Кәсіпорын экономикасы пәні бойынша әдістемелік нұсқау
Қазақстан Республикасының ғылым және білім министрлігі
С. Торағыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті
Экономика және кәсіпорындағы басқару кафедрасы
ӘДІСТІМЕЛІК НҰСҚАУЛЫҚ
пәнді оқұға арналған
Кәсіпорын экономикасы пәні бойынша
050506 Экономика , 050509 Қаржы, 050508 Есеп және аудит
мамандықтарының студенттеріне арналған
Павлодар
Бекітемін
Қаржы-экономикалық
факультетінің деканы
________Т.Я. Эрназаров
200___ж. ____________
Құрастурышы: аға оқытушы ________________ Шеген Г.И.

Кафедра отырысында ұсынылған 200_ж. __ __________ №_____хаттама
Кафедра меңгерушiсi________С.К. Кунязова
Қаржы–экономикалық факультетінің оқу- әдiстемелiк кеңесiмен мақұлданған
200_ж. ___ ____________№____ хаттама
ОӘК төрайымы_______ Л. А. Сидорова
Пән туралы мәліметтер
Пәннің еңбек көлемі 135 сағатты құрайды, олардың 45 сағаты
аудиториядағы жұмысқа арналған, ал қалған 90 сағаты пән оқуға арналған
студенттердің өздік жұмысына арналған (СӨЖ). Аудиториялық уақытты сабақтар
түріне бөлу тақырыптық жоспарда келтірілген.
Бұл пәнді беру мақсаты болып шаруашылық жүргізудің нарықтық жағдайында
кәсіпорынның қызмет етуінің экономикалық механизмін зерттеу негізінде
студенттердің экономикалық ой-өрісін дамыту болып табылады.
Осыған байланысты пәнді оқытуда келесі негізгі міндеттер қойылады:
- кәсіпорын мәнімен, оның ұлттық экономика жуйесіндегі орны мен
рөлімен шаруашылық объектісі ретінде танысу;
- нарықтық қатынастарды мемлекеттік реттеуді ескере отырып нарықтық
экономиканың агенті ретінде кәсіпорынға сипаттама беру;
- кәсіпорынның ресурстық базасы мен әр түрлі ресурстарды пайдалану
тиімділігін қарастыру;
- кэсіпорынның қызмет етуінің шаруашылық механизмі мен оның қызметінің
қаржылық нэтижелерін оқып білу.
Пәнді оқу барысында студенттер міндетті:
- кәсіпорында жүретін экономикалық қүбылыстар мен үрдістердің мәнін,
олардың өзара байланысы мен өзара тәуелділігін терең түсінуді;
- оларды жүйелеу мен модельдеуді білуді, факторлардың әсерін
анықтауды;
- жетілген нәтижелерді бағалауды, өндіріс тиімділігін арттыру
резервтерін анықтауды үйрену керек.
Пәнді меңгеру нәтижесінде студенттің басқарушылық сонымен қатар,
орындау сипатындағы кәсіптік мәселелерді шешу жөніндегі ұтымды шешім ойлап
табу үшін және кәсіпорынның шаруашылық міндетемелерін ең жақсы шешу тәсілін
тандауға қажетті творчествалық өй-өрісін дамыту керек; кәсіпорынның
экономист ретінде творчествалық, одан әрі белсенді кәсіптік қызметті
жүргізу үшін тәжірибелік дағдылар болу керек.
1-тақырып Қазақстан Республикасы экономикасының даму сипаттамасы және
оны мемлекеттік реттеу
Оқылған сұрақтар:
- Үлттық экономика. Қазақстан Республикасы экономикасының
қазіргі кездегі салалық қүрылымы;
- Нарықтың мәні және негізгі категориялары. Нарық түрлері, олардың
ерекшеліктері және өзіне тән қасиеттері, оның элементтерінің бірлігі және
қайықшылықтары;
- Нарық механизмі: мәні, құрамдық элементтері. Нарықтық
инфрақұрылымының негізгі элементтеріҢ
- Кәсіпкерлікті дамыту;
- Кәсіпкерлік: нысандары және түрлері;
- Кәсіпкерлік қызметтегі тәуекел, оны бағалау әдістері.
Ұсынылған әдебиеттер [1-5, 10, 11, 20-24]
Негізгі түсініктемелер
¦лттыќ экономика к‰рделі кµп дењгейлі шаруашылыќ ж‰йе деп
ќарастырылады, оныњ мєні зерртеу маќсатына ќатысты аныќталынады.
Экономикалыќ ќызметті талдауда ±лттыќ экономиканыњ аныќтамасы келесідей:
¦лттыќ экономика – сол елге тєн ќоѓамдыќ ењбек бµлінісініњ, ѓылыми-
техникалыќ даму мен халыќаралыќ ынтымаќтастыќ нєтижесінде ќалыптасатын
µзара ќатынастаѓы салалардыњ (экономикалыќ ќызмет т‰рлерініњ) біріњѓай
кешені.
¦лттыќ экономиканы ќ±рылымдыќ жаѓынан ќ±ќыќтыќ, салалыќ жєне кењістік
±йымдар арќылы ќарастыруѓа болады.
Ќ±ќыќтыќ жаѓынан ұлттыќ экономика – б±л зањды т±лѓа статусы бар
±йымдар жиынтыѓы (коммерциялыќ жєне коммерциялыќ емес ±йымдар);
Салалыќ жаѓынан ұлттыќ экономиканы талдау кезінде экономикалыќ ќызмет
сферасы, акторы, саласы, т‰рі деген т‰сініктер ќолданылады.
¦лттық экономиканы сфераларѓа бµлу олардыњ жалпы ішкі µнім мен ±лттыќ
µнімніњ есептелуіне ќатысуларымен ж‰зеге асырылады. Сонымен бірге,
сфераларѓа бµлу біріњѓай экономикалыќ ќызмет тізбегін ќарастыруѓа м‰мкіндік
береді. Осыѓан сєйкес барлыќ ұлттыќ экономика екі сфераѓа бµлінеді:
материалды µндірістік сферасы мен µндірістік емес сфера.
Материалды µндірістік сферасы – айналым сферасында µндіріс процессініњ
жалѓасы болып табылатын ќызметтерді атќаратын немесе материалдыќ блага
жасайтын экономикалыќ ќызмет т‰рлері мен салаларыныњ жиынтыѓы ретінде
ќарастырылады. Осы сферадаѓы ќызмет нєтижелеріне жататындар: µндірістік –
технологиялыќ сипаттаѓы µнім, кењінен т±тынылатын товарлар мен б±йымдар
(т±тыну товарлары), тасымалдау, байланыс ќызметтері жєне т.б.
Нарықты мемлекеттік реттеу – екі негізгі функцияны орындаудағы
мемлекеттік органдардың қызметі.
1) нарықтық механизм жұмысының дұрыс жүргізілуін қамтамасыз ету;
2) нарықтық механизмі әлсіз салалар экономикасына әсер ету.
Экономиканы мемлекетік реттеу – нарықтық механизмнің әрекет етуінің
дұрыс жағдайын қамтамасыз ету мақсатында нарықтық конъюнктура мен
шаруашылық субъектілер қызметіне мемлекет тарапынан әсер ету.
Әсер ету объектісіне байланысты экономиканы мемлекеттік реттеу
ресурстарды, өндірісті, қаржыны реттеуді қамтиды. Ол экономикалық саясатты
жүргізу арқылы жүзеге асады.
Экономикалық саясат – экономиканы басқару бойынша әрекеттер жиынтығы,
шаралар жүйесі.
2-тақырып. Кәсіпорын шаруашылық объектісі ретінде
Оқылған сұрақтар:
- Кәсіпорын - шаруашылықты жеке жүргізетін субъект және нарықтық
қатынастардың негізгі жүргізуші;
- Кәсіпорындар қалыптастырудың негізгі қағидалары. Кәсіпорынның басты
міндеттері және функциялары;
- Кәсіпорынның кәсіпкерлік міндеттемелері жэне кұқықтары;
- Кәсіпорындардың жаңа түрлері - халықтық кәсіпорыңдар, әлеуметтік-
кәсіпкерлік корпорациялар;
- Банкроттықтың түсінігі және белгілері. Банкроттық және дағдарыс
кезіндегі кәсіпорынды қайта құру және басқару
Ұсынылған әдебиеттер [1-5, 8, 12]
Негізгі түсініктемелер
Кәсіпорын – заң тәртіптері бойынша тіркеуден өткен, мүлікті
пайдаланудан, тауарларды сатудан, жұмыстарды орындау немесе қызмет көрсету
арқылы пайда табуға жүйелі түрде бағытталған кәсіпкерлік қызмет субъектісі.
Шаруашылық етудің нарықтық жүйесі жағдайында кәсіпорын оның негізгі
буыны болып табылады. Ол ұлттық шаруашылықтың іскерлік белсенділігін
анықтайды, осында өнім жасап шығарылады және қызметкер мен капиталдың
тікелей байланысы жүзеге асырылады. Кәсіпорында білікті мамандар, кадрлар
жұмылдырылған, ресурстарды үнемді пайдалану және өтімділігі жоғары техника
мен технологияны пайдалану мәселелері шешіледі. Сонымен қатар, кәсіпорын
жұмыс орындарын қалыптастыра отыра, тұрғындардың жұмыспен қамтылуын
қамтамасыз етеді, салықтарды төлеу арқылы әлеуметтік бағдарламаларды жүзеге
асыруға қатысады.
Кәсіпорын – сұранысқа қажетті өнім өндіру, жұмыстарды орындау және
қызмет түрлерін көрсету үшін материалдық және ақпараттық ресурстарды
пайдаланатын жан-жақты шаруашылық субъект. Ол өз қызметімен жеке дербес
түрде айналысады, салықтар, басқа да міндетті төлемдерді төлегеннен кейін
қалған пайда мөлшерін өзі бөледі, яғни кәсіпорын жеке дербес тауар өндіруші
болып табылады.
Салааралық құрылымы бойынша кәсіпорындар тар мамандандырылған , көп
профилді және аралас болып бөлінеді:
- тар мамандандырылған – жаппай немесе ірі сериялы өндіріс
өнімдерінің шектеулі ассортиментін шығаратын кәсіпорындар (шойын, ет, бидай
өндірісі және т.б.);
- көп профилді кәсіпорындар түрлі жағдайда пайдаланылатын және кең
ассортиментті өнімдерді шығарады. Өнеркәсіпте олар бір уақытта теңіз
кемелерін, жеңіл көліктерді, компьютерлерді дайындауға мамандандырылуы
мүмкін. Ауыл шаруашылығында – бидай, жеміс-жидек, малдарды өсіру және т.б.;
- аралас кәсіпорындар шикізаттың немесе дайын өнімнің бір түрін
параллел немесе тібектей түрде басқа түрге, үшінші бір түрге ауыстырады.
Қызмет сипатына байланысты:
- өнеркәсіптік;
- өндірістік;
- сауда;
- транспорттық;
- инвестициялық және т.б. кәсіпорындар болып бөлінеді.
Кәсіпорын құрылымы – бұл бүтін шаруашылық объектіні құрайтын ішкі
буындардың: цехтар, учаскелер, бөлімдер, лабораториялар және басқа да
бөлімшелердің құрамы мен ара-қатынастары. Оның жалпы, өндірістік және
ұйымдық құрылымы болады.
Кәсіпорынның ұйымдық құрылымы – бұл басқару аппараты бөлімшелері және
олардың өзара байланыстары мен өзара бағыныштылығының құрамы. Кәсіпорынның
басқару аппараты – басқарушылық шешімдерді дайындауға және оны жүзеге
асыруға жауапкершілік жүктелген басшылар мен мамандар тобы. Басқару
аппаратының ұйымдық құрылымы бірнеше буын сандарымен сипатталады, көбіне үш
буынды жүйе қолданылады: президент (директор, басқарушы) – цех (бөлім)
басшысы – мастер (бригадир). Әрқайсы өзіне жүктелген жұмыс учаскесіне
жауапты болады. Басқару құрылымының түрлері: сызықты, функционалды, сызықты-
функционалды, сызықты-штабты, өнімдік, дивизионалды, жобалық, матрицалық,
бағдарламалы-мақсатты, бригадалық, төңкерілген пирамида түріндегі басқару
құрылымы.
Функционалды ұйымдық құрылым көп жағдайда дәстүрлі немесе классикалық
деп те атайды. Осы құрылымдағы бөлімшелер қызметінің нақты сипаттамалары
ұйым қызметінің басты бағыттарын қамтиды. Ұйым қызметінің дәстүрлі
функционалды зоналарына (аймақтарына) маркетинг, өндіріс және қаржы
бөлімшелері жатады. Бұл ұйымдық құрылымның негізгі идеясы мамандандыру
артықшылықтарын толықтай пайдалану және басшылықтың шамадан артық болмауын
қадағалайды.
Дивизионалдық құрылымда ұйымды құрылымдық бөлімшелер мен элементтерге
бөлу товарлар мен қызмет түрлері бойынша, сатып алушылар топтары немесе
географиялық аймақтар бойынша жүргізіледі. Бұл құрылымдарды сәйкесінше
келесідей атайды: өнімдік құрылым, сатып алушыға бағытталған құрылым,
аймақтық құрылым.
Көлденең еңбек бөлінісіне негізделген функционалды және дивизионалды
құрылымдармен салыстырғанда сызықтық құрылымның элементтері тік сызық
бойынша бағынышты иерархиясы болады.
Сызықтық құрылым көп үлкен емес ұйымдар үшін тиімді. Ұйымның өсуіне
байланысты басқарудың түрлі деңгейлеріне маманадар мен эксперттерді
тартудың қажеттілігі туындайды. Бұл жағдайда құрылым сызықты-штабтық деп
аталады. Ұйымның функционалды күрделілігінің және орындалатын жұмыстарының
артуы жағдайында сызықты-штабтық құрылымды пайдаланады.
Жұмыстардың жобалық ұйымы өзінің мәні бойынша нақты мәселені
(міндетті) шешу үшін құрылатын уақыттық құрылым болып табылады. Осы
жұмыстар ұйымының мәні мынада: күрделі жобаны белгіленген уақытқа және
белгіленген сапаға сәйкес орындау үшін ұйымның біліктілігі жоғары
қызметкерлерінен бір команданы (топты) құру. Команда жоба аяқталғанға дейін
бірге жұмыс жасайды.
Матрицалық құрылымдағы жоба басшылары толықтай нақты жоба бойынша
қызметтің барлық түрлері мен ресурстарын интеграциялауға жауапты. Оларға
қажетті барлық материалды және қаржы ресурстары бөлінеді. Жоба басшысында
жобалық өкілеттік болады. Мұндай өкілеттіктер компаниядағы жұмыстарды
ұйымдастыруда кең көлемде өзгеруі мүмкін.
Кәсіпорынның ішкі ортасы оның миссиясы мен мақсаттарына байланысты
қалыптасады, ал олар өз алдына көп жағдайда сыртқы ортамен анықталады.
Кәсіпорынның ішкі ортасы құрамына адамдар, техника, технология, ақпараттар,
өндірісті ұйымдастыру мен басқару және т.б. енеді. Оны бірнеше негізгі кіші
жүйелер арқылы көрсетуге болады:
- әлеуметтік;
- технологиялық;
- өндірістік-техникалық;
- экономикалық;
- ақпараттық;
- ұйымдастырушылық;
- қаржылық;
- маркетингтік;
- ғылыми-инновациялық;
- коммерциялық және т.б.
Кәсіпорынның ішкі орта құраушыларының маңызы өте зор, сонымен қатар
кәсіпорын – бұл онда қызмет ететін адамдар ұжымы, оның басты байлығы.
Олардың қабілеттері, білімдері, біліктілігі, тәжірибесі, еңбекке деген
қатынасы нәтижесінде фирманың имиджіне, мәртебесіне, өнім сапасына,
кәсіпорын жұмысының нәтижесіне үлкен үлес қосады. Кез-келген кәсіпорын –
түрлі кіші жүйелерден құралып бір әлеуметтік-экономика-техникалық кешен
құратын күрделі әлеуметтік-экономикалық жүйе. Сондықтан барлық кіші жүйелер
бір-бірімен байланысқан және бір-бірін толықтырады.
Сыртқы орта – кәсіпорын аумағында әрекет ететін және оның түрлі қызмет
аясына әсер ететін белсенді шаруашылық субъектілер, экономикалық, қоғамдық
және табиғи жағдайлар, ұлттық және мемлекет аралық институционалды
құрылымдар мен басқа да сыртқы жағдайлар мен факторлардың жиынтығы. Сыртқы
ортаны екіге бөледі:
- микроорта – кәсіпорынға тікелей әсер ету ортасы, оған материалды-
техникалық ресурстармен жабдықтаушылар, кәсіпорын өнімін (қызметін)
тұтынушылар, сауда және маркетингтік делдалдар, бәсекелестер, мемлекеттік
органдар, қаржы-несие мекемелері, сақтандыру компаниялары мен басқа да
байланыс аудиториялары;
- макроорта, кәсіпорынға және оның микроортасына әсер етеді. Оның
құрамына табиғи, демографиялық, ғылыми-техникалық, экономикалық,
экологиялық, саяси және халықаралық орта жатады.
3-тақырып. Өндірістің экономикалық және әлеуметтік тиімділігі
Оқылған сұрақтар:
- Өндіріс тиімділігінің мәні, тиімділікке әсер ететін факторлар жэне
көрсеткіштер жүйесі;
- Өндірістік қызметінің тиімділік көрсеткіштері;
- Кәсіпорын өтімділігін сипаттайтын көрсеткіштер;
- Қаржы түрақтылық көрсеткіштері;
- Салыстыру базасын таңдау. Салыстырылған варианттардың дербес
жағдайлары;
- Инвестициялардың экономикалық тиімділігін анықтаудағы
(көрсеткіштерді дисконттау) уақыт факторын есептеу әрдістері;
- Варианттарды салыстырудағы сапалық талдау. Кәсіпорындар қызметінің
тиімділікті бағалау экологиялық аспектілері
Ұсынылған әдебиеттер [1-5, 12, 17]
Негізгі түсініктемелер
Өндірістің экономикалық тиімділігінің мәні қоғамның мүдделеріне сай ең
аз мүмкін болатын шығындармен барынша жоғары нәтижелерге жету ретінде
экономистердің копшілігімен түсіндіріледі. Сондықтан ондірістің
экономикалық тиімділігін анықтау өндірістің нәтижесін, осы нәтижені
қамтамасыз ететін нақты және алдыңғы уақыттағы еңбектің тұтас шығындарымен
салыстыруға негізделуі қажет.
Өндіріс тиімділігін аныктау үшін оның өлшемін, яғни мәнін ашып
көрсететін бағалаудың басты бслгісін анықтау-дан басталады. Өндірістің
экономикалық тиімділік өлше-мінің мағынасы кәсіпорынның алдына қойылған
даму мақсаттарына сәйкес алынатын нәтижелерді барынша кө-бейту немесе
жұмсалған шығындарды мүмкіншілігіне қа-рай аз жұмсау қажеттілігінен шығады.
Мүндай мақсаттар ретінде өмір сүруді жэне тұракты өсуді камтамасыз ету,
құрылымдықты қайта кұру, әлеуметтік стратегия және т.с.с. түрлері болуы
мүмкін. Осы мақсаттардың алуан түрлілігіне қарамастан ең жоғары
экономикалық нәтижелерге жету, ұзақ мерзімді даму болашағын ескере отырып,
пайданың мол келемін табуға ұмтылу максаттары үстем болып табы-лады.
Жұмсалған капиталдан ең көп пайда алу кәсіпорынның ұзак мерзімді даму
болашағын қамтамасыз ететін нарықтык іс-әрекетінің маңызды экономикалық
нәтижесі болып табылады. Пайда мен бір мезгілді шығындардың арақатынасы
өндірістіц тиімділігін шын мәнінде арттырудың бастапқы негізі болып
табылады. Бірақ нарық заңдарына сәйкес өндіріс тиімділігін еңбек
өнімділігімен бірдей деп қарастыруға болмайды.
Ақырында экономикалық тиімділігін еңбек өнімділігінің өсу аркасында
көруге болады. Демек, еңбек өнмділігінің деңгейі өндірістің экономикалық
тиімділігінің өлшемі болып табылады. Еңбек өнімділігі жоғары болған сайын
өндіріс шығындары төмен, ал еңбек шығындарының экономикалық тиімділігі
жоғары болады.
Еңбек өнімділігі - нақты еңбск шығындарының көрсет-кіші. Оны
өндірілген өнім көлемін өнеркәсіптік-өндірістік персоналдың бір жұмыскеріне
(бір жұмысшыға емес) бөлу арқылы аңықталады. Экономикалық тиімділікті
күндік немесе айлық еңбек өнімділігі емес, сағаттық еңбек өнімділіп аркылы
сипаттаған дұрыс, себебі еңбек уакытының пайдаланылуына себептердің әсері
әр түрлі болғандықтан, бұл уақытта оны дәлірек анықтауға мүмкіндік туады.
4-тақырып. Кәсіпорынның негізгі капиталы
Оқылған сұрақтар:
- Кәсіпорынның негізгі қорларының экономикалық мәні, олардың қүрамы
және қүрылымы;
- Ұдайы өндірістің нысандары және негізгі капиталды жетілдіру;
- Негізгі қорлардың амортизациясы және тозуы;
- Амортизацияны есептеу әдістемелер: біркелкі, өндіріс-тік,
жеделдетілген (кумулятивті, қалдық қүнын азайту);
- Нарықтық қатынастар қалыптасу кезіндегі Қазақстан Республикадағы
амортизациялық саясат;
- Негізгі капиталды пайдалану көрсеткіштері;
- Кәсіпорынның тіркелген активтер.
Ұсынылған әдебиеттер [8,9,10,11,12]
Негізгі түсініктемелер
Негізгі қорлар (негізгі капитал) - өндіріс үрдісінде ұзақ уақыт бойы
қызмет ететін және осы уақыт ішінде өздерінің натуралды-заттық формасын
сақтап, өз құнын дайын өнімге тозу мөлшеріне байланысты бөлшектеп,
біртіндеп амортизациялық аударымдар түрінде аударатын өндірістік,
материалды-заттық құндылықтар жиынтығы. Негізгі қорлар негізгі өндірістік
және негізгі өндірістік емес қорлар деп екіге бөледі.
Салалық құрылым өнеркәсіп бойынша негізгі қорлардың жиынтық баланстық
құнындағы өнеркәсіп салалары бойынша негізгі қорлар құнының үлестік
салмағымен сипатталады.
Өндірістік құрылым – негізгі қорлардың әр тобының немесе әр
элементінің жалпы құнындағы үлестік салмағымен сипатталады.
Технологиялық құрылым – негізгі қорлардың нақты тобының ішіндегі әр
түрінің үлесін көрсетеді.
Өспелі құрылым – негізгі қорлардың түрлі өспелі топтарының олардың
жалпы құнындағы үлестік салмағымен сипатталады.
Негізгі қорларды тиімді басқаруда оларды бағалаудың мәні зор.
Тәжірибеде негізгі қорларды есепке алып, талдауда натуралды және ақшалай
түрде бағалайды. Негізгі қорларды натуралды түрде есепке алу олардың
техникалық жағдайын, кәсіпорынның өндірістік қуатын, жабдықтарды пайдалану
дәрежесін анықтау және басқа да мақсаттар үшін қажет. Осы мақсатта
жабдықтарды инвентаризациялау және паспорт жүргізу, оның шығарылғандығы
және енгізілгендігі туралы есептер жүргізіледі.
Негізгі қорларды ақшалай немесе құндық бағалау негізгі қорлардың жалпы
көлемін, динамикасын, құрылымын, дайын өнімге аударылатын құн мөлшерін
анықтау, сонымен бірге күрделі салымдардың экономикалық тиімділігін есептеу
үшін қажет.
Физикалық тозу – бұл табиғат күшінің, еңбек үрдісінің және басқа да
факторлардың әсерінен объектінің механикалық, физикалық, химиялық және
басқа да қасиеттерінің өзгерісі, экономикалық тұрғыдан қарастырғанда бұл
негізгі қорлардың өздерінің бастапқы тұтыну құнын біртіндеп жоюы.
Моралды тозу – олардың ұдайы өндірісіне қажетті қоғамдық шығындардың
азаюы әсерінен машина мен қондырғылар құнының төмендеуі (моралды тозудың
бірінші түрі) немесе жаңа, прогрессивті және экономикалық жағынан тиімді
машиналар мен қондырғылар түрін енгізу нәтижесінде олардың құнының
төмендеуі (моралды тозудың екінші түрі).
Амортизация - негізгі қорлар құнының бір бөлігін өнімді өндіруге
кеткен шығындарға қосу арқылы негізгі қорлардың тозуын ақшалай төлеу.
Содан, амортизация - негізгі қорлардың физикалық және моралды тозуларын
ақшалай көрсету.
Амортизация үрдісі – бұл негізгі қорлардың қызмет көрсету кезеңі
ішінде өз құнын өндірілетін өнімге біртіндеп ауыстыруы және осы құнды
пайдаланылған негізгі қорлардың орнын толықтыру үшін қолдану деп
түсіндіруге болады. Өнім құрамына ауыстырылған негізгі қорлар құны өндіріс
сферасынан өтіп, айналым сферасына түседі. Өнім өткізілгеннен кейін негізгі
қордың ауыстырылған құнына сәйкес ақшалай сомасының бір бөлігі
амортизациялық қорға түседі. Амортизациялық қор тозған негізгі қорлардың
орнына жаңа негізгі қорларды сатып алу үшін пайдаланылады.
5-тақырып. Шикізат, материалдық және отын-энергетикалық ресурстар
Оқылған сұрақтар:
- Шикізат және отын-энергетикалық ресурстар түсінігі және жіктелуі;
- Пайдалы қазбалар қорлардың жіктелуі және оларды экономикалық
бағалау;
- Қазақстан Республикасьшың шикізат базасы және оны дамыту бағыттары.
Қазақстан Республикасының индустриалды-инновациялық даму жагдайындағы отын-
энергетикалық кешенді дамыту;
- Кәсіпорынның энергетикалық ресурстарын пайдалануды жақсарту жолдары;
- Шикізат таңдаудың экономикалық негіздеуі, шикізатты кешенді түрде
пайдалану, өндіріс қалдықтарын өндіру, шикізатты алғашқы өндеуден өткізу
және толықтырудың экономикалық тиімділігі;
- Материалдық ресурстарды пайдалануды талдау әдістері, көрсеткіштері,
факторлары және мэні.
Ұсынылған әдебиеттер [1-5, 7-14]
Негізгі түсініктемелер
Шикізат, материалдар, отын, энергия - бұлар еңбек затына жатады, ягни
олар еңбек кұралы мен адам еңбегінің әсеріне тап болып, нәтижесінде адамның
өндірістік және жеке қажеттілігін өтеу үшін өздерінің түрлері мен
қасиеттерін өзгертеді. Бұл ресурстар онеркәсіптің материалдық-техникалық
базасының заттық элементі болып табылады. Олар айналым қорының кұрамына
кіріп, толығымен өзінің құнын дайын өнімге өткізеді.
Отын-энергетикалық ресурстар ықтималды және нақты деп екі топқа
бөлінеді.
Ыктималды отын-энергетикалык ресурстарға елдін белгілі бір
экономикалық аймағындағы отын мен энергиянын барлық түрімен байланысты
қорлар жатады.
Кең мағынада нақты отын-энергетикалық ресурстар деп ел экономикасында
пайдаланылып жаткан энергияның барлық түрінің жиынтығын айтамыз.
Жекелеп айтқанда пайдаланылатын отын-энергетикалық ресурстарды
төмендегіндей түрде көрсетуге болады.
Табиғи отын-энергетикалық ресурстар (табиғи отындар) — көмір, мұнай, табиғи
және пайдалы газ; судың, желдін табиғи механикалык энергиясы, атом
энергиясы; табиғи отын көздеріне күннің, жер асты буының күші жатады.
Отын ресурстары - өңдеу кезіндегі пайда болған
өнімдер (кокс, брикеттер, мұнай өнімдері, жасанды газдар,
байытылған көмір және т.б.)
Негізгі технологиялық үдерісте алынатын көмекші
(кайталама) энергетикалық ресурстар (отын қалдықтары, пай-
даланылмаған газ, ондірістегі өнімдердің жылуы және т.б.).
Экономикалық түрғыдан карағанда халық шаруашылығында пайдаланылатын
шикізаттың барлық түрі екі үлкен топқа бөлінеді:
1. Өндірістік шикізат - бұл өндірістен алынады және көбінесе саланын
ауыр өнеркәсібінде пайдаланылады.
II. Аумл шаруашылығының шикізаты - бүл ауыл шаруашылығы саласында
өндіріліп, негізінен жеңіл және тамақ өнеркәсібінде пайдаланылады.
Өндірістік шикізат өз алдына екі кәшә топқа бөлінеді:
- минерал тектес шикізат, яғни жер қойнауынан алынған шикізаттар;
- жасанды шикізат, яғни жасанды жолмен алынатын шикізаттар мен
материалдар.
Негізгі шикізатқа жаңа дайындалған онімнін материалдық негізін
калайтын еңбек заттары жатады. Дайын өнімді дайындауға мүмкіндік жасайтып
бүйымдар көмекші шикізатқа жатады. Шікізат кей уақытта негізгі материал
болып табылып, ал одан баска уақытта көмекші материалдын кызметін атқаруы
ықтимал. Сондықтан корсетілғен саралану белгілі бір дәрежеде шартты
сипаттама болып саналып, саланың ерекшелігіне, есепкисабына, жоспарлау және
экономикалық талдауына байланысты болады. Сол себепті отын мен энергияның
маныздылы-гын ескере отырып, көп салада оны көмекші материалдардың
кұрамынан бөліп алып, жеке-дара қарастырады.
Тамақ өнеркәсібінде негізінен ауыл шаруашылығының шикізаты
пайдаланылады. Қазақстанда әр түрлі табиги-климаттық ерекшелікке байланысты
халықтың қажеттілігін қам-тамасып етуге толықтай жететін бірнеше түрлі ауыл
шаруашылығы өнімдері шығарылады.
Ауыл шаруашылығы өндірісінің тиімділігін арттырудің бірден-бір шарты
аймақтық мамандандыру болып табылады. Елдің аймақтарына қай өсімдікті
өсіруге болатынын көрсететін көрсеткіш — шығымдылык пен сапа.
6-тақырып. Айналым капитал
Оқылған сұрақтар:
- Айналым капиталы: оның құрамы және құрылымы. Айналым капиталды
қаржыландыру көздері;
- Айналым қаржылардың айналымдылығын жеделдету факторлары;
- Кәсіпорын жүмысының экономикалық көрсеткіштерін жақсартудағы айналым
қаржылардың айналымдылығын жеделдетудің мәні;
- Айналым қаржылар қажеттілігін анықтау: өндірістік қор, аяқталмаған
өндіріс және дайын өнімді қалыптасу үшін;
- Кәсіпорындағы айналым қаржылардың элементтерін үнемдеу;
- Кэсіпорын жүмысының нәтижесіне айналым капиталды басқаруының әсері.
Кәсіпорынның айналым қаржыларды пайдалануды жақсартудың негізгі бағыттары.
Ұсынылған әдебиеттер [1-5, 7-14]
Негізгі түсініктемелер
Айналым қорлары – құндық түрдегі өндірістік айналым қорлары мен
айналыс қорлары жиынтығын сипаттайтын активтер, кәсіпорын мүлігінің бір
бөлігі. Бұл өндірістегі, қоймалардағы өндірістік запастарды жинақтау,
жабдықтаушылармен, бюджетпен есеп айырысу, еңбек ақыны төлеу үшін
кәсіпорынға қажетті ақша қаржылары. Айналым қорларының құрамы оны құраушы
элементтердің жиынтығын сипаттайды.
Айналым қорлары - өндіріс үрдісінің міндетті элементі, өнімнің өзіндік
құнының негізгі бөлігі. Өнім бірлігіне шаққандағы шикізат, материалдар,
жанармай мен энергия шығындары аз болған сайын, оның өндірісіне
шығындалатын еңбек үнемді шығындалады, соншалықты өнімнің құны да төмен
болады.
Өндірістік запастар - өндірістік үрдісті жүргізу үшін дайындалған
еңбек құралдары. Оларға жататындар: шикізат, негізгі және қосымша
материалдар, жанармай, сатып алынатын жартылай фабрикаттар мен бұйым
бөлшектері, негізгі қорларды жөндеуге қажетті бөлшектер.
Болашақтағы шығындар – сол кезеңде жүзеге асырылатын, бірақ болашақ
кезеңдегі өнімге жататын, жаңа өнімді дайындау, оны игеру шығындарын
қамтитын айналым қорларының мүліктік емес элементтері. Мысалы, бұйымның
жаңа түрінің технологиясын дайындау және оны жасақтау, құрастыру шығындары,
құрал-жабдықтар орнын ауыстыру шығындары және т.б.
Айналыс қорлары айналым аясын қамтамасыз етеді, оған жататындар:
қоймадағы дайын өнім, жолдағы тауарлар, ақша қаржылары және тұтынушылармен
есеп айырысу қаржылары, соның ішінде көбіне дебиторлық қарыз.
7 тақырып. Еңбек ресурстары
Оқылған сұрақтар:
- Енбек нарығы: мәні және қызмет ету механизмі;
- Қазақстан Республикада халықты әлеуметтік қорғау түжырымдамасы;
- Кәсіпорынның еңбек ресурстары, олардың құрамы және құрылымы,
қалыптасу көздері. Кадрлардың құрамы және құрылымы;
- Кәсіпорынның еңбек ресурстарына қажеттігін анықтау;
- Кәсіпорындағы кадрлық жұмыс;
- Кәсіпорынның қызметін тиімді істеу үшін ұймдастырушылық мінез-
қүлықтың мэні жэне маңызы.
Ұсынылған әдебиеттер [1-5, 7-14]
Негізгі түсініктемелер
Кәсіпорын кадрлары – бұл кәсіпорында қызмет ететін және тізімдік
құрамына енетін түрлі кәсіби-біліктілік топтар қызметкерлерінің жиынтығы.
Кәсіпорын қызметкерлерінің жеке құрамы мен категорияларының құрамдық және
сандық ара қатынасы кадрлар құрылымын сипаттайды.
"Кадрлар", "персонал", және "кәсіпорынның еңбек ресурстары"
түсініктері де әр түрлі. "Кәсіпорынның еңбек ресурстары" түсінігі оның
потенциалды жұмыс күші, "персонал" – тұрақты және уақытша жұмыс жасайтын
біліктілігі бар және біліктілігі жоқ қызметкерлердің барлық жеке құрамы.
"Кадрлар" деп кәсіпорынның көп жағдайда біліктілігі бар негізгі (штаттық,
тұрақты) қызметкерлер құрамы.
Қызметкерлер санының нормасы (Нс) – нақты өндірістік, басқарушылық
қызметтерді немесе нақты жұмыс көлемін орындау үшін қажетті кәсіби-
біліктілік құрамындағы қызметкерлердің бекітілген саны. Қызметкерлер
санының нормасы бойынша кәсіби, мамандығы, жұмыс түрлері мен топтары,
толықтай кәсіпорын, цех немесе оның құрылымдық бөлімшелері бойынша еңбек
шығындары анықталады.
Тәжірибеде кадрлады есепке алу және жоспарлауда олардың тізімдік,
келгендер және орташа тізімдік құрамы қолданылады.
Тізімдік сан – нақты күндегі қызметкерлердің тізімдік құрамының саны,
онда сол күні жұмысқа қабылданған және шығарылған қызметкерлер есепке
алынады.
Келгендер саны – нақты күні жұмысқа келгендердің, соның ішінде іс-
сапардағы қызметкерлердің тізімдік құрамының санын сипаттайды.
Ай ішіндегі қызметкерлердің орташа тізімдік саны әр күнгі тізімдегі
барлық қызметкерлер санының қосындысын сол айдағы календарлық күндер санына
қатынасы арқылы анықталады.
Қызметкерлердің демалыс және мейрам күндеріндегі тізімдік саны деп
оның алдыңғы күніндегі саны есепке алынады.
Кәсіпорындағы персоналға деген қажеттілік өнеркәсіпті-өндірістік және
өнеркәсіптік емес персонал топтары бойынша жеке-жеке жүргізіледі.
Персоналға деген сандық қажеттілікті есептеудің негізгі тәсілдері:
- өндірістік бағдарламаның еңбек сыйымдылығы бойынша;
- өндіру нормасы бойынша;
- қызмет ету нормасы бойынша;
- жұмыс орындары бойынша.
Өнімділіктің екі түрі бар: тірі жан еңбегінің өнімділігі және қоғамдық
еңбек өнімділігі. Тіріжан еңбегінің өнімділігі әрбір жеке өндірістегі жұмыс
уақытының шығындарымен анықталады, ал қоғамдық (жиынтық) еңбек өнімділігі
тіріжан және затқа айналдырылған еңбек шығындарымен анықталады.
Барлық халық шаруашылығына қытасты қоғамдық (жиындық) еңбек өнімділігі
материалды өндіріс саласындағы жұмыспен қамтылған – бір адамға шаққандағы
ұлттық табыс ретінде есептелінеді.
8-тақырып. Еңбек ақы төлеу
Оқылған сұрақтар:
- Еңбек мотивацияның формалары және мәні;
- Еңбек ақы төлеудің мэні жэне қағидалары, еңбек ақыны
дифференциациялаудың экономикалық негіздері;
- Тарифтік жүйе, оның мазмүны және еңбек ақыны ұйымдастырудағы мәні;
- Жүмысшылардың еңбек ақы жүйелері және формалары;
- Еңбек ақыны үйымдастырудың шетелдік тәжірибесі;
- Еңбек ақының тарифсіз жүйесі;
- Кәсіпорынның пайдасымен зиянда қатысу жүйесі. Кәсіпорынның
капиталында қатысу жүйесі.
Ұсынылған әдебиеттер [1-5, 14, 12]
Негізгі түсініктемелер
Кәсіпорындағы қызметкерлердің табысы өндіріс шығынының құрамына енетін
еңбекақыдан, әлеуметтік және еңбек жеңілдіктері бойынша төленетін ақша
төлемдері, пайдадан төленетін сыйақыдан, акциялар бойынша төленетін
дивидендтерден және еңбек ұжымы мүшелерінің кәсіпорын мүлігіне салған
салымдарынан, натуралды түрдегі өнім құнынан және басқа да табыстардан
құралады. Еңбекақы – материалдық игіліктер мен қызмет түрлерін жеке тұтыну
қорының бір бөлігі болып табылады, осының негізінде қызметкерлерге олардың
еңбегінің сапасы мен санына сәйкес, сонымен бірге оның нәтижелігіне (ұжым
еңбегінің нәтижесінде қосқан үлесіне) сәйкес беріледі. Еңбекақы еңбек шарты
бойынша орындалған жұмыстары үшін натуралды ақы құны мен ақшалай
төлемдердің қосындысы.
Шаруашылық етудің қазіргі заман жағдайында еңбекақы төлеуді
ұйымдастыру бірнеше қағидаларды ескеру арқылы құрылады:
- еңбекақы төлеуді ұйымдастыруда қызметкерлерге еңбекақы төлеудің
нысандарын, жүйесін және мөлшерін анықтаудағы кәсіпорынның дербестігі;
- еңбекақы төлеуді мемлекеттік реттеу;
- еңбекақыны еңбек жағдайы мен мекендеген жеріне байланысты
дифференциялау;
- еңбектің соңғы нәтижелері жоғары болу үшін қызметкерлердің еңбекке
деген материалдық қызығушылықтарын туғызу;
- еңбек өнімділігі өсу қарқынының жалақы өсу қарқынынан артық болуы.
Нақты еңбекақы мөлшеріне сұраныс пен ұсыныс маңызды ықпал жасайды.
Жұмыс күшіне сұраныс жоғары болған сайын, нақты жалақы да жоғары болады, ал
еңбек ұсынысы жалақы динамикасына кері пропорционалды байланыста болады.
Қазіргі кезде кәсіпорындағы жалақы қорын мемлекеттік реттеу ретіндегі
құрал әлеуметтік салық болып табылады. Оны кәсіпорындар, құрылымдық
бөлімшелер, жеке кәсіпкерлер, жеке адвокаттар мен нотариустар төлейді.
Өнеркәсіпте қолданылатын еңбекақы төлеу жүйелері мен нысандары.
Өнеркәсіптік кәсіпорындарда еңбекақы төлеудің екі нысаны қолданылады:
кесімді және мерзімді, әрқайсысы өз алдына бірнеше нысандаға бөлінеді.
Кесімді еңбекақы төлеу нысаны кеңінен қолданылады. Ол қызметкерлерде
еңбек нәтижесіне, оның өнімділігіне деген материалдық жағынан қызығушылық
тудырады, қызметкер біліктілігін жоғарлатуға ынталандырады, жұмыс уақыты
мен қондырғыны толықтай пайдалануға жағдай жасайды.
Еңбекақы төлеудің кесімді нысаны төмендегі жағдайларда тиімді болып
табылады:
- шығарылымның натуралды өлшемдердегі сандық көрсеткіштері мен еңбек
нәтижелерін дәл есепке алу мүмкіншілігі болған жағдайда;
- еңбекті нормалаудың ғылыми түсініктемесі болған жағдайда;
- технологиялық процесті бұзбай нормалардың артығымен орындалуы үшін
мүмкіншіліктер құрылған жағдайда;
- тоқтап қалуларды болдырмайтын жұмыс орындарына қызмет көрсетуді
нақты ұйымдастырған жағдайда;
- өндіріске сапалы және уақытында техникалық жағынан дайындық
жүргізілсе.
Кәсіпорын алдында тұрған технико-ұйымдастырушылық жағдайлар мен
міндеттердің ерекшеліктеріне байланысты кесімді нысанның бірнеше жүйесі
қолданылады: тікелей жеке, кесімді-прогрессивті, кесімді-сыйақылы, жанама,
ұжымдық және аккордтық.
Еңбекақы төлеудің жанама-кесімді жүйесі өнім өндірісімен
айналыспайтын, бірақ өз еңбегімен негізгі жұмысшылардың еңбек нәтижелеріне
әсерін тигізетін жұмысшыларды еңбек өнімділігін ынталандыру үшін
қолданылады. Бұл жүйе бойынша станок наладчиктерінің (жөндеушілердің)
еңбегі, зауытішілік транспорттық, қондырғыға қызмет көрсетумен айналысатын
жұмысшылар еңбегі төленуі мүмкін.
Негізгілердің еңбек өнімділігінің өсуіне жағдай туғызғанда жанама
кесімді ақыны қолданған тиімді.
Жанама бағаны анықтау үшін жанама кесімді жүйе бойынша төленетін
жұмысшының күндік тарифтік ставкасын оған бекітілген қызмет көрсету
нормасына немесе қызмет көрсететілетін жұмысшылардың күндік шығарылым
нормасына бөлінеді.
Ұжымдық (бригадалық) кесімді еңбекақы ұйымның ұжымдық нысанында
қолданылады, онда өндірістік процесс бірнеше жұмысшымен немесе бригадамен
жүзеге асырылғанда және еңбектің толық бөлінісі жоқ және бірнеше
мамандықтардың қызметтерін бірдей атқарғанда жүргізіледі. Ұжымдық жалақы
жеке мөлшері арасында олардың қосқан үлестеріне байланысты бөлінеді.
Жеке жалақыны есептеудің бірнеше тәсілі бар. Ағымдық желілерде жалақы
жеке баға мен соңғы операциядағы бригадамен шығарылған өнім көлеміне
қатысты есептелінеді. Жеке баға шығарылымның бригадалық нормасы мен бір
жұмысшының тарифтік ставканың негізінде есептелінеді.
Екінші бір тәсіл – жұмысшының жалақысы бригаданың жалпы жалақысының,
жұмысшының біліктілік деңгейі мен оның жұмыс жасаған уақытының негізінде
анықталады.
Жұмысшының бригада еңбегінің нәтижесіне қосқан жеке үлесін толықтай
есепке алу үшін бригада мүшелерінің келісімімен еңбекке қатысу коэффициенті
қолданылуы мүмкін.
Еңбекке қатысу коэффициенті (КТУ) бригаданың әр жұмысшының қосқан
еңбегін бағалаудың жалпылама сипаттамасы, ол жеке еңбек өнімділігіне және
жұмыс сапасына, күрделі жұмыстарды орындауына, қызмет көрсету аймақтарының
арытуына, бригаданың басқа жұмысшыларының жұмысына көмек көрсетуге, еңбек
және өндірістік тәртіпті сақтауға байланысты. Бұл коэффициент арқылы
кесімді жалақы, сыйақы, персоналды жұмыспен босату нәтижесінде алынған
жалақы қоры бойынша үнемдеуді бөлу үшін қажет. Еңбекке қатысу коэффициентін
анықтау және қолдану тәртібі бригаданың жалпы жиналысымен анықталады және
кәсіподақ ұйымдарымен келісе отырып, кәсіпорын басшысымен бекітіледі.
Келесі түрі – аккордты еңбекақы жүйесінің мәні: жұмысшыға немесе топқа
нақты жұмыс көлеміне берілетін жалақының көлемімен байланысты болады.
Жалақының мерзімдік нысаны бойынша жұмыс жасаған уақыты есепке
алынады, және жұмсаған уақыты мен біліктілік деңгейіне байланысты болады.
Қызметкерлерге жалақысының тарифтік ставкасына сәйкес немесе нақты жұмыс
жасаған уақытына бекітілген ақы бойынша есептелінеді. Оны кеңінен
қолданатын жағдайлары: еңбекті детальды түрде нормалау мен есепке алу
экономикалық жағынан тиімсіз болса, шығарылым қабылданған технологиялық
режим бойынша анықталып, бастысы - өнімнің жоғары сапасы болған жағдайда
қолданылады.
Мерзімдік ақының екі түрі бар – қарапайым және мерзімді-сыйақылы.
Қарапайым мерзімді жүйесі бойынша жалақы біліктілік деңгейін ескеру арқылы
жұмыс жасаған уақытына төленеді. Мамандар мен қызметкерлер – лауазымдық
жалақы, ал жұмысшылар – тарифтік ставка алады.
9-тақырып. Кәсіпорынның инвестициялық және инноциялық саясаты
Оқылған сұрақтар:
- Инвестициялар: мәні мен түрлері;
- Мемлекеттік даму институттар;
- Инвестицияларды талдау бағыттары. Жобалық талдаудың тұжырымдамасы;
- Кәсіпорынның инвестициялық қызметінің стратегиясы: мәні және әзірлеу
қағидалары;
- Кәсіпорынның инвестициялық тартымдылығын бағалау әдістемесі;
- Инвестицияларды қаржыландыру көздері;
- Қаржы инвестициялар. Лизинг - өндірістік инвестициялау қүралы;
- Кэсіпорындардың инновациялық менеджменті: мәні және міндеттемелері.
Ұсынылған әдебиеттер [1-5, 7, 16, 18]
Негізгі түсініктемелер
Инвестиция – табыс (пайда) алу мақсатында инвесторлармен кәсіпкерлік
объектілеріне және басқа да қызмет түрлеріне салынатын қаржылық,
материалдық және басқа да құндылықтардың барлық түрлері. Инвестициялық
көрсеткіштер динамикасы ел дамуының әлеуеті мен жақсы жағдайын сипаттайтын
басты макроэкономикалық индикатор болып табылады.
Инвестицияға арналған ресурстар шартты түрде төмендегі бағыттарға
бөлінеді:
- жаңа өнімді игеру және шығару;
- техникалық жағынан қайта жарақтау;
- өндірісті кеңейту;
- қайта құру;
- жаңа құрылыс.
Кәсіпорында техникалық жағынан қайта жарақтау – ескі өндірістік
техника мен технологияны жаңаға ауыстыру. Өндірісті кеңейту – жаңа қосымша
цехтардың құрылысы мен басқа да бөлімшелерді құру арқылы өндіріс көлемін
арттыру мақсатындағы инвестициялау. Жаңартуға моралды жағынан ескірген және
физикалық жағынан тозған машиналар мен қондырғыларды ауыстыру және құрылыс
пен ғимараттарды жетілдіру, қайта құру шаралары жатады. Жаңа құрылыс – жаңа
өнеркәсіпті кәсіпорындардың құрылысы, толықтай жобалық қуатына
енгізілгеннен кейін аяқталған деп есептелінеді.
Кәсіпорынның техникалық жағынан қайта жарақтануы мен қайта
жаңартылуында басты негізгі қорлардың белсенді бөлігі ғана жаңартылады.
Инвестициялау объектісіне байланысты инвестиция түрлері:
- айқын инвестиция (кәсіпорынның физикалық капиталына салынған
қаржылар, мысалы, жаңа негізгі қорларды құру, ескі қорларды жаңартуға
немесе оларды қайтадан техникалық жағынан жарақтау);
- қаржылық инвестиция (инвестордың қаржылық капиталын арттыру
мақсатында акцияларды және басқа да бағалы қағаздарды сатып алуға, басқа да
қаржылық құралдарды пайдаланудағы салымдар);
- ғылыми – техникалық өнім инвестициясы;
- материалдық емес инвестиция (мүліктік құқықтарға, интеллектуалды
жеке меншік құқығына салынатын салымдар).
Инвестициялау үрдісіне қатысу сипатына байланысты бөлінуі:
- тікелей инвестиция (инвестициялау объектісін таңдауға инвестордың
тікелей ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz