Қазақстан Республикасы үздіксіз білім беру жүйесіндегі тәрбие тұжырымдамасы
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ
ҮЗДІКСІЗ БІЛІМ БЕРУ ЖҮЙЕСІНДЕГІ ТӘРБИЕ
ТҰЖЫРЫМДАМАСЫ
Қазақстан Республикасы үздіксіз білім беру жүйесіндегі тәрбие
тұжырымдамасы

тұжырым-дамасы Білім және ғылым Министрінің 2009 ж. 16 қараша №
521бұйрығымен бекітіліп, Республиканың үздіксіз білім беру ұйымдарына
ұсынылады.
КІРІСПЕ
Жас ұрпақтың азамат болып қалыптасуы, оның шығармашылықпен дамуының
түп тамыры тәрбиеден бастау алып ол Қазақстанның ертеңі мен еліміздің
ұлттық қауіпсіздігі, қоғамның құндылық бағдарлары жайлы сөз қозғағанда
тәрбие проблемалары ерекше назар аударуды қажет етеді.
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесінде тәрбиені дамыту соңғы
жылдары Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің,
субъектілерге білім беретін басқару органдарының, білім беру мекемелерінің
барлық типтері мен түрлерінің заңды басым бағыттарының бірі болып отыр.
Мемлекеттің білімді, адамгершілікті, тапқыр, кез-келген жағдайда
дербес шешім жасай алатын, ынтымақтасуға және өзара іс-қимылға
қабілетті, ел тағдыры үшін жауапкершілік сезіміне ие адам тәрбиелеу
мәселесі жөніндегі әлеуметтік сұранысына жыл сайынғы Республика
Президентінің Қазақстан халқына Жолдауынан, Қазақстан Республикасы
азаматтарын патриоттыққа тәрбиелеу Мемлекеттік бағдарламасынан және т.б.
аса маңызды құжаттардан орын алуда. Тәрбие үдерісіне тікелей қатысты
негізгі құқықтар Қазақстан Республикасының Конституциясында бекітілген.
Қазақстан Республикасының Конституциясында (12, 27, 28, 29, 30 -
баптарда), Қазақстан Республикасындағы бала құқықтары туралы, Білім
туралы, Діни сенім бостандығы және діни бірлестіктер туралы, Неке және
отбасы туралы, Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың
алдын алу мен балалардың қадағалаусыз және панасыз қалуының алдын алу
туралы, Отбасы үлгісіндегі балалар ауылы және жасөспірімдер үйлері
туралы, Азаматтардың денсаулығын сақтау туралы, ЖҚТБ ауруының алдын алу
туралы, Темекі шегушіліктің алдын алу және оны шектеу туралы Қазақстан
Республикасының Заңдарында және т.б. маңызды құжаттарда жеке тұлғаның
ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтар негізінде қалыптасуы мен дамуы
және оның кәсіби жетілуі үшін қажетті жағдайлар жасау; баланың тәрбиелену,
білім алу және жан-жақты қалыптасу, ана тілін, ұлттық салт дәстүрлерді
сақтау, ақпараттану, ден-саулығын нығайту сияқты құқықтарын іске асыру –
білім беру жүйесінің басты міндеттері болып табылады.
Қазақстан Республикасының азаматы ретінде білім алушыны тәрбилеудің
тұтастығы жөніндегі мемлекет саясатының бағыты Қазақстан Республикасында
этномәдени білім беру тұжырымдамасында, Қазақстан Республикасында
оқушыларға құқықтық білім беру тұжырымдамасында, Қазақстан
Республикасында білім беру саласындағы мемлекеттік жастар саясаты
тұжырымдамасында, Қазақстан Республика-сында адамгершілік-жыныстық тәрбие
беру тұжырымдамасында, Қазақстан Республика-сында гуманитарлық білім беру
тұжырымдамасында, Қазақстан Республикасының білім беру үйымдарындағы
тәрбиенің кешенді бағдарламасында, ҚР азаматтарын патриотизмге тәрбиелеу
бағдарламасында атап көрсетілген.
Нормативті-құқықтық базаға жасалған талдау жеке тұлғаның еркін
дамуы, адам құқы, жеке тұлғаның мүддесі және т.б. ұғымдардың жан-
жақты қолданылатындығын көрсетті. Осылайша тұжырымдап айту алдымен білім
беру ұйымдарының бастапқы деңгейін демократия-ландыруға мүмкіндік береді.
Басым құндылықтар ретінде дербес даму, өзін-өзі табысты көрсету және өзін-
өзі анықтау ерекшеленеді.
Білім берудегі жаңа парадигма іскерлік сипатта байқалып, өз бетінше
үздіксіз білім алуға ұмтылуды қалыптастыруға және шығармашыық қабілетті
дамытуға бағытталған. Соның негізінде балаларды және жастарды мектеп
жасына дейінгі, орта білім беретін, орта кәсіби, жоғары кәсіби білім,
қосымша білім берудің түрлі деңгейлерін қамтитын тәрбие жүйесі құрылуда.
Тәрбие үдерісі ғылыми-әдістемелермен қамтамасыз етіліп, Қазақстан
Республикасының білім беру ұйымдарында 2006-2011жылдарға арналған
республикалық тәрбиенің кешенді бағдарламасы, сондай-ақ, білім беру
ұйымдарының аймақтық деңгейінде тәрбие беру бағдарламасы жасалып,
енгізілді; авторлық бағдарламалар дайындалуда; тәрбие үдерісінің
тиімділігін бағалу мен жеке тұлғаның тәрбиелік деңгейінің өлшемдері
жасалды.
Тәрбие үдерісін кадрлармен қамтамасыз ету жөніндегі жұмыс жүргізіліп
келеді. Директордың тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасарлары, сынып
жетекшілері, педагогтар-ұйымдастырушылар, аға вожатыйлар, әлеуметтік
педагогтар, педагог-психологтар, еңбек ақылы сынып тәрбиешілері, қосымша
білім беру педагогтары мен әдіскерлер штат бірліктеріне енгізілді.
Қазақстан Республикасының бірқатар білім беру ұйымдарында нақты
әлеуметтік-педагогикалық жағдайларды ескеретін педагогтар мен ата-
аналардың, оқушылардың сұрыныстарына бағытталған тәрбие беру жүйесі құрылды
және ол табысты қызмет көрсетіп келеді. Соның нәтижесінде жеке тұлғаға
тәрбиелік ықпал жасаудың диапозоны кеңейді.
Алайда, Республика аймақтарында тәрбие беру ісінде шешімі табылмаған
көптеген проблемалар бар, олардың бірінші тобына мыналар кіреді:
● Тәрбиенің мақсатын және басым бағыттарын белгілеуге мүмкіндік
беретін нақты идеологиялық бағдар толық жасалмауы.
● Ұлттық құндылық бағдарларының жоғалуы. Педагогтардың жалпы
адамзаттық және жалпы мемлекеттік құндылықтарға жауапкершілікпен
қарауды қалыпқа келтіру әрекеттері үнемі тиімді бола бермеуі.
● Өмірлік құндылықтардың шынайы патриоттық сезімді мойындамауға
жетелейтін тар прагматикалық көзқарастармен ауыстырылуы.
● Қоғамның әлеуметтік жіктелуі, қоғамның кірістер бойынша күрт қарама-
қайшылануы; халықтың кейбір бөлігінің еңбек етпей табылған молшылықты
дәріптеуі зияндық, әлеуметтік әділеттікке сенбеушілік сезімдерін
тудыруы, заңға ден қоюшылықты қалыптастыруға мүмкіндік бермеуі.
● Ұлттық мәдени қабаттардың бұзылуы. Адамзаттың мұндай жалпы
проблемасы біздің елімізде де тұрақсыздық, белгісіздік жағдайлардың
шиеленісуіне және халықтың кейбір бөліктері негізгі күшін өмір
сүруге қажетті қарапайым амалдарды жасауға бағыттауы. Бұл сияқты
теріс ұғым бой алуы дәстүрдің, ұлттың мәдени көзінің жойылуына, білім
алушылардың басым бөлігінің дүбаралануына алып келуі.
● Әлеуметтік институт ретінде отбасының тәрбиелік рөлінің әлсіреуі.
● Адам өмірін аса маңызды құндылық ретінде бағаламау, салауатты өмір
салтын елемеушіліктің басым болуы.
● Бұқаралық ақпараттар құралдарының жеке тұлғаны қалыптастырудағы
теріс ықпал етуі.
Білім беру жүйесінің ішкі себептерінен туындайтын тәрбие проблемалары
екінші тобын жататындар:
● Тәрбиенің жаңа парадигмасының ғылыми-әдістемелермен жеткіліксіз
қамтамасыз етілуі. Тіпті, олар тұжырымдамалық мәнде нақты
белгіленгеннің өзінде тәрбие үдерісін дамыту бағытында мазмұндық және
осы үдерісті жергілікті орындарда ұйымдастырудың проблемалары.
● Педагогтардың тәрбие технологияларын жеткіліксіз меңгеруі.
● Балалар қоғамдық ұйымдарының тәрбиелік потенциалы тиімділігінің
төмендігі.
● Балалар және жастар қоғамдық ұйымдарының қызметін ұйымдастыруда
бірыңғай ұстанымның болмауы.
● Еңбек тәрбиесі мен кәсіби бағдар беру жүйесінің жоғалуы.
● Мектептерде және мектептен тыс ұйымдарында үйірмелер мен спорттық
секциялар санының жеткіліксіздігі.
Жоғарыда көрсетілген проблемаларға сүйеніп, жас жеткіншектер тәрбиесі
еліміз қауіпсіздігінің негізін құрайтын басты стратегиялық міндеттер
ретінде қаралуы тиіс. Тәуелсіз Қазақстанның білім беру ұйымдарындағы тәрбие
жұмысын реттейтін бірінші тұжырымдамалық құжат 1995 жылы қабылданған
Мектеп жасына дейінгі және мектеп жасындағы балаларды тәрбиелеу
тұжырымдамасы болды. Онда тәрбие жұмыстарының мақсаты, ұстанымы, мазмұны
мен тәсілдері қарастырылып, отбасының тәрбиелік потен-циалы мен мектептің
тәрбие жүйесіне аса мәнді көңіл бөлінді. Бұл құжат бүгінгі күні өзінің
миссиясын орындады деп айта аламыз. Жоғарыда айтқанымызға орай үздіксіз
білім беру жүйесінде тәрбие мәселесінің бүгінгі жағдайына сай келетін білім
алушыларды тәрбиелеудің жаңа тұжырымдамасын жасау қажеттілігі туып отыр.
Тұжырымдама құрылымы:
1. Кіріспе.
2. Тәрбие құндылықтары.
3. Тұжырымдаманың мақсаты мен міндеттері.
4. Тәрбие үдерісін ұйымдастыру ұстанымдары және методологиялық
негізі
5. Тәрбиенің мақсаты, міндеттері, мазмұны.
6. Тұжырымдаманы іске асыру шарттары.
7. Күтілетін нәтижелер.
8. Сөздік.
ТӘРБИЕ ҚҰНДЫЛЫҚТАРЫ
Құндылық – көпшілік адамдар мақұлдайтын және ортақтасатын жақсылық,
әділетттілік, патриотизм деп бағалайтын жеке тұлға үшін қоғамдық-мәнді
әлеуметтік бірлік, қоғам, тұтас материалдық, әлеуметтік объектілер. Ол
барлық адамдарға эталон, идеал болып қызмет етеді, оларды құруға
педгогикалық үдеріс бағытталған.
Адам – абсолютті құндылық, жоғары субстанция, барлық танымның
өлшемі. Біздің мемлекетіміздің ең жоғары құндылығы – адам, оның өмірі,
құқығы және бостан-дығы. Қазргі жағдайда адам дамуы зерттеу объектісі
ретінде ғана емес, алдымен, аса маңызды мәдени үлгілер жасаушы және өзінің
ынтасымен шығармашылыққа ұмтылушы, шығармашылық және таным субъектісі
ретінде ұсынылады.
Отбасы – болашақ жеке тұлғаның негізі қаланатын қоғамның бастауыш
құрылым бірлігі, баланың алғашқы ұжымы, оның табиғи даму ортасы. Екі
адамның некелесуіне қарап отбасы құрылды деп қарау қате пікір, бала
дүниеге келген күннен бастап отбасы құрылады.
Отан, туған өлке – тағдыр берген, ата-бабасынан қалған, өз халқының
мәдени, рухани мұрасымен, оның өткен тарихымен байланыстыратын әр адамның
теңдесіз, бірегей туған жері.
Денсаулық, салауатты өмір салты – бақытты, үбірлі өмірдің міндетті
шарты; өзінің денсаулығына жауапкершілікпен қарау адамның ішкі табиғи
қажеттілігі болуы тиіс. Елбасының Қазақстан – 2030 Қазақстан халқына
Жолдауында – денсаулық республиканың стратегиялық дамуының ұзақ мерзімді
басымдықтарының бірі болып танылады.
Еңбек – адам болмысының негізі, адам өмірінің мәңгілік табиғи
шарты. Рухтанған, саналы, шығармашылық еңбек – адамның табиғи қасиетінің
анағұрлым табиғи көрінісі.
Білім – әрбір жеке тұлғаның және әлеуметтік прогрестің дамуына қажетті
шарт. Оқудың нәтижесі – білім. Білімнің тәрбиелік мәні жеке бастың қамында
емес, мақсатқа жетудің құралы.
Мәдени мұра – барлық адамзаттың және әр халықтың рухани және
материалдық өмір саласындағы орасан зор байлығы. Нағыз мәдениет өзіне мәңгі
бақи шындықты, мейрімділікті және әсемдікті біріктіреді.
Тіл – адамдардың негізгі қарым-қатынас құралы, аса маңызды әлеуметтік-
мәдени құндылықтардың бірі.
Достық – өзара сыйластық қарым-қатынастағы дербес, еркін таңдау.
Достық адалдық және өзара көмек беруді ғана емес, сонымен қатар, ішкі
үйлесімділікті, ашық-жарқындықты, сенімді және махаббатты айғақтайды. Біз
досымызды alter ego (басқаша Мен) деп атауымыздың мәні бекер емес.
ТҰЖЫРЫМДАМАНЫҢ МАҚСАТЫ МЕН МІНДЕТТЕРІ
Мақсат – жас ұрпақты тәрбиелеу проблемаларына көңіл бөлуді күшейту,
Қазақстан Республикасында балалар мен жастарға тәрбие беру міндеттерін
шешудегі тәрбие үдерістеріне барлық субъектілердің іс-қимылдарын келістіру.
Міндеттер:
● жас ұрпақты тәрбиелеудің әлеуметтік маңызы мен болашағын қоғамның
түсінуіне көмектесу;
● тәрбие міндеттерін жүзеге асыруда интеллектуалдық, ұйымдастырушылық-
педагогикалық, кадрлық, экономикалық, әдісте-мелік және т.б.
ресурстарды шоғырландыру;
● балалар мен жас өспірімдердің және жастардың түрлі әлеуметтік
топтармен өзара қарым-қатынасты реттеуінде жауапты шешім қабылдай
алатын және өзіне жетекшілік рөл ала білетін, дербес жеке тұлға
ретінде ашық ақпараттық, білікті, іскерлік және коммуникативтік
әлеуметтік кеңістік құруды ұйымдастыру;
● жас ұрпақтың өзінің рухани - адамгершілік, инттеллектуалдық, өмірі
мен өз денсаулықтары мен аман-есендігі үшін әлеуметтік құзыреттілік
пен жауапкершілігін көтеруді ұйымдастыруға жағдай жасау;
● балалар мен жастардың қоршаған ортаға, қоғамға, табиғатқа оң көз-
қарасын қалыптастыруға мүмкіндік туғызу, әлеуметтік-педагогикалық
жағдай жасау;
● өмір бойы білімін арттыруына, кәсіби қалыптасуына және өзін-өзі
табысты көрсетуіне қажетті жағдай жасау.
ТӘРБИЕЛЕУ ҮДЕРІСІН ҰЙЫМДАСТЫРУДЫҢ ӘДІСНАМАЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ ЖӘНЕ ҰСТАНЫМДАРЫ
Тұлғаға бағытталған көзқарасы – тәрбиеленушінің өзара байланыстағы
түсініктер, идеялар және іс-әрекет тәсілдерін қамтамасыз ету мен өзін-өзі
тану, дербестігін құру және өзін-өзі табысты көрсету үдерістер жүйесін
қолдау, оның қайталанбас жеке тұлғалық дамыту арқылы педагогикалық
қызметтегі әдіснамалық байланыс.
Тәрбиедегі әрекетшіл көзқарас – жеке тұлғаның бірлігі оның
әрекетшілдігінде екендігі туралы көріністен туындайды. Бұл бірліктің көп
үлгілі формадағы қызметі жеке тұлғаның құрылымына тікелей және жанама түрде
өзгеріс жасаудан байқалады; жеке тұлға өз кезегінде бір мезгілде тікелей
және жанама түрде дербес даму сұранысын өтейтін барабар қызметтің түрлері
мен формаларын жүзеге асырады. Әрекетшіл көзқарастағы тәрбиені бағамдаудың
мәні басты назары қызметте ғана емес, мақсаттар мен міндеттерді жүзеге
асыру жөніндегі тәрбиеленушілер мен педагогтардың бірлесіп жасаған
қызметінде екендігін аңғартады.
Кешенді көзқарас – тәрбиеге кешенді көзқарастың мәні бірлікті, әртүрлі
кешендердің тұтастығын қамтамасыз етуді құрайды. Кешенді көзқарас
құбылыстарды, шындық объектілерін, қатыстылықты, қызметті және т.б. барлық
жүйелер мен деңгейлерді қарастыру кезінде қолайлы және тиімділікке
жеткізеді. Кешенді көзқарасты тәрбиеде қолданғанда ол тәрбие үдерісінің
басты, мәнді тұстарын ашуға негіз болатын, соңғы нәтижеге себепші болатын
– жеке тұлғаның жан-жақты даму үндестігі дәрежесіне ие болады.
Аксиологиялық көзқарас – санадан беретін және адамның әлемге,
адамдарға, өзіне қатысты әмбебап жалпы адамзаттық құндылықты қамтиды;
табиғатпен, әлеуметпен, мәдениетпен барлық өтіп жатқан қарым-қатынасындағы
жеке тұлғалық мәндерді тәрбиелеуде баланың өз білімінің, өмірінің мәніне
ие болуына бағытталған.
Амбивалентті көзқараста (Л.И.Новикова) алғашқыда екі жақтың бір-
біріне қайшылықтарын жоятын, оларды есепке алу негізінде педагогикалық
құбылыстар мен үдерістерді қарастыру көзделеді. Мәселен, амбивалентті
көзқарас ұжымдарды және дербестікті, еркіндікті пен жауапкершілікті,
саралау мен интеграцияны зерттеуде қолдануға лайықты. Әдеттегідей кез
келген педагогқа дуалистік сипатты абсолюттендіру тән: мектепте тек қана
тәртіп болу керек, ал ұйқы-тұйқылық – бұл негативті сипаттама; егер еркін
тәрбиеге үстемдік берілсе, онда ешқандай еріксіз көндіру болмайды;
дербестік дамытылса, ол ұжымнан тыс жүреді. Мұндай көзқарас шындыққа
сәйкессіздікпен бірге педагогикалық қызметтің мәні мен мазмұнын қожыратады.
Бұл ретте амбивалентті көзқарас сөзсіз басымдыққа ие болады.
Жүйелі көзқарас объектіні күрделі, оны құрайтын бөліктерді жинақтауға
болмайтын және иерархиялық құрылым ретінде қарастыруды көздейді. Жүйелі
көзқарас құрылымдық компоненттерді, олардың функциясын, функционалды-
иерархиялық байланыстарды орнықтыруды, жүйе жасаушы факторларды анықтауды,
сыртқы байланысты талдауды мөлшерлейді.
Синергетикалық көзқарас тәрбиені тура себеп-салдарлық тәуелділікке
негіздемей, тек, біркелкі емес түрде өтетін үдеріс ретінде қарастырады;
маңызды дәрежеде өзін-өзі ұйымдастыратын, көптеген ішкі және сыртқы
ықпалдарға себепші болатын: заңдылық пен кездейсоқ, болжамдық пен
стихиялық, реттелген және ұйқы-тұйқы үдеріс.
Орта көзқарасы тәрбиешілерді жеке тұлғаны дамыту үдерісін жағдайға
және ортаның сипаттамасына тәуелді қарастыруға бағыттайды. Бұл көзқарас
тәрбие нәтижесін жобалау және диагностика құралына айналдыруды қамтамасыз
ететін ортамен іс-әрекет жасау жүйесін қарастырады. Осы көзқарас ауқымында
субъектіні қоршағанның бәрі орта деп саналады және соның көмегімен адамды
жеке тұлға ретінде танытады.
Антропологиялық көзқарас тәрбиеленушілерді бірегей және тұтас жеке
тұлға ретінде қарап, адам туралы білім кешенінде кең көлемді есеп жүргізуге
бағыттайды.
ТӘРБИЕ ҮДЕРІСІН ҰЙЫМДАСТЫРУДЫҢ ҚАҒИДАЛАРЫ:
Табиғилылық қағидасы тәрбие табиғи және әлеуметтік-мәдени
үдерістердің өзара байланысының ғылыми түсінігіне және балаларды
тәрбиелеуде олардың жеке тұлғалық және жас ерекшеліктерін ескерудің
қажеттігіне негізделеді.
Мәдени сәйкестілік қағидасы тәрбие жалпы адамзаттық құндылықтарға
негізделетіндігін, жалпы адамзаттық құндылықтарға сай дәстүрлер мен ұлттық
мәдени нормаларға және аймақтық ерекшеліктерге сәйкес құрылады.
Мақстаттылық қағидасы мақсатты талаптың айқындығын, ұжымдық
сұранысқа нақты есеп жасауды, тәрбие қызметінің басты түрлерін дұрыс
таңдауды қарастырады.
Гуманистік бағыт қағидасы әрбір жеке тұлғаға құрметпен қарайтын, оның
барлық мәнді күштерінің дамуына қамқорлық көрсететін, оның бостандығын
және әлеуметтік құқын мойындайтын гуманистік идеяны және бағытты бірінші
орынға қояды; педагогтың білім алушыларға және тәрбиешілерге өздерін-өздері
дамытуға жауапкершілікті субъекті ретінде қарауын, сондай-ақ, субъектінің-
субъектіге көңіл бөлу негізіндегі қарым-қатынасқа негізделген өзара іс-
әрекет стратегиясын қамтиды.
Этникалық қағида этникалық мәдениет негізінде жалпы ұлттық
мәдениеттің гүлденуіне ықпал жасайтын мәдниет жасаушы ортаны
қалыптастыруды, азаматтық келісім және үйлесімдікке, қоғамдық қатынаста
табысқа жетуді қарастырады. Әлемдік мәдениет құндылықтарын бір мезгілде
игере отырып, ана тіліне және мәдениетке орайластыру, дәстүрді, тілді,
психикалық қалыпты және этникалық сананы қамтитын рухани өмір саласына
тарту жолымен субъектілердің қызметін этномәдениеттік сәйкестілікті сақтау
қажеттілігін қарастырады.
Тәрбиенің үздіксіздік қағидасы жеке тұлға ғұмырының барлық
кезеңдерінде оның жан-жақты дамуын болжайды: оның шығармашылық әлеуетінің
үдемелі баюын және күш-қуаты мен қабілетін толық пайдаланып, кәсіби
шеберлігі мен мәдени өсуін мөлшерлейді.
Әлеуметтік өзара іс-әрекеттер тиімділігі қағидасы түрлі ұжымдардағы
білім беру жүйесінде тәрбие жүргізуді болжайды. Бұл қағида білім
алушылардың қарым-қатынас сферасын кеңейтуге, әлеуметтік-мәдени
конструкциялық үдерістерді дербес анықтауға, барабар коммуникация жасауға
жағдай туғызып, жалпы әлеуметтік бейімделуін, өзін-өзі көрсете білуін
қалыптастырады.
Әлеуметтік барабар қағидасы ұйымдастырылатын тәрбие үдерісінің
әлеуметтік ортаға тәрбие мазмұны мен тәсілдерінің сәйкестігін талап етеді.
Тәрбиенің міндеттері нақты әлеуметтік-экономкалық жағдайларға бағытталады
және балалардың әртүрлі әлеуметтік міндеттерді жүзеге асыруға болжамдық
дайындығын қалыптастыруды мөлшерлейді. Қағиданы іске асыру түрлі әлеуметтік
ортаның ықпалын есептеу негізінде жүзеге асырылады.
Демократияландыру қағидасы тәрбиеші мен тәрбиеленушінің өзара іс-
әрекеттеріне, педагогикалық бірлестікте, ынтымақтастыққа және бірлескен
авторлыққа негізделген жүйені шамалайды. Ол сондай-ақ, педагогикалық
басшылық, өзін-өзі басқару, бірлесіп басқару және жеке реттеу жүйесінің
құрылымына кіретін өзара байланысты, өзара келісуді болжайды. Бұл қағида
оқушыларды еркіндік, жеке адамгершілік рухында тәрбиелеуді қарастырады.
Вариативтілік қағидасы мектеп жасына дейінгі мекемелерде жүзеге
асырылатын кең таралымды, көп үлгідегі тәрбие бағдарламаларын мөлшерлейді,
баланың жеке тұлғалық дамуының дербес траекториясын анықтауды көздейді.
ТӘРБИЕНІҢ МАҚСАТЫ, МІНДЕТТЕРІ, МАЗМҰНЫ
Тәрбиенің мақсаты – үздіксіз білім беру жүйесінде мектеп жасына
дейінгі балалардың, мектеп оқушыларының және студент жастардың Қазақстан
Республикасының азаматтары және патриоттары ретінде қалыптасуы мен өзін-
өздері танытуларына, болашақ мамандық иесі болып, кәсіби, интеллектуалды
және әлеуметтік шығармашылыққа жетуіне оңтайлы жағдай жасау.
ТӘРБИЕНІҢ МІНДЕТТЕРІ:
● Білім беру ұйымдарында денсаулығы зор, рухани дүниесі бай,
адамгершілікті, тәуелсіз жеке тұлғаны қалыптастыруға ықпал ететін
тәрбие жүйесін құру және дамыту.
● Балалар мен жастарды азаматтылыққа, отансүйгіштікке, зиялылыққа,
адам құқықтары мен бостандықтарын, мемлекеттік рәміздер мен ұлттық
дәстүрлерді сыйлауға тәрбиелеу.
● Өзінің және қоғамның, болашақ ұрпақ алдында әлеуметтік, табиғи
және мәдени ортадағы өз іс-әрекетінің нәтижесі үшін жауапкершілікті
сезінуде гумманистік дүниетанымды қалыптастыру.
● Мемлекеттік тілді және басқа тілдерді үйрену арқылы балалар мен
жастардың әлем және ұлттық мәдениетті игерулеріне, өз халқы мен басқа
Қазақстан халықтарының дәстүрлері мен мәдениетін зерттеуіне және
қабылдауына жағдай жасау.
● Жеке тұлғаның өзін -өзі іс жүзінде көрсетуі мен ары қарай дамуына
ықпал етуде білім беру ұйымдары жағдайында жастар мен балалардың
танымдық қызығушылығын, олардың шығармашылық қабілеттерін, жалпы
білімге икемділігін, өзін- өзі тану мен өздігінен білім алу
дағдыларын барынша дамыту бейімділігін қалыптастыру.
● Қазіргі заманғы қоғамдық өмірге және тиімді кәсіби іс-әрекет пен
жеке басының және кәсіби тұрғыда үздіксіз пісіп жетілуіне қажетті
маңызды тұлғалық және кәсіби сапаларын қалыптастыру.
ТӘРБИЕНІҢ МАЗМҰНЫ
Білім берудің жаңа моделіне өту жағдайында және тәрбиенің білім беру
үдерісіндегі рөлінің өсуіне байланысыты тәрбие мазмұнын қайта бағдарлау
даму заңдылығы болып табылады.
Қазір білім беру үдерісінде жеке тұлғаның рухани-адамгершілік дамуына
үлкен мән беріліп отыруына орай, адамгершілікке тәрбиелеу мен рухани
жағынан қалыптасуы барлық тәрбие үдерісінің өзегі болып отыр.
Тәрбиенің мазмұны оның мақсатттары мен міндеттері арқылы анықталады
және ол қоғамдық дамудың бағыты мен мазмұнына заңды тұрғыда тәуелді
болады.
Тәрбие мазмұны адам тұлғасының гуманистік құндылықтар жүйесін игеру
негізінде қалыптасуын, оның барлық мәндік сферасының дамуын қамтамасыз
етуге жұмылдырады.
Қазір білім алушыларды саналуан шығармашылық іс-әрекетке тарту арқылы,
соның нәтижесінде жеке тұлғаның тәрбиесі мен қалыптасуы жүзеге асатын
тәрбиенің ерекше құрамын анықтау маңызды:
● Танымдық; ●
Еңбектік;
● Құндылық-бағдарлық; ● Спорттық;
● Көркемдік; ● Еркін
қарым-қатынастық.
● Қоғамдық;
Сонымен бірге, тәрбиеге әлеуметтік-рөлдік көзқарас тұрғысында адам
көптеген әлеуметтік жүйенің компоненті болып саналады: отбасы, ұжым,
кәсіби топ, этнос, қоғам және т.б. Сондықтан, тәрбие мазмұны құндылық
қарым-қатынас жүйесімен: өзіне, өзінің отбасына, мектепке, қоршаған ортаға,
Отанына, Жер әлеміне, сондай-ақ, әлеуметтік рөл жүйесімен де сәйкестенеді:
● Адам ●
Дос
●Ұл (қыз) ●
Құқық қорғаушы
● Аға (қарындас) ● Патриот
● Немере (немере қыз) ● Азамат
● Туыс ●
Қорғаушы
... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz