Білімді алу көзіне қарай топтастырылған әдістері


Дәріс №11
Тақырыбы: Білімді алу көзіне қарай топтастырылған әдістері.
Қазіргі мектеп оқушыларының логикалық ойлау қабілеті, өздігінен іздену деңгейі төмен. Оқушылар тек қана тыңдаушының рөлін ғана емес, ізденушінің рөлін де атқару қажет. Оқушылардың білуге деген қызығуын арттыру үшін: 1) оқушылардың өздерінің ізденістерін ұйымдастыру қажет;
2) өткен сабақ пен жаңа сабақты байланыстырып отыру қажет; 3) оқушылардың білімі мен білігін тексергенде әр түрлі жұмыс формаларын пайдалану керек; 4) сабақта жаңа әдістермен белсенді сабақ түрлерін пайдаланған жөн.
Жалпыға жаппай орта білім беру кезеңінде мұғалім оқушылардың бәрін бірдей жақсы оқытуға міндетті. Сондықтан қазіргі кезде мектептерде жаңаша оқытуға көшу жүйесі жасалынды, пән мұғалімдерінің алдында тұрған жауапты міндет- оқушылардың білім деңгейлерін барынша жетілдіру.
Оқушылардың білім деңгейлерін төмендігі- олардың қабілетінің жоқтығынан емес, өз беттерімен жүйелі түрде білім алуға дағдыланбаудан, жүйелі еңбектің жоқтығынан. Сондықтан әр мұғалімнің мақсаты - оқушылардың алған білімін қолдана білуге үйрету. Олардың жеке тұлға ретінде дамуына жағдай жасау, өз бетінше білімді меңгерту, оқушылардың біртұтас өмірге деген көзқарасын қалыптастыру және интеллектуалдық іс-әрекеттерге әзірлеуде, білім берудің инновациялық әдістерін қолданудың маңызы зор.
Ұстаз қандай әдіс-тәсіл қолданса да мақсаты біреу, ол оқушыларға тиянақты да сапалы білім беру.
Оқушы белсенділігін, ізденушілік қабілетін дамытатын сабақтардың бірі- кіріктірілген сабақтар. Егер кіріктірілген сабақтарды рөлдік ойындар ретінде өткізсе, оқушылар сабақта белсенділікпен жұмыс жасап, өз бетінше ізденуге, қорытынды шығаруға, іскерлікке дағдыланады. Ондай сабақтарда оқушылар материалды игеріп қана қоймай, зерттеу, сынау, сараптау, өмірмен байланыстыру, білім мен білікті практикада пайдалану, өз пікірін қорғай білу арқылы белсенділік көрсетеді.
Тәжірибе көрсеткендей әдеттегі бірсарынды сабаққа үндемей отыратын оқушылар ойын кезінде өте белсенді болатын кездер жиі кездеседі. Өйткені ойын кезінде олар тең құқыққа ғана қолы жетіп қоймай, басқаларды өзіне қарататын мүмкіндікке ие болады. Олардың әрекеттері еркін және батыл болып, ойлаудың тереңдігін көрсете бастайды.
Білім, білік, дағдыны меңгерудегі мұғалім мен оқушының бірлескен әрекеттерінің негізгі кезеңдерін сызба түрінде төмендегідей көрсетсе болады:
қабылдау (тапсырма, мәселе қою, өзектігі, ынталандыру) - түсіну (ұғыну логикалық, сезінушілік) - меңгеру (білім, білік, дағды) - бекіту (қайталау есте сақтау) - қолдану (теориялық, тәжірибелік, сөз арқылы) - қорыту (дәлелдер, теориялық ұғымдар, тәжірибелік әрекеттер, шығармашылық әрекеттер) - диагностикалау.
Оқыту үрдісі қызығушылық оятудан басталуы керек. Осы кезеңде балалардың айналадағы заттар, құбылыстар туралы түсініктері, ұғымдары қалыптаса бастайды.
Мұғалім оқушыға сұрақтар қою, әңгімелесу арқылы өтілетін тақырып бойынша бала не біледі, қаншалықты осы білімді іске асыратындығын анықтайды.
Жаңа тақырыпты айқындағаннан-ақ білімді қабылдау үрдісі басталады. Бұл кезеңде мұғалімнің оқушы алдындағы борышы - осы жаңа білімнің алдағы өміріне қажеттілігіне көзін жеткізу.
Жаңа тақырыпты түсіну- ол қабылдаудан дерексіз ойлауға, теориялық білімді меңгеруге жол ашады. Оқушы көп нәрсені түсінбей есте сақтауы да мүмкін, бірақ бұл жол дамуға жеткізбейді. Жалпы айтқанда, түсіну үрдісі белгілі бір әрекеттердің орындалуын қажет етеді: сараптау, жалпының ішінде маңыздыны табу, салыстыру, дерексіздендіру, нақтылау, дәйек, дәлел келтіру, қорыту. Бала тақырыпты жақсы түсінсе, білім білік дағдығаайналып жақсы меңгеріледі. Меңгеру нәтижесі болып- заттардың, құбылыстардың, үрдістердің мән мағынасы туралы оқушыларда ұғымдар туралы түсінік қалыптасуы табылады.
Осы меңгерілген ұғымдар, түсініктер бекіту кезеңінде өтілген материалды тәжірибеде қолдану барысында жетіледі. Мұғалім бұл кезеңде үнемі қайталаудың маңызын есте сақтағаны дұрыс
Қорыту кезеңінің мақсаты- білім, білік, дағдыны жалпы бір жүйеге келтіру.
Оқыту үрдісінің соңғы кезеңі- оның нәтижелілігін анықтау. Диагностикалау- балалардың білім, білік, дағдыны қаншалықты меңгергені көрсетеді, оқытудың сапасын, кемшіліктерді анықтауға көмектеседі.
Білім көзіне тәжірибе, көрнекілік, сөз, кітап, бейне материалдары жатады. Осы топтастыруға практикалық, көрнекілік, сөздік, бейне, кітаппен жұмыс тәсілдері жатады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz