Оқытуды ұйымдастыру формалары және жеке тұлғаны жан-жақты дамыту: мақсаттар мен әлеуметтік-педагогикалық негіздер


Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 2 бет
Таңдаулыға:   

Дәріс №13

Тақырыбы: Оқытуды ұйымдастыру формалары, туралы ұғым, топтастыру, тарихы

Оқушыларды тәрбиелеу, оқыту және білім берудегі мақсат пен міндеттер. Олардың әлеуметтік, педагогикалық негіздері. Қоғам дамуындағы тәрбиенің әлеуметтік рөлі. Әлеуметтену педагогикалық құбылыс ретінде. Қазіргі қоғам дамуында оның ерекшелігі. Жеке тұлғаның жан-жақты дамуы туралы ұғым, олардың құралдары мен құрамдас бөліктері. Педагогикалық ой-пікірлердің даму тарихында тәрбие мақсаты туралы әртүрлі көзқарастар, олардың қоғамдық-тарихи сипаты. Жеке тұлғаның үйлесімді дамуы - әлеуметтік-педагогикалық мәселе. Жеке тұлғаны жан-жақты үйлесімді дамытудың мақсат, міндеттері мен мазмұнының диалектикалық өзара байланыста болуы. Тәрбиедегі кешенділік көзқарас. Ақыл-ой, адамгершілік, эстетикалық, дене және еңбек тәрбиесінің және т. б. бірлігі. Қазiргi нарықтық экономика жағдайында тәрбие процесiнiң тиiмдiлiгiн одан әрi жетiлдiру ерекше маңызға ие болып отыр. Бұл, әсiресе бүгiнгi ғылыми-техникалық өрлеу кезеңiнде. Осы бағытта педагогика ғылымы тұлғаның барлық жағынан жарасымды болып дамуын қамтамасыз етудi өзiнiң басты мәселесi деп қарастырады. Ол халыққа бiлiм беру мен кәсiптiк даярлық жүйесiн үздiксiз жетiлдiрудi, теориялық бiлiмдi өнiмдi еңбекпен, қоғамдық өмiрмен үнемі байланыстырып отыруды мiндеттейдi. Мұндағы мақсат - өскелең жас ұрпақты қоғам жұмысына белсене қатысуға әзiрлеу. Ендеше тұлғаның адами қасиеттерiн барлық жағынан дамыту, оның тек жеке басының қажеттiгiн ғана қамтамасыз етудi көздемейдi, сонымен бiрге өзi өмiр сүріп отырған қоғамның мүддесiн де қорғайды. Қайта өрлеу дәуiрiнен бастау алған тәрбие мақсаты әрбiр жеке тұлғаны жан-жақты қалыптастырып, дамыту мәселесi кеңестiк дәуiрде - үлкен маңызға ие болғанымен де, күнi бүгінге дейiн өз шешiмiн толыққанды шеше алмады, социализм бұл күрделi мәселенi шешуде тек берiк негiз қалады. Бұл күрделi мәселенi елiмiздiң әлеуметтiк- экономикалық саласының өрлеуiмен тығыз байланысты болғандықтан, әлеуметтiк салада материалдық-техникалық базаның жеткiлiксiз дамуы оған бiрде-бiр негiзгi дәлел болмақ. Сондықтан да, бүгінгi демократияландыру және гуманитарландыру жағдайындағы қоғамда жеке тұлғаны жан-жақты үйлесiмдi жетiлдiру мәселесi үнемі әлеуметтiк- педагогикалық мәселе боп қала бермек.

Жеке тұлға туралы ұғым. “Адам”, “индивид”, “даралық”, “жеке тұлға” ұғымдары туралы түсінік. Жеке тұлғаның құрылымы: биологиялық, психологиялық және әлеуметтік, олардың өзара байланысы. Тұлғаның “дамуы”, “тәрбиесі”, “қалыптасуы” немесе “әлеуметтенуі” ұғымдарына сипаттама. Жеке тұлғаның биологиялық және әлеуметтік дамуы, олардың өзара бірлігі. Жеке тұлғаның дамуы және қалыптасуының заңдылықтары және қозғаушы күштері. Оның дамуына ықпал ететін негізгі факторлар: тұқым қуалаушылық, орта және тәрбие. Жеке тұлғаның дамуында іс-әрекеттің, қарым-қатынастың, белсенділіктің рөлі. Жеке тұлғаның дамуындағы педагогикалық басшылықтың маңызы. Жеке тұлғаның дамуы мен қалыптасуы жайындағы әр түрлі теориялық көзқарастар. Қазіргі педагогика ғылымында тұлғаны дамыту және қалыптастырудың негізгі заңдылықтары және қозғаушы күші жөніндегі көзқарас. Тұлға - тәрбиенің объектісі және субъектісі ретінде. Жеке тұлғаның дамуында өзін-өзі тәрбиелеудің маңызы. Оқушы тұлғасы дамуының жастық кезеңдері, оларға сипаттама. Аристотель, Я. А. Коменский және т. б. балаларды жас кезеңдерге бөлу туралы көзқарастары. Тұлғаның табиғы күш-жігері. Тұлға дамуының әлеуметтік жағдайы. Баланы оқыту және тәрбиелеуде жас мөлшері мен дербес ерекшеліктерін ескерудің маңыздылығы. Оқушының қабілеті мен дара ерекшеліктеріне сипаттама. Қазіргі мектепте оқытуды саралау (дифференциация) .

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жеке тұлғаны жан-жақты үйлесімді дамыту: тәрбие мақсаты, міндеттері және әдістері
Тәрбие мазмұнының теориясы мен практикасы: тұлғаны жан-жақты дамыту қағидалары мен бағыттары
Жеке тұлғаның қалыптасуы мен жан-жақты үйлесімді дамуы: теориялық және әлеуметтік-педагогикалық мәселелер
Бәсекеге қабілетті жеке тұлғаны қалыптастыру: жан-жақты және терең білім мен мұғалімнің рөлі
Оқыту және балалардың жеке тұлғасын жан-жақты және үйлесімді дамыту
Халық педагогикасының мақсаты: жан-жақты жетілген тұлғаны қалыптастыру
Дене тәрбиесінің тұлғаны жан-жақты қалыптастырудағы рөлі мен міндеттері
Оқытуды ұйымдастыру формалары және оқыту барысында ойлау процесін дамыту
Интерактивті сабақты ұйымдастыру және педагогикалық технологияларды ұтымды пайдалану: дидактика мен оқытуды ұйымдастыру формалары
Қазіргі мектептегі оқытуды ұйымдастыру формалары және жаңа педагогикалық технологиялар
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz