ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА ЖӘНЕ ӘЛЕМДЕ СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ КҮРЕСТІҢ ДАМУЫ



Пән: Құқық, Криминалистика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 5 бет
Таңдаулыға:   
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА ЖӘНЕ ӘЛЕМДЕ СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА
ҚАРСЫ КҮРЕСТІҢ ДАМУЫ

Алимкулова А.Т.
М.Х. Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университеті, Тараз

Жемқорлық (латын corruption – сатып алу) – лауазымды тұлғалардың сеніп
тапсырылған құқықтар мен өктем өкілеттіліктерді жеке баю мақсатында
пайдаланудан тұратын саясат немесе мемлекеттік билік аясындағы қылмыстық
әрекет елде реформа жүріп қоғамдық, мемлекеттік және экономикалық негіздер
өзгеріске ұшыраған кезде сыбайлас жемқорлық қалайда етек алады. Жемқорлық
пен азаматтық қоғам институттарының өзара байланысы мен өзара әрекеттестігі
қазіргі заң әдебиетінде аз зерделенген.
Құқықтық мемлекеттің негізі болып табылатын азаматтық қоғамның қалыптасу
мәселесіне біршама еңбектер арналғанмен бұл проблемалар үстіртін қарағанын
өзі азаматтық қоғамның еркін дамып келе жатқан саяси және экономикалық
институттарының (партиялардың, кәсіподақтардың, қорлардың, кәсіпкерлік
құрылымдардың) мемлекетте орын алып отырған сыбайлас жемқорлық
практикасымен, оның ұлғайып бара жатқан ықпалы мен мүлдем сыйыспайтындығы
туралы тұжырым жасауға итермелейді.
Шығыста, оңтүстікте және Батыста пайда болған қандас туыс, жерлес
этноұлттық сияқты мафиозды құрылымдар көптеген ғасырлардан бері мәлім, олар
әлеуметтік жат ортада өзін-өзі қорғау және, бейімдеу мақсатында құрылып
бара-бара криминалдық сипат алған.
Сыбайлас жемқорлық дегеніміз – заңда қарастырылмаған жеке немесе
дәнекерлер арқылы мүліктік игілікке және мемлекеттік функцияларды атқаратын
басымды тұлғалардың және де соларға теңестірілген тұлғалардың, лауазымдық
дәрежелерін қолдана отырып және де лауазымының мүмкіндіктерін өз мүддесіне
қолдана отырып мүліктік табыс алу үшін жасалынатын қадамдар.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес – бұл үздіксіз процесс. Сыбайлас
жемқорлық қылмысы үшін жауаптылық нормаларының қолданылмауы, абсолютті
көрсеткіш болып табылмайды, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің болмауы
сыбайлас жемқорлықтың өзінің болмауымен бірдей. Сыбайлас жемқорлықтың
тамырына үңілгенде бұл мәселеден шығудың жолы жоқ деген сезім тумауы керек.
Сыбайлас жемқорлықтың белең алуының бірден-бір себебі – мемлекеттік
қызметкерлердің жұмысын және олармен қолданылатын шешімдерді әлеуметтік-
құқықтық бақылаудың жеткіліксіздігі. Нарықтық экомомика әлеуметтік-құқықтық
бақылаудың бұзылуын қолдамайды. Керісінше, ол нақты құқықтық белгілеулер
арасында дамып отырады. Әлеуметтік-құқықтық бақылау дегеніміз – бұл
криминологиялық, алдын-ала ескертулік бақылау, бірақ алдын-ала ескерту
болмаған жағдайда оған қылмыстық-құқықтық құрам кіреді. Ол қызметкерлердің
міндеттерінің нақты дайындалған заңдардың негізінде ұйымдастырылуын
қамтамасыз етеді. Мемлекеттік қызметкердің қабылдаған шешіміне қатаң
әлеуметтік-құқықтық бақылаудың бекітілуі сыбайлас жемқорлық қылмысының
алдын-ала ескертілуіне маңызды бағыт болып табылады.
Көптеген елдердің заңгерлерінің пікірінше, бұл мәселенің шешілуіне
қылмысқа қарсы күрестің криминологиялық әдістерін қолдану себебін тигізеді,
соның ішінде кіріс көздеріне, қаржы-экономикалық және сыбайлас жемқорлыққа
күдікті басқа тұлғалардың қызметтеріне ерекше әлеуметтік-құқықтық бақылауды
бекіту де бар.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы құқықтық саясаттың субъектісі-адам, ол жай
жеке тұлға ретінде ғана емес, азаматтық қоғамның өмір тіршілік барысында
объективті қалыптасқан қоғамдық қатынастарға қатысуын және саяси
мәдениеттің көзі ретінде қарастырылады.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресте қолданылатын әлеуметтік-құқықтық
бақылау шараларын әрекет ету механизміне байланысты тағы екі топқа бөлуге
болады: бұлар – бақылаушы субъектілерінің билік ету өкілеттігі және оларға
міндеттерін хабарлайтын, азаматтардың конституциялық құқықтары мен
бостандықтарына объективті түрде қысым жасамайтын бақыланушы жеке және
заңды тұлғалар. Осындай шараларға әр түрлі құқықтық нысандарда айтылған
бақылаушы құрылымдардың қажетті ақпаратты алуына, ұсынылған мәліметтердің
жалған еместігін тексеруі мысал бола алады.
Жоғарыда айтылған шаралардың жалпы кемшілігі олардың жүйесіздігі, жеке
нормативтік актілер бойынша бір мақсатқа бағытталмауы, сыбайлас жемқорлыққа
қарсы арнайы бағыттың жоқтығы. Қолданылатын әлеуметтік-құқықтық бақылау
шараларының нәтижесіздігіне оны орындаушылардың өзара бірігіп әрекет
етуінің әлсіз болуы да жатады.
Әлемдік тәжірбиенің арғы-бергі тарихына көз салып, ой зерделесек,
экономикасы қарыштап дамыған қуатты мемлекеттердің өзі заманның жеті құрты
іспеттес-жемқорлыққа қарсы күресте түбегейлі жеңісіне жетіп көрмепті. Сонау
мүлік теңсіздігі пайда болған сәттен бастап–тіршілік өз дәнін тастап
үлгерген жемқорлық біреудің мүлкін әлімжетік жасап тартып алу секілді
арнайы әрекеттен мемлекет қазынасын талан–таражға салу, мансабын пайдалану
тәрізді анағұрлым жетілдірілген биік дәрежеге көтерілуі талай–талай
дәуірлерді артқа тастаған бұл дерттің өлмейтін, өшпейтін итжандылығын
дәлелдесе керек. Сондықтан да негізгі мәнін өзгертпесе де заманына қарай
айла-шарғысын түрлендіріп отыратын осынау қауіпті құбылысқа БірікенҰлттар
Ұйымы Бас ассамблеясы алғашқылардың бірі болып күрес жариялап, әлемдік
деңгейде халықаралық конференциялар әзірлеуі тектен-тек емес.
Азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау, Қазақстан
Республикасының қауіпсіздігін жемқорлықтан туындайтын қатерден қорғау,
парақорлықпен байланысты құқық бұзушылықтың алдын алу, оны анықтау және
ашу, олардың келген зардаптарын жою, кінәлілерді жауапқа тарту жолымен
мемлекеттік органдардың, лауазымды және де басқа мемлекеттік қызметтерді
жүзеге асырушы адамдардың, сондай-ақ оған теңестірілген адамдардың қызмет
ету тиімділігін қамтамасыз етудің талаптары Қазақстан Республикасында 1998
жылы 2 шілдеде Сыбайлас жемқорлықа қарсы күрес туралы ҚР заңының шығуына
себеп болды. Осы заңда жемқорлыққа қарсы негізгі қағидалары анықталып,
соған байланысты құқық бұзушылықтың түрлері, сондай-ақ, қылмыстық
зерттеулерде жемқорлық мемлекеттік және өзге де қызметшілердің
сатқындылығымен және осы беделдері мен мүмкіндіктеріне сатылуымен ресми
қызметтік өкілеттіліктерін жеке бас мақсатына, не болмаса шағын топтың
мүдесіне пайдалануымен сипатталатын әлеуметтік құбылыс деп атап көрсетеді.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы заңда қауіпті кесапаттың жолын
кесу шаралары жан-жақты жауапкершіліктің күшіне ену арқылы белгіленген.
Қарастырылғанына қарамастан әлгіндей жағымсыз құбылыстардың маңызды
буындардан қылаң еріп, ол жайында дабыл көтерілгенімен ізінен сөз ерген
лауазымды тұлғаның іле-шала судан шығатындығы бұл төңіректе әлі де көптеген
мәселелердің жете ойластырылмай отырғандығын байқатады. Бір сөзбен
айтқанда, жемқорлыққа қарсы күрестің кей жағдайларда негізгі бағытынан
ауытқып, қатардағы науқандық іске айналып кететіндігіне осындай да
түйіткілер бар тәрізді [1].
Адамдардың өз мәртебесін және соған байланысты мүмкіндіктерін заңда
көрсетілмеген материалдық, басқа да мүліктік игіліктер мен артықшылықтар
алу үшін пайдалану, сондай-ақ осы игіліктерді заңсыз ұсыну жемқорлықтың
негізі болып табылады. Мемлекеттік немесе басқа қызметтегі адам жасырын
түрде лауазым беделі мен оған байланысты мүмкіндіктерге негізделген өзінің
қызметтік өкілеттілігін немесе көмегін жеке және заңды тұлғаларға ұсынады,
ал былайша айтқанда бұл ұсынысты қабылдаушы мүліктік игіліктер ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Сыбайлас жемқорлықтың даму тарихы және түрлері
Сыбайлас жемқорлықтың жалпы ұғымы мен маңызы
Сыбайлас жемқорлықтың жалпы ұғымы мен маңызы туралы
Сыбайлас жемқорлық түсінігі және оның мәні
Сыбайлас жемқорлық сананың функциялары
Жүргізілетін экономикалық саясат ұсынымдарды бағалау
Парақорлықтың обьектісі мен заты
Әлеуметтік құқықтық құбылыстар мен ғылыми құжаттарды қолдану негізінде және парақорлыққа қатысты әртүрлі қайнар көздерін бір ауызға келтіріп, нақты түсінік беру және қазіргі деңгейін анықтау
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қылмыстар бойынша қылмыстық заңды қолданудың теориясы мен тәжірибесі, оның тиімділігі
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың қалыптасуы мен дамуы
Пәндер