Қазақстан Республикасындағы 12 жылдық жалпы орта білім беру жүйесі



Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 13 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасындағы 12 жылдық жалпы орта білім беру тұжырымдамасы
 
Кіріспе
 
    Қазақстан Республикасындағы 12 жылдық жалпы орта білім беру
Тұжырымдамасы (бұдан әрі - Тұжырымдама) – жалпы орта білім беру жүйесінің
мақсаты, міндеттері, ұйымдастыру ұстанымдары мен бағыттары бейнеленетін
негізгі құжат болып табылады.
 
    Бұл Тұжырымдама Қазақстан Республикасының "Білім туралы" Занына;
"Казақстан Республикасын 2010 жылға дейін дамытудың стратегиялық
жоспарына"; Қазақстан Республикасында білім беруді 2010 жылға дейін
дамытудың мемлекеттік бағдарламасы-на; Қазақстан Республикасының Президенті
Н.Ә.Назарбаевтың "Казакстан экономикалық, әлеуметтік, саяси жаңғырудың
каркынды жолында" атты жолдауына, Болоньдегі Еуропа елдері білім
министрлерінің кеңесіне, ЮНЕСКО-ның үздіксіз білім беру туралы ұсыныстарына
сәйкес әзірленді.
 
     Жоғары динамикалы, жаһандану дәуірінде өмір сүру үрдісін, ойлау мен
қарым-қатынасты түбегейлі өзгертетін байланыс құралының қарқынды дамуы,
сондай-ақ адамның интеллектісіне, әлаукаттылығына, оның икемділігінё,
жасампаздык іс-әрекетіне қол жеткізетін тәсілдер қоғамның негізгі капиталы
бола бастады.
 
    Қазақстан қоғамындағы мұндай жағдайда өзекті мәселелердің бірі —
өзгермелі әлеуметтік және экономикалық жағдайда өмір сүруге дайын ғана
емес, айналасындағы шынайы өмірге белсенді қатынасын байқатып, оны
жақсартуға ықпал ете алатын, бәсекеге қабілетті жеке тұлғаны қалыптастыру
болып табылады. Осыған байланысты жеке тұлғаға қойылатын мынадай талаптар
алдыңғы орынға шығады: креативтілік, белсенділік, әлеуметтілік
жауапкершілік, ой-өрісінің кендігі, жоғары кәсіби деңгейлі сауаттылык,
танымдық әрекетке қызығушылығының басымдығы.
 
     Қазақстандық жалпы орта білім мазмүны оқушының өмірдегі құзыреттілігі
үшін жеткіліксіз болып отырған әрбір оқу пәні бойынша білімі, білігі және
дағдысын алу тәртібімен ғана сипатталады. Білім мазмұнының артық
ақпараттылығы оқушының окуға ынтасының төмендеуіне және денсаулығының
нашарлауына себепші болады.
 
     Мектеп бітірушінің әлеуметтік және қоғамдық өмірдегі тұрақты
өзгерістерді ескере отырып, қоғам өміріне еркін енуіне дайындығын
камтамасыз ететін жалпы орта білімді дамытудың каркынын арттыру
кажеттілігін әлемдік тәжірибе көрсетіп отыр. Оқушыны тұлғалык дамыту
міндеттерін іске асырудағы, оның психикалық және физио-логиялық денсаулығын
сақтаудағы, әлеуметтендірудегі мектеп білімінің рөлін күшейтудің маңызы
зор.
 
     Тұжырымдаманың мақсаты — 12 жылдық мектеп жағдайында Қазакстан
Республикасының жалпы орта білім беру жүйесін жаңарту жолдары мен дамыту
стратегиясын айқындау.
 
    Тұжырымдаманың міңдеттері:
1. 12 жылдық мектептегі білім беру максатын, міндеттерін, құрылымын,
мазмұнын және оку-тәрбие процесін ұйымдастырудың ерекшеліктерін ашып
көрсету;
2. 12 жылдық білім беруге көшудің қаржылык-экономикалық негіздемесін
дайындау;
3. осы Тұжырымдаманың күтілетін нәтижелерін анықтау.
 
     Тұжырымдама төмендегі бөлімдерден тұрады:
• Әлемдік үрдістер мен отандык тәжірибеге сүйене отырып, 12 жылдык жалпы
орта
• білім беруге көшудін негіздемесі.
• 12 жылдық жалпы орта білім берудің мақсаты мен күтілетін нәтижелері.
•  Жалпы орта білім беру құрылымы.
• Білім беру мазмүнын жаңартудың негізгі бағыттары.
• Білім беру процесін үйымдастырудың ерекшеліктері.
• Педагогикалық кадрлар.
• Білім берудің күтілетін нәтижелерін бағалау жүйесі.
•  Жалпы орта білім беру жүйесін басқару.
• 12 жылдық жалпы білім беру тұжырымдамасын іске асыру жағдайлары.
______________________________ 
 
I. Әлемдік және отандық тәжірибеге сүйене отырып, 12 жылдық жалпы орта
білім беруге көшудің негіздемесі
 
    Білім беру жүйесіндегі өзгерістерге негізделген әлемдік дамудың негізгі
үрдістері мыналар болып табылады:
• қоғам дамуынын карқындылығы;
• постиндустриалдық, ақпараттық қоғамға көшу, мәдениаралық өзара қатынас
ауқымының кеңеюі;
• халықаралык ынтымақтастык, нәтижесінде шешілуі мүмкін ғаламдық
проблемалардың туындауы және өсуі;
• қоғамның демократиялануы;
• экономиканың қарқынды дамуы, бәсекелестіктің өсуі;
• адам капиталы мәнінің артуы.
 
     Осыған сәйкес дамыған елдердің білім беру жүйесінде білім беру
философиясы мен әдіснамасын жаңарту үрдістері, білім беру мазмұның құру
әдістерінің өзгеруі, білім беру мазмұнындағы жетілдірілген модельдердің
жасалуы, білім беруді басқарудың тиімді тәсілдерін іздеу және т.б. үрдістер
байқалып отыр.
 
     Оқытудын дәстүрлі өнімсіз стилін ығыстыру  және оқушылардың танымдық
белсенділігі мен өзіндік ойлауын қамтамасыз ететін жаңа дамытушы, сындарлы
білім беру моделіне көшу әлемдік білім берудің стратегиялық бағыттарының
бірі болып табылады.
 
     Қазақстандық жалпы орта білім беретін мектеп сонғы жылдары өзінің
келбетін өзгертті. Білім беруді жаңарту жүйесін қолдайтын нақты қадамдар
жасалды. Олардың ішінде мемлекеттік жалпыға міндетті білім стандарттарының
әзірленуі және енгізілуі, кредиттік технология негізіндегі үш сатылы жоғары
білім моделінің енгізілуі, вариативті білім берудін енгізілуі, білім
сапасын бағалау критерийлерін әзірлеу жөнінде жүмыстар басталды.
 
     Бірақ қол жеткен жетістіктер адам капиталының дамуы мен орнықты
экономикалық есуді толық камтамасыз ете алмайды. Қазақстанның білім беру 
жүйесінің даму деңгейіне кері ыкпал ететін мынадай факторлар қалып отыр:
1. Орта білім беру жүйесінде диагностикалық мақсаттылыктың болмауы.
2. Білім берудің жеке тұлғаның дамуына емес, формальды нәтижелерге
бағдарлануы.
3. Оқу жетістіктерін бағалауда оқушыны қызықтырмайтын, шынайылықты қамта-
масыз етпейтін және қиындық тудыратын жағдайға душар ететін ескірген
жүйенің сақ- талуы.
4. Жасөспірімдердің тұлғалық, азаматтық және адамгершілік касиеттерінің
жеткілікті дамымауы, өзін-өзі аныктау мотивтерінін болмауы, өзіндік
кызығушылығы мен болашақ жоспарын сезіну деңгейінің төмендігі.
 
     Қазақстан қоғамының қазіргі геосаяси, экономикалық және әлеуметтік
жағдайы, әлемдік білім кеңістігіне кірігуі Қазақстан Реслубликасының жалпы
орта білім жүйесін жаңғыртуды, атап айтканда, орта білім мазмұны мен
құрылымын, мақсаттарын қайта қарауды және оқыту мерзімін кеңейтуді талап
етеді.
 
     Қазіргі кезеңде 12 жылдық мектепке есептелген белгілі бір халықаралық
білім беру стандарты қалыптасты.
 
     Еуропа кеңесінің (1992 ж.) Декларациясына сәйкес 12 жылдық білім беру
әлемдік білім кеңістігінде 136 елде жүзеге асырылуда. Олардын ішінде
дамыған еддерден: АКШ., Жапония, Германия, Франция және т.б. ТМД елдерінен
12 жылдык окыту мерзімін Беларусь, Украина, Өзбекстан және Балтық елдері
таңдады.
 
     Қазақстанның 12 жылдық. білім беруге көшуі білім берудің жаңа ұлттық
моделін жобалаудың стратегиялык міндеттерін табысты шешуге мүмкіндік
береді.
_____________________________
 
II. 12 жылдык жалпы орта білім берудін максаты мен күтілетін нәтижелері
 
    12 жылдық білім берудің басты максаты: Өзінің және қоғамның мүддесінде
өзін~өзі белсенді етуге дайын, өзгермелі даму үстіндегі ортада өмір сүруге
бейім, бәсекеге қабілетті және құзыретті, шығармашыл, білімді тұлғаны
дамыту және қалыптастыру.
 
     Білім берудің күтілетін нәтижелері белгіленген мақсатқа сәйкес мектеп
түлегінің негізгі құзырлылығы төмендегіше аныкталады:
1. Құндылықты-бағдарлы құзыреттілік — оқушының қоршаған ортаны бірдей
қабылдайтын кабілеті, жоғары әдептілік. кұндылықтар негізіңде жасампаз
коғам өмірінде өзінің рөлін таба білу біліктілігі, азаматгылығы мен
елжандылығы. Бұл құзыреттілік өмірдегі түрлі жағдайларда шешім
қабылдай білу білігін қамтамасыз етеді. Ең бастысы, өзінің Отаны
Қазақстан патриоты болу, азаматтык, белсенділігін көрсету, саяси
жүйені түсіну, болып жатқан әлеуметтік жағдайларға баға бере білу.
2. Мәдениеттанымдық құзыреттілік — жалпы адамзаттық мәдениет жетістіктері
негізіндегі іс-әреқет тәжірибесін және қоғамдағы дәстүрлер мен жеке,
отбасылық және әлеуметтік өмірдік мәдениет негіздерін, этномәдениеттік
құбылыстарды игеруге мүмкіндік беретін ұлттық ерекшеліктерін тани
білу. Адам мен қоғамның дамуындағы ғылымның рөлін түсіну. Өзі халқының
мәдениеті мен әлемнің мәдени көптүрлілігін түсінуге және бағалауға
мүмкіндік беретін мәдени-демалыс кызметін тиімді үйымдастыру
тәсілдерін игеру; рухани келісім мен толеранттылық идеяларына бейім
болу.
3. Оку-танымдык құзыреттілік — окушының зерттеу әрекеті мен езіндік оку-
танымдық процесін қамтамасыз ететін кешенді құзырлылық. Бұл құзырет
өзінің білімділік қызметін ұйымдастыра білуді, тиімді жоспарлай
білуді, сәйкес функционалдық сауатгылық талаптары негізіндегі білімді
игеруде әлемнің ғылыми бағытын түсінуге ізденушілік - зерттеушілік
әрекет дағдыларын игеруге мүмкіндік беретін өзінің әрекетіне талдау
және қорытынды жасау тәсілдерін карастырады.
4. Коммуникативті құзыреттілік — адамдармен өзара әрекет пен қарым-
қатынас тәсілдерін білуді, түрлі әлеуметтік топтарда жүмыс істеу
дағдыларын, қоғамдағы түрлі әлеуметтік рөлдерді орындауды, өмірдегі
нақты жағдайларда шешім қабылдау үшін байланыстың түрлі объектілерін
қолдана алу білігін, мемлекеттік тіл ретінде қазақ тілінде,
халықаралық қатынаста шетел тілінде қатынас дағдылары болуын
қарастырады.
5. Ақпараттык-технологиялык құзыреттілік — бағдарлай білу, өз бетінше
іздей білу, талдай, тандай білу, өзгерте білу, сақтай білу, білім мен
акпаратты акпараттық технологиялар мен техникалык объектілердің
көмегімен жеткізуді жүзеге асыра білу және интерпретациялау білігі.
6. Әлеуметтік-еңбек қузыреттілік отбасылық, еңбек, экономикалық, саяси,
қоғамдық қатынастар саласындағы белсенді азаматтық-қоғамдық тәжірибе
мен білімге ие болуды білдіреді. Бұл құзырет әлеуметтік қоғамдық
жағдайларға накты талдау жасай білуді, шешім қабылдай білуді, түрлі
өмірлік жағдайларда жеке басына және қоғам мүдде сіне сәйкес ықпал ете
білуді қарастырады.
7. Тұлғалық өзін-өзі дамыту құзыреттілік. Бұл құзырет отбасылық, енбек,
экономикалық және саяси қоғамдық қатынастар саласындағы белсенді
азаматтық-қоғамдық қызмет білімі мен тәжірибесінің болуын білдіреді.
Құзырет нақты әлеуметтік-қоғамдық жағдайларға таддау жасай білуді,
түрлі өмірлік жағдайларда {өзінің мүмкіндігін нақты перспективалық
жоспарлаумен салыстыра білу және қызметін өзіндік кадір-касиет
сезімімен үйымдастыра білу, өзінің өмірі мен ісіне жауапты карау) жеке
және коғам пайдасына сәйкес шешім қабылдауды және ыкдал етуді
қарастырады.
______________________________
 
III. Жалпы орта білім беру құрылымы
 
    Жалпы орта білім беру кұрылымын жаңарту білім беру процесіне
катысушылардың талабын, мүмкіндігі мен қызығушылығын толық ескеруді, оқыту
сатылары бойынша оқу материалдарын бірдей қайта бөлуді, оқытуды
дараландыруға жағдай жасауды көздейді.
 
    12 жылдық жалпы орта бідім берудің құрылымдық-мазмүндық моделі
төмендегі ұстанымдар негізінде үйымдастырылды:
• жеке түлғаның жас кезендерінің ескерілуі;
• күтілетін нәтижелердің жетістіктеріне бағыттылығы;
• окытудың сабақтастығы;
• әрбір окыту сатысының даралығы.
 
    12 жыддық білім беру жағдайында мектепке дейінгі тәрбие мен білім беру
денгейі ерекше мәнге ие болып отыр. 5 жастағы балаларды мектепалды даярлау
олардың психологиялык, педагогикалык, дене және физилогиялық талаптарын
ескере отырып, бастауыш мектепке окытуға дайындау сапасының басты жағдайы
ретінде жүзеге асырылуы тиіс.
 
1-саты
Жалпы орта білім беру (1—4-сыныптар)
Оқуды бастау жасы — 6 жас
Оқыту ұзақтыгы — 4 жыл
 
    1-сатыдағы негізгі бағдар — окушының өзін-езі таныту мүмкіндігі мен
қоршаған ортасының шынайылығы туралы білімді игерудегі даралығын ашу, оқуға
талабын және білігін қалыптастыру, яғни окытудың келесі сатыларына қажетті
танымдық қызығушылы-ғын арттыру, кіші жастағы окушылардың біртұтас оку
әрекетін қалыптастыруға ықпал ету.
 
    Баланың тұлғалык қалыптасуын, оның қабілеттерінің түтастай дамуын
қамтамасыз ету. Бастауыш мектепте кажетті біліктер мен дағдыларды игеруге,
оқу, жазу, санау, шы-ғармашылықпен ойлау элементгерінің, жеке гигиенасы мен
денсаулығын сақтау негізде-рінің болуына ыкпал ететін оку әрекетін
ұйымдастыру.
 
2-саты
Жалпы орта білім беру (5—10-сыныптар)
Оқыту ұзақтыгы — 6 жыл
 
    2-сатының негізгі бағдары — негізгі жалпы білім алуға жағдай жасау,
адамдар арасындағы және этносаралық катынастар мәдениетін, тұлғаның
біртүтас көзқарасын, өзін-өзі анықтауын қалыптастыру, тұлғаның өзін-өзі
ұйымдастыру тетіктерін, кәсіби және танымдық ой-пікірінің туындауына,
теориялық ойлау тәсілдері мен ғылыми таным әдістерін игеруіне ықпал ететін
оқу әрекетін ұйымдастыру.
 
    Негізгі мектеп оқытуды бейіндік мектепте немесе кәсіптік бастауыш және
орта білім беру ұйымдарында жалғастырудың базасы болып табылады.
 
    Бүл сатыныд ерекшелігі оқушының мектептегі үшінші сатыдағы бейіндік
окытуға саналы тандау жасауға бағдар көрсететін бейіналды дайындықтың
жүргізілуі болып есептеледі.
 
3-саты
Жалпы орта білім беру (11~12~сыныптар)
Оқыту узақтыгы —- 2 жыл
 
    Үшінші сатының бағдары — жалпы орта білім берудің сонғы кезеңі болып
табылатын, окытудын саралануы мен даралануына, окушылардын білімін
жалғастыруға қатысты жеке және өмірлік өзін-өзі танытуына ыкпал ететін
талабымен, кызығушылык ниетімен сәйкес әлеуметтендіруге бағдарланған
бейіндік окытуды іске асыруға жағдай жасау.
 
    Бейіндік окыту жаратылыстану-математикалық, әлеуметтік-гуманитарлық
және технологиялық бағыттар бойынша жүзеге асырылады.
 
    Бейіндеу (профилизация) нысандары мектептің педагогикалық әлеуетін,
білімдік инфрақұрылымының мүмкіндігін, облыстың, каланын, ауданның
сұранысын ескере отырып аныкталуы тиіс.
 
    Бейіндік оқытуды іске асыру жалпы білім беретін мектептерде,
гимназияларда, лицейлерде, дарынды балаларға арналған мамандандырылған
мектептерде, мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған арнайы мектептерде
жүзеге асырылады.
 
     Материалдык-техникалық жағдайын, кадрлық әлеуеті мен оку-әдістемелік
камтамасыз етуді ескере отырып, үшінші сатыдағы бейіндік окыту төмендегі
үйымдастыру ны-сандары бойынша карастырылады:
1. Бір бейінді мектеп —бір бейінді оқытуды іске асыру.
2. Көп бейінді мектеп — бірнеше бейінді  оқытуды ұйымдастыру.
3. Жалпы білім беретін мектептердегі, гимназиялардағы, лицейлердегі,
дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектептердегі бейінді
окыту сыныптары.
4. Өңірлік ресурстық орталық — материалдық және кадрлық әлеуеті
жеткілікті,басқа мектептер бейіндік окытуға пайдалана алатын ресурсы
бар білім беру ұйымы. Ресурстық орталықтар ЖОО (жоғары оку орындары),
колледждер немесе білім беру орталықтары жанынан үйымдастырылуы
мүмкін. (Ауыл мектебі жағдайындағы ауылдық ресурстык орталык —
айналасындағы мек-тептердің материалдық-техникалық, оку-әдістемелік
және кадрлық әлеуетін кіріктіре алатын ауылда толықканды база мен
бейіндік окытуды қамтамасыз ете алатын, куатты білім беру үйымдарының
бірлестігі.)
5. Сырттай оқытатын және кешкі мектептер еліміздің ЖОО, облыстык БАИ
жанынан ашылған бейіндік ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
12 жылдық білім беруге бейімдеудің психологиялық – педагогикалық шарттары
ҚР Білім туралы заңынан білім беру жүйесінің негізгі міндеттерін сипаттау
Жаңашыл 12-жылдық мектептің дене шынықтыру мұғалімін даярлау – заман талабы
Білімге қызығушылық
Қазақстан Республикасы және Қытай Халық Республикасы мектептеріндегі химияны оқыту ерекшеліктері
Қазақстан Республикасындағы 12 жылдық жалпы орта білім беру тұжырымдамасы
Оқушының сауаттылығын арттырудағы тілдік ұғымды меңгерту.
Бейінді оқытудың әдістемелік негізі
Қазақстан Республикасындағы білім саласын мемлекет тарапынан реттеу
Қазақстан Республикасындағы халықты тұрғын үймен қамтамасыз етуді мемлекеттік реттеу
Пәндер