ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҮКІМЕТІНІҢ 2006-2008 ЖЫЛДАРҒА АРНАЛҒАН БАҒДАРЛАМАСЫ


Пән: Социология, Демография
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 12 бет
Таңдаулыға:   

2006-04-01:

(жалғасы)

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҮКІМЕТІНІҢ 2006-2008 ЖЫЛДАРҒА АРНАЛҒАН БАҒДАРЛАМАСЫ

БСҰ ережелері мен нормаларын, сондай-ақ Қазақстан қабылдайтын міндеттемелерді білу тұрғысынан отандық компаниялармен ақпараттық-таныстыру жұмысы жүргізілетін болады.

Қабылданған шаралар нәтижесінде Қазақстан қолайлы шарттар негізінде БСҰ-ға мүше болады, бұл елдің экспорттық әлеуетін өрістетуге және қазақстандық тауарлар мен қызметтердің бәсекеге қабілеттілігін арттыруға ықпал етеді.

Қазақстандық тауарлардың халықаралық нарықтарға қол жеткізуін жақсарту, жаңа экспорттық “орындарды” алу және ықпалдастық бастамаларды одан әрі тереңдету

Шешу жолдары:

Экспорттық белсенділікке кедергі келтіретін әкімшілік, инфрақұрылымдық тосқауылдарды анықтау және қазақстандық тауарлар үшін неғұрлым перспективалы нарықтарды айқындау жөнінде бірқатар елдердің тауарлы нарықтарына талдамалық зерттеулер жүргізіледі.

Экспортқа арналған бәсекелі отандық өнімді жылжыту жөніндегі мақсатқа бағытталған саясатты қамтамасыз ету үшін қазақстандық тауарлар экспортын сыртқы нарықтарға жылжытуға жәрдемдесу бағдарламасы әзірленетін болады.

Ауыл шаруашылығы өнімінің мақсатты географиялық нарықтарын анықтау жөніндегі талдамалық зерттеулер жүргізу негізінде республиканың ауыл шаруашылығы өнімін және оның қайта өңдеу өнімін сыртқы нарықтарға жеткізулерін арттыру ұстанымдарын бекітіп беру әрі күшейту үшін жағдай жасау жөніндегі шаралар кешені әзірленетін болады.

Қосымша шаралар ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілерді фермерлік конгломераттар мен кооперативтерге біріктіруге ынталандыруға, олардың базасында қазіргі заманғы дамыған экспорттық инфрақұрылымы бар бордақылау кешендерін құруға бағытталатын болады. Астықты сатып алу және жемдік, бұршақ, арпа дақылдары есебінен сатып алынатын дақылдар түр-түрлілігін кеңейту жүйесі одан әрі дами алады және астық пен қайта өңдеу өнімі экспортын сыртқы нарықтарға ынталандыру тетіктері әзірленетін болады.

Қазақстанның әлемдік мамандандырылған нарықтарға сапалы өнімді маңызды жеткізуші ретіндегі ұстанымдылығына бағытталған тікелей қолдау шаралары айқындалатын болады.

Ұлттық брендтерді қалыптастыру, Қазақстан Республикасынан тысқары жерлерде көрме-жәрмеңке қызметін тиімді ұйымдастыру жөніндегі жұмыс жүргізіледі.

Қазақстанның жоғары сапалы тауарлар мен қызметтердің кең түр-түрлілігін өндіруші ретіндегі халықаралық беделін нығайту және отандық тауар брендтерін ұстанымдау мақсатында Қазақстанның негізгі сауда серіктес елдерінде сауда миссияларының желісін құру жоспарланып отыр.

Сауда-экономикалық қатынастарды тереңдетуге және оны дамытудағы кедергілерді жоюға бағытталған өңірлік және ықпалдастық бірлестіктер шеңберінде, оның ішінде БЭК-ті құру, инфрақұрылымдық жобаларды іске асыру жөніндегі алғашқы кезектегі халықаралық шарттарды айқындау және оларға қол қою жоспарлануда.

Оларды Еуразия даму банкі арқылы қаржыландыру жолымен өңірлік бірлестіктер шеңберінде бірлескен инвестициялық және инновациялық жобалардың тізбесі айқындалатын болады.

“Қорғас” халықаралық шекара маңы ынтымақтастығы орталығын дамыту тұжырымдамасы белсенді түрде іске асырылатын болады.

Үкімет оларға мүше болу алдыңғы қатарлы технологиялар, білім мен стандарттар трансфертін қамтамасыз ететін қазақстандық кәсіпкерлер қауымдастығының тиісті халықаралық қауымдастықтарға кіруіне бағытталған шараларды дәйекті іске асыруды жүзеге асыратын болады.

Нәтижесінде қазақстандық өнімді жылжыту және экспорт көлемін, оның ішінде АӨК өнімінің экспортын ұлғайту және Қазақстанның әлемдік бидай экспорттаушылар бестігіндегі тұғырын күшейту үшін жағдай жасалады. Қолданыстағы ұлттық бәсекелестік артықшылықтарын дамытуға және жаңаларын құруға ұмтылыс беретін негізгі серіктес елдермен экономикалық ықпалдасу тереңдей түседі. Отандық және халықаралық кәсіпкерлердің өзара іс-қимыл жасауының тиімді жүйесі қамтамасыз етілетін болады.

Қазіргі заманғы және бәсекеге қабілетті көлік-коммуникациялық инфрақұрылымды дамыту

Мақсаты. Экономиканың қажеттіліктерін қамтамасыз ететін және елді әлемдік экономикаға тиімді ықпалдастырудың міндеттеріне жауап беретін тиімді ұлттық көлік және телекоммуникация инфрақұрылымын қалыптастыру.

Көлік кешенін дамыту

Шешу жолдары:

Темір жол, порт, авиация, автомобиль инфрақұрылымының сапасын, тиімділігін арттыруға, транзиттік әлеуетін кеңейтуге бағытталған Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі көлік стратегиясы әзірленетін болады.

Мемлекеттік деңгейдегі негізгі іс-шаралар “тар жолдарды” жоюға және транзит үшін қолайлы жағдай жасауға, сондай-ақ “Шығыс-Батыс” және “Солтүстік-Оңтүстік” қағидаты бойынша құрылған негізгі көлік магистральдары мен байланыстырушы бағыттардың меридиандық және ендік орналасуының түрлендірілген моделін қолдану жолымен инфрақұрылымдық жобаларды іске асыруға шоғырланатын болады.

Оңтайлы көлік желісін қалыптастыру, нормативтік база мен бақылау жүйесін халықаралық стандарттарға сәйкес келтіру үшін жағдай жасалатын болады. Бұдан басқа, көлік кешенінің ұзақ мерзімді активтерін жаңғырту, жаңарту және қалыптастыру әрі бейіндік отандық өндірістер құру жөнінде
іс-шаралар жүргізілетін болады.

Көлік шығыстарын арзандату, жүктерді жеткізу уақытын қысқарту, қазіргі заманғы көлік-логистикалық орталықтар құру, спутниктік навигацияны пайдалана отырып, жолаушылар мен жүктердің халықаралық және қалааралық тасымалын диспетчерлік сүйемелдеуді дамыту жоспарлануда.

Отандық даму институттарының және жетекші халықаралық компаниялардың көмегімен мемлекеттік-жеке меншік әріптестік тетіктері арқылы көлік саласындағы капиталды қажетсінетін инфрақұрылымдық жобаларды іске асыру жөніндегі жұмысты жандандыру жоспарланып отыр.

Мемлекетаралық деңгейде негізгі назар елдің көліктік транзиттік тасымалдарды реттеу, Қазақстан Республикасының толыққанды қатысуын қамтамасыз ету және халықаралық көлік одақтарындағы ұстанымды нығайту, тарифтерді біріздендіру, сондай-ақ қазақстандық транзиттік бағыттарды халықаралық көлік дәліздері желісіне қосу саласындағы басым халықаралық конвенцияларға қосылуына жасалады.

Қазіргі бар көлік инфрақұрылымын жаңғырту шеңберінде “Шар-Өскемен” темір жол желісін салуды және “Екібастұз-Павлодар” учаскесін электрлендіруді аяқтау, сондай-ақ “Маңғышлақ-Баутино”, “Ералиев-Құрық” жаңа желілерін салу, “Мақат-Қандыағаш”, “Алматы-Ақтоғай” темір жол учаскелерін электрлендіру жөніндегі жұмыстарды жүргізу, Достық станциясын дамыту және “Ақтоғай - Достық” темір жол учаскесін жаңғырту, ҚХР-мен Қорғас жаңа халықаралық темір жол өтпесін және “Қорғас-Сарыөзек” темір жол желісін салу, жылжымалы құрамды жаңғырту мен жаңарту, отандық локомотив және вагон жасау базасын құру жоспарланып отыр.

Қабылданған Автожол саласын дамытудың 2006-2012 жылдарға арналған бағдарламасына сәйкес 2008 жылға дейін түйінді перспективалы бағыттарда автомобиль жолдары учаскелерін салуды және қайта жаңғыртуды жалғастыру жоспарлануда.

Су көлігі саласын дамыту Қазақстан Республикасының теңіз көлігін дамытудың 2006-2012 жылдарға арналған бағдарламасын, Кеме қатынасы және ішкі су жолдарында қауіпсіздікті қамтамасыз етудің 2007-2012 жылдарға арналған бағдарламасын, сондай-ақ жұмыс істеп тұрған Ақтау теңіз портын кеңейтіп, Құрық, сондай-ақ Баутино порттарын толыққанды құра отырып, Каспий жағалауы порттарын дамыту жөніндегі кешенді шараларды іске асыруды көздейді.

Каспий теңізінің қазақстандық секторын игерудің теңіз операцияларына тиімді қатысу мақсатында қайраңдағы теңіз операцияларын қолдайтын флотты құру жалғастырылады.

Әуе көлігі саласында Ақтөбе, Ақтау, Шымкент және Қостанай қалаларының әуежайларын қайта жаңарту жүргізіледі, Павлодар қаласы әуежайының ұшу-қону алаңын күрделі жөндеу, Алматы қаласының әуежайында жаңа ұшу-қону алаңын және Атырау қаласының әуежайында жаңа жолаушылар мен жүк терминалдарын салу жүзеге асырылады. Республиканың әуежайларын арнайы техникамен жарақтандыру, республиканың аэронавигациялық жүйесінің өндірістік қуаттарын жаңғырту мен дамытуды жүргізу жоспарлануда. Әуе кемелері паркін жаңарту жалғастырылады.

Астана қаласында әуе кемелеріне қызмет көрсету үшін сервистік авиациялық-техникалық орталық құрылады. Бұдан басқа, Астана, Алматы, Атырау қалаларының тораптық әуежайларын қалыптастыру үшін жағдай жасау жөнінде шаралар қабылданатын болады.

Нәтижесінде ел экономикасының орта және ұзақ мерзімді даму перспективаларын ескере отырып, көлік-коммуникациялық кешенді серпінді дамытуға қол жеткізілетін болады. Қазақстанның көлік жүйесінің бәсекеге қабілеттілігі мен тиімділігі айтарлықтай арттырылатын болады.

Телекоммуникация саласын дамыту

Шешу жолдары:

2006 жылы Қазақстан Республикасының телекоммуникация саласын дамытудың 2006-2008 жылдарға арналған бағдарламасы әзірленетін болады.

Телекоммуникация саласындағы заңнаманы үйлестіру, оны Еуропалық Одақ заңнамасына, БСҰ және Халықаралық электр байланысы одағының талаптарына жақындастыру, саланың инвестициялық тартымдылығын қамтамасыз ету, ұлттық қауіпсіздік мүдделерін ескере отырып, қалааралық және халықаралық байланыс операторларының жарғылық қорындағы шетелдік капиталдың қатысуына шектеулерді жою мақсатында экономиканың осы саласының нормативтік құқықтық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу жөнінде жұмыс жүргізілетін болады.

Бұдан басқа, “KAZSAT-1” қазақстандық байланыс және хабар тарату спутнигін ұшыру сияқты телекоммуникация желісін жаңғыртудың және дамытудың басым бағыттары іске асырылатын болады, бұл Қазақстанға спутник байланысының халықаралық операторларының санына кіруге мүмкіндік береді. Сондай-ақ оны кейіннен ұшыра отырып, “KAZSAT-2” спутнигін жасау жөніндегі іс-шаралар іске асырылатын болады. Ұлттық ақпараттық супермагистраль құрылысын жалғастыру; жергілікті телекоммуникация желісін; деректерді беру желісін, оның ішінде Интернетті, ұялы байланысты және жаңа буынды телекоммуникация желісін қайта жаңғырту мен дамытуды жүзеге асыру жоспарлануда.

Нәтижесінде 2008 жылға қарай мынадай негізгі индикаторларға қол жеткізіледі:

тіркелген телефон желілерінің тығыздығы - елдің 100 тұрғынына 23;

ұялы байланыс абоненттерінің тығыздығы - елдің 100 тұрғынына 50;

жергілікті телекоммуникация желілерін цифрландыру деңгейі - 80 пайыз;

Интернетті пайдаланушылар тығыздығы - 100 тұрғынға 10.

ІІ. ҚАЗАҚСТАН ЭКОНОМИКАСЫН ТҰРЛАУЛЫ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ӨРЛЕУДІҢ ІРГЕТАСЫ РЕТІНДЕ ОДАН ӘРІ ЖАҢАРТУ МЕН ӘРТАРАПТАНДЫРУ

Ақша-кредит саясаты және қаржы секторын дамыту

Мақсаттары:

Инфляцияны тежеу, экономиканың “қызып кетуінің” теріс салдарын болдырмау, инфляцияның теріс салдарын төмендету және экономикалық өсуді ынталандыру үшін нақты айырбас бағамының қажетті икемділігін ұстау, қаржы нарығының тұрақтылығын қамтамасыз ету.

Шешу жолдары:

Баға тұрақтылығын қамтамасыз етуге Үкімет пен Ұлттық Банктің экономикадағы ақша ұсыныстарын реттеуді, бәсекелестікті дамытуды және ішкі тауар нарықтарының теңгерімділігін арттыруды, тариф және сауда саясаты жөніндегі іс-шараларды жүргізуді болжайтын инфляцияға қарсы кешенді саясатын қалыптастыру және іске асыру жолымен қол жеткізілетін болады.

Бұдан басқа, Ұлттық Банк инфляциялық таргеттеу қағидаттарына көшу, нарықтың шамадан тыс өтімділігін реттеу, валюталық режимді одан әрі ырықтандыру жөніндегі шаралар кешенін іске асыратын болады.

Экономиканың “қызып кетуінің” теріс салдарын болдырмау үшін мұнай мен газ өндірудің ұтымды кестесін құра отырып, мұнай-газ секторы дамуының елдің экономикалық дамуына ықпалын бағалау жүргізілетін болады. Номиналдық ЖІӨ-нің өсу қарқынымен теңдестірілген мемлекеттік бюджет шығыстарының өсу қарқынын қамтамасыз ететін фискалдық саясат және бюджеттің мұнайдан болмайтын тапшылығын біртіндеп төмендету жүргізілетін болады.

2006 жылғы 1 шілдеден бастап Ұлттық қордың жаңа схема бойынша жұмыс істеуге көшуі жүзеге асырылады, бұл Ұлттық қордың экономиканың теңгерімді дамуын және экономиканың “қызып кету” қаупін төмендетуді қамтамасыз ететін макроэкономикалық реттеуіш ретіндегі рөлін күшейтеді.

Инфляцияның өсуінің теріс салдарын төмендету және экономикалық өсуді ынталандыру үшін Ұлттық Банк теңгенің нақты айырбас бағамының икемділігін қамтамасыз етеді, бұл ол бойынша бағдарды белгілеместен, теңгенің қалқымалы айырбастау бағамы саясатын жүргізуді болжайды. Қажет болған жағдайда инфляциялық күтуге таралуға қабілетті валюталық бағамның қысқа уақыттық және алыпсатарлық ауытқушылықтарын әлсірету мақсатында валюталық интервенция жүргізілетін болады.

Қаржы нарығының тұрақтылығын қамтамасыз ету саласындағы шаралар мынадай бағыттарда жүзеге асырылатын болады:

банк секторының сырттан қарыз алуын реттеудің жанама әдістерін (құралдарын), оның ішінде ең аз резервтік талаптарды есептеу әдістемесін жетілдіру, валюталық өтімділік нормативтерін, банктік сектордың сырттан қарыз алу лимитін, банктердің ашық валюталық ұстаным лимиттерін белгілеу;

қаржы секторындағы, әсіресе банк секторындағы одан әрі ырықтандыру және бәсекелестікті арттыру, оның ішінде, Қазақстан аумағындағы шетелдік банктер филиалдарының қызметіне рұқсат беру мүмкіндігін қарау, қаржы секторындағы монополияға қарсы саясаттың тиімділігін арттыру, банктердің шоғырландырылған қадағалау, меншік иелерінің құрылымы, аффилиирленген тұлғалармен қарым-қатынас бөлігінде банктік қадағалау рәсімдерін жетілдіру, “Қазпочта” АҚ-тың халыққа қаржылық қызметтер көрсету жөніндегі мүмкіндіктерін кеңейту;

Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығын құруды қоса алғанда, қор нарығын одан әрі дамыту, инвестициялық банкинг саласындағы бәсекені қамтамасыз ету үшін бағалы қағаздар нарығына кәсіби қатысушылар жүзеге асыратын операциялардың тізбесін кеңейту, корпоративтік басқару мәселелері жөніндегі Қазақстан Республикасының заңнамасын жетілдіру.

Инфляцияға қарсы шаралар кешенін іске асыру нәтижесінде инфляцияны 2006 жылы 5, 7-7, 3 % және 2007-2008 жылдары 5-7 % “межесінде” ұстап тұру көзделіп отыр. Ұсынылған шараларды іске асыру экономиканың қызып кетуінің теріс салдарының пайда болу қаупін төмендетуге мүмкіндік береді, қаржы нарығының тұрақтылығын сақтауға, бәсекелестікті ұлғайтуға және нарыққа қатысушылар қызметінің ашықтығын арттыруға, бағалы қағаздар нарығын одан әрі дамытуға ықпал ететін болады.

Фискалдық тәртіпті арттыруға бағытталған және экономиканың тұрақты өсуін қамтамасыз ететін бюджет-салық саясаты

Мақсаттары:

Экономиканың шикізат емес салаларын әртараптандыруды және дамытуды ынталандыру, салық жүктемесін ұлғайтпай мемлекеттік бюджетке түсетін түсімдерді барынша ұлғайту, борышты басқаруды және бюджетаралық қатынастарды жетілдіру.

Шешу жолдары:

Экономиканың жаңа салаларын әртараптандыруды ынталандыру және дамыту, шетелдік капитал мен “ноу-хауды” тарту үшін мыналар көзделеді:

2007 жылдан бастап қосылған құн салығының ставкасын 1%-ға, ал 2008-2009 жылдардан бастап - тағы 1-2%-ға төмендету.

2007 жылдан бастап 10% мөлшерінде жеке табыс салығының тіркелген ставкасын енгізу. Еңбекақы аз төленетін қызметкерлер санатының кіріс деңгейін сақтау үшін олардың салық салынатын кірістерінен айлық есептік көрсеткіштің орнына жалақының ең аз мөлшерін алып тастау;

2007 жылдан бастап шағын кәсіпкерлік субъектілері үшін салық салудың азайтылған бірыңғай ставкасын енгізу;

2008 жылдан бастап әлеуметтік салықты орташа есеппен 30%-ға төмендету.

Салық ставкаларын ұлғайтпай мемлекеттік бюджетке түсетін түсімдерді барынша ұлғайту үшін қатаң салық тәртібін сақтау, Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Салық комитетінде мамандандырылған құрылым құру көзделеді. Салықтық және кедендік әкімшілік ету саласында реформалар жүргізіледі; салық төлеушілер үшін электрондық қызмет көрсетулер кеңейтіледі, “жалған кәсіпкерліктің”, “қолма-қол ақшаға айналдыру” фирмалары қызметінің және көлеңкелі айналымның, оның ішінде акцизделетін өнімдердің көлеңкелі айналымының жолын кесу әдістері енгізіледі.

Бюджеттің тұрақтылығын қамтамасыз етуге, мемлекеттік шығыстарды шектеуге, қатаң бюджет тәртібін сақтауға, Ұлттық қорда мұнай кірістерінің айтарлықтай бөлігін жинақтауға, экономиканы құрылымдық жағынан қайта құруды ынталандыруға бағытталған салмақты фискалдық саясатты жүргізу үшін бюджет заңнамасын одан әрі жетілдіру көзделеді, оның ішінде:

Ұлттық қор қаражатын қалыптастыру мен пайдаланудың жаңа тұжырымдамасына сәйкес бюджетті қалыптастыруға көшу;

Бірыңғай бюджет сыныптамасының функционалдық шығыстар топтары деңгейінде үш жылдық бюджеттік жоспарлау;

бюджеттің атқарылу процесінің бюджеттік бағдарламалардың тиімділігі мен нәтижелігіне бағдарлануы;

бюджет ақшасын (қолма-қол ақшаны) басқару сапасын арттыру;

бюджеттік бағдарламалар әкімшілері мен олардың мемлекеттік мекемелерінің бюджет қаражатын пайдалануы үшін жауапкершілік шараларын белгілеу.

Мемлекеттік және жалпы сыртқы борышты белгілі бір мөлшерде ұстап тұру үшін борышты басқарудың тиімді жүйесін құру және елдің жалпы сыртқы борышының өсуін ұстап тұру жөніндегі нақты тетіктерді әзірлеу көзделеді.

Бюджетаралық қатынастарды одан әрі жетілдіру үшін Үкімет субвенциялар мөлшерін бекітіп бере отырып, бюджетаралық қатынастардағы тұрақтылықты және орта мерзімді кезеңге арналған алып тастауларды қамтамасыз ету жөніндегі, өңірлердің бюджеттік қамтамасыз етілуін олардың халқының Конституцияда кепілдік берілген мемлекеттік қызметтерге тең қол жеткізуіне жету мақсатында теңестіру үшін жалпы сипаттағы ресми трансферттерді есептеу әдістемесін жетілдіру жөніндегі шараларды қабылдайды.

Жоспарланатын шараларды іске асыру нәтижесінде мемлекеттік бюджетке түсетін түсімдерді ұлғайтумен қатар кәсіпорындардан қосымша қаражатты босату, көлеңкелі жалақы төлеуді одан әрі азайту, шағын кәсіпкерлік субъектілері үшін салық жүктемесін азайту, салықтық әкімшілік етуді оңайлату, халықты жұмыспен қамтуды өсіру, шағын бизнес субъектілерінен бюджетке түсетін түсімдердің үлес салмағын 2005 жылғы 14%-дан 2008 жылы 20%-ға ұлғайту, салық және кеден органдарындағы сыбайлас жемқорлық деңгейін төмендету, мемлекеттік бюджеттің тұрақтылығын қамтамасыз ету күтіледі.

Мемлекеттік активтерді тиімді басқару

Мақсаты:

Мемлекеттің мемлекеттік активтерді басқарудың ашық және айқын жүйесін құру негізінде тиімді меншік иесі және менеджер ретінде қалыптасуы.

Шешу жолдары:

Мемлекет активтерін басқарудың ашық және айқын жүйесін құру үшін Үкімет мемлекеттік активтерді басқарудың қолданыстағы жүйесін жаңғыртуға, мемлекеттік активтерді басқару саласындағы заңнама мен әдістемелік базаны жүйелендіруге бағытталған шаралар кешенін жүзеге асыратын болады.

Стратегиялық маңызы бар салаларда экономиканың мемлекеттік секторын басқаруды жетілдіру мақсатында 2006 жылғы қаңтарда “Самұрық” мемлекеттік активтерді басқару жөніндегі қазақстандық холдингі” АҚ (бұдан әрі - “Самұрық” холдингі” АҚ) құрылды.

Үкімет “Самұрық холдингі” АҚ қызметінің негізгі қағидаттары туралы меморандумды, акцияларының мемлекеттік пакеттері холдингінің жарғылық капиталына берілетін ұлттық компаниялар мен басқа да акционерлік қоғамдардың тізбесін бекітті.

Холдинг қызметін қамтамасыз ету үшін 2006 жылы Үкімет нормативтік құқықтық актілерге тиісті өзгерістер мен толықтырулар енгізетін болады. Холдинг қызметінің шеңберінде ұлтық компаниялардың бағалы қағаздарын Қазақстанның қор нарығына шығару жоспарлануда.

2006 жылы мемлекеттік-жеке меншік әріптестік тетіктерінің алдыңғы қатарлы әлемдік тәжірибесін енгізуге бағытталған “Концессия туралы” Заң жобасы әзірленеді.

Осы ұйымдар әлеуметтік мәні бар қызметтерді көрсету және мемлекеттік қолдауды талап ететін қызмет салаларын дамыту үшін жұмыс істеуі тиіс қызмет салаларын анықтау мақсатында акцияларының бақылау пакеттері (қатысу үлестері) мемлекетке тиесілі мемлекеттік кәсіпорындардың, мемлекеттік мекемелер мен ұйымдардың қызмет салаларын талдау жүзеге асырылатын болады.

Мемлекеттік меншікті түгендеуді жүргізу және бүкіл ел үшін ортақ бірыңғай дерекқор құру үшін Үкімет мыналарға бағытталған шараларды дәйекті іске асыруды жүзеге асыратын болады:

акцияларының бақылау пакеттері (қатысу үлестері) мемлекетке тиесілі мемлекеттік кәсіпорындардың, мекемелер мен ұйымдардың мүлкін түгендеуді жүргізуге;

осы ұйымдардың өздеріне жүктелген міндеттерді іске асыруы үшін қажетті мүлік құрамын (зияткерлік меншікті және жылжымайтын объектілерді ескере отырып) айқындауға;

бәсекелі ортаға берілуге тиіс мемлекеттік кәсіпорындардың, мемлекеттік мекемелердің және акциялар пакеті (қатысу үлестері) мемлекетке тиесілі мемлекеттік заңды тұлғаларға, ұйымдарға бекітіліп берілген мүліктің тізбесін айқындауға;

мемлекеттік басқару деңгейлері арасында мемлекеттік мүліктің ара-жігін нақты ажыратуға;

жергілікті атқарушы органдарға Мемлекеттік кәсіпорындар мен мекемелердің, жарғылық капиталына мемлекет қатысатын заңды тұлғалардың тізіліміне (бұдан әрі - Тізілім) рұқсат беру жөніндегі жұмыстарды жергілікті бюджеттен қаржыландыруға және оны “оn-lіne” режимінде ұстауға;

есепке алу объектілері бойынша Тізілім деректерін жандандыру мақсатында “электрондық үкімет” шеңберінде құрылатын “Заңды тұлғалар” мемлекеттік дерекқорынан Тізілім ұстаушыға электронды форматта ақпарат беруге.

Оңалту немесе банкроттық туралы шешім қабылдау кезінде бірыңғай өлшемдерді қолдану, сондай-ақ конкурстық басқарушыларды тарту тетігін жетілдіру үшін Үкімет оңалту және қайта құрылымдау рәсімдерін қолдануға болатын рентабельді емес мемлекеттік кәсіпорындардың тізбесін және мониторингін және олардың төлемге қабілеттілігінің жай-күйін талдауды жүргізу тетігін айқындайды.

Жаңа технологияларды қолдана отырып, оларда жаңа өндірістерді ұйымдастыруға болатын рентабельді емес мемлекеттік кәсіпорындардың дерекқоры қалыптастырылады, дағдарысқа қарсы басқарудың, оны Қазақстанның қазіргі заманғы жағдайына бейімдеудің әлемдік тәжірибесі зерделенеді. Залалды мемлекеттік кәсіпорындардың қызметін қалпына келтіру мүмкін болмаған кезде оларға қатысты Үкімет соңғы қадам ретінде банкроттық рәсімін қолданады.

Қабылданатын шаралар нәтижесінде мемлекеттік активтерді басқарудың ашық жүйесі, мемлекеттік меншіктің бірыңғай дерекқоры құрылады, мемлекеттік кәсіпорындардың және акциялар пакеті (қатысу үлестері) мемлекетке тиесілі ұйымдардың оңтайлы саны айқындалады. Рентабельді емес мемлекеттік кәсіпорындарды оңалту немесе олардың банкроттығы туралы шешімдер қабылдау жөніндегі тетіктер әзірленетін болады.

Мемлекеттік активтерді тиімді басқару жөніндегі жаңа институттардың құрылуы мемлекеттік активтерді басқару тиімділігін арттыруға және қор нарығын дамытуға ықпал етеді.

Нарық қағидаттары негізінде мемлекет пен жеке меншік сектор арасындағы экономикалық өзара қатынастарды құру

Мақсаты:

Мемлекет пен жеке меншік сектордың ақпараттық технологиялар енгізу, келісім-шарттық қатынастарды дамыту, жеке меншік институтын нығайту және инвесторлардың құқықтарын қорғау жолымен өзара тиімді іс-қимылы

Шешу жолдары:

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Елдің әлеуметтік-экономикалық дамуын талдау және әлеуметтік-экономикалық дамудың 2006 – 2008 жылдарға арналған негізгі көрсеткіштері
Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын қалыптастыру және пайдалану саясаты
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 - 2010 жылдарға арналған орта мерзімді макроэкономикалық саясаты
Экономикадағы сараптау жүйелері туралы ақпарат
Арал өңiрiнiң проблемаларын кешендi шешу жөнiндегi 2007-2009 жылдарға арналған бағдарламаны бекiту туралы
Қазақстан Республикасындағы ормандар. Орман экономикалық ресурсы
Жастардың нашақорлығы әлеуметтік мәселе ретінде және оны шешу жолдары туралы
Қазақстан Республикасының техникалық реттеу жүйесін дамытудың 2007-2009 жылдарға арналған бағдарламасы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті өзін-өзі басқару туралы» заңы
«НҰРЛЫ КӨШ» – «СОРЛЫ КӨШке» айналды ма?
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz