Қазақстан Республикасы рәміздері


Пән: Саясаттану
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 4 бет
Таңдаулыға:   

Қазақстан Республикасының рәміздері

ТУ

Мемлекетіміздің ресми ерекшелік белгісі, еліміздің егемендігінің нышаны Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туы 1996 жылдың 24 қантарындағы Қазақстан Республикасы Президентінің Конституцияның Заң күші бар “Қазақстан Республикасының Мемлекеттік нышандары туралы” Жарлығымен белгіленген.

КӨК ТҮС

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туы көгілдір түсті матаның ортасында алтын күн бейнесі мен шарықтай ұшқан дала қыраны бүркіт және ұлттық ою-өрнекпен нақышталған тік жолақтан тұрады.

Тудың көгілдір бір түстілігі бұлтсыз ашық аспан күмбезін еске түсіреді және Қазақстан халқын бір жолды ұстауға, биік те игілікті идея бірлестігіне шақырады.

Зеңгір көк ашық аспан барлық халық үшін әрқашан бейбітшіліктің, аманшылық пен тыныштықтың белгісі болған.

Елтаңбатану ғылымы геральдика тілінде, көк түс адалдықтың, кіршіксіз тазалық пен бейкүнә пәктіктің нышаны. Көне түркі тілінде, яғни барлық түркі тілдес халықтар тілінде “көк” сөзі “аспан” деген ұғымды білдіреді.

Мемлекеттік Тудағы көк түс Қазақстан халқының өз мемлекетін құру жолындағы ниетінің тазалығын және маңыздылығын білдіреді.

ӨРНЕК

Өрнек - белгілі бір дәуірдің өзіне тән қолтаңбасы, ол халықтың көркемдік талғамының көрсеткіші.

Ғасырдан ғасырға жалғасып, бізге жеткен қазақтың ұлттық ою-өрнегінің ең көп таралған түрі зооморфтық өрнек - “қошқар муйіз”.

Ерте кезде халық ою-өрнектің бойынан адамды зұлымдықтан желеп-жебеп, қорғайтын керемет күш көрген.

КҮН

Күннің нүр шұғылалы алтын бейнесі - байлық пен берекенің, тыныштықтың нышаны.

Сары түс - қымбат асыл металдың, алтынның түсі, Ай мен Күннің түпсіз тұңғтың қараңғылықтан шашырап шыққан жарықтың, одан жаратылған Ғарыштың түсі, Күн мәңгілік қозғалыстың, даму процесінің, үнемі өсу мен өшудің, өмір мен өлімнің, батыс пен шығыстың символы. Күн - уақыт өлшемі.

БҮРКІТ

Ежелгі көк тәңірі Аспан мен Күнге жақындап, шарықтай ұшатын құс патшасы, қыран бүркіт аса қасиетті де құдіретті.

Қанатты қыран кең дала биігінде жеке-дара ұшады. Осыдан барып, бүркіт бейнесіне айбындылық, еркіндік, тәуелсіздік, бостандық, биік ой-мақсат, маңғаздық, қырағылық, намысқойлық тән. Сол себепті ол көреген, қырағы, болжағыш.

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туындағы дала қыраны қазақстандықтардың жомарттығы мен қырағылығын, ой-ниетінің биіктігін білдіреді.

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туының авторы суретші Шәкен Ниязбеков.

ЕЛТАҢБА

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік елтаңбасында көгілдір түс аясында шаңырақ бейнеленген, шаңырақты айнала күн сәулесіндей тарап уықтар шаншылған, оны аңыз әңгімелердегі пырақтар қанаты көмкеріп тұр. Елтаңбаның жоғарғы жағында бес бұрышты жұлдыз, ал төменгі жағында “Қазақстан” деген жазу бар.

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасының реңдік бейнесі екі түсті - алтын және көгілдір түсті.

ШАҢЫРАҚ

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік Елтаңбасының ең басты жүгін көтеріп, оған негізгі арқау болып тұрған - шаңырақ. Ол - Елтаңбаның жүрегі.

Шаңырақ - әлемнің тұтастығын, ошақтын амандығын білдіреді.

Шаңырақ - Отан отбасынан басталады деген киелі ұғымға ие. Шаңырақ бейнесі - бүкіл қазақ елі үшін тіршіліктің, шексіз өмірдің нышаны.

Шаңырақ - шын мәнінде Күннің қозғалысын, жылдамдығын көрсететін дала сағаты. Шаңырақтағы белгілерге қарап, қазақтар күн мезгілін айқындаған.

Шаңырақ - киіз үйдің күмбезі, күн бейнесін, ал уықтары одан тарап жатқан алтын сәулелерді елестетеді.

Киіз үй көшіп - қонуға лайықталып жасалады. Оның іші жылы, әрі кең болады. Киіз үй - көшпенділердің ұғымы бойынша әлемнің кішкене үлгісі. Керегелері мен шаңырағы - Аспанның күмбезі. “Аспанг мен Жердің некесінен алғашқы адамдар - түріктер пайда болды”, -деген ертеде.

ТҰЛПАР

Қазақта “Ат - адамның қанаты” деген мақал бар. Тұлпар - дала Пырағы, оның ғажайып көзге ілеспес шапшаңдығы ер жігітті жеңіске, тәуелсіздікке, бостандыққа жетелейді. Тұлпар - күннің, қозғалыстың, тұрақтылықтың символы.

Айрықша күш - қуаттың, күн нұрынан дарыған ғажайып қасиеттің иесі.

Қанатты тұлпар - қазақ поэзиясында кеңінен тараған образ. Ол - биік арманның, шығармашылық шабыттың, қажырлылық пен қайраттылықтың нышаны.

Желмая жүйрік тұлпар - Уақыт пен Кеңістікті жалғастырады. Ол - мәңгіліктің белгісі, ал Елтаңбадағы қанатты, ай мүйізді пырақ бір шаңырақтың астында өмір сүріп жатқан көп ұлтты Қазақстан халқының бірлігін, рухани байлығын, өсіп, өркендеуінің өміршендігін көрсетеді.

ЖҰЛДЫЗ

Елтаңбаның маңдайшасына бес бұрышты жұлдыз салынған. Әр адамның өміріне бағдар беретін өз жұлдызы болады. Осындай жұлдыз мемлекетке де қажет. Біз де өз мемлекетіміздің жұлдызы жарық, әрі биік болып, әрбір қазақстандық азамат сол жұлдыздың салған жолына сеніп, қиын уақытта оны бағдарға алып, әрқашан жаңа жолға, болашаққа жетелейтініне сенім артуымыз керек.

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік Елтаңбасының авторлары Жандарбек Мәлібеков пен Шота Уәлиханов.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
КР мемлекеттік рәміздері туралы
Қазақстан Республикасының тәуелсіздік алуы
ТӘУЕЛСІЗДІГІМ – ТУЫММЕН ТҰҒЫРЛЫ, ЕЛТАҢБАММЕН ЕҢСЕЛІ
Еліміздің нышандарының пайда болу белгісі мен олардың нақты сипатын айқындау
Мақтанышым – мемлекеттік рәміздер
Б. Майлин өмірі мен шығармашылығы
Мемлекеттік елтаңба
Қазақстан Реcпубликасының мемлекеттік рәміздері
Мәдени - тарихи мұрадағы және патриотизмді қалыптастырудағы саяси рәміздердің маңыздылығы
Тәуелсіз Қазақстан Республикасының қоғамдық - саяси мемлекеттік құрылымының қайта құрылуы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz