Қазақстан Республикасы ӨНЕРКӘСІБІН МЕМЛЕКЕТТІК РЕТТЕУ


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
ӘЛ-ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
Экономика және бизнес факультеті
Менеджмент және бизнес кафедрасы
Бітіру жұмысы
Қазақстан Республикасы
ӨНЕРКӘСІБІН МЕМЛЕКЕТТІК РЕТТЕУ
Орындаған 4 курс
студенті М. А. Жанаев
Ғылыми жетекші
э. ғ. к., доцент Г. С. Смағұлова
Норма бақылаушы
аға оқытушы М. С. Заурбеков
Қорғауға жіберілді
Кафедра меңгерушісі,
э. ғ. д., профессор К. Е. Кубаев
АЛМАТЫ, 2006
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ . . . 3
1. ӨНЕРКӘСІПТІ МЕМЛЕКЕТТІК РЕТТЕУДІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ . . . 5
1. 1 Экономикадағы өнеркәсіп саласының алатын орны
мен маңыздылығы . . . 5
1. 2 Қазақстан Республикасындағы өнеркәсіптік өндірістің қазіргі жағдайы . . . 8
1. 3 Өнеркәсіпті мемлекеттік реттеудің мәні мен қажеттілігі . . . 19
2. ӨНЕРКӘСІПТІК САЯСАТ ЭКОНОМИКА ӨРЛЕУІНІҢ МАҢЫЗДЫ ФАКТОРЫ РЕТІНДЕ . . . 25
2. 1 Өнеркәсіптік саясаттың құрылуының мәні, түрлері және қағидалары . . . 25
2. 2 Өнеркәсіптік саясатты жүргізудің әлемдік тәжірибесі . . . 29
2. 3 Қазақстан Республикасындағы индустриалдық- инновациялық саясаты: қалыптасу мәселелері мен даму мүмкіндіктері . . . 36
3. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҰЛТТЫҚ ӨНЕРКӘСІПТІК
САЯСАТЫ ЖӘНЕ ОНЫ ЖҮЗЕГЕ АСЫРУ ПРОБЛЕМАЛАРЫ . . . 45
3. 1 Қазақстан Республикасындағы өнеркәсіптік кешенді реттеудің негізгі проблемалары . . . 45
3. 2 Өнеркәсіп саласының бәсекелестік артықшылықтары және бәсекелестік ортаны қалыптастыру жолдары . . . 53
3. 3 Өнеркәсіп кешенінің құрылымдық дамуын реттеудің мемлекеттік әкімшілік және институционалдық жетістіктері . . . 65
ҚОРЫТЫНДЫ . . . 72
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ . . . 74
ҚОСЫМШАЛАР . . . 76
КІРІСПЕ
Жұмыс тақырыбының өзектілігі . Бүгінде еліміздің алдында жаңа, өршіл міндеттер тұр. Қазақстанда әлемнің бәсекеге барынша қабілетті 50 елінің қатарына кіру үшін барлық алғышарттар бар. ҚР Президенті үстіміздегі жылдың 1-ші наурызындағы Қазақстан халқына Жолдауында осы мақсатқа жетуге мүмкіндік беретін стратегияның басымдықтарын атап берді. Бұл міндетті орындау үшін және шикізаттық бағыттан арылу үшін елімізде 2015 жылға дейінгі Индустриялық - инновациялық даму стратегиясы әзірленді. Оны іске асыру ел экономикасын қарқынды дамытуға мүмкіндік береді. Осы тұрғыдан алғанда өнеркәсіп саласының көздеген мақсатқа жетуде атқаратын рөлі ерекше.
Кез-келген елдің экономикалық өмірінде өнеркәсіп сияқты материалдық өндіріс саласы үлкен рөл атқаратыны барлығына мәлім. Сондықтан оның динамикалық дамуындағы қозғалысын тұрақтандырудағы ел үшін тиімді бағытты таңдау кез-келген ұлттық экономикадағы мемлекеттік реттеудің бірінші кезектегі міндеті болып табылады.
Өнеркәсіптің ішінде болып жатқан дезинтеграция және басқа да жағымсыз тенденциялар процесіндегі шикізаттық және өңдеуші салалардың ерекше дамуы нәтижесінде салалық құрылымда прогрессиялық «қиындық» туып отырған Қазақстан өнеркәсіп кешенінің дағдарыстық жағдайы Қазақстан Республикасының экономикасын реформалауының баяулатып және тиімді нарықтық жүйе құру мүмкіндігін төмендетуде.
Сонымен қатар ұзақ уақыттық даму перспективалары және реформалау әдістемелері мен формаларын анықтау, Қазақстан өнеркәсібінің техника-технологиялық жағдайына көп көңіл бөлу қажеттілігі мемлекеттің сәйкес келетін ұлттық өнеркәсіптік саясатты қалыптастыруды меңзейді, өйткені бұндай саясаттың барлық әлеуметтік-экономикалық жүйенің динамизмін қамтамасыз ететін мүмкін емес.
Қазақстан экономикасының тұрақты, қарқынды экономикалық өсуі үшін отандық өнеркәсіп салалары дамуы қажет. Экономиканы көтерудің ең басты тез және тиімді жолы - ол өнеркәсіп саласын жеделдетіп дамыту және оның тиімділігін жоғарылату, яғни кез-келген экономиканың қарқынды дамуының алғышарттарының бірі - өнеркәсіптік секторлардың үдемелі дамуы /1/.
Жұмыстың мақсаты мен міндеттері . Жұмыстың негізгі мақсаты - өнеркәсіптік кешеннің қалыптасуының теориялық және практикалық қажеттіліктерінің негізгі және Қазақстан Республикасындағы қазіргі нарықтық экономикадағы өнеркәсіпті мемлекеттік реттеу жолдары мен құралдарын анықтау.
Бұл мақсат келесідей міндеттерді шешуде көздейді:
- «Өнеркәсіптік саясат» категориясының мәнін және оның республика экономикасын реформалаудағы маңыздылығын анықтау;
- Өнеркәсіптік саясатты жүзеге асырудың негізні құралы ретінде өнеркәсіпті басқаруды жетілдірудің мүмкін боларлық жолдарын көрсету, әсіресе өңдеуші салаларды;
- Жеке сектор мен мемлекет арасындағы қаржы қатынастар жүйесінің жеке заңнамалық құқықтарының рөлі мен мәнін қарастыру.
Бітіру жұмысының негізгі мазмұны.
Жұмыстың негізгі бөлімдерінде мақсатты бағытты түрде қойылған міндеттер шешіледі. Бірінші бөлімде - «өнеркәсіп жүйесінің мемлекеттік реттеудің теориялық проблемалары» әлеуметтік-экономикалық жүйеге негізделген өнеркәсіптің маңыздылығына бағытталған.
Сонымен қатар бірінші бөлімде тәуелсіздік жылдарындағы өнеркәсіптік дағдарыспен оның негізгі себептері және қазіргі жағдайдағы өнеркәсіп деңгейіне анализ жасаған. Сондай-ақ осы саланы мемлекет тұрғысынан реттеу қажеттілігі көрсетілген.
Екінші бөлімде - «өнеркәсіптік саясат және оның экономика өміріндегі рөлі». Өнеркәсіптік саясаттың жариялық негіздерімен оның қалыптасуындағы әлемдік тәжірибелер қарастырылған және Қазақстан Респубдликасындағы өнеркәсіптік саясаттың негізгі жағдайы, жүргізілу әдістері мен формалары, жетілдіру жолдары айқындалып көрсетілген.
Үшінші бөлімде - «Қазақстандағы өнеркәсіптік кешенді реттеудің негізгі бағыттары», - өнеркәсіптік саланы мемлекеттік реттеудің негізгі формалары, атап айтқанда өнеркәсіптік заңнамаларға, қаржы-несие саясатына және отандық тауарлар мен қызметтердің сапасы, бәсеке қабілеттілігіне басты көңіл бөлінді.
Сонымен қатар мемлекеттік реттеуді жүзеге асыру тетіктері, яғни өнеркәсіптік кешен құрылымының дамуын реттеудің мемлекеттік әкімшілік және институционалдық жетістіктері ерекшеленіп отыр. Яғни мемлекеттік атқарушы органдар және даму институттары. Сондай-ақ осы мәселелер бойынша өзіндік анализдерімен ұсыныстар келтірілген.
Мәселенің зерттелу жағдайы. Қазақстан Республикасының экономикалық әдебиеттерінде өнеркәсіп және өнеркәсіптік саясаттың дамуының мәселелерімен жуырда ғана көңіл аударыла бастады және әзірше тиімді өнеркәсіптік саясат концепциясының негізі әлі жетік қалыптаспаған. Бұл оның рөлі мен мәнінің, мақсатты талаптар, әсер ету объектісі мен субъектісі, сондай-ақ экономикалық дамудың әр түрлі кезеңдеріндегі қолданылатын қаражат ерекшеліктерін белсене түсінбеушілікке негізделеді.
Алайда Қазақстанның өнеркәсіптік кешенінің қазіргі жағдайын қызыға тұжырымдаған авторлар жұмысын атап өту қажет. Олар, А. Т. Әшімбаева, Ж. Х. Давильбекова, А. К. Кошанов, Е. Б. Жатқанбаев және т. б.
Қазақстан Республикасының өнеркәсіптік саясатының қалыптасу мәселелеріне А. К. Канатчинов, А. А. Катенов және т. б. жұмыстары бағытталған.
1. ӨНЕРКӘСІПТІ МЕМЛЕКЕТТІК РЕТТЕУДІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
- Экономикадағы өнеркәсіп саласының алатын орны мен маңыздылығы
Кез келген елдің экономикалық жағдайы көбіне оның өнеркәсіп саласының даму деңгейіне байланысты. Өндіріс жағдайымен даму динамикасы халықтың қажеттелігін қанағаттандыра алатын экономикалық тәуелсіздіктің нығаюы, ұлттық қауіпсіздік, әлемдік экономикалық тең құқылы және өзара тиімді шарттарда интеграциялау шараларындағы стратегиялық және тактикалық міндеттерді нәтижелі орындау мүмкіндігінің кепілі бола алады.
Ұлттық экономикадағы өнеркәсіптік кешеннің мәні мен ролі келесі факторлармен анықталады.
Біріншіден, өнеркәсіптік өндіріс объективті түрде ішкі тұтынумен экспорттық барлық тауарлық массасының, жалпы ұлттық өнім (ЖҰӨ) құрылымының негізгі қайнар көзі болып табылады. Тұрақты дамушы елдер экономикасында өнеркәсіптік сектор елдің ЖҰӨ-нің 40 пайызына жуығын өндіреді және өнеркәсіптік өндірістің қарқынды өсімі алдағы жылдарға ЖҰӨ өнімнің оң серпіні мен мақсатты көрсеткіштерге айқындаушы фактор болады. Ал бұрынғы Кеңес экономикасында, 90-жылдың басында бұл көрсеткіш 60 пайызға жуығын құрады. Сонымен қатар тұрақты дамушы елдер экономикасында және тұрақты жұмыс істейтін кәсіпорындар жұмыс бастылықты қамтамасыз етеді және ол сәйкесінше әлеуметтік меселелердің шешімін табады. Ондағы жұмысбастылық халықтың жалпы еңбекке қабілетті тұрғындарының 40 пайызын құрайды.
Екіншіден, өнеркәсіп экономиканың маңызды саласы ретінде ол барлық қалған салалармен қоғамдық өндіріс аумағын шешуші фактор болып табылады. Олардың техникалық-технологиялық деңгейін, ғылыми техникалық базасы мен салааралық кешен жағдайын анықтайды. Сонымен қатар өнеркәсіп секторы бюджеттің негізгі салық төлеушісі болып табылады.
Үшіншіден, көп салалы өнеркәсіптік сектор барлық басқа салалар мен қоғамдық өндіріс аумағының өнімдері мен қызметтерінің негізгі тұтынушысы бола отырып, қоғамда сұранысқа төменқабілеттілігін туғызады және жылдам дамудың арқасында ЖҰӨ-нің өсімін реттейді.
Мемлекет экономикасының аяғынан тік тұрып, көштен қалмауы үшін индустриялық - инновациялық стратегияны ту етп алға ұстаудың жеткіліксіз екені, өндіріс пен өнеркәсіпке сапалы ғылыми жобаларды енгізбейінше бұл саланың алға баспайтыны әлемдегі инновациясы жақсы дамыған мемлекеттердің тәжірибесінен байқалар еді. Қазақстанның экономикасы салмақты елдердң қатарынан табылуы үшін Үкімет мемлекетіміздің ұлттық инновациялық жүйесін дамыту қажеттігін айтып, былтыр жазда дабыл қаққан болатын. Осы мәселеге қатысты Үкімет отырыстарының бірінде Даниял Ахметов еліміздің индустриалық инновациялық стратегиясын ұлттық инновациялық жүйені қалыптастырмайынша, жүзеге асыру қиын соғатынын айтып, Қазақстандағы инновациялық қызметтің барлық нысандары көптеген елдермен салыстырғанда кейін қалып қойғанын сынға алған-ды. Оның айқын дәлелі ретінде инновациялық даму инфрақұрылымдары - технопарктер мен инновациялық орталықтардың енд ғана құрылып жатғанын және қаржылық құрылымдарының мүлде дамымағанын, сондай-ақ, іс жүзінде бірде -бір венгурлық қордың құрылмағанын мысалға келтіреді.
Ал, Индустрия және сауда министрлігі тарапынан ұлттық инновациялық жүйенің негізгі құрамдауыштары - ғылыми әлеуетті дамытуға қаржының жеткіліксіз бөлінетіні, инновациялық орталықтар мен технопарктар құрылғанымен, инновациялық кәсіпорындар және инновациялық менеджерлердің жоқтығын жеткізіп, осы мәселелердің ұлттық инновациялық жүйенің дамуын тежеп отырғаны айтылған еді. /2/
Индустриялық - инновациялық стратегияның ұлттық инновациялық жүйені құрмай іске асыру ауыр болатынын бағамдаған Үкімет 2005-інші жылға арналған бюджеттік бағдарламада өндірістегі ғылымның дамуына баса көңіл бөліп, ұлттық инновациялық жүйені құру туралы бағдарламаны 2004-інші жылдың соңына дейін әзірлеу туралы тиісті органдарға тапсырма берді. Соған сәйкес, Индустрия және сауда, Экономика және бюджеттік жоспарлау министрліктері мен «Қазақстанның инновациялық қоры» Ақ-ы мен «Инжиринг және технологиялар трансферті» АҚ-ы сынды даму институтары бірлесіп жұмыс тобын құрып, еліміздің 2005-2015 жылдарға арналған Ұлттық инновациялық жүйесін қалыптастыру және дамудың мемлекеттік бағдарламасының жобасын әзірлеп, оны былтыр күзде Үкіметке ұсынды. Ал, желтоқсан айының соңына таман атқарушы билік бағдарламаны мақұлдады.
Бағдарламада нендей жайттар қарастырылған, ол несімен ерекшеленеді?
Сөз жоқ ағымдығы мыңжылдық инновация және ақпараттық технологиялар дәуірі болмақ. Дамушы елдердің көпшілігі, тіпт дамыған мемлекеттердің өзі әлемдік экономикада жетекш орынға шығып, өзгелерден озу үшін ұлттық инновациялық жобаларын дамытада қыруар жұмыстар атқаруда. Болашағы зор ғылыми жаңалықтарды өндіріске енгізіп, ғалымдарының ынталы жұмыс істеуіне жағдай жасауда. Яғни, дүниенің кілті ғылым мен білімде деген қағиданың жыл өткен сайын мәнін жоғалтпай, керісінше, жаңа сипатқа ие болғанын сөзбен емес, іспен дәлелдеуде. Жаһандану дәуірінде мықты мемлекет болу үшн тіл, дін сынды ұлттық ұлт екенін айғақтайтын маңызды өлшемдермен қоса, оның салмағын көрсететін экономикасының да мықты болуы шарт. /3/
Экономиканың бәсекеге қабілеттілігі - мемлекет өндірісінің түрлі салаларындағы әлеуеті және халқының әл-ауқатының деңгейімен өлшенеді. Елбасының өткен жылғы Қазақстан халқына арнаған «Бәсекеге қабілетті мемлекет, бәсекеге қабілетті экономика, бәсекеге қабілетті ұлт» Жолдауында айтылған міндеттердің түп төркіні ең алдымен қазақтың, Қазақстан халқының бақуатты ғұмыр кешуі үшін нарықты экономика заманында озғанды қуып жетіп, қуып жеткенді басып озуға бағытталған стратегия екені анық. Экономиканы мығым ету үшін осы саланың түрлі секторларында атқарылып жатқан жұмыстармен қоса өндіріс пен өнеркәсіпке жан бітіріп, аяғынан тік тұрғызу қажет. Олай ету үшін сапалы идеялар мен ғылыми жобаларды аталған саларға көптеп енгізіп, жұмыс істету аса маңызды. Мұндай жобалар бізде бар, тіпті көп деп айтсақ та болады. Тек оны дер кезінде қолданып, мемлекет мүддесі, ұлт игілігі үшін пайдалану кемшін түсіп жатқаны рас. Мамандардың айтуынша, ұлттық инновациялық жүйені қалыптастыру және дамыту бағдарламасы осы олқылықтардың орнын толтыру мақсатында жасалған.
Бағдарламаны әзірлеген арнайы жұмыс тобының өкілдері технологиясы жақсы дамыған, инновациялық инфрақұрылым қалыптасқан Сингапур, Қытай, Германия, АҚШ және басқа да мемлекеттердің тәжірибесіне сүйенді. Олардың бірқатарына сапар жасап, көздерімен көргендерін, көңілдеріне түйгендерін ортақ жүйеге келтіріп, сұрыптаудан өткізген. Әрине, бағдарламаны әзірлегенде, ең алдымен еліміздің экономика саласындағы жеке мүмкіндіктері назардан тыс қалмағаны ақиқат. Алдағы он жылда Қазақстанның жаңа экономикасының негізін құруға бағытталған бұл бағдарламада ең алдымен қолға алынуы тиіс басым бағыттар белгіленген. Әлемдік тәжірибеде инновациялық жүйенің белгілі бір элементтерден тұратыны белгілі. Осыны ескере отырып, бізде жасалған бағдарламада мамандар төрт негізгі элеметке - елдің ғылыми - техникалық әлеуетіне, инновациялық кәсіпкерлігіне, инновациялық инфрақұрылымы және қаржылық инфрақұрылымына ерекше көңіл бөлді. Ал, аталға элементтердің өзара тиімді әрекет етуін қамтамасыз ету үшін бұл мемлекеттік басқару жүйесі көлемінде қамтылатын болыр келісілді. Қазақстанның ғаламдық мәселелерге араласуы және оның шешудегі қабілеттлігі мемлекеттің инновациялық дамуынсыз іске асуы мүмкін емес. Бағдарламаның идеологиясы ғылымды нақты өндіріс үшін жұмыс жасауға шақырады. Яғни, бағдарлама елімізде ғылыми идеялар мен ұсыныстардың өндіріс пен өнеркәсіпке өнгізілуін ынталандыруды қамтамасыз етіп, ұлттық - инновациялық жүйені қалыптастыруға бағытталған. Мамандар пікірінше, діттеген мақсатқа жету үшін ғылыми жобалардың авторларына белгілі бір деңгейде еркіндік берген жөн.
Біз экономикалық маңызы бар саланы дамытуда Кеңес одағы кезінде қалыптасқан кейбір үрдістерден әлі арыла алмай жүрміз. Мәселен, одақ кезінде өндіріске жіберілген ғылыми жобалардың басым көпшілігін мемлекет қаржыландыратын. Нәтижесінде, жоба кейін өндіріс пен өнеркәсіпке енгізіліп, нақты өмірде жұмыс жасай бастаған жағдайда қаржы бөлгендіктен ғана ол мемлекет меншігінде қалып қоятын. Дәл осы үрдіс Қазақстанда әлі де болса басым. Бұл жұмысқа жеке секторларды жұмылдырмайынша, нарық заманында экономиканың бәсекеге қабілеттілігін қалыптастыру мүмкін емес. Экономикалық жетістіктер жіті зерттеуді қажет етеді. Сондықтан, ғылыми жобаларды 100% мемлекет тарапынан қаржыландандыруға шектеу қою заман идеяларының пайдасын көру үшін ғылыми жобаларға мемлекеттен бөлінетін қаржыны 50% асырмаған жөн деп санайды. Бұл өз кезегінде жеке секторлардың өндіріске енгізілуге құлшынып тұрға идеялар мен жобаларға қызығушылығын тудырып, оған қаржылық жағынан қолдау көрсетуге ынталандырады. Осылайша, ұжымдаса жұмыс істеуден жоба авторы мен оған қаржы салған кәсіпкер немесе бизнесменнің де қомақты пайда табуына мүмкіндік бар.
Алайда, бір өкініштісі, біздегі жеке секторлар ғылыми жобаларды тек мемлекет қаржыландыруы тиіс деген қасаң түсініктен әлі арылмай келеді. Олардың ұғымында ғылыми жобалардың болашағына күмәнмен қарап, өзіне және қоғамға пайда әкелетін идеяға үрке қараушылық басым. Тәуекелге бару жағы кемшін. Сондықтан, еліміз экономикасының іргесі берік әрі бәсекеге қабілетті болуы үшін Еуропа мен Азияның бірқатар дамыған елдеріндегі тәжірибенің бізге пайдалы тұсын алып, ғылыми жобаларды жеке секторлардың қаржыландыруына көңіл бөлуіміз керек. Яғни, ғылым өндіріс үшін формуласын жүзеге асыру үшін мемлекет пен жеке сектор бірлесіп жұмыс жасауы тиіс. Бұған ведомствалық мүдделерді, яғни, бір жүріп екі асауға дағдыланғандарды араластырудың қажеті жоқ. Бұл дегеніміз - жобалармен кәсіби мамандардың жұмыс істеуіне мүмкіндік беру.
Атап өтер жайт, еліміз тәуелсіздік алған 90-шы жылдың басынан бері өнеркәсіп пен өндірісте салмақты инновациялық жаңалықтар болмады. Яғни, ғалымдарымыздардың идеялары өндірісітік тәжірибеде сыналмады. Мұның басты себебі - бізде ғылыми идеяларды коммерцияландыру жүйесі әлі жасалмаған. Ал, бағдарламаны осы кемшіліктерді жою мақсатында істеліп отырған алғашқы маңызды қадамдардың бірі деп қарастыруға болады. Мамандар, ғылыми жобалар мен деяларды коммерциландырудың алғашқы кезеңде тиімді болмауы мүмкін екенін, алайда, уақыт өте келе бұл іс міндетті түрде өз жемісін беретін айтуда. Қазақстан экономикасының бәсекеге қабілеттілігін қалыптастыру мақсатында осы жолмен жүру келер ұрпақ болашағы үшін қажет дүние.
1. 2 Қазақстан Республикасындағы өнеркәсіптік өндірістің қазіргі жағдайы
Кеңес одағының ыдырауымен сәйкесінше келген ауыр өнеркәсіптің өніміне сұраныстың күрт төмендеп кетуі 1991 жылы экономикалық дағдарысқа әкелді, ол 1994 жылға дейін жалғасып, 1998 жылы мұнайдың әлемдік бағасының төмендеуі мен Ресейдегі тамыз қаржы дағдарысының салдарынан ел экономикасы тағы бір құлдырау қиыншылығын бастан өткізді. Осыдан кейін 2000-2001 жылы мұнай бағасының өсуімен, 1999 жылғы девальвациясы мен берекелі егістіктің арқасында бірқатар дүмпу байқалды.
Тәуелсіздік алғаннан кейінгі өнеркәсіптік жағдайының құлдырауы мен оның негізгі себептеріне сипаттама берсек.
1992 жылы өндірістік өнім көлемі 15%-ға төмендеді: жеңіл өнеркәсіптікте 22%, ал ауыр өнеркәсіптікте 11%. Оның жекелеген салаларындағы құлдырау деңгейі әртүрлі болды. Мысалы: ауыр өнеркәсіптіктегі түсті металл өнімінің көлемі 4%-ға құлдыраса химиялық өнеркәсіптікте ол 27% көрсетті.
1993 жылы өнеркәсіптің құлдырауы тұрақты деңгейде болды. 1992 жылмен салыстырғанда өнеркәсіптік өнім өндірісі 16, 1% -ға қысқарды және ол өнеркәсіптің барлық салаларында көрініс алды. Ол жылу энергетика секторында - 10, 3%, қара металлургияда - 23, 1 %, мұнай өндіруші секторда - 18, 9 %, химиялық және мұнайхимияда - 44, 9%, құрылыс материалдар өнеркәсіптіктерінде - 31, 8%. Нәтежиесінде, өнім өндірудегі құлдыраудың жалпы көлемндегі химиялық және мұнайхимиялық өнеркәсіптік үлесі - 19, 7%, қара металлургия - 19, 2%, тамақ өнеркәсіптік - 13, 4%, мұнай өндірісі, машина құру және құрылы материалдарының үлесі 8-9% -ды құрады.
Өнеркәсіптік өндіріс динамикасы кестеде көрсетілгендей, 1990 жылмен салыстырғанда химия және мұнайхимия (1993 жылы өндіріс деңгейі 37, 9% құрады), тамақ өндірісі (55, 6% - негізінде 1992 жылғы 27%-ға тең болған терең құлдыраудан) және құрылыс материалдарының өндірістерде ең көп құлдырау қарқыны білінеді . 1994 жылдарда осы салалардағы қарқын басыңқы болды.
Инвестиция қысқаруының себебінен машина мен құрал саймандар өндірісі 18%-ға төмендеді. Құрылыс жұмыстарының тоқырау себебінен құрылыс материалдарының өндірісін жекелеп қарастырсақ, цемент бойынша - 38% ( 1992 жылғы 15%-дың құлдырауымен салыстырғанда), кірпіш 41% (1992 жылғы 8%) және блок конструкциясы 27% (1992 жылғы 25%-ға) төмендеді. Энергетика саласында өнеркәсіптік тұтынушылардың сұранысының төмендеуінен 1993 жылы электроэнергияның өнім көлемі 6%-ға, көмір өндіру 12% және мұнай өндіру мен табиғи газ 11% және 13%-ға сәйкесінше төмендеді. Ресейден ішкі мұнай тасымалының бұзылуынан өндірілген мұнай өндірісінің көлемі 1992 жылмен салыстырғанда 9%-ға қысқарды.
1993 жылы осы жаппай құлдырау тенденциясындағы жалғыз ерекшелік батыс рыногына шығу үшін төмендеген валюта курсы мен бағаның арқасында түсті металлургия болды. Айрықша жоғарғы көрсеткіштер: 20% және 6% өскен мырыш пен цинк өндірісі болды.
Жалпы жүйені жекелеп алып қарастырсақ осы үш жылда көп көлемде зиян шеккендер: жылу - энергетика секторында - кокс көмірі (1990 жылмен салыстырғанда 1993 жылы өсу қарқыны 72, 8%-ды құрады) ; металлургияда - темір және марганцева рудалары (55, 1% және 52, 7% сәйкесінше) ; машина құрылысында - бульдозерлер (31, 8%) ; экскаваторлар (29, 6%) және тракторлар (13, 8%) ; өнеркәсіптік құрылысында - трубалар мен асбоцементтік муфтар (20, 9%) ; тұтыну секторында - жібек маталар (20, 2%), кожа аяқкиімдер (37%) және сырт киімдер (39, 7%) .
Өндіріс құрылысына әсері және микроэкономикалық көрініс. Он жылдық басынан бері өндіріс көлемі үш есеге төмендеді, қазір өтпелі кезеңдегі экономиканың құрылымдық қайта құрылысына және әлеуметтік қорғау деңгейін қамтамасыз етуге қаржыландыру ресурстары санының әлде қайда төмен нәтежиесінде микроэкономикалық көрсеткіштер күрт төмендеп, инфляция өсіп, халықтың өмір сүру деңгейі нашарлап кетті.
Халықаралық валюта қоры (МВФ) берген бағасы бойынша 1993 жылы жиынтық өнім оның алдындағы жылмен (14 - 15%) салыстырғанда шамамен 16%-ға төмендеді, оның ішінде ауылшаруашылық өндіріс көлемі 9, 8%, құрылыс - 25%, транспорттық жалпы шығарылған өнімі - 31, 6% құлдырады. Өндірістік өнімінің жаппай қысқаруы мен рынок жағдайының әлсіреуі ұлттық табыстың одан әрі төмендеуіне әкелді. Ол 1993 жылы алдыңғы жылмен салыстырғанда 14, 8%, ал 1990 жылмен салыстырғанда 37, 9%-ды құрады.
Өнеркәсіптік қысым, инфляция, бағаның 19, 7 есеге көтерілуі салдарынан 1993 жылы бөлшек тауар айналымы 1993 жылға шаққанда 24, 7% және 1992 жылмен салыстырғанда 62% тең болды.
Өнеркәсіптің барлық салаларындағы өндірістің төмендігімен баға либеразациясы мемлекеттік кәсіпорынның халықтың қаржы жағдайына кері әсерін тигізді. 1990 жылы қосылған құн дефляторының динамикасы ішкі баға динамикасына айтарлықтай ауытқып кетті, осының салдарынан жалпы ішкі табыс көлемі ЖІӨ көлемінен әлдеқайда тез төмендеп кетті.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz