Сабаққа қойылатын талаптар


Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 3 бет
Таңдаулыға:   

Дәріс №14

Тақырыбы: Сабаққа қойылатын талаптар

1. Әрбір сабақта білім беру, даму және тәрбиелеу мақсаттарының бірлігі сақталуы керек. Әрбір сабақ оқыту процесінің басты заңдылықтарын жүзеге асыруға ықпал етуі керек. Сабақта белгілі бір білімді баяндай отырып, оқушылардың пайымдауын дамыту, олардың ойлау қабілетінің дамуына ықпал ету және оларды қоршаған дүниеге лайықты қатынасын қалыптастыру, оларға осы қатынастар негізінде мінез-құлық дағдысын сіңіру қажет.

2. Әрбір сабақ дидактиканың барлық принциптеріне және бәрінен бұрын оқыту мен өмірдің ғылымилығы мен байланысына жауап беруі керек.

3. Әрбір сабақ, ең алдымен, сабақтың тақырыбы мен жиі ауыстырылатын айқын дидактикалық мақсатпен сипаттауы керек. Әрбір тақырып бойынша бірнеше сабақ өткізілуі мүмкін және олардың әр қайсысының өзінің нақты дидактикалық мақсаты болуы тиіс: оқушыларды ойлау операцияларымен қаруландыру (классификаиялау, көшіру, жалпылау, т. б. ), білімін практикада қолдануға дағдыландыру, оқуыларды тақырып бойынша жекелеген фактілермен таныстыру, теориялық қорытындыларды өз бетінше тұжырымдау дағдысын қалыптастыру және т. б.

4. Сабақтың барлық кезеңдерінде оқушылардың танымдық қызметін жандандыру мақсатында оқытудың әр алуан әдістері мен тәсілдерін пайдалану. Оқушыларға кез-келген бірыңғай ұзақ ықпал ету (мысалы, ұзақ ауызша түсіндіру) олардың ынтасының ыдырауына, енжарлыққа алып пайда болуы мүмкін. Бұл құбылыс өзін-өзі қорғау қасиетімен түсінікті. Енжарлықтың пайда болуы - осындай өзін-өзі қорғаудың нәтижесі. Дегенмен, балаларда бұл қасиет қызметтік әр түрлі бөгдс түрлерін іздестіруде байқалады, олар сабақта алаңдайды, мұғалімнің ақпаратын қабылдамайды. Сондықтан да әрбір сабақта оның әрбір кезеңдерінде оқушылар қызметінің турлерін орынды өзгертуге ұмтылу керек.

5. Сабаққа қойылатын талаптардың бірі - оның эмоционалдығы. Ол оқушыларды сабақтағы маңызды қызметті - жаңа білімді игеруді - атқаруға итермелейді.

6. Әрбір сабақта оқушылардың білімін үздіксіз есепке алу жургізілуі керек. Оқыту процесі кез-келген сабақта тұрақты кері байланыс болған жағдайда тиімді болады. Сабақтың әрбір кезеңінде мұғалім, оқушының оқу материалын игеру деңгейін біліп отыруы керек, өйткені ол осы деңгейдің үнемі өсіп отыруына жағдай туғызуы керек.

7. Әрбір сабақ өзінің ұйымдастырушылық заңдылықтарымен, ең нәтижелерді сезінгіштігімен ерекшеленуі керек. Әрбір өткен сабақ мұғалім мен оқушыға алға басушылық сезімін туғызуы керек. Сабақ білім көлемінің елеулі есуін қамтамасыз етуі немесе сапасын жетілдіруін, немесе осы екеуін де қамтамасыз етуі керек.

8. Әрбір сабақта жүйелі қайталаудың элементтері қатысуы тиіс. Өтілген оқу материалын қайталаудың барлығы бірдей оқыту процесінің тиімділігіне жағдай жасамайды. Өткені кайталау ешқашан да жаттанды кайта айтуға алып келуі тиіс емес. Әрбір сабақтағы жаңадан оқылатын материал бұрын етілгеннің тұрғысынан қарастырылуы керек. Мұғалім жаңа материалды баяндағанда мүмкіндігінше оны алдыңғы өткенмен байланыстыруы, оған сүйенуі керек.

9. Әрбір сабақ техникалық оңтайлы және дидактикалық жарақ-тандырылган болуы керек. Таным сезімдік қабылдаулардан басталады. Әйтсе де, көрнекілік үшін көрнекілікті пайдаланбау керек, техникалық құралдарды орынсыз пайдаланбау қажет, бәрінің де шегі болуы керек.

10. Кез-келген пән бойынша әрбір сабақтың өткен және алдағымен байланысы. Кез-келген сабақ басқалардан оқшауланып қарастырылмауы керек, ол сабақтың жалпы жүйесіндегі белгілі бір буын болуы керек. Мұғалім белгілі бір пән бойынша сабаққа дайындалғанда өтксн сабақты жақсы елестете білуі керек.

11. Сабақтың барлық уақытын үлкен табыстылықпен пайдалану. Сабаққа дайындалғанда оқушылардың 45 минут бойы жұмысын ұйымдастыруды ойластыру керек. Сынып ешқашанда бүкіл сынып үшін жеткілікті мөлшерде тапсырмалар, сұрақтар жинақтаған мұғалімнің назарынан тыс қалмауға тиіс.

12. Оқушылардың бүкіл сабақ бойы оқу-еңбек тәртібін қамтамасыз ету. Алдыңғы айтылған талаптарды орындау сабақтағы тәртіпті белгілі бір деңгейде қамтамсыз етеді Әйтсе де, мұғалім тәртіпті үстау үшін әрбір оқушының тұлғалық сыйластығына сабақтасатын белгілі бір талап қоя білуі керек. Сынып ұжымы тәртіп бұзушылыққа төзбейтіндей болуға қол жеткізуі керек, өйткені сабақтағы тәртіп ынтасы орнықты болуына негіз салады.

13. Сабаққа қойылатын талаптардың бірі оның құрылымдық икемділігі болып табылады. Сабақ - спектакль емес, оған көп дайындалғанмен, ол ешқашан репетицияланбайды.

14. Сабақтың кәсіби бағыттылығы. Әрбір сабақтың оқу пәніне тәуелсіз, кәсіби бағыттылығы болуы керек. Мүмкіңдігінше әр ретте оқу материалының болашақта қандай да бір мамандықты иемденудегі маңызын, алған білімнің алдағы бүкіл өмірдегі маңызын атап көрсету керек.

15. Үй тапсырмасының тиімділігі және оны міндетті тексеру. Мұғалім, үйге тапсырма бере отырып, оқушылардың барлығы оны орындай алатынына сенімді болуы керек.

16. Қолайлы моральдық-психологиялық және санитарлық-гигиеналық жағдайлар туғызу. Бұл жағдайлар көпшілігінде сабаққа қойылатын барлық жоғарыда аталған талаптардың орындалуымен анықталады

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Шет тілі сабағына қойылатын негізгі талаптар
Шетел тілі сабағын қазіргі талаптарға сай ұйымдастыру және жүргізу
Мектеп жабдықтары мен оқу құралдарына қойылатын гигиеналық талаптар
Сабақта жаңа білімді игеру
Сабақта оқытуды ұйымдастыру формалары
Психологиялық мониторинг мәліметтері негізінде оқушының оқу процесін оңтайландыру және жекешелеу
Шатыр төсеу технологиясы
Сабақ оқытудың ұйымдастырудың негізгі формасы
Сабақ - қазіргі мектептегі оқу процесін ұйымдастыру негізгі формасы
МДҰ әдістемелік кабинет
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz