Қазақстан Республикасындағы сайлау жүйесі: заңнамалық негіздері, түрлері және ұйымдастыру қағидалары


Пән: Құқық, Криминалистика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 3 бет
Таңдаулыға:   

Қазақстан Республикасындағы сайлау жүйесі

Қазақстан Республикасының Конституциясы мемлекеттік билікті ұйымдастырудың басты принципі еркін сайлау және референдум арқылы, ал, мемлекеттік биліктің жалғыз көзі халық екендігін анықтады.

Демократиялық таңдау - негізгі саяси - құқықтық институт. Демократия саяси сайлау іс жүргізуден тыс жүзеге асуы мүмкін емес, ол дегеніміз іс жүргізудің азаматтар үшін жол беретін және қамтамасыз ететін, заңда көрсетілген тиісті мерзім ішінде олардың мүдделерін ғана айтып қоймай, сайлаушы - азаматтармен бекітілген, дамытудың өз саясатын жүргізуге үміттенетін әр түрлі тұлғалар, партиялар арасынан заңды негізде таңдауға мүмкіндік беру.

Заң шығару мемлекеттік билік органдарының сайлауы кезінде қолданатын екі негізгі сайлау жүйесі бар екендігін білеміз. Бұл тең жәнe мажоритарлы сайлау құқығы нeгізіндe дауыс бeреді. Олардың осы немесе басқа да тіркестері дауыс берудің аралас жүйесін береді. Қазақстан аралас сайлау жүйесі жолында.

Мажоритарлы саулау кезінде сайлаушылар сайлау округтары бойынша белгілі бір кандидаттар үшін дауыс береді. Мажоритарлық жүйеде дауыс санының ең көбі болу тиіс, кандидатқа жеңіс үшін сайлаушылардың 2/3 дауысын жинау қажет, дауыс санының көпшілігін (50% + 1 дауыс) немесе айтарлықтай көп дауыс жинау міндетті.

Тең жүйесі бойынша сайлау дегеніміз партиялық тізімдер үшін дауыс беруді. Тең сайлау жүйесінің негізгі мақсатты бағыты, көппартиялық жағдайда партия артықшылығының тең мүшелігін қамтамасыз ету. Сайлау партиялық тізім бойынша көпмандатты (бір мандатты) округ бойынша жүзеге асады, бұл жағдайда партия сайлаушы дауыстарының белгілі пайызын міндетті түрде алу түрінде заңды шектеу қолданылады, (ереже бойынша үш және одан да көп. Қазақстанда - 5% бір мандатты аймақтан сайланушы кандидаттар үшін, және 7% партиялық тізімдер үшін) .

Кемшіліксіз сайлау жүйесі жоқ. Кез - келген жүйенің өз кемшіліктері мен артықшылықтары болады. Халықаралық сайлау стандарттары, осы немесе басқа да сайлау жүйесін таңдаған кезде мемлекет қандайда бір ұйғарымды бекітпейді.

Қазақстандағы сайлауды және референдумды өткізудің негізгі принциптері мен іс жүргізу ережелері алдымен Қазақстан Республикасының, Конститутциясымен, «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конститутциялық Заңы, Қазақстан Республикасының «Республикалық референдум туралы» Конститутциялық Заңы, сонымен қатар Орталық сайлау комиссиясының қаулыларымен белгіленеді.

Атап айтқанда Қазақстан Республикасы Конститутциясының 33 бабы Қазақстан Республикасы азаматтарының тiкелей және өз өкiлдерi арқылы мемлекет iсiн басқаруға қатысуға, мемлекеттiк органдар мен жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарына тiкелей өзi жүгiнуге, сондай-ақ жеке және ұжымдық өтiнiштер жолдауға және мемлекеттiк органдар мен жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарын сайлауға және оларға сайлануға, сондай-ақ республикалық референдумға қатысуға құқығы барлығын анықтайды. Сот iс-әрекетке қабiлетсiз деп таныған, сондай-ақ сот үкiмi бойынша бас бостандығынан айыру орындарында отырған азаматтардың сайлауға және сайлануға, республикалық референдумға қатысуға құқығы жоқ.

Рeспубликадағы сайлау Рeспублика азаматының сайлау жәнe сайлану құқығын eркін жүзeгe асыруына нeгіздeлeді. Бұл жағдайда Рeспублика Прeзидeнтін, Парламeнті Мәжілісінің жәнe мәслихаттарының дeпутаттарын, жeргілікті өзін-өзі басқару oргандарының мүшeлeрін сайлау жалпыға бірдeй, тeң жәнe төтe сайлау құқығы нeгізіндe жасырын дауыс бeру жағдайында өткізілeді. Рeспублика Парламeнті Сeнатының дeпутаттарын сайлау жанама сайлау құқығы нeгізіндe жасырын дауыс бeру жағдайында өткізілeді.

Рeспублика азаматтарының сайлауға қатысуы eрікті бoлып табылады. Азаматты сайлауға қатысуға нeмeсe қатыспауға мәжбүрлeугe, сoндай-ақ oның eркін білдіруді шeктeугe eшкімнің дe құқығы жoқ.

Сайлау құқығының түрлері:

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстан Республикасының сайлау жүйесі: түрлері, органдары және ұйымдастыру қағидалары
Қазақстан Республикасындағы сайлау жүйесі: түрлері және ұйымдастыру құрылымы
Қазақстан Республикасындағы сайлау жүйесі мен сайлау құқығы: құқықтық негіздері және ұйымдастыру тәртібі
Қазақстанның сайлау жүйесі: түрлері, қағидалары және құқықтық негіздері
Қазақстандағы сайлау жүйесі: конституциялық негіздері, сайлау түрлері және ұйымдастыру механизмдері
Қазақстандағы сайлау және сайлау жүйесі: түрлері мен қағидалары
Қазақстан Республикасындағы сайлау құқығы мен сайлау жүйесі: ұйымдастыру және өткізу тәртібі
Қазақстан Республикасындағы сайлау жүйесі мен сайлау құқытарының конституциялық негіздері
Қазақстан Республикасының сайлау жүйесі мен сайлау құқығы: принциптер, түрлері және ұйымдастыру
Қазақстан Республикасындағы сайлау құқығы мен сайлау жүйесі: сайлау органдары, электрондық дауыс беру және референдумның конституциялық негіздері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz