Дарынды оқушылармен жұмыс, мақсаты, міндеті,мазмұны


Дәріс №7
Тақырыбы: Дарынды оқушылармен жұмыс, мақсаты, міндеті, мазмұны
Мектептің негізгі тірегі - білімді де білікті, іскер де белсенді адамдар. Сондықтан қоғам талабына сай қоғамды көркейтетін, дамытатын жастар тәрбиелеу ең маңызды мәселе екені даусыз. Қазақстан Республикасының "Білім туралы" заңына мемлекеттік саясат негізінде ең алғаш рет "Әр баланың жеке қабілетіне қарай интеллектуалдық дамуы, жеке адамның дарындылығын дамыту" сияқты өзекті мәселелер енгізіліп отырғаны белгілі.
Дарынды балалар - жалпы және арнайы дарындылығын (музыкаға, сурет салуға, техникаға және т. б. ) байқатқан балалар. Дарындылықты ақыл-ой дамуының қарқыны, баланың өз құрдастарынан озықтың дәрежесі бойынша диагностикалау қабылданған (ақыл-ой дарындылығы тестері мен зияттылық коэффициенті осыған негізделген) . Мұндай көрсеткішті асыра бағалауға болмайды, өйткені ақылдың шығармашылық жағынан бірінші дәрежелі маңызы бар.
Дарындылықтың бағалануы тестеуге ғана негізделмеуі керек. Оның дәрежесі мен өзіндік ерекшелігі оқыту мен тәрбиелеу барысында балалардың белгілі бір мазмұндағы қарекетті атқаруы кезінде байқалады. Дарынды балалардың анықталып, кемелдендірілуіне арнаулы мектептер (музыка, математика, спорт мектептері, т. б. ), факультативтік сабақтар, алуан түрлі үйірмелер, студиялар, мектеп оқушыларының олимпиадаларын, балалардың көркемдік өнерлерінің байқауларын өткізу және т. б. жағдай жасайды.
Дарындылық баланың қабілетінен көрінеді
Техникалық қабілет:
- алуан түрлі тетіктер мен машиналарға қызығады;
- үлгі, құрал, аппарат құрастырғанды жақсы көреді;
- механизм, аппараттық жұмыс істемеу себептерін анықтайды;
- бұзылған құрал және механизмдерді жөндейді, ескі бөлшектерден жаңа ойыншық, құралдар, бұйымдар жасайды;
- тетіктердің сызбасын сала алады;
- техникалық әдебиеттерді оқиды.
Музыкалық талант:
- музыканы және музыкалық жазбаларды жақсы көреді;
- саз әуеніне тез құлақ түріп, оны мұқият тыңдап, жадына жаттап алады;
- жан-тәнімен беріліп музыкалық аспапта ойнап, әуен айтады;
- ән жазады;
- бір музыка аспабында ойнайды;
Ғылыми жұмысқа қабілет:
- абстрактілік ұғымдардан ой қорытындыларын тез шығарады;
- басқанық және өзінің ойларын, бақылағандарын жазып алады;
- ғылыми-көпшілік басылымдарды, ғылыми мақала және кітаптарды, ғылыми әдебиеттерді көркем әдебиеттерден бұрын бірінші оқиды;
- әр түрлі оқиғалардың себептерін және мәнін табады;
- өзінің жобаларына, сызбасына уақытты көп бөледі;
- жұмыс істегенде шаршамайды
Актерлік талант:
- сөзі жетпегенде өз сезімін бет қимылы, қимыл-қозғалысы арқылы білдіріп, жұрт назарын өзіне аудару үшін қызықты әңгімелер айтады;
- кейіпкерге еліктеп дауысын өзгертеді;
- аудиторияның алдында сөйлегенді, әсіресе үлкендер алдында сөйлегенді жақсы көреді;
- сұлулықты жақсы көріп, маңызын түсінеді.
Өзгеге ұқсамайтын интеллект:
- жақсы, анық ойлап, адам ойын тез түсінеді;
- адамдардың іс-қимылының себептерін біледі;
- еске сақтау қабілеті жақсы;
- жаңа оқу материалын тез қабылдап, жадына жаттап алады;
- сұрақтарды көп қояды;
- кітапты көп оқиды;
- өзіне қатысы жоқ мәселелерді көп біледі;
- өте ақылды, өзін құрметтейді.
Спорт:
- күші көп, үнемі қозғалғысы келеді;
- соққыдан қорықпайды;
- спорт жарыстарында жеңеді;
- қай уақытта күреске және басқа спорт түрлеріне үйренгені белгісіз;
- өзінің көп құрбыларына қарағанда денесі жақсы дамығаи, қимыл-қозғалысы үйлесімді;
- еш уақытта шаршамайтын әсер туғызады;
- спортшыларға еліктейді.
Әдеби дарындылық:
- жазбаша және ауызша әңгімелерінде кейіпкерлердің көңіл-күйін беру үшін әдеби сөздер қолданады;
- әңгіме, өлең, роман жазады.
Көркемөнерге қабілеті:
- сөз таба алмаса, сурет арқылы көңіл-күйін, сезімін білдіреді;
- суреттерінде адамдарды, жануарларды, оқиғаларды бейнелейді;
- өнер шығармаларын талдай алады;
- бос уақытында ермексазбен (пластилин) жұмыс істеп, сурет салады;
- үйді, киімдерді безендіреді;
- классикалық шығармаларды дұрыс бағалайтын кездері болады.
Басқалардан бұрын балалардың көркемдік дарындылығын (музыка саласында, сурет салуда) байқауға болады. Ғылым саласында бәрінен гәрі математикаға дарындылық тезірек байқалады. Ақыл-ой қабілеті тым ерте дамыған, қайсыбір қарекет саласында ерекше айқын жетістіктерге жеткен балаларды вундеркиндтер деп атайды.
Баланың ең үздік жетістіктері болашақ таланттың жеткілікті кепілі бола алмайды. Туа біткен бейімділіктер - индивидуумдық-психологиялық ерекшеліктердің қалыптасуының бір шарты, бәрі қоршаған ортаға, әрекеттің сипатына өте көп байланысты.
Дарынды балалардың дамуының тежелуіне жол беруге болмайды. Мұндай балалардың оқулық жүктемесі, оқыту және тәрбиелеу нысандары олардың мүмкіндіктеріне сай келуі тиіс. Дарынды балаларға қамқорлық қабілеттіктерін дамытуды жалпы білімдік дайындықпен және тұлғаны кемелдендірумен ұштастырылуын көздейді.
Дарынды оқушымен жұмыстың негізгі мақсаты - шығармашылық жұмыста өзінің қабілетін іске асыруға дайындығын қалыптастыру. Мақсатқа жету оқу бағдарламасын тереңдетіп оқыту және оқушының танымдық белсенділігін дамыту арқылы жүзеге асады.
Дарынды балаларға білім беруді ғылымның бүгінгі даму дәрежесіне сәйкес жүргізу ерекше дарынды балалардың интеллектуалдық дамуын қанағаттандыруды қамтамасыз етеді.
Дарынды оқушымен жұмыс жүйесінде мұғалім маңызды орын алады. Оқушының болашақтағы мамандығына байланысты, кәсіби тағдыры жақсы мұғалімге байланысты.
Дарынды балалармен жұмыс істейтін мұғалімдердің міндеттері:
• дарындылықты анықтау, дамыту мәселесіне ерекше көңіл бөліп, сол бағытта талмай жұмыс жасау;
• дарынды оқушыға қосымша тереңдетілген бағдарламалар жасай біліп, олардың өздігімен жұмыс істеуіне, шығармашылық ізденістеріне қажетті кеңестер бере білу;
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz