Қазақстан Республикасының бірыңғай ұлттық денсаулық сақтау жүйесін құру тұжырымдамасы


Пән: Социология, Демография
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 8 бет
Таңдаулыға:   

Қазақстан Республикасының бірыңғай ұлттық денсаулық сақтау жүйесін құру тұжырымдамасы

Кіріспе

Осы Қазақстан Республикасының бірыңғай ұлттық денсаулық сақтау жүйесін құру тұжырымдамасы (бұдан әрі - Тұжырымдама) Мемлекет Басшысының тапсырмаларына сәйкес әзірленді (2008 жылғы мамыр, қазан) .

Халықтың дамуы, нығаюы мен өсіп-өркендеуінің ұзақ жылдарға арналған бағыт-бағдары 1997 жылы Қазақстанның 2030 жылға дейінгі Даму стратегиясымен бекітілді. Қазақстан Республикасы Президентінің 2004 жылғы 19 наурыздағы «Бәсекеге қабілетті Қазақстан үшін, бәсекеге қабілетті экономика үшін, бәсекеге қабілетті халық үшін» атты Қазақстан халқына Жолдауын орындау мақсатында 2004 жылы Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау ісін реформалау мен дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы (бұдан әрі - Мемлекеттік бағдарлама) қабылданды. Іске асырылатын Мемлекеттік бағдарлама шеңберінде 2008 жылы денсаулық сақтау саласының ұзақ мерзімге арналған үлгісін қалыптастыру көзделді.

Тегін медициналық көмектің кепілді көлемінің (ТМККК) медициналық қызметтерін орталықтандырылған мемлекеттік төлеушіні денсаулық сақтау жүйесіне кезең-кезеңмен енгізу Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 23 желтоқсандағы № 1213 қаулысымен бекітілген Денсаулық сақтау министрлігінің 2009-2011 жылдарға арналған стратегиялық жоспарында қарастырылған болатын. Азаматтардың медициналық ұйым мен дәрігерді ерікті түрде таңдау, сондай-ақ сапалы және уақтылы медициналық көмек алуға құқығы «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының кодексінде айқындалған.

Тұжырымдаманы құру халықтың денсаулығын жақсартуға бағытталған денсаулық сақтау саласын жүйелі өзгерту қажеттілігінен туындады.

Халық денсаулығының жағдайы

Халықтың денсаулығы мемлекеттің өз азаматтарының алдындағы жауапкершілігінің деңгейін көрсететін әлеуметтік бағдарының интегралды көрсеткіші болып табылады.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметтері бойынша адам денсаулығының 50%-ы оның өмір сүру салтынан, созылмалы жұқпалы емес аурулардың (жүрек-қан тамыр жүйесінің аурулары, қант диабеті және т. б. ) кеңінен таралуына, сондай-ақ адамның өмір сүру дағдысына байланысты.

Мінез-құлықтық қауіп-қатердің факторларының кең таралуы: темекі шегу (22, 8%), дене салмағының шамадан тыс артуы (36, 9%), ішімдікті шектен тыс пайдалану (18, 1%) жоғары деңгейде қалып отыр.

Бұдан әрі «өркениет ауруларымен» сырқаттанушылықтың өсуі шамамен болжанып отыр (100 мың адамға шаққанда) :

- қанайналым жүйелерінің аурулары 2007 ж. - 1906, 6; 2011 ж. - 2274, 9;

- онкологиялық ауру 2007 ж. - 496, 9; 2011 ж. - 516, 4;

- қант диабеті 2007 ж. - 129, 2; 2011 ж. - 162, 1

Мемлекеттік бағдарламаны іске асыру барысында (2005 - 2008 жылдар) халықтың аурушаңдығы мен өлім-жітімінің кейбір көрсеткіштерінің төмендегені байқалып отыр. Туберкулезбен ауыру мен өлім-жітім көрсеткіші төмендеді (100 мың және 1 мың адамға шаққанда тиісінше 147, 3-нан 125, 5-ке дейін және 20, 8-ден 16, 9-ға дейін) . Бірақ эпидемиологиялық жағдай күрделі күйінде қалып отыр. БҚЖИ рейтингінде Қазақстан туберкулезбен сырқаттанушылық бойынша 94-ші орында және туберкулездың бизнеске әсер етуі бойынша 111 позицияға ие болып отыр.

Туберкулезді емдеудің DOTS-плюс бағдарламасын ауқымды түрде жүзеге асыру жұмыстарына қарамастан, туберкулездің таралуын эпидемиологиялық қадағалау, дәрі-дәрмекке тұрақтылықтың дамуы, туберкулезден өлім-жітім мәселелері өзекті болып қалып отыр.

Қатерлі ісіктермен сырқаттану көрсеткіштерінің төмендегеніне қарамастан, (100 мың адамға шаққанда 192, 5-тен 180, 7-ге), аурудың асқынған түрлері басым (16, 2%), ал одан өлім-жітім жалпы өлім-жітім себептері құрылымында үшінші позициядан орын алады (11, 9%) .

ДДҰ мәліметтері бойынша Қазақстан АИТВ/ЖИТС індетінің шоғырланған сатысында тұр (1, 1% орташа әлемдік көрсеткішпен халықтың 0, 2%) . Халықаралық сарапшылардың есептік көрсеткіштері бойынша, Қазақстанда тұрып жатқан АИТВ ауруы бар адамдар саны 16 мың адамды құрайды, бұл тіркеуде тұрғандардың санынан 2 есе артық, ал АИТВ/ЖИТС бойынша жағдайдың ушығу мүмкіндігі жоғары, өйткені есірткіні инъекция арқылы қолданатын адамдардың тәртібі қауіпсіз емес, АИТВ туралы білім деңгейі төмен, соның салдарынан жыныстық қатынас арқылы ауруды жұқтыру жағдайларының өсуі байқалады.

Сонымен қатар тұрғындардың психикалық денсаулықтарының төмендеуі байқалады (өлім-жітім көрсеткіші 100 адамға шаққанда 162, 5-ден 391, 7-ге дейін өсті) . Жарақаттан, жазатайым оқиғалардан және уланып өлу жағдайлары Қазақстан Республикасы халқының өлім-жітім себептерінің ішінде екінші орынды алады.

Экологиялық жағдайдың төмендеуі қоршаған ортаның зиянды факторларының әсерімен байланысты ауруларды (тыныс алу мүшелерінің аурулары, онкологиялық аурулар, аллергиялық аурулар және т. б. ) диагностикалау мен емдеу бойынша медициналық қызмет көрсетуге сұраныстың артуына себепші болып отыр.

Санитариялық-эпидемиологиялық жағдайды одан әрі тұрақтандыру өзекті мәселе болып қалып отыр. Сальмонеллезбен сырқаттанудың өсуі байқалады (100 мың адамға шаққанда 13, 2-ден 15, 3-ге дейін) . Шетелдерде тіркелген аса қауіпті және басқа жұқпалардың (қалыптан тыс пневмония, құс тұмауы, 71 типті энтеровирусты жұқпа, H1N1 және т. б. . ) енуіне байланысты эпидемиологиялық жағдайдың ушығу қаупі сақталып отыр.

Медициналық қызметтердің сапасын үздіксіз көтеру

Әлемдік тәжірибе медицина қызметтерінің сапасын көтеру үшін ол: кәсіби кадрларды үнемі даярлау, медициналық көмекті стандарттау, денсаулық сақтау ұйымдарын аккредиттеу қажет екенін көрсетіп отыр.

Бағалаудың екі деңгейлі моделін құру есебінен медициналық қызметтердің сапасын үздіксіз арттыру міндеттерін шешуге болады: мемлекеттік орган және тәуелсіз сараптама жүргізілетін - сыртқы, сондай-ақ, тікелей денсаулық сақтау ұйымы жүргізетін ішкі аудит. Қолданыстағы сапаны сыртқы мемлекеттік бақылаудың басымдығы бірте-бірте құрылатын тәуелсіз сараптама институтымен ауыстырылатын болады. Осы шаралар пациенттердің, сондай-ақ медицина қызметкерлерінің мемлекеттік бақылау қызметіне сенім білдіруге, сондай-ақ бақылау органдарында сыбайлас жемқорлық қауіп-қатерін төмендетуге мүмкіндік береді.

Бақылаудың негізгі деңгейі ішкі сапаны басқару болады, бұл ретте сапа медициналық көмекті берудің әрбір кезеңінде қамтамасыз етіледі. Ол үшін әрбір денсаулық сақтау ұйымында ішкі аудит қызметін дамыту жалғасады, оның мақсаты - үнемі проблемаларды анықтау және оларды шешу жолдарын іздестіру. Одан басқа ішкі аудит қызметінің жұмысы халық шағымының санын азайтады, бірінші кезеңде «өзіне» шағым ағымын қайта бағыттау есебінен болса, ал кейіннен тұтастай оның санын азайту.

Медициналық көмек көрсету деңгейлерін ұтымды ету мақсатында медициналық экономикалық хаттамаларды жетілдіру бойынша, оның ішінде халықаралық сарапшыларды жұмылдыру арқылы жұмыс жалғасады.

Аккредиттеу, медицина қызметтерінің сапасын арттырудың элементінің бірі ретінде ұлттық денсаулық сақтау жүйесінің негізгі элементі болады. Аккредиттеуден өту ТМККК ұсынуға мемлекеттік тапсырысты орналастыруға конкурсқа қатысу үшін денсаулық сақтау ұйымдарының міндетті шарт болады. Сонымен бірге мемлекеттік органдар тарапынан аккредиттелген ұйымдарды жоспарлы түрде тексеруге мораторий енгізу көзделіп отыр. Бірінші кезеңде, қызметтің жеке түрлерін көрсететін субъектілерден басқа (лепрозорийлер, мәжбүрлеп емдейтін психиатриялық ауруханалар, т. б. ), аккредиттеуден өтуге барлық денсаулық сақтау ұйымдары тартылады. Аккредиттеуді жүргізу үшін халықаралық стандарттарға бағдарланған және елдің қолданыстағы құқықтық аймағына бейімделген ұлттық аккредиттеу стандарттары негіз болады.

Сөйтіп, аккредиттеуді, ішкі аудит қызметін, тәуелсіз сараптаманы енгізу медициналық қызметті көрсету үдерісінің ашықтығын қамтамасыз етеді, бәсекелестік ортаны қалыптастыруға және пациент пен дәрігерді немесе медицина ұйымын еркін таңдау негізін салады.

Денсаулық сақтау жүйесін қаржыландыруды жетілдіру

Ұлттық денсаулық сақтаудың жүйесін барабар қаржыландыруды қамтамасыз ету үшін қаржыландыруды жетілдіру бойынша іс-шаралар екі кезеңде жүргізіледі:

1-ші кезеңде 2010-2015 жылдары - жұқпалы, психиатриялық және туберкулез ауруларын қоспағанда, ауруларды емдеу кезінде стационарлық және стационарды алмастыратын көмек шеңберінде тегін медициналық көмектің кепілді көлемінің бірыңғай төлеушісін құру;

2-ші кезеңде 2016-2020 жылдары - жеке және қоғамдық денсаулық үшін мемлекеттің, жұмыс берушінің және азаматтың ортақ жауапкершілік теңгерімін белгілеу;

Бірінші кезеңде, 2010 жылдың 1 қаңтарынан бастап Министрлік Бірыңғай төлеуші болады, бұл ретте медициналық көмектің кепілді көлемінің қызметіне тікелей ақы төлеуді Министрлік атынан Комитеттің аумақтық органдары жүргізеді.

Бұл мемлекеттік басқару мәселелері жөніндегі заңнамаға өзгерістер мен толықтырулар енгізуді, Комитеттің штат санын ұлғайтуды (2009 жылы - 160, 0 бірлік) қажет етеді. ТМККК қызметін ұсынушыларды қаржыландыру аккредиттелген денсаулық сақтау ұйымдары мен Комитеттердің аумақтық органдары арасында жасалатын ТМККК қызметін ұсынуға мемлекеттік тапсырыс шартының негізінде жүзеге асырылатын болады. ТМККК қызметіне ақы төлеуге атқарылған жұмыстар туралы есеп беру және орындалған жұмыстар актісі негіз болады, оларды қызметтерді ұсынушы қалыптастырады және медициналық ақпараттық-талдау орталығы электрондық дерекқорға сәйкестігіне түзетеді.

Қызметке ақы төлеу медициналық қызметтің сапасын жаппай бақылау нәтижелері бойынша жүргізіледі. Мұнда қызметтің құны, медициналық қызметті көрсетуге жұмсалған шығындардың толық тізбесі бар және емдеу қорытындысын ескере отырып, медициналық экономикалық хаттамалар негізінде анықталатын болады. Медициналық экономикалық хаттамаларды пайдалану, нақты жұмсалған шығындарға ақы төлеу тәсілі ғана болып табылмайды, сонымен бірге ол медицина қызметкерлеріне нақты жағдайда әрбір маманның қосқан үлесін ескере отырып, сараланған еңбекақы төлеуді дамытуды ынталандыратын болады.

Осы сызбаны іске асыру үшін Комитетке Министрліктің ТМККК қызметіне ақы төлеу бойынша қызметін бекіту мәселесін заңнамамен реттеу қажет. «Мемлекеттік кәсіпорын туралы» Қазақстан Республикасының Заңына кәсіпорындар және басқа да субъектілермен мемлекеттік тапсырысты орналастыруға рұқсат беретін өзгерістер мен толықтырулар енгізу қажет.

Министрлік тұлғасында ТМККК қызметінің Бірыңғай төлеушісін құру бюджетаралық қарым-қатынастардың қағидаттарына сәйкес келетін болады, өйткені ТМККК ақы төлеу бойынша мемлекеттік қызметтерді түпкі нәтижелерге байланысты «білікті сатып алушы» жүзеге асырады, ал төлемдерді жүзеге асыру тікелей Комитеттің аумақтық органдары арқылы жүргізіледі, бұл мемлекеттік қызметтерді оны алушыларға барынша жақындатады.

Сонымен қатар бірінші кезеңде жеке және қоғамдық денсаулық үшін мемлекеттің, жұмыс берушінің және азаматтың ортақ жауапкершілігі теңгерімін айқындау тетігін әзірлеу бойынша жұмыс жүргізілетін болады.

Негізгі көз ретінде жинақталған медициналық шоттардың (бұдан әрі - Шоттар) қаражаты пайдаланылатын болады, оларда медициналық қызметті одан әрі төлеп отыру үшін халықтың қаражаты жинақталатын болады. Таратылған қаражатқа салықтың салынбауы, қаражатты мұраға қалдыру, сондай-ақ азаматтың да, оған жұмыс берушінің немесе мемлекеттің Шоттарды үнемі және шектеусіз толықтыру мүмкіндігі Шоттардың артықшылығы болып табылады. Шоттарды енгізу үшін жұмыс істейтін адамдар, жұмыссыздар, студенттер (оқушылар), зейнеткерлер және азаматтардың басқа да санаттары үшін аударымдардың ең төменгі мөлшері айқындалатын болады.

Екінші кезеңде 2016 жылдан бастап жеке және қоғамдық денсаулық үшін мемлекеттің, жұмыс берушінің және азаматтың ортақ жауапкершілік балансын белгілеу тетігі енгізілетін болады және ортақ жауапкершіліктің мынадай моделі қалыптастырылады:

Халық (азамат) - салауатты өмір салтын ұстану, белгілі бір медициналық қызметтер үшін (медициналық жинақтаушы шоттардағы символдық, шоғырландырылған) міндетті төлемақы төлеу, медициналық қызмет көрсету ережелерін сақтау (медициналық ұсыныстарды орындау, мерзімдік медициналық тексеруден уақтылы өтуді жауапкершілікке алу және т. б. ) .

Жұмыс беруші - еңбек қауіпсіздігін сақтау шараларын іске асыру, денсаулығын сақтауға салықтар мен міндетті төлемақыларды төлеу, денсаулығына зиян келтіруіне байланысты өтемақы төлеу.

Мемлекет - денсаулықты қорғау саласында мемлекеттік саясатты әзірлеу және оны іске асыру, мемлекеттік бюджет есебінен ТМККК алу үшін азаматтардың конституциялық құқықтарын қамтамасыз ету, сапалы медициналық қызметтерге қолжетімділікте әлеуметтік әділдікті қамтамасыз ету.

Сонымен, денсаулық сақтау саласын қаржыландыруды жетілдіру бойынша шараларды іске асыру медициналық қызмет көрсету саласында бәсекелестікті дамыту мен жеке және қоғамдық денсаулық үшін мемлекеттің, жұмыс берушінің және азаматтың ортақ жауапкершілігі теңгерімін қалыптастыруды қамтамасыз етеді.

САПАНЫ БАСҚАРУ

Халықаралық тәжірибе көрсеткендей, сапалылықты артыру қызметті жүйелік басқару шеңберінде жүргізілуі мақсатқа сай болғаны дұрыс, өйткені, өнімнің барлық өмір шендік кезеңін қамтиды- жобалаудан бастап жұмысшыларға және кәдеге жаратуға дейін.

Өнімнің сапасын басқару стандарттауға негізделеді. Ол ұлттық шаруашылықтың, халықтың қорғаныстың, экспорттың қажеттілігі үшін дайындалатын өнімдерге үдемелі талаптарды анықтайтын нормативті- техникалық негізі болып табылады.

Сапа көрсеткіштерінің мәні мен қызметі.

Қазіргі нарықтық экономика негізінде шығарылған өнімнің сапасына басқалай талап қояды. Бұл қазіргі дүниеде кез келген кәсіпорынның өміршендігі, оның тауарлар нарығындағы және қызмет көрсетудегі орнықты жағдайы бәсекеге жарамдылық деңгейін көрсетеді.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстан Республикасының бірыңғай ұлттық денсаулық сақтау жүйесі
Сәйкестік аудитін денсаулық сақтау мекемелерінде жүргізу ерекшеліктері
Денсаулық сақтау саласын басқаруды жақсартудағы қаржылық реттеу бағыттары
Денсаулық сақтау саласы қызметінің экономикалық - қаржылық көрсеткіштерін талдау
Тұрғындардың физикалық дамуымен байланысты медициналық-әлеуметтік мәселелер
Денсаулық сақтау жүйесінің АТ-инфра құрылымы
Электронды сот өндірісі қызметінің құқықтық негіздері
Халықтың денсаулығын сақтау әлеуметтік жұмыстың басты мақсаты ретінде
Жарма ауылының әлеуметтік жағдайы
Менеджмент жүйелері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz