ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА БЕЙІНДІК ОҚЫТУДЫ ДАМЫТУ
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім беру академиясы
Жоба
28 қазан 2009 жыл
ТҰЖЫРЫМДАМА
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА
БЕЙІНДІК ОҚЫТУДЫ ДАМЫТУ
Астана – 2009
Мазмұны
Кіріспе 3
1. Шетел практикасының бейіндік оқыту тенденциялары 4
2. Қазақстандағы бейіндік оқытуды ұйымдастыру тәжірибесі 5
3. 12 жылдық білім беру моделіндегі бейіндік оқытудың 7
ұйымдастыру мақсаты мен басшылыққа алу ережесі
4. Бейіндік оқытудың білім беру мазмұны 9
5. Бейіндік оқытуды ұйымдастырудың мүмкіншілік түрлері 11
6. Бейіналды даярлығы 12
7. Орта білім жүйесіндегі жалпы орта білім беру 13
8. Қазақстан Республикасында бейіндік оқытуды дамыту 15
Тұжырымдамасын іске асыру процесін басқару
КІРІСПЕ
Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2005-2010 жылдарға
арналған Мемлекеттік бағдарламасына сәйкес жоғары сыныптағыларға орта
білім беру деңгейінде бейіндік оқытуды енгізу қарастырылуда. Бейіндік
оқыту, білім беру сапасын көтеру, мемлекеттің және қоғамның, тұлғаның
өзекті және келешектегі қажеттіліктерін жүзеге асыру әдістерінің бірі
ретінде ұсынылып отыр.
Стратегиялық анықталғандай жалпы орта білім беру бағдарламалары білім
беру мазмұнын кәсібилендіру және кіріктіру, саралану негізінде әзірленетін
болады. Оқушыларға дараланған білім беру бағдарламаларын таңдауға
мүмкіндік беріледі. Шығармашылық қызмет пен жеке қабілетінің дамуына ерекше
орын беріледі. Жинақталған білімді тауып алу өздігінен және шығармашылықпен
қолдана білуге ұмтылу, әлем, қоғам және адам туралы жүйеленген ұғымдарды
кеңейтіп, тереңдетіп игеруге көшу қамтамасыз етіледі.
Қазақстандағы бейіндік оқыту жүйесі дамуының өзектілігі бірқатар
факторларға байланысты, олар төмендегідей:
- білім беру нәтижелері жүйесінің кеңейуі: білім, білік, дағды және
құзыреттер;
- мектептердің білім берудің 12 жылдық моделіне көшуі;
- жоғары сыныптағылардың оқуын ұйымдастырудың әлемдік тәжірибесі;
- техникалық, кәсіптік және жоғарғы білім беру жүйесінің дамуымен
байланыстырылады.
Қазақстандағы бейіндік оқыту жүйесінің дамуы:
- 16-18 жастағы азаматтардың білімділік деңгейін, олардың қабілеті
мен қызығушылығын ескере отырып бәсекеге қабілеттілігін көтеру
мақсатында мүмкіндіктерді кеңейтуге;
- жоғары сыныптағылардың мектептен кейінгі өмірлік жолды таңдауға
бейімделудің негіздерін жасау, олардың кәсіптік мақсаттарын іске
асыруға;
- еңбек нарығын кәсіби техникалық кадрлармен қамтамасыз ету
проблемаларын шешуге бағытталған.
Сондай–ақ, Қазақстанда кадрларға тапшылық орын алған құрылыс саласында
- 9900 адам, ауыл шаруашылығында – 9600 адам, технология мен өнеркәсіпте -
7600 адам, қызмет ету саласы 6800 - адамды қажет етуде құрайды. Қазақстан
Республикасындағы бейіндік оқыту тұжырымдамасы жоғары сыныптағылардың оқуын
ұйымдастыру бойынша кәсіби педагогикалық қауымдастықтың іс-әрекет жүйесін
анықтауға бағытталған.
1. ШЕТЕЛ ПРАКТИКАСЫНЫҢ БЕЙІНДІК ОҚЫТУ ТЕНДЕНЦИЯЛАРЫ
Әрбір елде жоғары орта білім беру сатысында оқушыларға білім беру
процесін ұйымдастыруда (Қазақстандық жалпы орта білім беруге ұқсас)
бейіндік оқыту мақсаты толық өлшемде жүзеге асырылып, ерекше белгілерді
көрсетеді. Сондай-ақ жалпы тенденцияларда айқындалады.
Жоғары орта білім беру мазмұнының даму тенденциялары:
1. Өткен тәжірибеде басым болған оқушылардың ерте мамандануынан,
оларды топқа жіктеуден ақырындап алшақтау байқалады. Жетекші елдердің
басым көпшілігінде жоғары орта білім берудің табалдырығындағы сараланған
білім беруді ұйымдастыру және барлық оқушылар үшін негізгі орта білім беру
сатысындағы білім беру мазмұнын үйлестіру бойынша жұмыстар жүргізілуде.
2. Міндетті оқу пәндерінің (курстар) көлемі негізгі орта білім беру
сатысымен салыстырғанда жоғары орта білім беру сатысында едәуір азайған
(міндетті: жаратылыстану ғылымдары, шетел тілдері, математика, родная
словесность, дене шынықтыру).
3. Жіктелу бағытының мөлшері көп емес: 2-ден 4-ке дейін. Германияда
сыныптың ішін 3 бағытқа бөлу мүмкіндігі бар, олар мынадай: жаратылыстану-
ғылыми және техникалық–математикалық, өндірістік-экономикалық, әлеуметтік-
экономикалық. Францияда жоғары мектепте 4 бөлім (бағыт) бар: гуманитарлық,
технологиялық, әлеуметтік-экономикалық, жаратылыстану-ғылыми. Бағыттардың
ішінде практикалық бағытта көптеген бейіндік оқыту ұйымдастырылған.
4. Жоғары орта білім беретін ағымдардағы академиялық және
академиялық емес жіктелу бақылануда (жалпы білім берумен қатар мамандық
алу және әлі де мақсатын анықтамағандарды өмірге дайындау).
Жоғары орта білім беруді ұйымдастыру тенденциялары:
5. Міндетті білім беру, оқушылар 1516 жасқа жеткен жылы аяқталады.
Сонымен қатар халықаралық қауымдастықта 18 жасқа дейін міндетті білім
беруді енгізу туралы пікірде бар.
6. Жоғары орта мектепте оқуды жалғастыратын оқушылардың үлесі 70%-
дан кем емес. Негізгі мектептің түлектерін жоғары орта білім беру жүйесіне
көптеген көлемде қатыстырудың белсенді үрдістері байқалады.
7. Оқу мекемелерінің жаңа типтерін, жалпы орта білім алудың
ұйымдастыру түрлерін диверсификациялау мен күрделендіру үрдістері өсуде.
Бір қатар елдерде жоғары сыныптар жеке оқу орындарына біріктірілген.
Көптеген елдерде жоғары білім беру мазмұнын жалпы курспен және кәсіптік
оқумен (күндізгі және сырттай түрдегі) қамтамасыз ете алатын мектептен тыс
мекемелерден алуға болады. Шетелдерде оқушыларға оқуды белгілі бір
кәсіптік қызметтің түрлерімен қоса игеруге жол беріліп оқудың кешкі және
сырттай түрлерінің кеңейуіне мүмкіндік жасалады.
8. Кәсіптік-техникалық оқу орындары орта білім беру жүйесіне
енгізіліп, тік әлеуметтік оңтайлылыққа, жоғары мектептен білім алуына қол
жетуіне мүмкіндік беріледі.
Мектеп түлектерінің аттестациясын ұйымдастыру тенденциялары:
9. Жоғары сатыдағы оқу қорытындысы бойынша орта білімі туралы
аттестат беріледі. Халықаралық баккалаурет (аттестат) мектептің жоғары
сыныптарында 2 жыл саралап жіктеп оқытуды қарастырады, еуропалық
баккалаурет - 3 жыл. Көптеген елдерде 2-жылдық оқу аттестаты толық
емес болып саналады. Оның иегерлері қосымша бір жыл оқығаннан кейін ғана
жоғары оқу орнына түсе алады. Европа елдерінде, әлемнің дамыған көптеген
елдерінде (нострификацияланып) 3 жыл оқу аттестаты танылған болып табылады.
Жоғары мектепті (бейіндік) аяқтағандығы туралы аттестаттар, кейбір
ерекшеліктерімен, әдеттегідей, жоғары оқу орнына түсуге құқық береді.
2. ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ БЕЙІНДІК ОҚЫТУДЫ ҰЙЫМДАСТЫРУ ТӘЖІРИБЕСІ
Қазақстанда бейіндік оқытуды ұйымдастыруды оқушылардың оқуын саралап
жіктеу және даралау әдісі ретінде екі кезеңге бөліп қарастырамыз.
Республикадағы білім берудің бірінші кезеңі, ХХ ғасырдың 90-жылдарынан
бастап, барлық посткеңестік елдер кеңістігінің тәжірибесіндегі бір,
бірыңғай жалпы білім беретін кеңестік мектептерді өзгерту қажеттігі
туындады. ХХ ғасырдың соңғы он жылдығы оқу орындары (лицей, гимназия,
арнаулы мектептер, дарынды балалар мектебі, халықаралық мектептер)
моделінің дамуы және қалыптасуымен, мемлекеттік емес сектордағы оқу
орындарының құрылуымен, авторлық оқу курстарының бағдарламасын әзірлеумен,
қолданылатын білім беру дамытушылық технологиясы және т.б. спектрлардың
кеңейуімен ерекшеленді. Қазақстанда бейіндік оқытуды ұйымдастырудың
негізгі идеялары Қазақстан Республикасының жалпы білім беретін
мектептерінің даму тұжырымдамасында (1996 ж), жалпы орта білім берудің
мазмұнының Тұжырымдамасында (1996 ж) көрініс тапты. Сондай-ақ жалпы білім
беретін мектептердің даму тұжырымдамасы орта білім (толық) беретін
мектептердің жоғары сатысында аяқтауды анықтады. Сонымен қатар оқушылардың
қызығушылығын ескеру саралап жіктеу негізінде: жаратылыстану-математикалық,
гуманитарлық-эстетикалық және кәсіптік-техникалық бағыттар бойынша
ұйымдастыру жоспарланған. Оқушылардың белгілі таңдау деңгейін
қалыптастыруда таңдалған білімді іріктеу мен игеру мүмкіндігін қамтамсыз
ету және оқу процесіндегі таңдау құқығы білім беру мазмұнын гуманизациялау
мен даралау қазіргі мектептегі шешімді бетбұрысқа талаптануын көрсетті.
Білім (2000) Мемлекеттік бағдарламасы бейіндік оқытуды деңгейлеп
саралап жіктеу мен даралауды жүзеге асыруда, соның ішінде сыныптың
сыйымдылығының аздығы жағдайы үшін педагогикалық қызметкерлердің дайындық
деңгейін мазмұнды жақсарту мен оқу процесін өзгеше негізде ұйымдастыру
қажеттігімен түсіндіріледі. Қазақстандағы бейіндік оқыту идеясын жүзеге
асырудың екінші кезеңі Қазақстан Республикасының Мемлекеттік жалпыға
міндетті жалпы орта білім беру стандарты Негізгі ережелер ҚР МЖБС 2.003.
– 2008 енгізумен байланысты. Бұл құжатта жалпы орта білім берудің жоғары
сатысына сипаттама беріліп, 2006-2007 оқу жылындағы Қазақстандағы бейіндік
оқытудың ұйымдастырудың негізі болып есептелді. 2 жыл (10-11 сыныптар)
оқытудың нормативтік мерзімімен анықталған. Бейіндік оқытудың міндеттеріне
оқушылардың танымдық қызығушылығын, шығармашылық қабілетін дамыту, саралап
жіктеп оқыту негізінде өзіндік оқу қызмет дағдысын қалыптастыру жатқызылды.
Бейіндік оқыту мазмұнын іріктеу базалық білім беруді қамтамасыз ету үшін
толық функционалдық негізге, сонымен қатар жалпы орта білім беру
сатыларының сабақтастығына (бастауыш, негізгі, жоғарғы) сәйкес іске
асырылады. МЖБС 2.003. – 2002 сәйкес 10-11 сыныптардағы бейіндік оқыту
қоғамдық-гуманитарлық және жаратылыстану-математикалық бағыттар бойынша
әзірленеді. Осындай сипатта ұйымдастырылатын бейіндік оқыту бастапқы
кәсіптік, орта кәсіптік, жоғары білім алуды қарастыратын болады.
Бүгінгі күнде Қазақстанда 11 жылдық білім беру стандарттарын іске асыру
жағдайында екі деңгейлік оқу бағдарламалары мен бейіндік оқытудың 10-11
сыныптардағы оқу пәндері бойынша қоғамдық-гуманитарлық және жаратылыстану-
математикалық бағыттарының оқу-әдістемелік кешендері дайындалды.
Республиканың педагогтары инновациялық қызмет жағдайында 10-11 сынып
оқушыларының бейіндік оқыту мазмұнының вариативті компонентін жүзеге
асыратын курстар бойынша оқу бағдарламаларын әзірледі. МЖБС 2.003. – 2002
мазмұнының Қазақстан Республикасының Білім туралы Заңымен ара қатынасын,
әлеуметтік тәжірибенің дамуын ескере, қоғамдағы жаңа құндылықтарды, жоғары
сыныптағылардың оқуын ұйымдастырудың халықаралық тәжірибесін зерделей, 12
жылдық білім беруге көшуде бейіндік оқыту моделін құрастыруға қажетті,
төрт ұстанымды көрсету маңызды :
- Бейіндік оқытудың міндеттерін жетістікпен іске асыру жағдайында
негізгі орта білім беру деңгейінде оқушылардың бейіналды дайындық
жүйесін ұйымдастыруды қарастыру қажет.
- Бейіндік оқыту міндеттеріне оқушылардың кәсіби бағдары мен кәсіби
бағдарламаларын жетістікпен игерудегі даярлығын жатқызуға болады.
- Бейіндік оқытуды ұйымдастыруды орта білім берудің барлық деңгейінде,
соның ішінде–техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарында
қарастыру қажет.
- Бейіндік оқыту моделі оқу орындары моделдерінің деңгейінде білім беру
вариативтілігін, білім беру мазмұнын, оқыту процесін, 11-12 сынып
педагогы инновациялық қызметін одан әрі даму қажеттілігін алдын-ала
ескеру керек.
3. 12 ЖЫЛДЫҚ БІЛІМ БЕРУ МОДЕЛІНДЕГІ БЕЙІНДІК ОҚЫТУДЫ ҰЙЫМДАСТЫРУ
МАҚСАТЫ МЕН БАСШЫЛЫҚҚА АЛУ ЕРЕЖЕСІ
Бейіндік оқыту- кәсіптік білім беру бағдарламаларын игеруге даярлау,
олардың кәсіптік бағдарлары үшін жағдай жасау, оқушылардың арнаулы
бейімділігі мен қызығушылығын, танымдық қабілетін ескеруге бағытталған
білім беру процесінің құрылымы мен мазмұнын ұйымдастыру түрі, жоғары
сыныптағылардың оқуын даралау мен саралап жіктеудің педагогикалық жүйесі.
Бейіндік оқытуды ұйымдастыру мақсаты:
1. Оқушылардың әлеуметтену мүмкіндігін кеңейтіп, Қазақстан
азаматтарының сындарлы ролі ретінде базалық құзыреттер түріндегі білім беру
жүйесінің ұлттық мақсаттарына жетуге мүмкіндік туғызу.
2. Жалпы орта білім беру жеке оқу жоспарларын жобалау мен іске асыру
мүмкіндігін, 11-12 сынып оқушыларының білім беру мазмұнын саралап жіктеу
үшін нормативттік және ұйымдастырушылық педагогикалық жағдай жасау.
3. Оқушылардың сапалы білімге қол жеткізуін, олардың қабілеті мен
қызығушылығын, танымдық және өмірлік қажеттіліктеріне, бейімділіктеріне
сәйкес қамтамасыз ету.
4. Жоғары кәсіби және орта білім деңгейінің сабақтастығын қамтамасыз
ету.
Білім берудің тұлғаға бағдарланған парадигмасын іске асыру бейіндік
оқытуды ұйымдастыру ережесіне байланысты. Бейіндік оқытуды ұйымдастырудың
басқарушы ережелері төмендегідей ұстанымдарды білдіреді:
1. Қазақстан Республикасының жалпы орта білім беру деңгейінің
Мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты жалпы орта білім берудің
жаратылыстану-математикалық, қоғамдық-гуманитарлық, технологиялық бейіндік
оқыту бағыттарын анықтайды. Білім беру мазмұны мен оқыту процесі түйінді
және пәндік құзіреттер жүйесіне жету қажеттігін ескере құрылады.
2. Ұйымдастырылатын бейіндік оқыту моделі оқу орнының білім беру
процесін ұйымдастырудағы мүмкіндіктеріне сәйкестендіріліп, оқытуды саралап
жіктеумен қамтамасыз етуде сыртқы серіктестіктерді қатыстыру мен аймақтың
күш-қуатын ескереді.
3. Бейіндік оқыту бағдарламасын жүзеге асыруда, оның ішінде үш
ұстанымы ескеріліп, оқу орындарының түрлері анықталады :
а) республикада бейіндік оқыту тәжірибесімен қалыптасқан, жалпы білім
беретін мекемелердің әр түрлі орындары бар;
б) Қазақстандағы техникалық және кәсіптік білім беру жүйесінің дамуымен
орта буынның білікті мамандарын даярлауға әлеуметтік тапсырыс;
в) Негізгі білім беру бағдарламалары бойынша үлгермеген оқушылар үшін
жоғары сатыдағы бағдарламаларды шығару білім берудің Халықаралық
стандартының (1997 г.), топтастыру ережесімен келісілген.
Бейіндік оқыту міндеттерін іске асыру мақсатында 3 деңгейде вариативтік
білім беру жүйесі құрылады: институционалдық, мазмұнды және технологиялық.
Институционалдық деңгей 11-12 сыныптарда жалпы орта білім беретін оқу
орнының көп қыры мен түрлі деңгейін анықтаған. Әр түрлі жалпы білім
беретін мектептер, гимназиялар (1-12 сыныптар), академиялық лицейлер (5-12
сыныптар), бейіндік мектептер (11-12 сыныптар)
Ауылдық жердегі мектептердің әлеуметтік маңызы ескеріле жалпы білім
беретін мектептер сақталады және одан әрі дамиды. Жалпы білім беретін
мектептер 1-4, 5-10 сыныптардың бағдарламаларына және 11-12 сынып
оқушыларының бейіндік оқыту бағдарламаларына толықтыруларды іске асырады.
Қалалық жерлерде тек қана 11-12 сыныптардың бағдарламалары жүзеге асатын
Қазақстан үшін жаңа типті оқу орны институционалды- бейіндік мектептер
құрылатын болады. Бейіндік мектепті мектеп-колледж, мектеп-ЖОО кешені
жүйесінде жасау мүмкіндігі қарастырылуда.Арнаулы білім беру ұйымдарының
желісі сақталуда және дамуда (хореграфиялық, спорттық , көркем өнер,
кадеттер мектебі және т.б.).
Бірінші Президенттің Интеллектуалды мектебі, Дарын дарынды балаларға
арналған арнаулы мектептер жүйесі дамуда. Оқу орындарының көп қырлы
жағдайында бірыңғай білім беру кеңістігі білім беру стандарттарымен
қамтамасыз етіліп, онда білім берудің базалық мазмұнының құрамы мен
құрылымының жалпы талаптары, жалпы орта білім берудің күтілетін нәтижелері
көрсетіледі.
Мазмұнды деңгей оқу бағдарламалары мен оқу әдебиеттерінің
вариативтілігін, кіріктірілген оқу курстарын енгізуді, мектептің бейіндік
оқыту бағыттарын, оқушының- таңдау бойынша курстар құрамын таңдау
мүмкіндігін қарастырады. Оқу процесі – оқытудың жинақталған жүйесі
негізінде құрылады.
Технологиялық деңгей оқытудың тиімді технологиясын енгізумен
анықталған. Оқу бағдарламалары тек қана оқылатын материалды ғана емес
жоғары сыныптағылардың қызмет түрлерін көрсетеді: зерттеу, пікірталас,
құрастыру, жобалау және т.б.
Жоғары сыныптағылардың бейіндік оқытуын ұйымдастыру мен дамыту негізі
педагогтың технологиялық мәдениетінің дамуын, педагогтың кәсіби ойлауын
өзгертуді, білім беру процесінің барлық субьектілерінің ақпараттық
мәдениетінің қалыптасуы мен дамуын қарастырады.
4. БЕЙІНДІК ОҚЫТУДЫҢ БІЛІМ БЕРУ МАЗМҰНЫ
Бейіндік оқыту үш бағыт шеңберінде: жаратылыстану-математикалық,
қоғамдық-гуманитарлық және технологиялық бағытта жүзеге асырылады.
Бейіндік бағытын мәлімдеген білім беру мазмұны екі бағытты ескере
анықталды. Біріншіден бейіндік оқытуды анықтау бойынша 11-12 сынып
оқушыларының жекелеген қабілеті мен қызығушылығын ескеру үшін білім беру
мазмұнының құрамы мен құрылымы педагогикалық жағдай жасауға бағытталу
керек.
Екіншіден, үш бағыт шеңберінде білім беру мазмұнын анықтауда
оқушылардың базалық ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz