс-әрекеттердің блоктары арқылы көрсетуге болады:
1. Базалық индустрия салаларында дағдарыстық құбылыстардың алдын алу іс-
шараларын дайындау.
Мақсаттары: базалық индустрия салалар жұмыстарын жоғары дәрежеде
қорғаумен қамтамасыз ету және мемлекетаралық қарым-қатынастар, материалдың
өндіріс пен экономика, кездейсоқ апаттар, ішкі республикалық жағдайлар
саласындағы келеңсіз сипаттағы үрдістердің мүмкін жағдайларында дағдарыстық
құбылыстарды жою.

Кесте – 1 Индустриялды – инновациялық қызметтің

құрылымдық тұжырымдамасы

Сызба-1- Индустриялды-инновациялық қызметтің құрылымдық
тұжырымдамасы

2.2 ҚР - ның инновациялық қызметін сақтандыру ісі

Индустриалды-инвестициялық қызмет мемлекеттік дәрежеде ең алдымен
инвестициялық портфель құрумен байланысты. Ол өзіне нақты және қаржылық
инвестиция объектілерінің жиынтығынан тұрады және оның мақсаты инновациялық
және инвестициялык стратегиясын жүзеге асыру болып табылады.
Стратегияның негізінде инвестициялық портфель кұру шеңберінде жоғары
тиімді инвестициялық бағдарлама, технологиялық ғылымды көп қажет етуші
жобалардың енгізу арқылы жүзеге асырылады.
ҚР инвестициялық портфельін қальштастыру үшін, құрамдас белігі,
ретінде келесі кезеңдер жүзеге асырылу мүмкіншілігі бар.
1 кезең. ҚР инвестициялық портфелін құрау үшін бағдарламалар мен
жобаларды анықтау, оларды мемлекеттік бюджет тарапынан қаржыландыру.
2 кезең. Инновациялық жобалардың, инвестициялық бағдарламалардың
мемлекеттік сәйкес деңгейінен қаржыландыру түрлерін, әдістерін, шарттарьш
жасау.
3 кезең. Мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылатын сәйкес даму деңгейіне
сай тандалған бағыт пен көрсеткіштерге жауап беретін ҚР-ның инвестициялык
портфелін құруға арналған жобалар мен бағдарламалар тізімін жасау мен
іріктеу.
4 кезең. Жоспарланған уакыт кезеңі мен шектеулер шенберінде мемлекеттік
стратегиялық баскару мақсатыңа сай әлеуметтік - экономикалық дамудың жүзеге
асырылу деңгейін анықтау келесі қадамдардан тұрады:
4.1 Экономикалық тиімділік пен жеке инновациялық жобалардың деңгейлері
мемлекеттік бюджеттері жиынтығын құру.
4.2. Негізгі коэффициент инновациялық мультипликатор-акселератор
өсімін қамтамасыз етуші негізгі коэффициент пен қосымша коэффициенттерді
болжамдық есеп жолымен анықтау.
4.3. Мемлекеттік қаржыландыру үшін іріктелген бағдарламалар мен
жобалар бойынша есеп жүргізу.
4.4. 4.2. және 4.3. баптарын есепке ала отырып тиімділігін есептеу.
4.5. Жоғары технологиялық, ғылыми сыйымды жобалардан инвестициялық
портфель жасауды жүзеге асырудың ұйымдық формалары негізінде шаралардың,
құралдардың, тетіктердің неғұрлым тиімді көрсеткіштері таңдалады.
5 кезең. ҚР-ның ғылыми сыйымды, жоғары технологиялы инновациялық
бағдарламалардың негізінде құралған инвестициялық портфелі сапасын бағалау.
6 кезең. Инновациялық бағдарламаларды қаржыландыру жөнінде шешім
қабылдау, жоғары технологиялық, ғылыми сыйымды жобалардың бизнес-
жоспарларға сай жүзеге асыру.
7 кезең. Мемлекеттік инновациялық бағдарламалардың , жоғары технологиялық
ғылыми сыйымды тұтас және жеке түріндегі жобалардың мониторингі бойынша
шараларды жасау.
8 кезең. Индикативты көрсеткіштер мен уақытты кезеңдерді анықтау, оның
нәтижесінде мемлекеттік инновациялық бағдарламалар, жоғары технологиялық
ғылыми сыйымды жобалар мен жеке тапсырмалар, инвестициялық шығындар мен
мерзімдер қайта қаралуы мүмкін.
9 кезең. Мемлекеттік жоғары технологиялық, ғылыми сыйымды жалпы жөне жеке
жобалардың, инновациялық бағдарламалардың жүзеге асыру.
10 кезең. Жоғары технологиялы, ғылыми сыйымды жобалардың мақсатын,
мерзімдерін, міндеттерін өзгерту, түзету жұмыстарын жүргізу.
Индустриялық өндірісті дамыту мәселелерін тұжырымдамалық тұрғыдан шешу
үрдісі өндірістік салада, әсіресе, өнеркәсіпте аймақтық кәсіпкерлікті
қалыптастыру мен жетілдіру бағдарламаларын жасау және оның жергілікті
шарттарда тиімді қолданылу аясы мен тәсілдерін негіздеу үшін аса қажетті
әрі оңтайлы болып табылады. Ол мынадай негізгі басымдық мақсаттардан
құралады: ел экономикасын нығайту; нарықтық жағдайларда халық шаруашылығы
кешеніндегі дағдарыстық құбылыстарды жою; индустрия өндірісін тұрақтандыру;
индустрия салаларының түбегейлі құрылымдық қайта құрылуын жүзеге асыру,
импортты алмастырушы технологияларды дамыту, өндірістік-экономикалық
әлуетті ұлғайту; индустрия жүйесінде өзін-өзі дамытушы шаруашылық -
экономикалық құрылымдарды құру; Республикадағы индустриялық өндірісті
достастық елдер экономикасына және әлемдік экономикаға тиімді
интеграциялау; индустрия кешендерін, салаларын, аймақтарды және бүкіл
республиканы әлеуметтік - экономикалық дамыту; базалық индустрия салаларына
дағдарыстың, құбылыстардың алдын алу іс - шараларын дайындау.
Алға қойылған мақсаттарға жету үшін стратегиялар мен іс-әрекеттер:
- дағдарыстық құбылыстар мен үрдістердің дамуының жобалау - сценарийін
дайындау, осындай шарттарда индустриялық өндірістің функциялық тетігін
құру;
- өмірлік маңызы бар материалды-техникалық, шикізаттық ресурстар,
өндірістік-техникалық өнімдер бойынша мемлекеттік мақсатты сақтандыру қорын
кұру;
- өмірлік маңызы бар техникалық өнімдер, шикізаттар, материалдар және
энергияның импортын қамтамасыз ету үшін мемлекеттік мақсатты сақтандыру
валюта қорын құру;
- төтенше дағдарыстық жағдайларда барлық меншік түріндегі кәсіпорынның
функциялық нормативті актілер блоктары бойынша ұсыныстар дайындау;
- өмірлік маңызы бар энергия, шикізаттар, материалдар және техникалық
өнімдер алуға кепілдік беретін ТМД-мен және шетелдермен келісім шарттар
жасау және пролонгация бойынша ұсыныстар дайындау және оны жүзеге асыру.
2. Елдегі индустрияның мәжбүрлі автономды қызмет
көрсету тұжырымдамасын дайындау және оны жүзеге асыру.
Мақсаттары: тиімсіз индустрия жағдайында және сыртқы экономикалық
байланыстар шарттарында елдегі индустрияның тиімді, автономды даму үшін
республиканың обьективті немесе субьективті анықталмаған әлеуетін қолдану
мүмкіншіліктерін анықтау.
Алға қойылған мақсаттарға жету үшін стратегиялар мен іс-әрекеттер:
бұрынғы Кеңес Одағының бағдарламаларындағы ел индустриясын дамыту
концепцияларына сын көзбенен талдау жасау және автономды өзін-өзі дамытудың
конструктивті саясатын дайындау. Мұның негізінде төмендегілердің болуы
шарт:
- күшті салалардың артықшылықпен дамуы;
- экспорттық өнім өндірісінің дамуы;

- қарапайым өнім импортын жою және оның елдегі өндірісін ұйымдастыру;
- жоғары сапалы өнім өндіру бойынша өндірістің түбегейлі өзргеруі;
- индустрияның құрылымдығының қайта құрылуы.
III. Индустрияның жұмыстарын тұрақтандыру бағдарламасын дайындау мен
жүзеге асырудың сатылары:
- индустриядағы шығынды өндіріс бойынша іс-шаралар жүйесін дайындау мен
жүзеге асыру;
- ішкі республикалық интеграциялық байланыстар бойынша іс-шаралар
жүйесін дайындау мен жүзеге асыру;
- акционерлік және холдингтік өндірістік-шаруашылық құрылымдардың
құрылымдық және функциялық үрдістерін басқару бойынша іс-шаралар жүйесін
дайындау мен жүзеге асыру;
- ішкі қайнар көздер мен резервтер есебінен ресурстық қамсыздандыру
бағдарламасын дайындау;
- индустрия жұмыстарын тұрақтандыру үшін шетелдік капиталды қолдау
негізінде механизмдерді дайындау мен жүзеге асыру;
- ірі кәсіпорындар мен индустриялық кешендердің шектеулі дағдарыстық
жағдайлардан шығудың кейінге қалдыруға болмайтын іс-шаралар жөніндегі
бағдарламасын дайындау және жүзеге асыру;
- халық шаруашылығы үшін өте тапшы өнімдердің көлемін көбейтуді
ынталандыру бойынша ұсыныстарды жасау және іске асыру; артықшылығы бар
"Индустрия өзегін" қарқынды тұрақтандыру бағдарламасын дайындау және оны
жүзеге асыру;
- материалды өндірістік индустрияны оперативті реттеу, үйлестіру және
басқару жөніндегі іс-шаралары жүйесін дайындау және оны жүзеге асыру.
Алға қойылған мақсаттарға жету үшін стратегиялар мен іс-әрекеттер:
- жағдайдың ақпараттық - аналитикалық статистикасы жөніндегі мәліметтер
базасын құру, қаржы, шикізат балансы, материаддық ағымдардың қозғалысын
жүзеге асыру;
- индустриядағы жағдайдың мүмкіндігін талдау жүйесін, қысқа мерзімді
болжамдарды дайындау жүйесін құру және оны жүзеге асыру;
- иңдустрияның барлық құрылымдарының қызметтерін оперативті үйлестіру
жүйесін құру және оны жүзеге асыру;
- ұсынылған басқару шешімдерінің және нәтижелерді талдаудың жүйесін құру
және оны жүзеге асыру.
IV. Нарықтық экономика шартында индустрияны қарқынды дамыту үшін
әлуетті жинау бағдарламасын дайындау мен жүзеге асыру.
Мақсаттары: 1-4 блоктардың мәселелеріне қатысты бағдарламаларының
қорытынды шешіміне негізделген индустрияны жедел және интенсивті дамыту
стратегиясын қолдана отырып, оның тұрақты жұмыс істеуіне қол жеткізуге,
технологиялық - экономикалық "ұмтылыс" үшін бастауыш әлует
құруға мүмкіндік береді.
Алға қойылған мақсаттарға жету үшін стратегиялар мен іс-әрекеттер:
- белгілі бір жұмыс түрлері бойынша барлық базалық ақпараттарды талдау,
жүйелендіру және есептеу;
- индустрияның интеллектуалды меншік қоры туралы жарғысын дайындау;
- индустриялық өндіріс өнімдерін, әсіресе, жаңа түрлерін
стандартизациялау және аттестациялау бағдарламасын дайындау және оны
жүзеге асыру.
- нормалар мен заңдылықтар саласындағы жұмыстарды жүйелі ь
түрде ұйымдастыру.
V. Индустрияны жедел жөне интенсивті дамыту бағдарламасын дайындау мен
жүзеге асыру келесі сатылардан тұрады:
- индустриядағы энергетиканы және қорларды үнемдеу бағдарламасы;
- Қазақстан индустриясын ТМД елдерінің экономикасына және әлемдік
экономикаға шоғырланландыру;
- индустрия үшін жоғары кәсіби мамандар даярлау ;индустриядағы еңбектің
өнімділігін түбегейлі арттыру;
- индустриялык кешендерді дамыгудың мақсатты артыкшылығы бар
бағдарламаларды дайындау және оны жүзеге асыру;
- индустриялық кешендерді дамытудың дайындалған және дайындалатын
мақсатты артықшылығы бар бағдарламалары.
Артықшылығы бар бағдарламаларды табысты етіп жүзеге асыру үшін мемлекеттік
колдау іс-шараларының нақты жүйесін құру керек:
- нормативті-кұкыктық базамен камтамасыз ету және дамыту;
- экономиканы кайта күру, шетелдік инвестициялық және несие қаржыларының
мемлекеттік қорын максималды тиімді, мақсатты түрде қолдану;
- льготалық несие беру жөне салық салу үшін жағдай жасау;
- сыртқы экономикалық қызметтер, сондай-ақ негізп лицензияларды беру
және квоталарды белгілеу үшін жағдай жасау.
Ұсынылған тұжырымдаманы талдау жасаудың нәтижесінде мынаны көруге
болады: яғни, барлық нарық субьектілеріне тең бәсекелестік жағдай жасалып.
экономикада жеке меншік мүдделер басымдылық негізде орын алады. Ғылым
жетістіктерін қолдану арқылы экономикалық бәсекелестік артады.
Менеджменттік және маркетингтік ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Инновация (енгізу) жаңа техника, технологиялық процестер қолдану немесе өндірісті жаңа нарықпен қамтамасыз ету
Индустриялық-инновациялық дамуда «Ұлттық инновациялық жүйенің» маңыздылығы
Мемлекеттің инновациялық саясаты
Инновация түсінігі және инновациялық саясат
Монополия түрлері, түсінігі, ерекшеліктері және монополиялық қоғамдастар
Монополиялық бәсеке нарығы
Мұнайгаз кешені кәсіпорындарындағы инновациялық қызмет
Қазақстан экономикасындағы монополиялар
Аймақ өнеркәсібін инновациялық дамыту
Экономиканың инновациялық дамуы жайлы
Пәндер