Қазақстан Республикасында білім беруді 2015 жылға дейін дамыту


Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 7 бет
Таңдаулыға:   

Қазақстан Республикасында білім беруді 2015 жылға дейін дамыту Тұжырымдамасы қабылданды. Бұл құжаттың негізгі мақсаты - Қазақстан Республикасының 2010 жылға дейінгі Стратегиялық даму жоспарының басымдықтары негізінде елімізде көп деңгейлі үздіксіз білім берудің ұлттық моделін жасап, оны әлемдік деңгейге көтеруде.

Мұғалімнің кәсіптік даярлығы орта немесе жоғары оқу орнының қабырғасында бітпейтінін классикалық педагогика теориясында дәлелденген, ол оның кәсіптік қызметінің барлық кезеңінің барысында жалғастырылады. Мұғалімнің кәсіптік білімінің үздіксіздігі оның шығармашылық қабілеттерін дамытудың қажетті алғы шарты, жеке тәжірибесін ұдайы дамытудың шарты. Ең бастысы, ол өзінің іс-әрекетін оқушы танымдық қызметтің объектісі емес, субъектісі болып табылатын оқыту процесіне бағытталған, қазіргі дидактикада айқындалған үрдістерге сәйкес кәсіби білікті педагогты қалыптастыруға тиіс. Бұл жерде басымдық іс-әрекеттің дербес түрлеріне, болашақ мұғалімдердің ақпаратты іздестіру, өңдеу, ой елегінен өткізу және қолдану жөніндегі жеке белсенділігіне берілуге тиісті. делін жасап, оны әлемдік деңгейге көтеруде.

Қазақстан Республикасындағы білім саласында қоғамдық-әлеуметтік және психологиялық-педагогикалық білім тұрғысынан маманның кәсіби білім жүйесін жетілдіру бағыттарында зерттеулер кең өріс алуда. Ғылыми-теориялық және практикалық бағытта болашақ мамандарды дайындау әр деңгейлерде зерттелуде:

- үздіксіз көп деңгейлі білім беру жүйесінің теориялық, әдіснамалық, диагностикалық функциялары (В. И. Горовая, В. А. Кузнецова, К. С. Мусин, В. А. Козырев, Д. В. Чернилевский, О. К. Филатов, С. Е. Чакликова, Д. М. Казакбаева, Б. С. Гершунский, В. Н. Загвязинский, Т. А. Кишкашбаев, Б. К. Момынбаев) ;

- кәсіби мұғалім даярлаудың теориялық-әдіснамалық (В. А. Якунин, И. Я. Лернер, Л. Г. Семушина, М. К. Курманов, Н. Д. Хмель, Л. К. Керимов, М. С. Молдабекова, О. Мұсабеков, Н. Көшекбаев, Қ. Е. Ералин, С. А. Жолдасбекова, С. М. Кеңесбаев, Ж. К. Оңалбек, Б. Д. Сыдықов және т. б. ) ;

- кәсіби бағыттылық (Г. М. Афонина, С. Б. Елканов, М. И. Станкин, А. К. Рысбаева, Б. Г. Сарсенбаева, А. П. Сейтешов, А. Ж. Абдукаримова) ;

-кәсіби педагогикалық білімдендіруді технологиялық дамыту (А. М. Радьков, В. П. Беспалько, Ж. А. Қараев, Н. Ф. Талызина, М. М. Жанпейсова, Ж. У. Кобдикова) ;

-кәсіби-тұлғалық психологиялық ерекшеліктері (В. Н. Мясищев, В. Д. Шадриков, Б. Г. Ананьев, А. А. Леонтьев) ;

- кәсіби білімдендірудің моделін жетілдіру (М. М. Скаткин, Г. С. Симухин, Т. С. Садыков, Л. Г. Семушина, С. А. Абдыманапов) ;

- гуманистік (А. А. Бейсембаева, С. Курманбаев) ;

- кәсіби тілдік қатысымдық деңгей (У. И. Копжасарова, М. Р. Кондубаева, А. Б. Насырова, Г. О. Рахимбекова, Ж. М. Абдильдин, Ф. Ш. Оразбаева) ;

- кәсіби-тұлғалық дамуын диагностикалау (Братусь Б. С., Е. А. Климов, И. В. Еськова, Ш. М. Каланова, В. К. Бишимбаев) .

Болашақ мұғалімдердің кәсіби деңгейлі білім беру жүйесінде даярлаудың сапасын арттырудың критерийлерін Н. П. Пучковтың тұжырымдамасына негіздедік. Критерийлердің негізгі нысаны мұғалімдердің кәсіби біліктілік пен білім аясында қажетті сапалардың көрсеткіштерін бейнелеу. Сапалық көрсеткіштер нормативті кәсіби іс-әрекет сипаттамасы мен жалпы кәсіби сәйкестілік деңгейін сараптауға бағытталған. Нормативтік іс-әрекеттер сипаттамасы білім стандартында жалпы негізделіп көрсетілсе, нормативтік кәсіби білім-біліктілік сипаттамасы жеке тұлғаның қатыстылығымен әр-түрлі деңгейде орындалады.

Болашақ мұғалімнің кәсіби білім-біліктілік критерийлер сипаттамасы

Критерийлер
Белгілері
Сипаттамасы
Критерийлер: Объектілік
Белгілері: Болашақ мұғалім педагогикалық кәсіп талаптарына қаншалықты сай болса, әлеуметтік тәжіребиеге де соншалықты үлес қосады;
Сипаттамасы: Мұғалімнің кәсіи іс- әрекетінің міндеттерін білім беру жүйесінің талаптарына сай табысты шешу мүмкіндігі;
Критерийлер: Субъектілік
Белгілері: Болашақ мұғалімнің кәсіби талаптарды орындауда кәсіби талаптарға қанағаттану табыстылыққа өзін-өзі бағдарлау
Сипаттамасы: Болашақ мұғалімнің нәтижеге бағдарлы кәсіби бағыттылығы кәсіби еңбектің жеткілікті деңгейдегі жоғары табыстылы-ғы кәсіби тұрақытылық бірлігі
Критерийлер: Нормативтік
Белгілері: Болашақ мұғалімнің стандартты эталондарын меңгеруінен кәсіби шеберлік деңгейіне талпынуы
Сипаттамасы: Кәсіптік нормаларын игеру арқылы еңбектің өнегелі үлгілерін туындау.
Критерийлер: Даралық
Белгілері: Кәсіби біліктілік дәрежесі тұлғалық өзіндік даралығымен жеке басының сұраныстарын қанағаттандыру жолында кәсіби арнаның қозғаушы күші
Сипаттамасы: Кәсіби құнды нормаларды меңгеріп, кәсіби іс-әрекеттің орындалуында өзіндік ерекше-лігімен, шығармашылығымен өзін жетілдіру нәтижесінде кәсіби сапа дәрежесін көтеру туындайды.
Критерийлер: Өзектілік
Белгілері: Бүгінгі күнгі талаптардың межелеріне кәсіби біліктілік деңгейінің талаптары жету-жетпеуінен сапалық дәрежесі
Сипаттамасы: Біліктілік-шеберлік деңгейлері-нің қалыптасуына қажетті білім-іскерлік-сапа межелері туындайды.
Критерийлер: Болжамдық
Белгілері: Мұғалім жеке өз-басының кәсіби қалыптасуының шегін бағамдауымен, жалпы өсуінің перспективасын іздеуі, кәсіби диагностика
Сипаттамасы: Болашақ мұғалімнің кәсіби қалыптасуының шектерін сипат-тайды; кәсіби-тұлғалық пен әлеуметтік мүмкіндіктері дамытушы- лық, ынталандырушылық дәрежесін туындайды.
Критерийлер: Кәсіпке үйрену жарамдылығы
Белгілері: Кәсіби педагогикалық бейімділігі әлеуметтік тәжірибені қабылдауға дайындығы, қажеттілігін түсіну деңгейі.
Сипаттамасы: Қоғамдық-әлеуметтік жаңалық-тарды, ғылыми-практикалық іс- әрекетте пайдалануға ықыласы кәсіби әрекеттілік туындайды.
Критерийлер: Шығармашылық
Белгілері: Жинақталған тарихи-тұлғалық тәжірибені қайта қарауға, кәсіби біліктілікті шеберлікке жеткізуге ұмтылу іс-әрекетінің дербес шығармашылық дәрежесі.
Сипаттамасы: Өзіндік шығармашылық бағытта жоғары кәсіби іскерлікті көрсе-ту арқылы беделін көтеру дәрежесі туындайды.
Критерийлер: Әлеуметтік белсенділік
Белгілері: Кәсіби талаптардың орындалу аясында қоғамның дамуына үлес қосу деңгейі;
Сипаттамасы: Кәсіпке берілген адалдық мазмұнымен қоғамды дамытуға, өзгертуге, түрлендіруге қосатын үлесінен туындайды.
Критерийлер: Бәсекелестікке қабілеттілік
Белгілері: Білім беру нарқындағы бәсекелестік қатынастарға өз жұмысының әдістері мен түрлерін көрсете отырып, кәсіби құнды сапа дәрежесі
Сипаттамасы: Болашақ мұғалім кәсібінің ішкі мүмкіндіктерін жарыққа шыға-рып, даралау нәтижесінде дербес шығармашылық ізденіс-тің әрекетінен туындайды.
Критерийлер: Сапалық
Белгілері: Мұғалімнің кәсіби іскерлік санасы, сапалық бағана өлшемдері (білім тереңдігі, жүйелілігі, ойлау әрекет) .
Сипаттамасы: Сапа-сандық деңгейінде белгіленуінен мұғалімнің кәсіби білімі-біліктілігі сарапталатын қорытындылау дәрежесі туындайды.

Ұсынылған критерийлер өлшемінің жүйелік тобы үздіксіз көп деңгейлі білім беру жүйесінде даярланған мұғалімнің кәсіби тұлғасының моделі қандай болмақ деген сұраққа жауап беруге негіз болады.

Болашақ мұғалімдерді даярлауда кәсіби білімдендіру негізінде кәсіби потенциалын дамыту сүлбесі

Үздіксіз көп деңгейлі білім беру жүйесінде болашақ мұғалімдерді даярлауды жетілдірудің педагогикалық шарттары арқылы кәсіби даярлау теориялық және тәжірибелік зерттеу нәтижелері төмендегідей қорытынды және ұсыныстар жасауға мүмкіндік туғызды:

Үздіксіз білім беру жүйесін дамыту нақты нәтиже беруге бағытталған тиімді мазмұндық - мақсаттық моделін құрып, оны жүзеге асыру үшін жүйелі педагогикалық технология талаптарын қанағаттандыратын практикалық жүйе құруды қажет етеді.

Қорытынды:

Қорыта келгенде, жақсы педагог - бұл қай кезде де ең алдымен кәсіби деңгейі жоғары, интеллектуалдық, шығармашылық әлеуеті мол тұлға. Ол оқытудың жаңа технологияларын өмірге ендіруге дайын, оқу-тәрбие ісіне шынайы жанашырлық танытатын қоғамнын ең озық бөлігінін бірі деп есептеледі. Және солай болуға тиіс, Жоғары оқу орнында білікті мұғалімді даярлау үшін оқытушының да, студенттің де қажымас еңбегі қажет. Педагогикалык практика мұғалімді кәсіби даярлау жүйесінде басты элемент болып табылады. Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған Мемлекеттік бағдарламасынын педагог кадрларды даярлау, қайта даярлау және олардың біліктілігін арттыру саласында "педагог кадрларды даярлау бағдарламаларына оқытудың бүкіл жылдар бойы үздіксіз педагогикалық және психологиялық-педагогикалық практиканы енгізу" қажеттігі көрсетілген.
Қазіргі кезде әрбір қоғам мамандарының алдына қойған талаптарына сәйкес "маман моделін" маман профессиограммасын жасау міндеті - жұртшы-лықтың назарын өзіне аударуда.
Бұл міндетті шешуге байланысты ғылыми зерттеулер жүргізіп жүрген ғалымдар, педагогтар, психологтар бар (Н. В. Кузьмина, Ф. Н. Гоноболин, В. А. Сластснин, А. И. Щербаков, Н. А. Сорокин) . В. А. Сластениннің пікірі бойынша, мұғалім профессиограммасы мыналарды қамтиды:
1) қоғамның саяси сапалары;
2) әлеуметтік-психологиялық, этикалық-педагогикалық және ұстаздың жеке басының сапалары;
3) психологиялық және педагогикалық даярлық;
4) мамандық бойынша даярлық;
5) пән бойынша даярлық.
Мұғалімнің өз білімін жетілдіруінің төрт түрлі қызметі айқындалған, олар: жал-пы мәдениеттілік тұрғысынан білім көте-ру, педагогикалық перспективті және өзектілік тұрғысынан білім көтеру, мүғалім өмірінің табиғи қажеттілігі бо-лып табылатын турақты танымдық қыз-мет турғысынан жалпы мәдениеттілік білім көтеру, бұл ешқандай ұйымдасты-руды, жоспарлауды талап етпейтін, муғалім өмірінің күнделікті тіршілігіне айналған әдеби кітап ок, у, күнделікті баспасөзді бақылап отьіру, балалар әдебиетімен танысу, әртүрлі танымдық және ақпараттық телехабарларды көру, радио тыңдау, кино - театрларға, көрме-лерге, мұражайларға барып тұру, лекто-рий, курстарға қатысып, экскурсия т. б., шығып отыру.
Кәсіби білімдендіруде педагогикалық жүйені жетілдіруде:

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мемлекеттік бағдарламала - Қазақстанның болашақ дамуының кепілі
Қазақстан Республикасының 2025 жылға дейінгі Стратегиялық даму жоспары
Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы
Қазақстан-2030 даму стратегиясы туралы ақпарат
Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған бағдарлама
Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың мемлекеттік бағдарламасы
Өркениетті дамыған елдердің білім беру жүйесінің ерекшеліктері
Әлеуметтік сфера салаларын мемлекеттік реттеу
Қазақстан Республикасының 2013 – 2017 жылдарға арналған әлеуметтік-экономикалық дамуының болжамы
ИННОВАЦИЯЛЫҚ ПАРАДИГМА НЕГІЗІНДЕ БІЛІМ БЕРУ ЖҮЙЕСІН РЕФОРМАЛАУДЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz