Ойын тәрбие әдісі: теориясы мен мектепке дейінгі және бастауыш білімдегі қолданылуы


Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 2 бет
Таңдаулыға:   

Дәріс №12

Тақырыбы: Ойын оқыту әдісі

Ойын - балалар өмірінің нәрі, яғни оның рухани жетілуі мен табиғи өсуінің қажетті алғы шарты және халықтың салтын үйренуде, табиғат құбылысын тануда олардың көру, есту, сезу қабілеттерін, зейінділік пен тапқырлықтарын дамытады. «Адам өркениетке бейім болуы үшін балалық шақты бастан кешуі міндетті, егер ойын мен қызыққа толы балалық шақ болмаса, ол мәңгілік жабайы болып қалған болар еді» деп К. Чуковский бала денесінің дамуы мен ой-дүниесінің өркен жаюы ойынға тікелей тәуелді екендігін атап көрсеткен.
Қазақ халқының жылдар бойы атадан балаға жалғасып, қалыптасқан ұлттық дәстүрі, әдет-ғұрпы, тәрбие мектебі бар. Баршамызға белгілі, ойын арқылы баланың дене құрылысы жетіліп, өзі жасаған қимылына сенімі артады. Баланың бойында ойлау, тапқырлық, ұйымдастырушылық, шыдамдылық, белсенділік қасиеттер қалыптасады. Ойын дегеніміз - жаттығу, ол арқылы бала өмірге әзірленеді.
Ойын - мектеп жасына дейінгі балалардың негізгі іс-әрекеті. Сұлтанмахмұт Торайғыров «Балалықтың қанына ойын азық» деп бекер айтпаған. Өйткені, ойын үстінде баланың бір затқа бейімділігі, мүмкіндігі және қызығуы анық байқалады. Ойын мазмұны мен түріне қарай: мазмұнды-бейнелі, қимыл-қозғалыс, дидактикалық, құрылыс, кейіптендіру ойындары болып бөлінеді.
Мазмұнды-бейнелі ойында балалар ойын мазмұнын түсінікті етіп жеткізуге тырысады, оған қажетті құрал-жабдықтарды табуға талпынады, оларды дайындау үшін еңбектенеді, ал еңбек ұжымдық іс-әрекетке біріктіреді және шығармашылық іс-әрекетке бағдарлайды, балалардың өзара қарым-қатынасын реттеп, олардың бойында адамгершілік сапаларды қалыптастырады.
Бала алған рөлдеріне сай кейіпкердің киімін киіп, қимылын, дауыс ырғағын мәнерлі жеткізуге тырысады, көркемдік сабақтардан (ән-саз, бейнелеу өнері сабақтары) алған білімдерін пайдаланады, қуыршақты ұйықтату үшін бесік жырын айтып әлдилейді, бейнелеу өнері сабақтарында жасаған ыдыс, үй жиһаздарын, қағаздан құрастырған заттарды ойын құралы ретінде пайдаланады. Мазмұнды-бейнелі ойынның ерекшелігі: оны балалардың өздері жасауында, ал ойын қызметі айқын өнерпаздық және шығармашылық сипатта болады. Бұл ойындар қысқа да, ұзақ та болуы мүмкін.
Зерттеу жұмысының мақсаты: ойын тәрбие әдісі
Зерттеу мақсатына сай келесі міндеттер анықталды:
- Ойынның тәрбиелік аспектілерінің теориялық негіздерін зерттеу;
- Ойын түсінігін ашу;
- Мектепке дейінгі жаста және кіші сынып оқушыларында ойын әрекетінің маңызын көрсету;
- Ойын арқылы балаларды жан жақты тәрбиелеуді талдау;
- Ойын - балалардың ойлау қабілетін арттыратын іс- әрекет ретінде зерттеу;
- Ұлттық мұраның бай қазынасы - халықтық ұлттық ойындарға сипаттама беру;
- Ойын - баланың білім-білік дағдысын қалыптастыратын тәрбие құралы ретінде қарастыру.
Зерттеу объектісі: тәрбие ретіндегі ойын әдістері
Зерттеу әдістері: фактілерді талдау, жүйелеу, ғылымилылық, тарихилылы әдістер қолданды
Зерттеу болжамы: бастауыш сыныптарда немесе мектепке дейінгі мекемелерде ойын әдісі тәрбиелеу және оқытудың басты нәтижелі құралыболып табылады, сондықтан да оларды жетік зерттеп игеру арқылы ғана қарастырылып жатқан жастық шақта тәрбие жұмысының нәтижелілігіне жетуге болады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ойын технологиясының мектепке дейінгі және бастауыш білімдегі әдістемелік негіздері
Ойын-тәрбие әдісінің теориясы мен мектептегі қолданылуы
Ойынның тәрбие әдісі: теориялық негіздері мен бастауыш сыныптарда қолданылуы
Мектепке дейінгі білімдегі заманауи педагогикалық технологияларды енгізудің теориясы мен тәжірибесі
Инновациялық педагогикалық технологиялар: тұжырымдамасы, түрлері және мектепке дейінгі білімдегі қолданылуы
Қазақстандағы инновациялық білім беру технологияларының мектепке дейінгі білімдегі педагогикалық қолданылуы
Ойын технологиясының мектепке дейінгі оқу-тәрбие үдерісінде жүзеге асырылуы
Ойын арқылы мектепке дейінгі балалардың танымдық белсенділігін арттырудың теориясы мен әдістемесі
Мектепке дейінгі жастағы балалардың ақыл-ойын дамыту: теориясы, әдістері және құралдары
Мектепке дейінгі балалардың ойын іс-әрекетінің теориясы және балабақшада ойын сабақтарын ұйымдастыру әдістері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz