ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА ЖАҢА ТҰРПАТТЫ МҰҒАЛІМ ДАЙЫНДАУ ТӘЖІРИБЕЛЕРІ ЖӘНЕ КЕЛЕШЕГІ


Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 6 бет
Таңдаулыға:   

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА ЖАҢА ТҰРПАТТЫ МҰҒАЛІМ ДАЙЫНДАУ ТӘЖІРИБЕЛЕРІ ЖӘНЕ КЕЛЕШЕГІ

Қазақстан өз дамуының жаңа сатысында әлемдегі аса дамыған 50 мемлекеттің қатарына енгізуді жеделдетуді басты нысана етіп отыр. Осыған байланысты білім беру саласындағы саясат әлемдік еңбек нарығында бәсекеге қабілетті мамандарды дайындауды қамтамасыз ететін және әлемдік білім кеңістігімен үйлескен ұлттық моделді қалыптастыруға бағытталып отыр.

ЖОО реформалау негізінде жасалатын Қазақстандық жоғары мектепті Еуропалық білім беру кеңістігімен үйлестіру 2010 жылдың 12 наурызы күні ақпан айында халықаралық форумда Қазақстанды Болон процесіне қабылдау арқылы мақұлданды. Елбасының тапсырмасымен Қазақстанның білім жүйесі еуропалық білім кеңістігіне қосылды. Болон процесіне қатысушы 46 мемлекеттің білім министрлері бас қосқан форумда олар Қазақстандағы білім беру реформасына үлкен баға беріп, Болон процесіне қатысушы 47-ші ел деп таныды[1] .

Қазақстан Республикасының Президенті Н. Ә. Назарбаевтың 2010 жылдың 29 қаңтарындағы Қазақстан халқына Жолдауында білім беру жүйесін реформалау нәтижелерінің бірі ретінде орта білім берудегі 12 жылдық оқыту моделін атап көрсеткен еді. Бұл Қазақстан Республикасының Президенті Н. Ә. Назарбаевтың, білім саласын басқарушы азаматтардың және еліміздегі барлық педагогтардың жас ұрпақты тәрбиелеуде әлемдік бәсекелестікке қабілеттілікті дамытуды меже еткендігін куәландырады[2] . Осы межені біз еліміздің ұрпақ тағдырына жауапкершілікпен қарау арқылы білім мен әлеуметтік салаға ерекше назар аударғандығының кепілі деп бағалауымыз қажет.

Бүгінгі күні елімізде талқыланып жатқан Қазақстан Республикасында 2011-2020 жылдарға дейінгі білім беруді дамыту мемлекеттік бағдарламасының жобасында, білім беру жүйесі сапасын жақсарту мақсаттары қойылған. Бағдарламада оқытудың барлық сатыларын біріктіру, педагогикалық басқаруды, қаржыландыруды жетілдіру, электронды оқытуды енгізу, ең бастысы - педагог беделінің өсуі қамтылған[3] .

Заманауи саясатта білім беру қоғам дамуының басты тетігіне жатқызылады. Кез келген дамыған мемлекеттің ұлттық пайдасының 40-70% өсімі оқыту мен білім беруге жұмсалады. Сондықтан қазіргі жағдайда білім берудің бәсекелестігі мен тиімділігін арттыруға ықпал ететін мақсаттарды шешу басым бағыт ретінде бағаланады. Бұл мақсатты шешу үшін мемлекетке көп нәрсе істеу, ең бастысы жаңа тұрпатты педагогтарды дайындау қажет.

ХХІ ғасырда жалпы білім беретін орта мектепте мұғалімнің рөлі мен қызметі қатты өзгеріске түсіп отыр. Бүгінгі күні мұғалім бұл сөздің тар аядағы мағынасын-дағы «пән мазмұнын тасымалдаушы» бола алмайды, ғылым мен техниканың жеке адам тұлғасының бағдарлы қалыптасуына ықпалын реттеуші, ақпараттар ағынын сараптау арқылы білім мазмұнын анықтаушы, оқушылар ортасында мәдени қарым-қатынасты қамтамасыз етуші құзырлы маман деңгейіне көтерілуі тиіс.

Сондықтан заманауи жағдайларда жаңа тұрпатты педагогтарды дайындаудың психологиялық-педагогикалық және әдістемелік дайындық пен болашақ мұғалім тұлғасын қалыптастыруға бағытталған үш құраушысының органикалық үйлесімі табысты нәтижеге қол жеткізуге мүмкіндік береді деп қабылданды.

Қазақстан Республикасында педагогикалық білім беру ерекшелігінің осылайша қабылдануы мемлекеттік дәрежеде іске асатын кешенді іс-шаралардың тұжырымда-малық негізі бола алады.

Осы тұрғыда Тараз мемлекеттік педагогикалық институтының профессор-оқытушылар ұжымы Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық Білім Академиясымен бірлесе отырып ҚР үздіксіз педагогикалық білім берудің мемлекеттік бағдарламасын жасау-ды ұсынамыз.

Ең алдымен мұғалім мамандығының беделін көтеру мәселесіне назар аударған жөн. Біріншіден, мұғалім корпусының ескіріп бара жатқанынан, екіншіден мектеп-тегі мұғалімдердің басым көпшілігін әйелдерден тұруынан, ер-азаматтарды мұғалім-дік қызметке тарту қажеттігінен байқалып отыр. Бұл мәселелерді шешу үшін елімізде жасалынып жатқан біраз игі істерге тоқталған жөн. Мысалы, біраз уақыттан бері мем-лекет қазіргі кезде кластерлік бастамаларды есепке ала отырып, техникалық маман-дықтар бойынша инженер кадрларды дайындау басымдығына байланысты, инженер-кадрлар және ауылшаруашылығына қажетті кадрлар дайындауға баса көңіл аударып келеді. Техникалық мамандықтар тобына берілетін мемлекеттік тапсырыс көлемі 10965 мемлекеттік грант немесе барлық мемлекеттік тапсырыстың 33% құрайды. Соған байланысты, инженерлік кәсіптер бойынша университеттік зертханалар ашыл-ды, техникалық және ауылшаруашылығы мамандықтары бойынша бакалаврлар дайындауға гранттар саны көбейтілді. Осылайша, мемлекеттік дәрежеде жасалған іс-шаралар негізінде, жастардың аталған мамандықтарға қызығушылығы өскенін, олар-дың техникалық ЖОО-на байқауға тапсырған өтініштер санының көбеюі көрсетіп отыр. Біз, осындай жүйелі жұмыс мұғалім мамандығының беделін көтеру үшін және педагогикалық ЖОО-на талантты ұлдар мен қыздарды тартуда нәтижелі болар еді. Соған байланысты, педагогикалық ЖОО түсуші және оны бітірген ер балалар нақты кепілденген жеңілдіктерге ие болуы қажет.

Бүгінгі таңда ҚР БжҒМ жүргізіп отырған жоспарлы жұмыс, біздің мектептері-міздегі ақпараттау жұмыстарын жүргізудегі артта қалу мәселесін шешті, әрбір қазақ-стандық оқушының сапалы білім алу маршруттарын анықтау және оларды қаржы-ландыруға қол жеткізді. Өздеріңіз білетіндей, білім беру сапасы техникалық жақтан: компьютерлік техникамен, бейнеаппаратурамен, физикалық құрал-жабдықтармен, химиялық реактивтермен қамтамасыз етумен байланысты, ал ол қыруар қаржыны қажет етеді. Сондықтан Мемлекеттік бағдарламада мектеп оқушысының дағдысы мен іскерлігінен мұғалім біліктілігінің қалып кетпеуі үшін, мектеп пен ЖОО-ның техникалық базасының жаңа және әлемдік талаптарға сәйкес болуын қамтамасыз етуде біркелкі қатынас орнату қажеттігі күн тәртібіне қойылуы керек.

Президенттің бастамасының нәтижесінде орта білім беру инфрақұрылымы дамудың жаңа дамуына ие болды. «100 мектеп» бағдарламасын іске асыру нәтиже-сінде елімізде жаңадан 106 мектеп салынды. Қазіргі таңда республика мектептері пәндік, лингафондық және мультимедиялық құралдармен жабдықталуда. Заманауи техникалық құралдармен жабдықталу көрсеткіші жағынан қазіргі мектептер ЖОО басып озып отыр. Соған байланысты, ЖОО түлегі институтта оқу үдерісінде пайдала-нылмағандықтан, мектептегі оның болашақ оқушысы жеңіл пайдаланатын жетілді-рілген компьютерлерді игермеу жағдайы кездеседі.

Қазіргі кезде елімізде педагогикалық мамандықтар бойынша маман дайындай-тын 65 ЖОО қызмет атқарғанымен, олардың сапасы жоғары деп айту бүгінгі таңда нақты қиындық туғызып отыр. Оның үстіне, соңғы жылдары педагогтар дайындау-мен кәсіби бағдарланбаған ЖОО белсенді түрде айналысып отыр. Бірақ көпшілік педагогикалық ЖОО маман дайындау сапасының жоғары екендігін мойындауда.

Орта білім еліміздің ұлттық қауіпсіздігінің құрамды бөлігі болып табылатын-дықтан, біздің ойымызша, педагогикалық мамандықтар бойынша маман дайындауға тек қана педагогикалық ЖОО, сондай-ақ, өз кезінде педагогикалық институттар база-сында құрылған аймақтық педагогикалық университеттерге ғана рұқсат ету қажет. Осылайша, дәрігерлер, әскери қызметкерлерді дайындау жүйесінде қалыптасқан дәстүр секілді, педагогтарды да сәйкес дәстүрі, ғылыми мектебі, ең бастысы, ғылыми-педагогикалық кадрлары бар ЖОО ғана дайындауы қажет.

Педагогикалық мамандар дайындауда ЖОО шектелу жасалған жағдайда ғана, олардың материалдық-техгникалық базасын: оқу зертханаларын, арнайы кабинеттер-ді, компьютерлік базасын, олардың бағдарламамен қамтамасыз етілуін ауқымды модернизациялау жұмысы жеңілдейді.

Жасыратыны жоқ, институттар мен университеттердің шығын сметасындағы қаржы педагогикалық ЖОО-ның оқу-техникалық базасының жабдықталуына жеткі-лікті көңіл аударылмайды. Сондықтан, қалыптасқан жағдайдан шығудың тиімді жолы, педагогикалық кадрларды дайындаудағы жауапкершілікті көтеру мақсатында, педа-гогикалық ЖОО қаржыландыру басым саясатын жүргізу болар еді.

Жаңа тұрпатты мұғалім дайындаудағы қол жететін табыс білім беру үдерісінің сабақтастығы ЖОО дейінгі дайындық педагогикалық колледждерде тиімді іске асады. Педагогикалық колледждердің ЖОО-мен үйлескен білім беру бағдарламалары олар-ды бітірушілерге педагогикалық ЖОО-ның екінші немесе үшінші курсынан оқуын жалғастыруына мүмкіндік береді. Үздіксіз педагогикалық білім беруді қамтамасыз ету үшін 2010 жылы Тараз мемлекеттік педагогикалық институтында инновациялық-педагогикалық колледжі ашылды.

«Колледж» термині әлемде кәсіби білімнің жоғары сатысын көрсетеді. Осы тұрғыдан келгенде, АҚШ-да екі жылдық колледждерде 5, 5 млн. студент, яғни барлық студенттің 37% оқиды. Ағылшын колледждерін бітірушілер жоғары ұлттық диплом немесе бакалавр дәрежесін алады. Болон декларациясы аясында осындай тәжірибені колледждер базасында біздің республикғамызда да пайдалануға болады. Педагогика-лық колледждерде: педагогика және ақпараттық технологиялар; музыкалық-эстети-калық; әлеуметтік, түзету-педагогикалық және т. б. келешегі бар бағыттар тиімді дами алады. Жалпы алғанда, педагогикалық колледждердің дамуы көптеген факторларға, көп жағдайларда қарама-қарсы факторларға байланысты. Бір жағынан, кәсіби білім беруді енгізумен бірге жоғары білімі бар мұғалімдер қажет болады. Екінші жағынан, ұзақ уақытты болжам жоғары білімді толық қажет етпейтін мамандар, яғни мектепке дейінгі мекемелер мен интернаттардың тәрбиешілері, қосымша білім педагогтары қажет болатынын көрсетіп отыр. Мысалы, 2009 жылы ағылшынның 1300 бастауыш мектебі шет елдік мамандар арасынан мектеп директорының бос орнына байқау жариялады. Осы жағдай аясында келісім шарт негізінде мамандарды арнайы дайын-дау тәжірибесін пайдалану дұрыс болар еді. Сондай-ақ, дипломды алудың алғышарты болатын дәрігерлік интернатурадан өту секілді бір жылдық педагогикалық практика-дан өту тәжірибесін қолданған дұрыс болар еді.

Заманауи білім беру парадигмасын іске асыру жағдайында педагогикалық кадрларды дайындау ғана емес, сондай-ақ қайта дайындау да өзекті мәселеге айна-лып отыр. Мектептердің болашағы білім беру субъектілерінің менталитетінің қанша-лықты тез және сапалы өзгеруіне байланысты болары сөзсіз. Қазіргі кезде қоғам үшін әлеуметтік және мәдени-білім беру институты ретінде мектеп өте қажет. Білім беруді жетілдіру жағдайында біліктілікті көтеру жүйесінің міндеті жоғары білікті жаңа қалып мұғалімін дайындауға барынша ат салысу, тек қана білімді қалыптастыратын пәнге балама болып қана қоймай, сондай-ақ тұлғаның санасын жаңа мәдени ғасырда оны тиімді түрде әлеуметтендіруге қажетті мәдениет кеңістігін көрсететін мазмұнды таңдау, оқыту нұсқаларын жасау болып табылады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жаңа тұрпатты мұғалім даярлауда білім сапасын бағалаудың басым бағыттары
Білім берудің құрылымы
Жаңа формация мұғалімі және болашақ мұғалімдерді кәсіби дайындаудың өзекті мәелері
Жаңа білім беру жүйесіне көшуде жаңа тұрпатты мұғалімдерді даярлаудың ғылыми - теориялық негіздері
Жаңа формация мұғалімін кәсіби дайындау моделі
Жаңа тұрпатты бастауыш сынып мұғалімдерін даярлаудағы құзырлық қатынасты қалыптастырудың әдістемелік негіздері
Жаңа тұрпатты мұғалімді қалыптастыруда ақпараттық технологияларды қолданудың педагогикалық шарттары
Ақпараттық технологияны оқыту процесінде пайдалану
Мұғалімдердің педагогикалық және әдістемелік білім деңгейін жетілдіру
Бастауыш сыныптың жаңа тұрпатты мұғалімін қалыптастырудың педагогикалық негіздері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz