Қазақстан Республикасының сот жүйесі мен құқық қорғау органдары


Пән: Құқық, Криминалистика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 9 бет
Таңдаулыға:   

Қазақстан Республикасының сот жүйесі мен құқық қорғау органдары

Жоспар:

1. Қазақстан Республикасында құқық қорғау органдарының қызметінің және ұйымдастырылуының негіздері.

2. Қазақстан Республикасындағы сот және сот әділдігі

1. Қазақстан Республикасының құқық қорғау органдары дегеніміз - бұзылған құқықты орнына келтіруге, заң бойынша міндеттің орындалуын қамтамасыз етуге бағытталған мемлекеттік органның мәжбүрлеу қызметі. Осы шараларды қолдау үшін ерекше құқық қорғау органдары құрылады.

Құқық қорғау органдарының жұмысы тек заң шеңберінде ғана жүзеге асырылады және олар мемлекеттің заңдылық негіздерін орнықтыру мен құқық тәртібін нығайтуға жәрдемдеседі. Олардың қызметінің негізгі бағыттарына сот билігі, прокурорлық қадағалау, қылмыстық қудалау, әділет органдарының, адвокаттардың және т. б. қызметі жатады.

Құқықты қорғау үшін мемлекетімізде мынандай органдар құрылған

Прокуратура. Прокуратура заңның дәлме-дәл және біркелкі орындалуын қадағалайтын орган. ҚР прокуратурасының құқықтық мәртебесі, қызметтік ұйымдастырылуы, қызмет тәртібі және прокурорлардың өкілетті Конституциясымен бірге, ҚР президентінің « Қазақстан Республикасының прокуратурасы туралы» 1995 жылғы 21 желтоқсандағы заң күші бар Жарлығымен, халықаралық шарттармен, прокуратура қызметінің жекелеген қырларын реттейтін әрі шектейтін заңдармен, сондай-ақ Бас Прокурордың бұйрықтармен реттелген.

Прокуратураның орталықтандырылған бірегей жүйесін ҚР-ның Бас Ппрокуроры басқарады, ал оған облыстық прокуратуралар, республикалық дәрежедегі қалалық және республика астанасының прокуратуралары, ауданаралық, аудандық, қалалық және мамандандырылған прокуратуралар кіреді. Республиканың Бас Прокурорын Республика Парламенті Сенатының келісімімен Президент тағайындайды.

Сонымен, прокуратура мемлекттік билік тармақтарының бөлінісі және өзара қатынасындағы ерекше орган. Оның басты мақсаты - Республиканың аумағында заңдардың, Президент жарлықтарының және өзге де нормативтік құқықтық актілердің дәлме-дәл әрі біркелкі қолдланылуын, жедел-іздестіру қызметінің, анықтау мен тергеудің, әкімшілік және орындаушылық іс жүргізудің заңдылығын жоғары қадағалауды жүзеге асырады.

Ішкі істер органдары. Ішкі істер органдарының құқықтық статусы ҚР Президентінің 1995 жылғы 21 желтоқсандағы «Қазақстан Республикасының ішкі істер органдары туралы» заң күші бар Жарлығымен реттеледі.

Заң бойынша ішкі істер органдарының міндеттері мыналар:

- жеке адамның, азаматтың конституциялық құқықтарын қорғау;

- қоғамдық тәртіп пен қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету;

- қылмысқа қарсы күресу ;

- өз құзыреті шегінде қылмыстық жазалауды және әкімшілік шараларды қолдануды орындау ; т. с. с

Қазақстанның ішкі істер органдарының бірыңғай жүйесі - Ішкі істер министрлігінен, оған бағынышты облыстардағы, қалалардағы, транспорттағы, ішкі істер басқармаларынан, қалалық, аудандық, поселкелік ішкі істер органдарынан, ішкі істер әскерлері және басқа мекемелерден құралады.

Ұлттық қауіпсіздік органдары.

Қауіпсіздік органдары жеке адамды, қоғам мен мемлекетті ішкі және сыртқы қауіп - қатерден заңға сәйкес қорғауды жүзеге асыратын арнаулы органдар.

Бұл органдардың қызметін ҚР Президентінің 1995 жылғы 12 желтоқсандағы «Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздік органдары туралы» заң күші бар Жарлық реттейді.

Ұлттық қауіпсіздік органдары негізінен ҚР-ның Ұлттық қауіпсіздік комитетінен, оның жергілікті органдарынан және басқа да тиісті мекемелерінен құралады.

Әділет органдары.

ҚР-ның әділет органдары, өз құзыреті шегінде, мемлекеттің қызметінің атқарылуын құқықтық қамтамасыз етуді жүзеге асыратын мемлекеттік органдардың, ұйымдардың, лауазымды адамдар мен азаматтардың жұмысында заңдылық режиміне қолдау жасайтын, азаматтары мен ұйымдардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауды қамтамасз ететін атқарушы билік органдары болып табылады. Бұлардың қызметін ҚР-ның 2002 жылғы 18 наурыздағы «Әділет органдары туралы» заңы реттейді.

Заңға сәйкес әділет органдарының міндеттеріне:

- заң жобасын дайындау жұмысын жүргізу, заңдарды талдау, жетілдіру, жүйелеу, құқықтық кесімдердің жобаларына заң сараптамасын жүргізу;

- заңды тұлғаларды, жылжымайтын мүлікке құқықтарды және олармен жаслатын мәмілелерді, азаматтық хал актілерін мемлекеттік тіркеуді жүзеге асыру;

- құқықтық көмекті және заң қызметін көрсетуді ұйымдастыру және құқықтық насихатты қамтамасыз ету;

- сот сарптамасы қызметін ұйымдастыру және жүзеге асыру;

- қылмыстық жазаларды атқару, қылмыстық жаза атқару органдары мен мекемелерінде құқықтық тәртіп пен заңдылықты қамтамасыз ету және басқалар жатады.

Әділет органдарының біртұтас жүйесі Әділет министрлігінен, аумақтық әділет органдарынан, қылмыстық атқару жүйесінің органдарын қамтитын әділет органдарынан және өзге бағынысты ұйымдардан құралады.

Қаржы полициясы. ҚР-ның қаржы полициясының органдары:

- заңмен белгіленген өкілеттері шегінде жедел іздестіру қызметін;

- алдын-ала тергеу және анықтау;

- әкімшілік іс жүргізу арқылы экономика мен қаржы қызметі саласында адам мен азаматтың құқықтарына, қоғам мен мемлекет мүдделеріне қылымыстық және құқыққа қайшы өзге де қол сұғушылықтың алдын алуға, оны анықтауға, жолын кесуге, ашуға және тергеуге бағытталған құқық қорғау қызметін жүзеге асыратын арнаулы мемлекеттік органдар болып табылады.

2002 жылғы 4 шілдедегі «Қазақстан Республикасының Қаржы полициясы органдары туралы» Заңның 5 бабына сәйкес Қаржы полициясына өкілеттігі шегінде мемлекеттің экономикалық қауіпсіздігін, кәсіпкерлік қызмет субъктілерінің, қоғам ман мемлекеттің заңды құқықтарын қамтамасыз ету, салықтарды төлеуден жалтаруға байланысты қылмыстардың, экономика мен қаржы саласындағы өзге қылмыстар мен құқық бұзушылықтырдың алдын алу, оларды анықтау, жолын кесу, ашу және тергеу, экономика саласындағы жемқорлық пен қылмысқа қарсы күрес ісінде мемелекеттік саясатты әзірлеуге және іске асыруға қатысу, қаржы полициясы органдарының қарауына жатқызылатын мәселелер бойынша халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асыру міндеттері жүктелген.

ҚР адвокатурасы.

Адвокатура адамның өз құқықтарын, бостандықтарын сотта қорғауға және біліктілікті заң көмегін алуға мемлекет кепілдік берген және азаматтардың құқығын жүзеге асыруға жәрдемдесуге арналған қызмет болып табылады.

Адвокаттардың құқықтық статусы ҚР 1997 жылғы желтоқсан айының 5 жұлдызындағы «Адвокаттық қызмет туралы» Заңымен реттеледі.

Жоғары Заң білімі бар, заңгер мамандығы бойынша жұмыс стажы 2 жылдан кем емес және адвокаттық қызметті жүзеге асыру құқығына лицензия алған адам адвокат бола алады. Адвокат міндетті түрде адвокаттар алқасының мүшесі болуы тиіс.

Қазақстан Республикасындағы адвокатура адамның өз құқықтарын, бостандықтарын сотта қорғауға және бiлiктi заң көмегiн алуға мемлекет кепiлдiк берген және Қазақстан Республикасының Конституциясымен баянды етiлген құқығын жүзеге асыруға жәрдемдесуге арналған.

Адвокатура қылмыстық iстер бойынша қорғау, азаматтық, әкiмшiлiк, қылмыстық және басқа да iстер бойынша өкiлдiк ету, сондай-ақ азаматтардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерiн, сондай-ақ заңды тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделерiн қорғау мен iске асыруға жәрдемдесу мақсатында заң көмегiнiң өзге де түрлерiн көрсету жөнiндегi адвокаттардың қызметiн ұйымдастырады. Адвокаттық қызмет шеңберiнде адвокаттар көрсететiн заң көмегi кәсiпкерлiк қызмет болып табылмайды.

Шетел терминдерінің қазіргі сөздігінде «Адвокатура» термині 1) ұйымды, адвокаттар алқасын; немесе 2) адвокат қызметін білдіреді.

Заңи әдебиетте және қолданыстағы заңнамада адвокатураның нақты анықтамасы жоқ. Мысалы, «Адвокаттық қызмет туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 1-бабы осы терминді түсіндіруден емес адвокатура мақсатын көрсетуден басталады. Ал 20-бапта тек адвокаттар алқасы ұғымы ғана берілген. Сондықтан да, көрсетілген олқылық орнын толтыра және осы ұғымды кеңейте отыра, өз түсінігімізше, адвокатураны азаматтар мен ұйымдарға кәсіби заң көмегін көрсететін тұлғалар қызметінің негізін анықтайтын қоғамдық құқықтық институт деп санаймыз.

Адвокаттар алқасы - адам мен азаматтың, мемлекет пен қоғамдық ұйымдардың заңды құқықтарын қорғауға жәрдемдесу және өкілдік ету үшін кәсіби заңгерлер құратын мемлекеттік емес және коммерциялық емес құрылым.

Егер осы міндеттерді нақтылайтын болсақ, адвокатура қызметінің негізгі бағыттары әртүрлі заң көмегін көрсетуге жәрдемдесу болып табылады. Олар:

· шешілімі кәсіби заң білімін талап ететін мәселелер бойынша консультациялар, түсіндірмелер, кеңестер, жазбаша қорытындылар беру;

· талап қою арыздарын, шағымдармен құқықтық сипаттағы басқа құжаттарды жасау;

· адвокаттардың анықтау және алдын ала тергеу істері кезінде, сезіктілердің, айыпталушылардың және сотталған адамдардың қорғаушылары, жәбірленушілердің, азаматтық талап қоюшылардың, азаматтық жауапкерлердің өкілі ретінде қылмыстық істер бойынша сотқа қатысуы;

· соттар мен мемлекеттік органдарда азаматтық және әкімшілік құқық бұзушылық істері бойынша өкілдік ету;

· азаматтар мен ұйымдарға заңда тиым салынбаған басқа да заң көмегін көрсету.

Заңды қолдану мәселесі бойынша кеңес беру адвокаттар қызметінің маңызды бағыты болып табылады. Оның мәні - қолданыстағы азаматтық іс жүргізу, отбасылық, еңбек, әкімшілік, қылмыстық іс жүргізу және басқа заңдардың нормаларын дұрыс түсіндіру мен дәл қолдану бойынша түсініктеме беру.

Консультация:

· даудың материалдық-құқықтық астарын;

· азаматта талап қою құқығының бар-жоғын (процессуалдық астар) ;

· іс бойынша түпкілікті кеңесті, яғни қорғау үшін заңды негіздің бар-жоғын және қандай нысанда екендігін (соттық, әкімшілік және т. б. ), бұл үшін не істеу керек екендігін қамтуға тиіс.

Құқықтық кеңес:

· заңды: құқық нормасына дұрыс сілтеме жасауға және оны дәл қолдануға, құқықтық іске асыру жолдарын көрсетуге және т. б. ;

· мазмұндау нысаны бойынша жеңіл, яғни түсінікті;

· нақты: жалпы құқық және оны қорғау жолдары туралы пайымдау емес, мәселені шешудің ықтимал жолдарын көрсетуге;

нәтижелі: кеңес беру аяқталғаннан кейін азамат істің алдағы қозғалысының болашағын анық көруге тиіс.

Қазіргі кезде елімізде барлық облыстарда, қалаларда адвокаттар аалқасы және жеке меншік адвокаттық кеңселер халыққа қызмет етеді.

Адвокаттар төмендегідей қызмет көсетеді:

- шешілуі кәсіби заң білімдерін қажет ететін мәселелер бойынша консультациялар, түсіндірмелер, кеңестер мен жазбаша қорытындылар береді;

- талап қою арыздарын, шағымдар құқықтық сипаттағы басқа құжаттарды жасайды;

- анықтау, алдын-ала тергеу органдарында, соттарда, мемлекеттік және өзге де органдарда, ұйымдарда және азаматтармен қарым-қатынастарда жеке және заңды тұлғалардың өкілдігі мен оларды қорғауды жүзеге асырады.

Адвокаттар заңдарда тиым салынбаған өзге де заң көмегін көрсетеді және т. б.

Нотариат.

ҚР-ғы нотариат - құқықтар мен фактілерді куәландыруға, 1997 жылғы шілденің 14-де қабылданған «Нотариат туралы» заңында көзделген өзге де міндеттерді жүзеге асыруға бағытталған нотариалдық іс-әрекеттерді жасау арқылы жеке және заңды тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғаудың заң жүзінде бекітілген жүйе. Бұл заң нотариаттың құрылымдық негізінің өзгеруін ескере отырып, мемлекеттік нотариатпен қатар жеке меншік нотариаттардың пайда болатынын айқындады. Мемлекеттік және жеке меншік нотариустардың нотариалдық қызмет атқарудағы құқықтары мен міндеттері біркелкі.

Олар рәсімдейтін құжаттардың да заңды күші бірдей. Біздің еліміздегі құқық қорғау органдарының арасында нотариаттың азаматтар мен ұйымдардың құқықтары мен бостандықтарын қорғаудағы, заңдылықты және құқықтық тәртіпті қамтамасыз етудегі, шарттар мен мәмілелерді куәландыру жолымен құқық бұзушылықтардың алдын алудағы мұрагерлік құқықтарды рәсімдеудегі, атқару жазбаларын жүзеге асыру және және басқа да нотариалдық әрекеттер жүргізудегі ролі зор. Ішкі азаматтық айналым және сыртқы экономикалық байланыстардың тез даму кезеңінде нотариалды органдардың қызметі ерекше маңызға ие.

2. Сот органдарының қызметінің және ұйымдастырылуының құқықтық негіздері. Соттың мемлекеттік органдар жүйесіндегі орны, рөлі және маңызы. ҚР-сы сот жүйесі:

- аудандық және оған теңестірілген соттар;

- облыстық және оған теңестірілген соттар;

- ҚР-ның Жоғарғы Соты;

- мамандандырылған соттар.

Соттардың ұйымдық және ресурстық қамтамасыз етілуін жүзеге асыратын органдар. Жоғарғы сот мемлекеттің жоғарғы сот органы ретінде. Жоғарғы сот жанындағы ғылыми-кеңес беру және басылым органы. Сот органының құрылымы: алқа(азаматтық және қылмыстық істер бойынша бақылау) : соттың пленарлық мәжілісі.

Соттың қызметін және ұйымдастырылуының қағидалары, соттардың кепілдектері және тәуелсіздігі. Сот лауазымына кандидаттарды таңдау тәртібі. Сот әділдігін жүзеге асыру - Қазақстан Республикасының соттарының негізгі функциясы ретінде.

Біздің елдегі сот төрелігін Конституцияның 75-бабына, ҚР-ның 2000 жылғы 25-желтоқсандағы «ҚР-ның сот жүйесі мен судьялардың мәртебесі туралы» конституциялық заңына сәйкес тек сот қана жүзеге асырады. Сот жүйесін ҚР-ның Жоғарғы соты, жергілікті соттар және басқа да соттар құрайды.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Құқық қорғау қызметінің қағидалары
Әділет органдары
Құқық қорғау органдары пәнінің оқу-әдістемелік кешені
ҚР құқық қорғау органдарындағы реформалардың ерекшелігі
Құқық қорғау органдарының қызметі
«Қазақстан Республикасының сот жүйесі және құқық қорғау органдары»
Құқық қорғау органдарының жалпы сипаттамасы
Құқық қорғау органдарының жалпы сипаттамасы туралы
Құқық қорғау қызметі туралы
Қазақстан Республикасында құқық қорғау органдарының қызметі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz