Қазақстан Республикасы туралы жалпы мағлұматтар


Қазақстан Республикасы туралы жалпы мағлұмат
Қазақстан Республикасы - Еуразия құрлығындағы мемлекет. Құрлықтың орталық бөлiгiнде орналасқан. Республика жерi батыстан шығысқа 3000 км-ге, солтүстіктен оңтүстікке 1600 км-ге созылған. Коңыржай белдеудiң негiзiнен орталық және оңтүстік ендiктерiн, ал қиыр оңтүстігінде субтропикке өтпелi белдеудi қамтиды. Солтүстігінде Ресей Федерациясымен, оңтүстігінде Түрiкменстан, Өзбекстан және Қырғызия республикаларымен, шығысында Қытаймен шектеседi, батысында Каспий т. орналасқан. Жер аумағы 2724, 9 мың км 2 . Халқы 15 млн. -нан астам адам. Оның 9 млн-ға жуығы немесе 60%-дайын қазақтар құрайды. Республикада 131 ұлт пен ұлыстың өкiлдерi тұрады. Астанасы - Астана қаласы. Әкiмшілік жағынан 14 облыстан және республикалық маңызы бар 2 қаладан тұрады. Одан басқа Қазақстанда 85 қала, 160 аудан, 176 кент, 2237 ауылдық округке бiрiккен 7719 ауылдық елдi мекендер бар. Мемлекеттiк тiлi - қазақ тiлi. Ұлттық валютасы - теңге, 1993 жылы 15 қарашада енгiзiлген.
Мемлекеттiк құрылысы.
Қазақстан - 1995 жылғы 30 тамыздағы республикалық референдумда қабылданған Конституция бойынша - өзiн демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретiнде орнықтырды. Қазақстан Республикасы - президенттiк басқару нысанындағы бiртұтас мемлекет. Республиканың ең жоғарғы өкiлдi органы - Парламент. Ол республиканың заң шығару қызметiн жүзеге асырады. Парламент тұрақты жұмыс iстейтiн екi Палатадан: Сенаттан және Мәжiлiстен тұрады. Сенатқа әр облыстан және республикалық маңызы бар 2 қаладан екi адамнан сайланады. Сенаттың 7 депутатын Парламент өкiлеттiгi мерзiмiне Республика Президентi тағайындайды. Мәжiлiс республиканың әкiмшілік-аумақтық бөлiнiсi ескерiле отырып құрылған, сайлаушылар саны шамамен тең болатын бiр мандатты аумақтық сайлау округтары бойынша сайланатын алпыс жетi депутаттан және партиялық тiзiм бойынша сайланатын 10 депутаттан тұрады. Президент Үкiметтi Конституцияда белгiленген тәртiппен құрады. Тағайындалғаннан кейiнгi он күн мерзiм iшiнде Премьер-Министр Үкiметтiң құрылымы мен құрамы туралы республика Президентiне ұсыныс енгiзедi. Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесi жетi мүшеден тұрады, олардың өкiлеттiгi алты жылға созылады. Конституциялық Кеңестiң төрағасын республика Президентi тағайындайды. Қазақстан Республикасында сот төрелiгiн тек сот қана жүзеге асырады. Ол заңмен құрылған Қазақстан Республикасының Жоғ. Соты және республиканың жергiлiктi соттары болып табылады. Жергiлiктi мемл. басқаруды тиiстi аумақтағы iстiң жай-күйiне жауапты жергiлiктi өкiлдiк (мәслихат) және атқарушы органдар (әкiмдiк) жүзеге асырады.
Қазақстан Республикасының Президенті Н. Ә. Назарбаев
1940 жылғы 6 шілдеде Алматы облысы Қаскелең ауданы Шамалған ауылында дүниеге келген.
1967 жылы Қарағанды металлургия комбинаты жанындағы жоғары техникалық оқу орнын бiтiрдi. Экономика ғылымдарының докторы.
Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының, Халықаралық инженерлік академияның, Ресей Федерациясы әлеуметтік ғылымдар академиясының академигі. Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетінің құрметті профессоры. Беларус ғылым академиясының құрметті мүшесі. М. В. Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің құрметті профессоры.
1960 - 1969 жылдары - Қарағанды металлургия зауытында жұмыс істеді.
1969 - 1973 жылдары - Қарағанды облысы Теміртау қаласындағы партия-комсомол жұмыстарында жауапты қызметтер атқарды.
1973 - 1977 жылдары - Қарметкомбинаттың партком хатшысы.
1977 - 1979 жылдары - Қарағанды облыстық партия комитетiнiң хатшысы, 2-хатшысы.
1979 - 1984 жылдары - Қазақстан КП Орталық Комитетінің хатшысы. 1984 - 1989 жылдары - Қазақ КСР Министрлер Кеңесiнiң төрағасы.
1989 - 1991 жылдары - Қазақстан КП ОК бiрiншi хатшысы, 1990 жылғы ақпан-сәуір аралығында Қазақ КСР Жоғары Кеңесiнiң төрағасы болды.
1990 жылдың сәуірінен - Қазақстан Республикасының Президенті.
1991 жылдың 1 желтоқсанында тұңғыш рет Қазақстан Президентінің жалпыхалықтық сайлауы өтті. Сайлау нәтижесінде Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев басым дауыспен (98, 7%) жеңіске жетті.
1995 жылдың 29 сәуірінде жалпыхалықтық референдум нәтижесінде Қазақстан Республикасы Президенті Н. Ә. Назарбаевтың өкілеттігі 2000 жылға дейін ұзартылды.
1999 жылдың 10 қаңтарында өткен жалпыхалықтық сайлаудың нәтижесiнде Н. Назарбаев 79, 78% дауыс алып, Қазақстан Республикасы Президентi болып қайта сайланды.
2005 жылдың 4 желтоқсанында сайлаушылардың 91, 5 процент дауысын алып, Қазақстан Республикасының Президенті болып қайта сайланды.
Қазақстан халықтары ассамблеясының төрағасы.
Қазақстан Қарулы Күштерінің Жоғары Бас Қолбасшысы.
Дүниежүзілік қазақтар қауымдастығының төрағасы.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz