Оқу жоспары, оқулықтар, бағдарлама



Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 3 бет
Таңдаулыға:   
Дәріс №4
Тақырыбы: Оқу жоспары, оқулықтар, бағдарлама
Білім беру мазмұны дидактикалық категория ретінде ''нені оқыту керек'' сұрағына жауап береді. Оқушыларды жан-жақты дамыту үшін оларға адамзат жинақтаған білім-дер, біліктер мен дағдылардың жүйесін меңгерту керек. Білім беру мазмұны қоғамның мектеп алдына қоятын ағымдағы және болашақ мақсаттары арқылы айқындалады. Сонымен бірге, оқу мазмұны жеке адамдардың да мақсат-тарын ескереді. Айта кететін жайт, оқу мазмұны әрқашан саяси, идеологиялық күрес сахнасы. Саяси күштер мектеп арқылы барша қоғамға өз ықпалын таратуға тырысады. Оқу мазмұны қоғамның әлеуметтік-экономикалық және ғылыми-техникалық қажеттіліктеріне сай қалып-тасады. Еліміздің тәуелсіздігі, Республикамыздағы әлеумет-тік-экономикалық және саяси өзгерістер мектеп түлектері жаңа қоғам құруға, мәдени және рухани өрлеуге дайын болуын талап етеді. Білім мазмұнына әлеуметтік және ғылыми жетіс-тіктер деңгейі де өз әсерін тигізеді. Соңғы кезде ғылыми жаңалықтың пайда болуы мен оның мектепте оқытылуы арасындағы уақыт қысқарып бара жатыр. Мысалы, радио шыққанына 40 жыл өткенде ғана мектеп бағдарламасына енгізілсе, заманауи компьютерлік бағдарламалар шыққан жылы оқытылуда. Оқу мазмұнына кіретін мәліметтер жас мүмкіндік-теріне де байланысты. Баланың есте сақтау қабілеті жоғары болғанымен, білімді игеру, мәнін түсіну үшін өмірлік тәжірибе керек. Ұлттық және жалпы адамзаттық мәдениетке байла-нысты да оқу мазмұнында ерекшеліктер болады. Қазіргі заманда дүниежүзі бойынша оқу мазмұны адамдандыру, компьютерлендіру, кіріктіру, тұлғалық даму ережелеріне негізделеді. Оқу мазмұны дидактикалық талаптар негізінде қай сыныпта, қандай көлемде қандай пәндер оқытылуы керектігін белгілейді. Бастауыш сыныптарда барлық пәндерден алғашқы элементарлық ақпарат берілсе, орта сыныптарда жүйелі білім беріледі. Білім берудің мазмұны оқу жоспарларында, жеке пәндердің оқу бағдарламаларында және оқулықтарда, электрондық оқу құралдарында нақтыланады. Оқу жоспары, бағдарламалар, оқулықтар Оқу жоспары оқу жылының, тоқсандардың, демалыс күндерінің мерзімін, оқытылуға тиісті оқу пәндерінің тізімін, әрбір оқу жылы сыныптар бойынша оқу тәртібін және ретін, - әрбір пәнге бүкіл оқу мерзімінде және апта сайын әр пәнге бөлінетін сағаттардың мөлшерін көрсететін мемлекеттік құжат. Типтік оқу жоспары оқу министрлігінде жасалынып барлық орта мектептерге ортақ болып бекітіледі. Оқу жоспары мектептердің түрлеріне орай да жасалынады. Шағын комплектті, сегіз жылдық, ұлттық мектептерде жоспар өзінше құрылады. Оқу жоспары қоғамның мектеп алдына қойған мақсатымен тығыз байланысты. Оқу жоспарында жеке пәндер педагогикалық заңдылықтарға, бірізділік және жүйелілік принциптеріне, ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Оқу бағдарламалары
Қазақ тілінің бағдарламасы
Қазақ тілін оқытудын мақсаты мен маңызы
Математиканы оқытудың педагогикалық-психологиялық негіздері. Математика оқу материалдары мазмұнына жалпы сипаттама
ЕРЕКШЕ БІЛІМ БЕРУ ҚАЖЕТТІЛІГІН АНЫҚТАУ. ЕРЕКШЕ БІЛІМ АЛУДЫ ҚАЖЕТ ЕТЕТІН БАЛАЛАР ТОБЫ
Оқушылардың ерекше білім беру қажеттіліктерін қанағаттандыру
Жануартану пәніне мультимедиялық анимация процессін ұйымдастыру технологиясы
Білімнің жаңа мазмұны негізінде ана тілі пәнінің оқыту ерекшеліктер
Қазақ тілі бағдарламасы, оның оқулықпен байланысы
Мектептегі білім беру мазмұны мен оқыту әдістері
Пәндер