Қазақстан Республикасының географиялық орны, табиғат жағдайы


Қазақстан Республикасының географиялық орны, табиғат жағдайы
Қазақстан - Еуропа және Азия сияқты екі құрлықтың қиылысында, ал астанасы - Астана қаласы - Еуразия материгінің географиялық орталығына жақын орналасқан. Қазақстан - көлемі жағынан дүние жүзі бойынша Ресей, Қытай, АҚШ, Аргентина, Бразилия, Канада, Үндістан мен Австралиядан кейін тоғызыншы орында. Республика аумағы - 2. 724. 900 шаршы километр.
Қазақстан батысында Волганың төменгі ағысынан шығысында Батыс Сібір ойпаты мен Алтай тауларына дейін 3000 километрге, солтүстікте Батыс Сібір жазығынан оңтүстікте Қызылқұм шөлі мен Тянь-Шань тауларына дейін 2000 километрге созылып жатыр. Қазақстанның солтүстіктегі ең шеткі нүктесі - солтүстік ендіктің 55′26′ - Шығыс Еуропа жазығы орталық бөлігінің оңтүстік шетіне және Британ аралдарының оңтүстігіне (Мәскеу ендігі), оңтүстіктегі ең шеткі нүктесі - солтүстік ендіктің 40′56′ - Завкаказье мен Оңтүстік Еуропадағы Жерорта теңізі жанындағы елдерге (Баку, Стамбул және Мадрид ендігі ) сәйкес келеді.
Еліміздің шекарасының жалпы ұзындығы шамамен 14 мың километрді, оның ішінде Каспий теңізі бойынша 600 километрді құрайды. Қазақстан Ресей Федерациясымен - 7591, 0 км, Өзбекстанмен - 2 351, 4 км, Қытаймен - 1 782, 75 км, Қырғызстанмен - 1241, 6 км, Түркіменстанмен 425, 8 километр аралықта шектесіп жатыр.
Қазақстан аумағының төрттен бір бөлігінен астамын дала, 44 %-ін шөл мен шөлейттер және 14 %-ін ормандар алып жатыр. Қазақстанның өсімдіктер мен жануарлар дүниесі алуан түрлілігімен ерекшеленеді. Оның аумағында сүт қоректілердің 155 түрі, құстардың 480 түрі, балықтың 150 түрі мекен етеді, тек дәрілік өсімдіктердің 250 түрі кездеседі.
Еліміздің аумағынан үлкенді-кішілі 8, 5 мың өзен ағып өтеді. Жеті өзеннің ұзындығы 1000 километрден асады. Ең ірілері - Каспий теңізіне құятын Орал мен Ембі, Арал теңізіне құятын Сырдария. Ертіс, Есіл және Тобыл өзендері республиканы қиып өтеді, олар Солтүстік Мұзды Мұхит бассейніне жатады.
Қазақстанда үлкенді-кішілі 48000 көл бар. Олардың ішінде ең үлкендері - Арал теңізі, Балқаш, Зайсан, Алакөл, Теңіз, Селетеңіз. Қазақстанға Каспий теңізінің солтүстік жағалауының басым бөлігі және шығыс жағалауының жартысы тиесілі. Каспий теңізінің қазақстандық жағалауының ұзындығы 2340 км құрайды.
Еліміздің мұхиттардан шалғайда орналасуы және аумағының үлкен болуы шұғыл континентальды климаттың, түрлі табиғи зоналардың қалыптасуына және жауын-шашынның аз болуына ықпал етеді. Өңірлер бойынша айтарлықтай ерекшеленетін қаңтар айының орташа температурасы
- 19-дан - 4 С градус аралығында, ал шілде айының орташа температурасы +19-дан +26 С градус аралығында болады. Қыста ең төменгі температура 45 градусқа дейін, ал жазда ең жоғары температура +30 градусқа дейін жетеді. Аумақты орманды дала (солтүстік, шығыс), дала (солтүстік, шығыс, батыс, орталық), шөлейт (батыс, орталық, оңтүстік, шығыс) және шөл (батыс, орталық, оңтүстік) табиғи зоналары басып өтеді. Республика аумағының басым бөлігіне желдер тән.
Соңғы уақытта Қазақстан Республикасының аумағындағы апатты табиғи құбылыстарға Каспий теңізі деңгейінің көтерілуін, жер сілкіністерін, апатты гидрометеорологиялық құбылыстарды жатқызуға болады. Аса ірі антропогендік әсерлердің қатарына Арал теңізі бассейнінің тартылуын және ядролық полигондар қызметі салдарының қолайсыз экологиялық әсерін жатқызуға болады.
Халқы
Қазақстан халқы 2005 жылы 15 миллион 74, 2 мың адам болды. Халықтың тығыздығы 1 шаршы километрге 5, 5 адамнан келеді. Халықтың 57 %-і қалада, қалғандары ауылда тұрады.
2004 жылы республика халқының саны 123, 0 мың адамға немесе 0, 8 % -ке өсті. Халық санының артуы туу және иммиграция көрсеткіштернің артуына, сондай-ақ өлімнің азаюына да байланысты болды. Республика халқының саны артуының 97, 3 %-і табиғи өсім есебінен (119, 6 мың адам) және 2, 7 % -і көші-қон процесінің артуы (3, 4 мың адам) есебінен болды. Халық саны қалалық елді мекендерде 2004 жылғы 1 қаңтармен салыстырғанда - 116, 4 мың адамға, ауылдық жерлерде 6, 6 мың адамға артты.
Қазақстанда барлығы 131 ұлттың өкілдері тұрады. Халықтың этникалық құрамына қарай республикадағы ең ірі топтарға жеті ұлт өкілдері - қазақтар, орыстар, украиндар, өзбектер, немістер, татарлар, ұйғырлар жатады, олардың үлесіне халықтың жалпы санының 95 %-і келеді. Қазақстан халқының құрамында қазақтар саны жағынан көп ұлт болып табылады, олар 53, 4 %-ті, орыстар үштен бірін құрайды.
Республиканың байырғы халқының саны 1999 жылдан бері 640 мың адамға артты, ол негізінен табиғи өсімнің есебінен болды, оның үлесіне жалпы өсімнің 75 %-і келеді. Осы уақыт аралығында халықтың жалпы санындағы өзбектердің үлес салмағы - 0, 3 %, ұйғырлардың үлес салмағы - 0, 1 %, әзірбайжандардың үлес салмағы - 0, 1 %-ке артты. Немістердің үлес салмағы 0, 9 %, украиндардың үлес салмағы - 0, 7 %, орыстардың үлес салмағы - 3, 3 %, татарлардың үлес салмағы - 0, 2 % -ке кеміді. Өткен жылдардағы сияқты, жекелеген ұлттар бойынша халықтың табиғи азаюы байқалып отыр.
Қазақтар шет елдерде 55 мемлекетте, соның ішінде КСРО-ның бұрынғы барлық одақтас республикаларында және 41 алыс шет елде тұрып жатыр. Қазақтардың басым бөлігі - Өзбекстанда, онда - 967 мың адам, Ресей Федерациясында - 687 мың адам, Түркіменстанда - 87 мың адам, Қырғызстанда - 42 мың адам, Украинада - 10 мың адам, Тәжікстанда - 10 мың адам, Әзірбайжанда - 4 мың адам, Грузияда - 3 мың адам, Молдовада - 2 мың адам, Латвияда 1 мың адам тұрады. Алыс шет елдерде, мысалы, Қытайда - 1 млн. 258 мың, Монғолияда - 83 мың, Ауғанстанда - 28 мың, Түркияда - 20 мың, Иранда 3 мың қазақ тұрады.
Мемлекеттік құрылымдар, әкімшілік-аумақтық құрылымы
Қазақстан Республикасы президенттік басқару нысанындағы біртұтас мемлекет болып табылады. Қазақстан Республикасының Президенті - Мемлекет басшысы, жоғары лауазымды тұлға. Президент дауыс беру жолымен жеті жыл мерзімге сайланады.
Республикада мемлекеттік билік біртұтас, ол Конституция мен заңдар негізінде заң шығарушы, атқарушы және сот тармақтарына бөліну, олардың тежемелік әрі тепе-теңдік жүйесін пайдалану арқылы өзара іс-қимыл жасау принципіне сәйкес жүзеге асырылады.
Республикада заң шығару қызметін жүзеге асыратын өкілді орган Қазақстан Республикасының Парламенті болып табылады. Парламент тұрақты негізде жұмыс істейтін екі палатадан - Сенаттан (Сенат депутаттарының өкілеттік мерзімі - алты жыл ) және Мәжілістен (Мәжіліс депутаттарының өкілеттік мерзімі - бес жыл) тұрады.
Қазақстан Үкіметі атқарушы органдар жүйесін басқарады және олардың қызметіне басшылық жасайды.
Қазақстан Республикасында сот төрелігін тек сот жүзеге асырады. Заңмен құрылған Республиканың Жоғарғы Соты және Республиканың жергілікті соттары Республика соттары болып табылады.
Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесі Қазақстанның саяси жүйесінде ерекше жағдайға ие. Ол өкілеттігі алты жылға созылатын жеті мүшеден тұрады. Республиканың экс-президенттері құқығы бойынша Конституциялық Кеңестің ғұмыр бойы мүшелері болып табылады.
Қазақстанның астанасы - Астана қаласы (1997 жылғы 10 желтоқсаннан бастап) . Халқы - 529, 3 мың адам. Республикада 14 облыс, 86 қала, оның ішінде 2 республикалық бағыныстағы қала (Астана, Алматы қалалары), 168 аудан (қалаларда - 8 аудан), 174 кент бар.
Қазақстанның мемлекеттік тілі түркі тілдерінің тобына жататын қазақ тілі болып табылады. Мемлекеттік ұйымдарда және жергілікті басқару органдарында мемлекеттік тілмен қатар орыс тілі ресми түрде пайдаланылады.
Парламенттің 2002 жылы Қазақстан Республикасындағы партиялық құрылыстың барысын регламенттеп, реттеуге арналған, оларды нығайтуға кең жол ашатын «Саяси партиялар туралы» жаңа Заңды қабылдауына байланысты Қазақстан Республикасындағы саяси партиялар өз дамуында айрықша серпінге ие болды. Саяси партияны құру үшін оның міндетті түрде 50 мың мүшесінің болуы белгіленді. Қазақстан Республикасында 9 саяси партия ресми тіркелген. Қазіргі таңда елде барлық әлеуметтік маңызды салалардағы жұмысты жүзеге асыратын 5000-нан астам үкіметтік емес ұйым қызмет істейді.
2006 жылғы бірінші тоқсанның соңындағы жағдай бойынша республикада 2243 мерзімді баспа басылымдары, оның ішінде 1593 газет және 650 журнал тұрақты негізде шығарылады. Барлық басылымдардың жартысын ақпараттық БАҚ құрайды, қоғамдық-саяси басылымдардың үлесі 16 %, ғылыми басылымдар - 9 %, жарнамалық - 10, 5 %, балалар, жастар, әйелдер және діни бағыттағы басылымдар жиынтығында төрт процентті құрайды. Мемлекеттік емес БАҚ-ның үлесі 80 % жуық. Ақпараттық салада мемлекеттік сектор негізінен ведомстволық БАҚ (орталық және жергілікті билік оргнадары, оқу орындары) арқылы көрініс тапқан. Өңірлер бойынша мерзімді баспа басылымдарының таралымы 1000- 3600 дана аралығында өзгеріп отырады.
2006 жылғы 20 наурыздағы жағдай бойынша Қазақстан Республикасында 212 электрондық бұқаралық ақпарат құралдары жұмыс істейді. 2005 жыл ішінде KZ доменінде 8556 сайт тіркелді.
«Қазтелерадио» АҚ деректері бойынша қазіргі уақытта аумақтың республикалық арналардың теледидар және қамтылуы:
· «Хабар» - 95, 7 %;
· «Қазақстан» - 96, 25 %;
· «Ел арна» - 75, 5 %;
· «Еуразия - бірінші каналы» - 78, 6 %;
· Қазақ радиосы - 86, 99 %.
«CaspioNet» ұлттық спутниктік арнасы Еуропа, Орталық Азия, Орта Шығыс және Африканың солтүстік бөлігі елдерінің аумағына таралады. Арнаның ықтимал аудиториясы - 99 миллион телекөрермен. Арна тәулігіне 24 сағат бойы үздіксіз хабар береді.
2006 жылғы бірінші тоқсанның соңындағы жағдай бойынша Қазақстанның ақпараттық нарығында шет мемлекеттердің 2392 бұқралалық ақпарат құралдары, оның ішінде 2309 газет пен журнал және 83 теле- радиобағдарлама таратылды. Шетелдік бұқаралық ақпарат құралдары аталымдарының жалпы санының 90 % - орыс тілінде, 5 % - ағылшын тілінде және 5 % басқа тілдерде (грек, неміс, голланд, испан, португал, швед, грузин, армян, француз, корей және басқа тілдерде) таралады.
Сонымен қатар Қазақстанда Интернет, кабельді теледидар қарқынды түрде дамуда. 2006 жылғы бірінші тоқсанның соңындағы жағдай бойынша Қазақстанның аумағында кабельді және эфирлі-кабельді теледидар желілерінің 80 астам операторы қызмет етеді. Республиканың ақпараттық нарығында қазіргі заманғы технологиялар кеңінен пайдаланылады.
Табиғи-қорлар әлеуеті
Қазақстанда сан-алуан пайдалы қазбалар бар. Менделеев кестесінің 105 элементінің 99-ы Қазақстанда табылған, оның 70-нің қоры анықталған, қазір 60-тан астам элемент өндіріске енгізілген.
Қазақстан дүние жүзі бойынша мырыштың, вольфрамның және бариттің зерттелген қорлары бойынша - бірінші орын, күміс, қорғасын және хром қорлары бойынша - екінші орын, мыс пен флюорит қорлары бойынша - үшінші орын, молибден қорлары бойынша - төртінші орын, алтын қорлары бойынша - алтыншы орын алады. Қазіргі уақытта минералдық шикізаттың 1225 түрі бар 493 кен қазба орны белгілі болып отыр.
Ал ТМД мемлекеттерінің ішінде Қазақстан хром рудалары және қорғасын бойынша - бірінші орын; мұнай қорлары, күміс, мыс, марганец, мырыш, никель және фосфор шикізаты бойынша - екінші орын; газ, көмір, алтын және қалайы бойынша үшінші орын алады.
Республика Күміс, хромит, қорғасын және мырыш өндіруден ТМД елдерінің арасында - бірінші орын, мұнай, көмір, мыс, никель және фосфат шикізатын өндіруден - екінші орын, алтын өндіруден үшінші орын алады. Қазақстанның батыс өңірінде мұнай мен газдың айтарлықтай мол қоры жинақталған, бұл елімізді әлемдегі мұнай өндіретін ірі мемлекеттер қатарына жатқызуға мүмкіндік береді. Оңтүстік Торғай ойпаты маңынан мұнай шығатын жаңа ауданның ашылуы республиканың мұнай өндіру саласының болашағын одан әрі кеңейтеді.
Қазақстанның пайдалы қазбалар қорын геологиялық-экономикалық бағалау нәтижесі бойынша экономикалық маңызы жағынан көмір, мұнай, мыс, темір, қорғасын, мырыш, хромит, алтын, марганец алдыңғы қатарда тұр.
Экономика
Қазақстанда нақты жұмыс істейтін нарықтық экономика құрылған.
2006 жылғы мамырда экономикадағы жұмыспен қамтылғандар саны 7991, 4 мың адам болды. Өнеркәсіптің жетекші салаларының қатарына түсті және қара металлургия жатады. Қазақстанның мысы, қорғасыны, мырышы және кадмийі сапасының жоғары деңгейде болуына байланысты әлемдік нарықта сұранысқа ие және бәсекеге қабілетті.
Қазіргі таңда экономикалық дамудың негізгі көзі елдің шикізат әлеуетін пайдалану болып табылады. 1985 жылмен салыстырғанда көміртегі шикізатын өндіру көлемі 225 пайызға өсті, ал дүние жүзі бойынша бұл көрсеткіш 1, 3 есеге жуық өсті. 2005 жылы мұнай өндіру (газ конденсатын қоса алғанда) 61, 9 млн. тоннаға, табиғи газ өндіру 25, 2 млрд текше м болды. Қазақстанда болашақта ашық кен орындарын игеру есебінен 2015 жылға қарай 150 млн. тонна мұнай және 79 млрд текше м газ мөлшерінде көмірсутегі шикізаты өндіріледі. 2009 жылдан бастап мұнай өндірудің негізгі өсімі Каспий шельфінде байқалады деп көзделіп отыр.
Еуропа елдері Қазақстан экспорты көлемінің негізгі бөлігін алады. Қазақстан ірі отын-энергетикалық өңір болып табылады. Еуропа елдері арасында Қазақстан экспортын негізгі тұтынушылар Швейцария, Италия, Польша, Германия болып табылады. Еуропа елдеріне экспорт жасау мұнай, ферроқорытпалар, металлургия өнеркәсібі өнімдерін, бидай сату есебінен артып отыр. Азия өңіріндегі елдерге қазақстандық өнімдерді жеткізу көлемі ұлғайды, онда негізгі тұтынушылардың бірі қытай өнеркәсібі болып табылады.
1998-2005 жылдар аралығында ЖІӨ-нің нақты көлемі 1, 8 есе артты, ал ЖІӨ-нің орташа жылдық өсімі 9, 1 % болды. 1998-2005 жылдары ЖІӨ-нің жан басына шаққандағы көлемі 2, 5 есе артты. Қазақстанның ЖІӨ-нің көлемі 2006 жылы 76 млрд. долларға жетті, ол жан басына шаққанда 5, 1 мың АҚШ долларын құрайды.
Қазақстанның қаржы жүйесі ТМД елдерінің ішіндегі ең озық жүйенің бірі деп танылды. Банк секторы өз дамуында Достастықтың басқа елдерінен айтарлықтай алдыңғы қатарда келеді. Қазақстан банктерінің жиынтық активтері (50 млрд. АҚШ долларынан астам) Украина банктерінің жиынтық активтеріне теңеседі. Қазақстан Шығыс Европа елдерінің бірқатарынан алдыңғы қатарда. Қазақстанның капиталы сыртқы нарықта белсенді орын алуда, 2005 жылы бұл көрсеткіш 15 млрд. АҚШ долларына жетті. Қазақстан тұрақты әлеуметтік-экономикалық дамуды, сыртқы қолайсыз жағдайларға тәуелділікті төмендетуді қамтамасыз ету үшін бірінші болып Ұлттық қор құрды. 2001 жылдан бастап барлық мұнай түсімдерінің 60 % Ұлттық қорда жинақталады. Аталған қордың көлемі 2005 жылдың соңындағы 8 млрд долларға қарағанда, 2006 жылы 14, 5 млрд. АҚШ доллары болды. Елдің алтын валюталық қоры Ұлттық қорды қоса есепке алғанда 2006 жылғы 30 қарашада 15, 086 млрд. АҚШ долларына дейін өсті.
2006 жылы Қазақстанның халықаралық қорлары Ұлттық қордың қаржысын қоса алғанда ағымдағы бағамен 29 764, 8 млн. АҚШ долларын құрады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz