Қазақстан Республикасындағы қоғам дамуының мәселелері мен ерекшеліктері



Пән: Социология, Демография
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 7 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасындағы қоғам дамуының мәселелері мен ерекшеліктері

1. Қазақстан халқы дамуының жалпы сипаттамасы.
2. Қоғам дамуының экономикалык және саяси мәселелері.
3. Қазак халкы дамуының демографиялық өмірбаяны.

Қазақстан Республикасындағы қоғам өзін кұрайтын көптеген элементтер мен
жүйелерден тұрады. Оған экономикалық (материалдық өндіріс саласындағы
катынастар), әлеуметтік (топтар, әлеуметтік жіктердің өзара қимыл-әрекеті),
саяси (мемлекеттік ұйымдардың, саяси партиялардың қызметі), рухани
(қоғамдык. сананың, ғылым мен өнер, білім беру) салалар жатады.
Адам қоғамга ұжымдар, еңбек, ғылым, мектеп, т.б. арқылы енеді, ол
белгілі бір әлеуметтік топқа, тапқа, ұлтқа, жатады. Әлеуметтік топтардың,
таптардың, ұлттардың арасында сонымен бірге экономикалық,, әлеуметтік,
саяси және рухани өмірдегі процестер, әлгілердің өз ішінде көп тұрлі
байланыстардың негізінде қоғамдық катынастар жатады. Қоғамдық өмір
өзгерістерге ұшырап отырады. Бұл өзгерістердің көрқыны және аукымы әр түрлі
болуы мүмкін, қоғамдық прогресс көп жағдайда соған байланысты.
Қоғамдық өмірдің барлық құбылыстарының кайнар көзі қарама-қайшылық екені
белгілі. Қоғамдағы әлеуметтік қайшылыкгардың мынандай түрлерін айтуға
болады: түрлі таптардың, топтардың, саяси партиялардың, қозғалыстардың және
т.б. арасыңдағы экономикалық, саяси, рухани, өзге де мұдделеріндегі қарама-
қайшылықгар; мемлекет пен азаматтық қоғам арасындағы қарама-қайшылықгар;
тұлға және қоғам мақсаттары, мүдделері арасындағы карама-қайшылықтар.
Осыған байланысты индивидуалдық, аймактык, мемлекеттік қарама-қайшылыкгары
келіп шығады. Аталмыш қарама-қайшылықгар кез-келген қоғамда кездеседі.
ТМД елдерінде, соның ішінде Қазақстан Республикасында да нарыктық
экономикаға көшумен байланысты әлеуметтік қайшылықтар орын алды.
Қазіргі ТМД елдерінде зорлық көрсету, қысым жасау шаралары орын алып
отыр. Соның ішінде Қазақстан Республикасында күштеу шаралары сақталған. Ол
шаралар біздің қоғамға зиянкестік жасайтын элементтерге, атап айтсақ
қылмыскерлерге бұзақыларға т.с.с. қарсы бағытталған.
Қазақстан Республикасында соңы 10 жыл ішінде үлкен өзгерістер болып
жатты. 3-4 жыл ішінде Қазақстанда бұрын болмаған жаңа кластар, страттар
пайда болды, ол-бизнесмендер, кәсіпкерлер, фермерлер, банкирлер, жекеменшік
фирмалардың, дүкендердің қонақ үйлердің, ресторандардыц иелері. Қоғамда
байлар, орта таптар, кедейлер, қайыршылар пайда болды. Кеңес өкіметінде
жойылған ірі жеке меншік пайда болды. Қазақстан экономикалық даму жолында
нарықтык экономика қоғамына өтті. Қазірше, Казақстанда меншіктің 70%
мемлекеттің меншігінде. Сонымен қатар меншіктің басқа түрлері де өмірде
орып алып жатыр, ол жеке корпоративтік, акционерлік, ұжымдық,, жартылай
жеке меншік, жартылай мемлекеттік т.б.
Ірі меншік иелерінің қоғамда пайда болуы - бұл тарихи прогресстің
көрсеткіші, солармен қатар біздің қоғамда басқа таптар мен әлеуметтік
топтар бар. Мемлекетік қызметкерлер, банк, мекеме, мемлекеттік емес
ұйымдардың қызметкерлері қоғамда жұмыс атқарып жүр. Жұмыссыздықгың ұлес
салмағы экономикада дамыған мемлекетгерден 2-5% құрайды, ал Қазақстанда бұл
көрсеткіш-15-25% құрап отыр.
Қазақстан Республикасындағы қоғам дамуында ерекше әлеуметтік мобилділік
орын алып отыр. Бұл бір таптан, келесі тапқа, бір топтан басқа топқа
ауысуын білдіреді. Әлеуметгік мобилділік екі тұрде іске асады, ол тік және
көлденең, мысалы 4-5 жыл бұрын кіріс мөлшері қарапайым азаматгар банкир,
бизнесмен, коммерсант, ресторан дүкендер, мекемелердің иелері болды. Бірақ,
біраз уакыт өткенде олардың бірнешесі қайта кедей болып, банкроттыкка
ұшырады.
Дүниежүзінің дамыған мемлекеттерінде қоғамды орта тап қурап отыр, бұған
келесі страттар кіреді - интеллектуалдар, квалификацияланған жұмысшылар,
ірі шаруа, бизнесмендер т.б.
Қазақстан Республикасы - өркениетті қоғам, мұнда білімді мамандар,
жұмысшылар, дамыған ғылым мен мәдениетті, бай жер қазынасы, алтын қоры бар
және дүниежүзілік мемлекеттермен тығыз байланысты дамытқан. Қазақстан таяу
болашақта орта тап қоғамын құрайды.
Президент Нұрсұлтан Назарбаев саяси реформалардың бес түрлі басым
бағытын қамтитын нақты бағдарламасын ұсынды. Олар мемлекеттік басқару
жүйесін жаңғырту, сайлау жүйесін одан әрі жетілдіру, азаматтық коғам
институттарын одан әрі нығайту, қоғамды демократияландыру барысындағы
бұқаралық ақпарат құралдарының ролі мен орнын айқындап анықтау; құқық
қорғау және сот органдарының қызметін жетілдіре беру.
БҰҰ, ЮНЕСКО, ОБСЕ, ОИК, НАТО, Дүниежүзілік Банк, МВФ, ОЭС, ТМД -ұйымдар
мен мемлекеттермен қарым-қатынаста. Қазақстанда 50 елдердің өкілеттіліктері
жұмыс істейді.
Қазақстан ұзақ мерзімді "Қазақстан 2030" бағдарламаны жүзеге асырып
келеді. Ұлттык қауіпсіздік тікелей Қазақстанның халық санына байланысты
болып отыр. Сан көрсеткіштерінін; өзгеріп отырғанын, біз таблица және
динамика арқылы байқай аламыз, Ең бастысы, қоғам мен мемлекетті, экономика
мен әлеуметтік саланы, мәдениет, білім беру мен рухани салаларын дамыту
көзделіп отыр.
Тәуелсіз Қазақстан қазіргі уақытта егеменді мемлекет ретінде өзінің
мемлекеттік билік механизмін, басқару органдарының қалыптастыруда. Осыған
лайық оның ішкі және сыртқы саясаты әуелі 1993 жылғы қаңтардың 28-де
қабылданған тәуелсіз мемлекет ретінде бірінші Конституциясыңда айқындалып,
ал қазіргі кезде бұлар жаңадан 1995 жылы тамыздың 30-да бүкіл халыктық
дауысқа салу (референдум) жолымен қабылданған соңғы конституциясы негізінде
одан әрі жүргізілуде.
Республика Президенті Н.Ә.Назарбаев атап көрсеткендей біздің еліміздің
ерекшелігі, оның дамыған елдердің де қатарына қосуға болатындығында жатыр.
Дамыған елдер қатарына қосылуына халықтың жаппай сауаттылығы, ғылыми
зерттеу мекемелерінің кең жүйесінің болуы, ғарыштық зерттеулер, т.б.
жетістіктеріміз мүмкіндік береді, ал дамушы елдің қатарына жатамыз дегенде
буған экономикамыздың шикізаттық бағыты, көптеген аймақтарымыздың
экологиялық ластануы, шетел инвестициялары мен жаңа технологиялары
импортына деген қажеттілік, инфрақұрылымдардың артта қалуы т.б. сияқты
кемшіліктеріміз дәлел болады. Мұның үстіне мемелекетіміздін жер аумағын
орасан зор көлемділігін, континент ішінде орналасуын, табиғат байлықтарының
молдығын, халкының көпұлттық құрамын қосу керек. Міне осы көрсетілген
ерекшеліктерді мұқият ескермейінше ішкі сыртқы саясатымызды сындарлы,
салиқалы түрде табысты жүргізу қиынға соғатыны аян. Соңғы қабылданған
Конституциямыз бойынша мемлекетіміздің мақсаты, түбегейлі принциптері:
қоғамдык татулық пен саяси татулык (2-бап) деп көрсетілген.
Қоғамдык прогресс қоғамның негізгі салаларындағы жетістіктермен
сипатталады. Прогрестің өлшемі болып адамгершілік, моральдық нормаларды
жетілдіру саналады. Қоғамдық адамгершілікті дамыту қоғам өмірінің барлық
жағынан жетілдірудің негізі болады. Қоғамдық прогресті анықтайтын бұлардан
баска да ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Саясат тарихы туралы ақпарат
Республикасы - әлеуметтік мемлекет
Шағын кәсіпкерлікті талдау
Халықты еңбекпен қамту туралы алғашқы
Қазақстан Республикасының саяси мемлекеттік
Қазіргі кезеңдегі Қазақстан Республикасының әлеуметтік саясаты: саяси талдау
Қазақстан Республикасында кәсіпкерліктің даму ерекшеліктері, мәселелері
Қазақстан Республикасындағы саяси коммуникация: ерекшеліктері мен проблемалары
Қазақстандық қоғамды демократияландыру аясындағы саяси жаңарту үрдісі
Саяси процестер жүйесіндегі ұлтаралық қарым-қатынас мәдениетін зерттеу
Пәндер