Таным белсенділігі деңгейіне қарай топтастырылған әдістер


Дәріс №10
Тақырыбы: Таным белсенділігі деңгейіне қарай топтастырылған әдістер
Оқушылардың таным-белсенділігі деңгейіне қарай топтастырылған әдістер (И. Я. Лернер, М. Н. Скаткин) Түсіндірмелі-иллюстративтік əдіс. Бұл əдіс арқылы оқушылар ақпараттарды меңгереді. Оны басқаша ақпараттық-рецепция (қабылдау) əдісі деп атайды. Осы əдіс арқылы мұғалім дайын ақпараттарды оқушыларға түрлі құралдармен түсіндіреді, ал оқушылар ақпараттарды түсініп, естерінде сақтайды. Түсіндірмелі-иллюстративтік əдіс арқылы адамзат жинақтаған тəжірибені аз уақыт ішінде беруге болады. Оның пайдасы ғасырлар бойы тексерілген жəне көп елдерде қолданылады. Көп ғасырлар бойы білім беру үшін мұғалімнің сөзі, оқу кітаптары, жұтаңдау көрнекі құралдар қолданылады. Қазір ақпараттар техникалық құралдар арқылы да берілуде. Олар арқылы ғалымдармен, жазушылармен, суретшілермен, əртістермен, конструкторлармен, т. б. кездесу өткізуге болады. Оқу кинолары, телехабарлары зат жəне құбылысты жақсы қабылдап, түсінуге көмектеседі. Олар арқылы өсімдіктің қалай өсетінін, ғарыштағы микроағзалардағы құбылыстарды көреді. Жұмыс істеп тұрған үлгілерді, табиғи объектілерді демонстрациялауды кең қолдану керек. Түсіндермелі-иллюстративтік əдіс бастауыш мектептерде кең тараған. Ол арқылы білім "дайын" күйінде беріледі. Мұғалім материалды қабылдауға көмектеседі, оны оқушылар түсініп, естерінде қалдырады. Бұл əдісті шектен тыс қолдануға болмайды.
Оқушылардың таным-белсенділігі деңгейіне қарай топтастырылған әдістер (И. Я. Лернер, М. Н. Скаткин) Репродуктивтік әдіс. Бұл əдіс арқылы мұғалім оқушының іскерлігін жəне дағдыларын қалыптастырып, тапсырмалар беріп, өзі меңгерткен білімді, үйреткен іскерлік дағдыларын оқушыларға қайталатады. Оқушылар мұғалімнің есебіне ұқсас есептер шығарып, тіл сабақтарында үлгі бойынша жіктейді, септейді, жоспар құрып, мұғалімнің нұсқауымен станоктармен жұмыс істеп, химиядан, физикадан тəжірибе жасайды. Репродуктивтік əдіс мұғалімнен ұйымдастырушылық қабілетті талап етеді. Мұғалім сөздік, көрнекілік, тəжірибелік əдістер арқыл ы жаңа оқу материалын түсіндіреді, ал оқушыл ар оларды тапсырмаларды орындау үшін қолданады. Оқушыларға берілетін нұсқаулар жетілдіріліп, жауаптары бар бағдарламаланған оқулықтар жасалуда. Оларға ауызша түсіндіру, қалай жұмыс істеуді айтумен қатар, жұмыс істеуге керек сызбалар, кинодан үзінділер көрсетіледі. Білімнің көлемі көп болғанда репродуктивтік əдіс түсіндірмелі-иллюстративтік əдіспен бірге қолданылады. Репродуктивтік əдіс бағдарламалық оқытумен тығыз байланысты. Ол арқылы тəжірибелік жұмыстар атқарылады. Оқушылар өз бетімен меңгере алмайтынын, олар үшін мүлдем жаңа тақырыптарды репродуктивтік əдіспен беру керек. Аталған əдісті шектен тыс қолдану жаттандылыққа əкеліп, оқушының шығармашылығын, ақыл-ойын дамытпайды. Себебі репродуктивтік əдісті қолданғанда оқушылар үлгі, нұсқау бойынша жұмыс істейді.
Оқушылардың таным-белсенділігі деңгейіне қарай топтастырылған әдістер (И. Я. Лернер, М. Н. Скаткин) Ішінара ізденіс немесе эвристикалық әдіс. Оқушыға мəселені өз бетімен шешуге үйрету үшін, оған шағын зерттеу жұмыстарын беру керек. Мұғалім картиналар, құжаттар көрсетіп, оларға сұрақ қоюды ұсынады, фактілерден қорытынды шығартады, ұсыныстар айтқызады. Эвристикалық əдіс арқылы сабақ өткізетін мұғалім алдын ала мəселені шешуге алып келетін, оқушылардың білімдерін еске түсіртетін сұрақтар əзірлейді. Эвристикалық əңгіме үшін құрастырылған сұрақтар мəселелік сипатта болады. Оқушылар ізденеді, шығармашылықтарын көрсетеді. Оқушылар жеке мəселелік сұрақтарды шешсе, онда ішінара - ізденіс əдісінің қолданылғаны. Мұғалім тапсырма əзірлеп, оның қай жерлерін оқушылар зерттеу арқылы орындайтынын белгілейді. Зерттеу əдісі шығармашылық жұмыс тəжірибесін жақсы үйрену үшін қолданылады. Зерттеу əдісі арқылы оқушы білімін қолданып, ғылыми таным əдістерімен жұмыс істеп үйреніп, жаңа мəселелерді шешу тəжірибесін жинақтайды.
Оқу-танымдық іс-əрекетті ұйымдастыру əдісі
Дедуктивтік әдіс арқылы мұғалім ережелерді, формулаларды, заңдарды түсіндіріп, оны оқушы меңгереді. Аталған əдіс оқу материалын тез меңгеруге көмектесіп, абстрактылы ойлауды дамытады. Оны теориялық материалдарды оқуға, есептер шығаруда қолданған дұрыс. Эвклидтің элементарлық геометриясы дедуктивтік əдіспен оқытылады. Бірақ оқушылардың дайындығын қатаң түрде ескеру керек. Егер олар кейбір ұғымдарды, теорияларды білсе, онда мұғалім оларды жеке зат жəне құбылыстарды меңгерту үшін қолданады. Дедукция əдісі арқылы оқушы өзі білетін қорытындыларды, ережелерді, ғылыми заңдарды бақылау жүргізгенде, тəжірибе жасағанда, жаттығу жазғанда қолданады. Мысалы, теңіз кемелерінің қанша тонна жүк көтеретінін білу үшін Архимед заңы қолданылады. Жазбаша жаттығу жазғанда белгілі грамматикалық ережелер қолданылады. Индуктивтік әдіс. Индукция - латын сөзі. Оқушыларды белгілі бір қорытындыларға əкелу. Алдымен оқушыларға жеке заттар, құбылыстар түсіндіріледі, фактілерден қорытындылар шығартады. Индукция əдісі дедукциямен бірге қолданылады. Осы екі əдіс арқылы ой-тұжырымдарын жасау - оқытудың логикалық негізі болып табылады. Оқу пəнінің мазмұны, логикасы бағдарламасы индукция əдісін қолдануды талап етеді. Индукция əдісі бастауыш сыныптарда жиі қолданылады. Себебі Бұл жастағы балалар нақты жеке құбылыстарға қызығады. Олардың кейбір белгілерін анықтап, талдап, қорытындылар жасайды. Осылайша жасалған ұғымдарын сөз арқылы айтады. Осы кезден бастап дедукция əдісі қолданыла бастайды.
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz