Жаңа технологиялардың педагогикалық негізгі



Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 7 бет
Таңдаулыға:   
Кіріспе бөлім.
Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту
тұжырымдамасының жобасында Жоғары білімді дамытудың негізгі үрдісі
мамандар даярлау сапасын арттыру, қарқынды ғылыми-зерттеу қызметімен
ықпалдастырылған инновациялық қажеттіліктерімен тығыз байланысты білім беру
және техногияларды жетілдіру болып табылады деп атап көрсеткендей, қазіргі
білім беру саласындағы басты мәселе: әлеуметтік педагогикалық ұйымдастыру
тұрғысынан білім мазмұнына жаңалық енгізудің тиімді жаңа әдістерін
іздестірумен және оларды жүзеге асыра алатын болашақ мамандарды даярлау
болып отыр.
Яғни, қазіргі заман педагоктерінің негізгі мақсаты-оқушылардың алатын
білімін сапалы ету, оның толыққанды жеке тұлға болып қалыптасуына негіз
қалау. Осыған орай, соңғы кезде оқытудың әр түрлі педагогикалық
технолгиялары жасалып, мектеп өміріне енгізіліп жатыр. Педагогикалық
технология терминін 1960 жылдарда шетел зерттеушілері енгізген. Оқыту
технологиясы ұғымын алғаш рет педагогика ғылымына енгізген А.Макаренко,
қазір бұл ұғым оқу-тәрбие үрдісінде кеңінен қолданылып жүр. Ал
Педагогикалық технология ұғымына алғаш рет жүйелі зерттеу жүргізген
Т.Ильина болды.
Педагогика ғылымында Педагогикалық технология ұғымына біржақты
анықтама беріле қойған жоқ.
Көптеген шетелдік ғалымдар технология деп оқытудың объективтік
факторларының жиынтығын (бағдарламаланған оқыту құралдары, дидактикалық
материалдар, құрал-жабдықтар, техникалық құралдар, т.б.) қандай да бір
үрдісте нәтижеге жету құралы ретінде қарастырады. Мәселен, поляк педагогі
Ф.Янушкевич оқыту технологиясының мәнін ашқанда, төмендегідей анықтама
берген: Оқыту технологиясы деп ғылыми ұстанымдар жүйесінде қолданыс
табататын бағдарламаланған окыту үрдісін айтады және оқу мақсатына жетуге
бағытталған оқу тәжірибесінде қолданылады көбіне оқытылатын пәнге емес,
оқушыларға бағытталады, оқыту әдістері мен тәсілдерін сынақтан өткізуге,
эмперикалық талдау жасауға және оқытуда аудивизальды құралдарды кеңінен
қолдануды талап етеді, оқыту теориясын оның тәжірибесімен өзара бірлікте
қарастырады.
Педагогикалық технология дегеніміз-тәжірибеде жүзеге асырылатын
белгілі бір педагогикалық жүйенің жобасы, ол педагогикалық жағдайларға сай
қолданылатын әдіс-тәсілдер оның құрамды бөлігі ғана деп В.Беспалько атап
көрсетсе, И.Талызинаның пікірі бойынша педагогикалық технологияның басты
мақсаты-іс жүзінде дидактикалық мақсатқа жету үшін қолданылатын ғылыми
негізделген талаптар жүйесі болып табылады.
Н.Никандров, В.Кан-Калик Оқытудың бірінші сатысында студенттерді
педагогикалық білік пен дағдылардың қолданбалы эвристикалық жүйесі ретінде
педагогикалық технологиялар негіздерімен қаруландыру қажет, оларды
шығармашылық үрдіс ретінде балалармен тікелей қарым-қатынас жасауға үйрету
педагогикалық технологияның мән-мағынасын ашады деп санайды.
Елімізде ғылыми жаңа технологияның қарқынды дамуымен қатар,
технологияның үздіксіз өзгерістеріне бейімделе алатын жаңа заманның жаңа
тұлғасын қалыптастырудың кезі жеткен сияқты.
Ертедегі данышпан ойшылдарымыз айтқан: Тегінде, адам баласы адам
баласынан ақыл, білім, ар, мінез деген қастиеттерімен озады - деген
пікіріне сәйкес, қазіргі таңда жаңа заман ағымына сай, өзіндік жаңа білім
саласында түрлі дамыту істерінің дамып келе жатқанын ерекше атап көрсетуге
болады.
Дегенмен де оқу – тәрбие үрдісінде жаңа педагогикалық технологияларды
ендірудің алғашқы шарттарының бірі – білім берушінің инновациялық іс -
әрекетін қалыптастыру. Жаңа педагогикалық технологияларды меңгерген әрбір
оқытушы өз сабағында жақсы нәтижені көре алады.
Ертеңіне лайық ұрпақ тәрбиелеген елдің келешегі жоқ десек, сол ұрпақты
тәрбиелеудегі ұстаз еңбегі – ұлы еңбек. Осыған байланысты шығармашылық
ізденіс әр ұстаздың алдында тұрған үлкен міндет. Ұстаздың сабақ берудегі
басты мақсаты – баланы бастауыш сыныптардан бастап, шығармашылық ойларға,
қызығушылыққа тәрбиелеу. Бастауыш мектепте Оқушылар шығармашылық
тапсырмаларды керек етеді. Шығармашылық тапсырмалар оқушының оқу
белсенділігін, ойлау қабілетін дамытады, сөйлеу әрекетін, танымын
күшейтеді. Шығармашылық дегеніміз – адамның өміршындығында, өзін - өзі
тануға, көмектесіп, қабілетін ояту, жаңа рухани күш беру білімнің ең
маңызды мақсаты болып табылады.
Оқу-тәрбие үрдісінде қолданылып, айтарлықтай нәтиже беріп жүрген жаңа
педагогикалық технологиялар мыналар:
1. Дамыта отырып оқытыу технологоя;
2. Деңгейлеп оқыту технология;
3. Саралап оқыту технология;
4. Модульдік технология;
5. Қашықтықтан оқыту технология;
6. Инновациялық технология;
7. Проблемалық технология;
8. Ақпараттық технология;
9. Белсенді оқыту технология;
10. Комьпютерлік оқыту технология.
Жаңа технологиялардың педагогикалық негізгі қағидалары: балаға ізгілік
тұрғысынан қарау; оқыту мен тәрбиенің бірлігі; баланың танымдық
күшін,қалыптастыру жәнс дамыту; баланың өз бетімен әрекеттену әдістерін
меңгерту; баланың танымдылық және шығармашылық икемділігін дамыту; әр
оқушының дамуы үшін жүйелі жұмыс істеу; оқу үрдісін оқушынын сезінуі.
ХХІ ғасыр Педагогикалық технологияның бір түрі – қашықтықтан оқыту
технологиясы .
Қашықтықтан оқыту – білім , білік дағдыларды алу үрдісі, бұл кезде
оқыту процедураларының тұтас немесе белгілі бір бөлігі оқытушы мен
студенттің территориялық алшақтығына қарамастан жаңа ақпараттық және
телекоммуникациялық технологиялардың көмегімен жүзеге асырылады.
Қашықтықтан оқыту технологиясыныңкейс және желілік технология деген
түрлерін ерекшелеп көрсетуге болады.
Қашықтықтан оқыту технологиясының дамуына интернеттің әсерін бағалау
қиын. Ол арақашықтықты қысқартумен қатар, оқытушы мен студентке анғұрлым
көп еркіндік береді. Енді тыңдаушы немесе студент тапсырмалар және тестпен
өзіне ыңғайлы уқытта айналыса алады. Оқытушы материал мазмұнын жедел түрде
өзгерте алады. Қашықтықтан оқыту технологиясының – біздің білім беру
жүйесінің болашағы болып табылады. Шетелде күндізгі немесе қашықтықтан
білім берудің қайсысының дұрыстығы жөнінде сөз де болмайды. өйткені, басты
орынды қашан да сапалы білім алады.
Қашықтықтан оқытуда өз бетімен жүргізілетін жұмысты сөзжұмбақтар,
шарада немесе тапсырмалар арқылы ұйымдастыру, жаңа тақырыптарды меңгеру
үшін өте ыңғайлы. Қашықтықтан оқытудың жетістігі – оқытушының өзінің
қатысуынсыз оқушылар назарын өзінен тыс қалдырмайға қабілеттілігіне
байланысты болады. Жаңат тақырып бойынша берілетін материал баспаға
шығарылған түрде қашықтықтан оқыту курсында электрондық түрде немесе
электрондық оқулық түрінде беріледі. Жаңа тақырыпты бұлай баяндау кезінде
сабақтың басты элементі форум немесе чат болып табылады. Мұндай баяндаулар
алдын ала жоспарланып, алдын ала даярланған сценари бойынша жүргізіледі.
Оқу үлгісіне тьютор белсенді қатысады. Қашықтықтан оқытуда жаңа материалды
баяндаудың тағы бір нұсқасы виртуалды шебер. әдетте оқу материалын баяндау
және талқылау бір мезгілде жүргізіледі.
Қашықтықтан оқыту жүйесін әрқайсысы өз кезегінде бірнеше
компоненттерден тұратын үш компоненттің жыйыны ретінде қарастыруға болады.
Олар:
- дидактикалық жүйе;
- технологиялық жүйе;
- қамтамасыз ету жүйелері.
Қашықтықтан оқыту үшін оқытудың жалпы ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Оқытудың қазіргі технологиялары
Мұғалім және оның педагогикалық процесті ұйымдастырудағы рөлі - копия
Бастауыш сыныптарда математиканы оқыту үдерісі
Проблемалық оқыту технологиясы. Дамыта оқыту технологиясы
Деңгейлік саралап оқыту технологиясы
Жаңа педагогикалық технологиялар арқылы болашақ мұғалімдердің кәсіби бағыттылығын қалыптастыру жолдары
Жаңа педагогикалық технологиялар арқылы болашақ мұғалімдердің кәсіби бағыттылығын қалыптастыру
Қазіргі педагогикалық технологиялардың теориялық-әдіснамалық негіздері
Бастауыш сынып оқушыларының ақпараттық сауаттылықтарын қалыптастыру моделін құру
Инновациялық технологиялардың көмегімен бастауыш сынып оқушыларының танымдық қызығушылығын қалыптастырудағы эксперименттің нәтижесі
Пәндер