Қазақстан үшін Шетелдік инвеститцияның маңызы, оның құқықтық негіздері


Мазмұны
Кiрiспе . . . ……… . . . 4
1 Қазақстан Республикасында инвестициялық қызметтің түсінігі мен құқықтық жағдайы
1. 1 Инвестициялық қызметтің түсінігі мен мазмұны . . . 6
1. 2 Инвестициялық қызметтің құқықтық жағдайы . . . 11
1. 3 Инвестициялық процестердiң кезеңдерi және жүзеге асырудың құқықтық тәртібі . . . 15
2 Шет елдік инвестицияның құқықтық режимі
2. 1. Шет елдік инвесторлар қызметінің құқықтық режимі . . . 24
2. 2. Шетелдік инвестицияның құқықтық реттелуі мен оны жетілдіру мәселелері . . . 26
2. 3. Шетелдік инвестиция тартудың ерекшеліктері мен құқықтық негіздері . . . 48
2. 4. Инвестицияларды мемлекеттік басқару және қолдау . . . 56
Қорытынды . . . 59
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі . . . 61
Кіріспе
Қазіргі таңда нарықтық қатынастарға өткен дербес егеменді еліміздің алға қарай даму барысынды түрлі әрекеттер атқарыла бастады. Кеңестік экномикадан нарықтық экномикаға өткенде еліміздің экномикасындағы байланыстар (өндірістік, экномикалық, сауда-саттық) үзіліп қалды, яғни экномикамыздың әсіресе үзілген байланыс салдарынан тоқтап қалған кәсіпорындарының жұмыс істеуі мен қайта жандануға инвестициялық көздердің маңызы зор. Осы инвестициялық қатынастарды қазіргі таңда Қазақстан Республикасында «Инвестиция туралы» заңы реттейді [1] .
Қазақстан Республикасы нарықтық экномикаға өтуіне байланысты өз нарықтық институтын, мемлекеттік басқару жүйесін, экномикалық шаруашылық жүйесін қалыптастырды. Осыған байланысты күрделі бақылау жүргізу барысында мемлекет экномикасына инвестицияны тарту жөнінде көлемі ұлғайғанын бақылап, және тартудың маңыздылығы байқалып, әсерінен мемлекет экномикасының дамуы көрінуде. Мемлекеттегі инвестициялық климоттың тұрақтылығы оның көлемі, құрылымы, тиімділігі шетел инвесторларға бизнесін дамытуға, үлкен табыс алуға, елдің жағдайын көтеруге жол ашты.
Қазақстан Республикасының “Шетелдік инвестиция туралы” 1994 жылғы Заңында: “Инвестициялар дегеніміз- мүліктік құндылықтардың барлық түрлері және оларға деген құқық, сондай-ақ пайда (табыс) алу мақсатында инвесторлардың кәсіпкерлік қызмет нысандарында жұмсалған интеллектуалдық меншікке құқық” делінген. Ал Қазақстан Республикасының «Инвестиция туралы» 2003 жылғы 8 қаңтардағы № 373 Заңында: Инвестциялар - лизинг шартын жасаған кезден бастап қаржы лизингі заттарын, сондай-ақ оларға құқықтарды қоса алғанда, заңды тұлғаның жарғылық капиталына инвестор салатын мүліктің барлық түрлері (жеке тұтынуға арналған тауарлардан басқа) немесе кәсіпкерлік қызмет үшін пайдаланылатын тіркелген активтерді ұлғайту, сондай-ақ концессионердің (құқық мирасқорының) концессия шарты шеңберінде жасаған және алған тіркелген активтері болып өзгерілген.
Жалпы инвестиция арқылы қоғамның прогрессшіл дамуында таптар мен әлеуметтік топтардың мүліктік жағдайы, алатын табысы, орны мен маңызы, Қазақстан Республикасының Президенті Н. Ә. Назарбаевтың халқына 2009 жылғы 6 наурыз «Дағдарыстан жаңару мен дамуға» атты жолдауында перспективалық инвестициялық жобаларды қаржыландыру және іске асыруды жалғастырамыз деген. Ең алдымен бұл мұнай өңдеу зауыттарын жаңарту керектігін және бұл іспен айналысу керектінін айттып өтті. Қазақстанның дүние жүзі мемлекеттері арасындағы, экномикалық көрсеткіштері мен абыройы артады, қоғам дамуында кешегі, бүгінгі және ертеңгі сатыларының рөлі анықталып, ол болашаққа екпінді қарқынмен жүруіне, дүниежүзілік цивилизацияланған елдерге интеграциялануына кеңістік ашты. Сонымен қатар, жаңа өндірісті рационалды орналастыру, барлық кәсіпорындар ішінде ірі, орта, шағын және шетел фирмалары толығымен қатысатындарының үлесін оптималды ету, экномикалық өрлеудің әкстинсивтік түрінде қарағанда интенсивтік түрін барынша тиімді дамыту үлкен көлемде инвестициялар ағымдарына тәуелді [4] .
Өнеркәсіпке едәуір инвестиция тарту оның салаларын дамытуға жаңа серпін береді, қолда бар шикізат пен еңбек әлеуетін пайдалануға, шетелдің арзан әрі сапасыз тауарын ығыстыруға қабілетті импорт алмастырушы отандық тауарлар өндірісін құруға, қорытындысында, қосымша жұмыс орындарын құруға мүмкіндік береді. Ал мұнын барлығын заңгерлер және заң шығарушы органдар құқықтық нормалармен бекіту керек.
Дипломдық жұмысыта Шетелдік инвеститцияның өзекті мәселелері, ғылыми жаңашылдығы және практикалық маңыздылығы, қазіргі ғылыми мәселелерді шешу, ахуалын бағалау және тағы басқада ғылыми-теориялық ізденістер жүргізілген.
Дипломдық жұмыстың мақсаты: Қазақстан үшін Шетелдік инвеститцияның маңызы, оның құқықтық негіздері.
Дипломдық жұмыстың міндеттері : Шетелдік инвеститцияның құқықтық реттелуі мен жетілдіру мәселелері.
1 Қазақстан Республикасында инвестициялық қызметінің түсінігі мен құқықтық жағдайы
- Инвестициялық қызметтің түсінігі мен мазмұны
"Инвестиция" деген сөз латынның "инвест" (салу) дегенінен шыққан. Енді кім инвестор, ол не салады, не мақсатпен және қайда салады деген сұрақтарға жауап туады. Капиталды салады, оның көптеген түрі болады:
Сөйтіп, нені салуға болады? ірі банктердің қаржылық ресурстары, өнеркәсіптік фирмалардың миллиардтаған пайдалары, жай адамдардың жинаған ақшалары, кәсіпқойлық дағды мен қабылеттілік "ноу-хау", әрбір бизнесменнің денсаулығы мен уақыты. Мұнда инвестиция жөнінде кеңінен қандай да болмасын қаржыны ірі және ақша ғана болуы емес салудан кейіннен табыс, пайда алу көзделеді.
Бұл - акцияны сатып алу, олармен биржадағы ойынға қатысу, бартерге жұмсау, тауарлы-материалдық запастармен сауда жасау және басқадай толып жатқан ойындар да болуы мүмкін.
Инвестиция дегеніміз - табыс алу мақсатында кәсіпкерлік және басқа да қызмет түрлері, объектілері, ақша қаражаттар технологиялар, машиналар, жабдықтар, тауарлық белгілер, несиелер, басқа да мүліктік құқықтық интелектуалдық құндылықттар.
Инвестициялар - кәсіпкерлік қызметтің және нәтижесінде пайда (табыс) құралатын немесе әлеуметтік тиімділікке қол жеткізілетін қызметтің басқа да түрлерінің объектілеріне жұмсалған мүліктік және интеллектілік құндылықтардың барлық түрлері, капиталдың ел ішіндегі және шетелдегі экномикаға ұзақ мерзімді жұмсалымы.
Инвестиция:
- Материалдық-заттықтай инвестиция
- Ақшалай нысан болып бөлінеді.
Материалдық-заттық инвестиция −ол салынуға тиісті өндірістік және өндірістік емес объектілер, жабдықтар, машиналар және т. б. сонымен қатар, ол − ауыстыруға немесе техникалық парктерді көбейтуге, материалдық заттарды басқа инвестициялық тауарларды арттыруға бағытталған.
Ал инвестицияның ақшалай нысаны ол − ақшалай капиталдың материалдық-заттық инвестициясын жасауға, инвестициялық тауарларды қамтамасыз етуге жұмсалады.
Экномикалық жалпы инвестицияны өнім инвестиция деп атайды. Ол −негізгі капиталдың (негізгі қор ) артуын қадағалауға бағытталады. Жалпы инвестиция біріктірушінің екеунен қосылады. Оның ішінде біреуі −амортизация. Ол −негізгі өндіріс құралдарының ұдайы тозу және оның құнын әндірілетін өнімге көшіру процесі.
Екінші біріктіруші таза инвестиция−бұл капиталдың қаржы жұмсау негізгі қорларды арттыру, өсіре беру, ғимараттар салу, өндіру және қондыру, қосымша жабдықтар, қолда бар өндіріс қуаттығын жаңғырту мақсатында іске асырылады. Материалдық өндіріс салаларындағы инвестициялармен қатар, олардың едәуір бөлігі әлеуметтік-мәдени салаларына, яғни ғылым, білім, денсаулық, дене шынықтыру, спорт, қоршаған табиғи ортаны қорғау, осы салалардағы жаңадан салынатын объектілерге, олардағы қолданылып жүрген техника мен технологияларды одан әрі жетілдіруге жұмсалады.
Инвестициялар жалпы ішкі өнімнің ең маңызды және ең өзгермелі компоненттерінің бірі болып табылады. қашанда болмасын құлдырау кезінде тауарлар мен қызметтерге деген шығын қысқарады, бұл қысқарудың үлкен бөлігі инвестициялық шығындар көлемінің құлдырауына қатысты.
Қазақстан Республикасының “Шетелдік инвестиция туралы” 1994 жылғы Заңында: “Инвестициялар дегеніміз- мүліктік құндылықтардың барлық түрлері және оларға деген құқық, сондай-ақ пайда (табыс) алу мақсатында инвесторлардың кәсіпкерлік қызмет нысандарында жұмсалған интеллектуалдық меншікке құқық” делінген. Ал Қазақстан Республикасының «Инвестиция туралы» 2003 жылғы 8 қаңтардағы № 373 Заңында: Инвестциялар - лизинг шартын жасаған кезден бастап қаржы лизингі заттарын, сондай-ақ оларға құқықтарды қоса алғанда, заңды тұлғаның жарғылық капиталына инвестор салатын мүліктің барлық түрлері (жеке тұтынуға арналған тауарлардан басқа) немесе кәсіпкерлік қызмет үшін пайдаланылатын тіркелген активтерді ұлғайту, сондай-ақ концессионердің (құқық мирасқорының) концессия шарты шеңберінде жасаған және алған тіркелген активтері болып өзгерілген.
Негізгі қорға қаржы жұмсау ( өндірістің негізгі қоры) босалқы қорларға, резервтерге, сондай-ақ пайда, дивиденд және басқа да табыс табу мақсатымен құнды қағаздар шығаруға ұзақ мерзімді капитал бөлуді инвестиция деп атайды. Қазақстстан Республикасының «Бағалы қағаздар рыногы туралы» 2003 жылғы 2 шілдедегі №461-ІІ Заңында:Инвестициялық портфель арқылы бағалы қағаздар рыногы субектісінің меншігіндегі немесе басқаруындағы қаржы құралдары болып табылады.
Инвестициялар қаржы ресурстарын пайдалануды қысқа мерзімді және ұзақ мерзімді күрделі қаржылар формасында жүзеге асырылады. Инвестициялардың түрлері бойынша тәуекелдік (венчурлік), тікелей, портфельдік және аннуитеттік болып бөлінеді.
Венчурлік капитал− үлкен тәуекелге байланысты жаңа саладағы қызмет көрсетудегі жаңа акциялар формасында шығарылатын инвестициялар болып табылады. Венчурлік капитал жүмсалған қаржынық үлкен өтелімділігі есебіндегі өз өзінен байланысты емес жобаларды инвестициялайды. Ол өзіне түрлі формадағы капиталды ұштастырады: несиелік, акционерлік, кәсіпкерлік.
Тікелей инвестициялау - шаруашылық субъектілерінің табыстар түсіруіне және осы субъектіні басқаруға қатысу құқығын алу мақсатындағы жалға капиталға жұмсалуы болып табылады.
Портфельдік инвестициялар −портфельді қалыптастыруға байланысты (түрлі инвестициялық құндар жиынтығы) және құнды қағаздарды сатып алу, сол сияқты болса да активтер болып есептеледі [1] .
Аннуитеттік− түрақты аралық уақыт арқылы салымшыға елеулі табыс әкелетін, сақтандыру және зейнетақы қорларына жұмсалатын қаржыларды көрсетеді.
Қазақстан Республикасының инвестициясы:
- мемлекеттік бюджет қаражатынан инвестцияларды жүзеге асыруга;
- коммерциялық емес ұйымдарға, оның ішінде білім беру, қайырымдылық, ғылыми немесе діни мақсаттар үшін капитал салуға байланысты қатынастарды реттемейді;
- инвестицияларды жүзеге асыру кезінде туындайтын және Қазақстан Республикасының өзге де заңдарының қолданылатын аясына қатысты қатынастарға осы Заңның ережелері Қазақстан Республикасының осындай заңдарына қайшы келмейтін бөлігінде қолданылады.
- Егер Қазақстан Республикасы бекіткен халықаралық шартта осы Заңдағыдан өзгеше ережелер белгіленсе, халықаралық шарттың ережелері қолданылады. ( Қазақстан Республикасының инвестиция туралы 2003 жылғы 8 қаңтардағы №373 Заңының 2 бабында)
Инвестициялық қызмет бұл - инвестицияларды салып және инвестицияларды жүзеге асыру бойынша тәжірибелік әрекеттер жиынтығы.
Инвестициялық қызмет - жеке және заңды тұлғалардың коммерциялық ұйымдардың жарғылық капиталына қатысуы жөніндегі не кәсіпкерлік қызмет үшін пайдаланатын тіркелген активтерді құру немесе ұлғайту жөніндегі, сондай-ақ концессионердің (құқық мирасқорының) концессия шарты шеңберінде жасаған және алған тіркелген активтері жөніндегі қызметі [11] .
Инвестициялық қызмет «Тікелей инвестицияларды мемлекеттік қолдау туралы» Заң. «Қазақстан Республикасының Президенті Жарлығын өзгерулер мен толықтырулары туралы» Заң кұшіне ие, «бюджетке төленетін салық және басқа міндетті төлемдер туралы». «Шетел инвестициялары туралы» Заң және «Банкроттық туралы», «Коннцессия туралы», «Бағалы қағаздар нарығы туралы», «Қазақстан Республикасының инвестициялық қорлары туралы» және де басқа да нормативтік актілермен реттеледі.
Инвестициялық қызмет- «Заңды тұлғалардың, азаматтардың және мемлекеттің инвестицияларды жүзеге асыру жөніндегі практикалық іс-әрекеттердің жиынтығы» болып табылады.
Кәсіпорынның инвестициялық қызметі - оның жалпы шаруашылық қызметінің ажыратылмайтын бөлегі болып табылады. Кәсіпорынның экномикасында инвестицияның маңызы орасан зор. қазіргі өндіріс үшін ұзақ мерзімді формалардың маңызының өсуі ерекше. Егер кәсіпорын ойдағыдай жұмыс істейтін, өнімнің сапасын арттыратын, шығындарды азайтатын, өндіріс қуаттарын кеңейтетін, өзінің шығарған өнімдерінің бәсекеге жарамдығын арттыратын және рынокта өзінің жайғасымын нығайтатын болса, онда капитал салу қажет және оны салу пайдалы. Сондықтан да оған инвестициялық стратегияны мұқият әзірлеп, жоғарыдағы айтылған мақсаттарға жету үшін оны үнемі жетілдіріп отыру қажет [19] .
Инвестициялық қызметті жүзеге асыру көздері екіге бөлінеді:
- Тартылған құралдар;
- Қарызға алынған құралдар.
Тартылған құралдар тұрақты түрде берілген және олардың иелеріне табыс төлене алатын (дивидент, процент түрінде) және иелеріне қайтарылмайтын құралдар жатады. Олардың қатарына: акция эмиссиясынан түсетін құралдар, қосымша салымдар (поллар), сонымен қатар қайтарымсыз несие үлестік негізде жасалатын мақсатты мемлекеттік қаржыландыру жатады.
Қарызға алынған құралдар белгілі бір мерзімге беріліп, уақыты аяқталған соң процентерімен қайтарылатынақша ресурстары жатады. Қарызға алынған құралдарға: облигацияларды шығарумен байланысты құралдар, сондай-ақ банктер мен басқа да қаржы -несиелік институттарымен, мемлекетпен берілген несиелер.
Тартылған және қарызға алынған құралдарды мобилизациялау әртүрлі әдістермен жүргізіледі, олардың негізгілеріне, несие ресурстары нарығы арқылы, мемлекеттік қаржыландыру арқылы капиталды тарту. 2008 жылы Қазақстан Республикасындағы инвестициялық қызметтің нәтижесі - қаржы емес активтерге жұмсалған 1509, 5 млрд. теңге инвестициясы негізгі капиталға жұмсалған. Қаржы емес активтерге жұмсалған инвестициялардың жалпы көлеміндегі негізгі капиталға жұмсалған инвестициялардың үлесі 94, 2 пайызды құрады.
Капиталды бағалы қағаздар нарығы арқылы тарту нарықтың экномикада маңызы зор. Бағалы қағаздарды эмиссиялау мен орналастырудан түсетін құралдар инвестицияларды қаржыландырудың негізгі көзі болып табылады.
Қаржы нарығында айналымда жүрген бағалы қағаздарэкномикалық мазмұны бойынша екі екі негізгі түрге бөлінеді:
- Үлестік, нақты меншіктегі иеленушінің белгілі бір үлесін анықтайды (акционерлік қоғамдардың жай және артықшылығы бар акцияларға бөлінеді) .
- Қарыздық, иеленушіменн төлеуге міндеттелетін нақты процент ставкасы мен нақты өтеу мерзімі бар бағалы қағаздар (мысалы, облигация) .
Қаржы құралдарын осындай критериге сәйкес эмиссия негізінде пайда болған бағалы қағаздар келтірген және қарызға алынған болып бөлінеді.
Акциялар эмиссиясы. Акцияларды эмиссиялағаннан түскен қаржы құралдары акциянерлік қоғамдармен акциянерлік капиталды келтіруге арналған инвестициялық көздерді қаржыландыруда маңызы үлкен. Акцияларды шығару арқылы меншікті капиталды ұлғайту тек қаржы құралдарына қажеттілігі бар фирманың қайта жаңару негізде ғана болады.
Айта кету керек меншікті капиталдың ұлғаюы басқа шотпен жүзеге асады-бөлінбеген пайданың капитализация арқылы. Меншікті капиталды осы әдіс арқылы ұлғайтуды акционерлік қоғам басшылығы акционерлік қоғам жиналысының қабылдаған шешімі негізінде қарапайым акция ұстаушылардың бөлінбеген пайдадан дивиденттерін төлемей, оны әр түрлі іс-әрекеттерге инвестициялайды. Пайданың қалған бөлігін акционерлік қоғамның акционерлері оларды болашақта табыс алу мақсатында инвестициялайды.
Пайданы ұстап қалу акционерлік капиталды ұлғайтудың акцияны эмиссиялауға қарғанда қарапайым, әрі арзан әдіс болып табылады. Өйткені бұл жағдайда акцияларды сақтау шығындар болмайды. Сонымен қатар пайдаланған инвестициялау практикасы ағымдағы дивиденттерді көбейтуге кедергі келтіріп, акция курсына теріс әсер етуі мүмкін. Өткені, дивиденттерді төлеу үздіксіздігін акция курсының нақты формалары болып табылады. Акциялардың парақтық құнының өсуі олардан түсетін табыстық шоғырлануына байланысты. Сондықтан да неғұрлым көп дивиденттер төлеу, соғұрлым қосымша акцияларды сатқаннан капиталды ұлғайтуды жеңілдетеді [16] .
Пайданы ұстап қалғанда құралдар жоғарғы табыс нормасын беретіндей және дивидентті төлеумен байланысты шығындарды жабатындай инвестициялану қажет. Осылайша жаңа акцияларды сатудан түскен қаржы құралдарына сол акцияның дивиденттерін, сол акция курс кезіндегідей бұрын болған акцияларын капитал көлеміндегі табыстар қайтамсыз ететіндей инвестициялау қажет.
Жалпы алғанда акциянерлеу, инвестициялау әдісі тек бәсекеге қабілетті кәсіпорынға ғана тиімді болады. Акцияларды эмиссиялау мен орналастыру үлкен шығындармен байланысты. Сондықтан бірге алдындағы акциялардың құнсыздануы мүмкін, акциялардың бақылау пакетінің жоғалуы, акционерлік қоғам басқа фирмамен сатып алынуы.
Қазіргі уақытта кәсіпорындардың тиімді жұмыс істеуін қамтамасыз ететін экномикалық құрылымдарды қалыптастыру өте маңызды. Олардың жұмысының алға басуы көп жағдайда қаржы ресурстардың, яғни инвестицияларды тартуды талап етеді. Осыған орай кәсіпорындарда инвестициялық қызметті күшейтуде. Себебі, кәсіпорындар бәсекеге қабілетті болып, өз өндіріс ауқымын кеңейтуде, яғни инвестициялық қызметті дамыту бірден-бір жол болып табылады. Инвестициялық қызмет жеке және заңды тұлғалардың коммерциялық ұйымдардың жарғылық капиталына қатысуы жөніндегі не кәсіпкерлік қызмет үшін пайдаланылатын тіркелген активтерді құрау немесе ұлғауту жөніндегі, сондай-ақ концессионердің (құқық мирасқорының) концессия шарты шеңберінеде жасаған және алған тіркелген активтері жөніндегі қызметі. ( Қазақстан Республикасының инвестиция туралы 2003 жылғы 8 қаңтардағы №373 Заңының І-тарау, 1- бабында) .
Инвестициялық қызметтің субъектілері болып- инвесторлар, тапсырыс берушілер, жұмысты жүзеге асырушылар. Инвестициялық қызметтің объектілері болып пайдаланушылар, сонымен қатар жабдықтаушылар, заңды тұлғалар және басқа да инвестициялық қызметтің қатысушылары табылады. Инвестициялық қызметтің объектілерін пайдаланушылар инвестор және басқа да жеке және заңды тұлғалар, мемлекеттік және муниципалдық органдар, инвестициялық қызметтің объектісі арналған шетелдік мемлекеттер және халықаралық ұйымдар болуы мүмкін. Инвестициялық қызметтің субъектілері инвестицияның іске асырылуы тәжірибелік түрде жүзеге асырылып жатқан инвестициялық салада іс-әрекет жасайды.
Инвестициялық қызмет объектілері Қазақстан Республикасының заң актілерінде көзделген жағдайларды қоспағанда, инвесторлардың кәсіпкерлік қызметтің кез келген объектілері мен түрлеріне инвестициялар салуды жүзеге асыруға құқығы бар. Инвесторлардың кәсіпкерлік қызметтің инвестициялар жүзеге асырылатын объектілері мен түрлеріне қатысты құқықтары мен міндеттері осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңнамалық актілерінде және тиісті шарттарда белгіленеді [13] .
Ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету қажеттігі негізге алына отырып, Қазақстан Республикасының заң актілерімен инвестициялық қызмет шектелетін немесе оған тыйым салынатын қызмет түрлері және аумақтар белгіленуі мүмкін. (Қазақстан Республикасының инвестиция туралы 2003 жылғы 8 қаңтардағы №373 Заңының ІІ-тарау, 3- бабында) .
Сыртқы экномикалық қызметтің маңызды аспектісі - шетел инвесторларының қатысуы және республика экномикасын тұрақтандыру үшін шетел кредиттерін тарту. Бұл қаражаттар ұлттық шаруашылықтың құрылымын жетілдірудің басым міндеттерін шешу, рынокты тұтыну тауарларымен молайту және экспорттық әлуетті кеңейту үшін нысаналы әрі тиімді пайдаланылуы тиіс. Сыртқы кредиттерді қамтамасыз ету үшін алтын-әкімшілік рәсімдерді ықшамдау: жұмыс істеу құқығына, ел ішінде жүріп-тұруға, кедендік және шекаралық бақылаудан өтуге рұқсаттар беру, рұқсатнама беру болып табылады.
- Инвестициялық қызметтің құқықтық жағдайы
Кез келген ел экномикасына капитал келтіру сол елдегі қалыптасқан инвестициялық құқықтық жағдайға байланысты.
Инвестициялық құқықтық жағдай - бұл күрделі қаржы келтіруге және оны тиімді пайдалануға қолайлы саяси, экномикалық, заңдық, әлеуметтік, тұрмыстық және тағы басқа факторлардың жиынтығы.
Құқықтық база елдің қабылданған заңдар жүйесіне сүйенетіні белгілі. Бұлардың арқасында қазірдің өзінде қалыптасқан экномикалық заңдар елеулі роль атқарады. Іс жүзінде алғанда Қазақстанда шетелдік және отандық инвестицияларды тарту және қолданудың жалпы мемлекеттік жүйесін құру аяқталып келеді. Оған ел конституциясымен бірге «Азаматтық және Салық кодекстері», «Шаруашылық Серіктестік туралы», «Жекешелендіру туралы», «Шетелдік инвестициялар туралы», тікелей шетелдік инвестицияларды мемлекеттік қолдау туралы, валюталық реттеу туралы, қүнды қағаздар нарығы туралы, инвестициялық қорлар туралы, банктер мен банк жүйесі туралы, жер қайнаулары және жер қайнауларын пайдалану туралы, мүнай туралы, сақтандыру туралы және т. б. зандар зандық негіз болып табылады [9] .
"Тікелей инвестицияларды мемлекеттік қолдау туралы", ҚР Заңы, Салық кодексі, Кеден кодексі, "Жер туралы" ҚР Заңы, "Шетел инвестициялары туралы" ҚР Заңы мен 2010 жылға дейінгі Қазақстан Республикасының стратегиялық жоспары отандық және шетелдік инвестицияларды Қазақстан экномикасына тартуды реттейтін негізгі заңнамалық құжаттар болып табылады.
Құқықтық база жасалғанымен, оларды орындау міндеттемелері бар. Ал бұл өз кезегінде мемлекеттік реттеуші органдар мен инвестициялардың қызметіне байланысты болады. Тікелей инвестицияларды мемлекеттік қолдау мыналардан тұрады:
- артықшылықтар мен жеңілдіктер жүйесін белгілеу;
- инвесторлардың алдында Қазақстан Республикасы атынан өкілдік етеалатын мемлекеттік органның болуы.
Елдің инвестициялық климаты инвестицияларды тарту механизмімен, инвестициялар үшін тартымдылық және инвестициялау кауіп-қатері факторларымен анықталынады. Қазақстанға шетелдік инвесторларды тарту саясатында инвесторлардың келу себептерін есеп алу қажет.
Сонымен қатар, Қазақстанда шетелдік инвесторлар үшін инвестициялық климат жасауға мемлекеттің сыртқы саясаты, ішкі саяси түрақтылық, инвесторларға қолайлы жағдайлар жасау жатады.
Казақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Инвестициялар жөніндегі комитеті отандық және шетелдік тікелей инвестициялардың экномиканың басым секторларына баруына мемлекеттік қолдау жасаушы өкілетті орган болып табылады. Республикадағы инвестициялық ахуалды жақсарту жөнінде жарнамалық-ақпараттық қызметті белсенді жүргізу, Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Шетел инвесторлары кеңесі мен оның бірлескен жұмыс топтарының қызметін үйлестіру, Қазақстан Республикасының заңнамаларында белгіленген кепілдіктердің орындалуын қамтамасыз етуге ықпал жасау, сондай-ақ, инвесторлардың заңды құқыларын қорғау, оларға мемлекеттік қолдау шараларын көрсету Инвестициялық комитеттің міндеттеріне жатады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz