Дәстүрлі сабақтың түрлері, құрылымы және оқыту әдістері


Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 3 бет
Таңдаулыға:   

Дәріс №16

Тақырыбы: Дәстүрлі сабақ түрлері және құрылымы

Дәстүрлі сабақ - қалыптасқан дәстүр бойынша оқу материалдарының дәлме-дәл кескіні. Дәстүрлі оқыту үрдісінде оқытушы оқушыларын толық қамти отырып оқытады. Дәстүрлі оқытуда оқытушы мен оқулық маңызды қызмет атқарады, олар оқушыларды білімге жетелейді.

Дәстүрлі оқытуда оқу процесін басқарушы оқытушы және орындаушылар оқушылар болып табылады. Дәстүрлі педагогикалық әдістерге бақылау, әңгіме, тәжірибе, сауалнама, әңгіме, тест жүргізу, т. б. жатады.

Дәстүрлі сабақта оқытушы - білімді жеткізуші. Дәстүрлі сабақтың түрлері: Жаңа оқу материалын оқу сабағы, дағдыны қалыптастыру, қайталау сабағы, Бекіту, Қорытынды сабақ, Аралас сабақ. Практикалық сабақ. Білімді тексеру сабағы.

Дәстүрлі сабақ - жиі қолданылатын сабақ түрі. Сабақ үстінде өткенді қайталау, жаңа материалды меңгеру, пысықтау және тексеру, бағалау жұмыстары оқушы-лардың логикалық ойлау қабілеттерін арттырады. Сондықтан, ол оқытушының оқу ісін ұйымдастыруында және оқушылардың оқу материалын түсінуіне өте қолайлы. Дәстүрлі сабақ сабақтарда көптеп қолданылады. Сабақ құрылымы деп-сабақтың барысында оның құрамды бөліктерінің, кезеңдерінің бір-бірімен ұштасып, белгілі тәртіппен жүзеге асырылуын айтады. Сабақтың құрылымы бірнеше кезеңнен тұрады. Олар:

Сабақ бөлімінің аты
Теориялық сабақ 2- сағ
Тәжірибелік сабақ 4- сағ
№: 1
Сабақ бөлімінің аты:

Ұйымдастыру кезеңі

Теориялық сабақ 2- сағ: 5-мин
Тәжірибелік сабақ 4- сағ: 5-мин
№: 2
Сабақ бөлімінің аты:

Үй тапсырмасын сұрау

Теориялық сабақ 2- сағ: 20-мин
Тәжірибелік сабақ 4- сағ: 15-мин
№: 3
Сабақ бөлімінің аты:

Жаңа тақырыпты түсіндіру

Жаңа тақырыпты бекіту

Теориялық сабақ 2- сағ:

40-мин

10- мин

Тәжірибелік сабақ 4- сағ:

-

-

№: 4
Сабақ бөлімінің аты: Тәжірибе жұмыстарын, манипуляцияларды орындау техникасын түсіндіру және көрсету
Теориялық сабақ 2- сағ: -
Тәжірибелік сабақ 4- сағ: 45-мин
№: 5
Сабақ бөлімінің аты:

Оқушылардың өзіндік жұмысына әдістемелік нұсқау беру

Теориялық сабақ 2- сағ: -
Тәжірибелік сабақ 4- сағ: 10-мин
№: 6
Сабақ бөлімінің аты:

Оқушылардың өзіндік жұмысы

Теориялық сабақ 2- сағ: -
Тәжірибелік сабақ 4- сағ: 90-мин
№: 7
Сабақ бөлімінің аты:

Сабақты қорыту

Теориялық сабақ 2- сағ: 5-7мин
Тәжірибелік сабақ 4- сағ: 10-мин
№: 8
Сабақ бөлімінің аты:

Үйге тапсырма беру

Теориялық сабақ 2- сағ: 5-7мин
Тәжірибелік сабақ 4- сағ: 5-мин
№:
Сабақ бөлімінің аты: Барлығы:
Теориялық сабақ 2- сағ: 90-мин
Тәжірибелік сабақ 4- сағ: 180-мин

Сабақтың тақырыбы : Тақырып жоспарға, типтік бағдарламаға тиіс болу қажет.

Сабақ 3 мақсатта құрылады.

1. Білімдік: оқушыларды білім, білік, дағды жүйесімен қаруландыру.

2. Тәрбиелік: Сабақ барысында оқушының алдына оқытушы бір тәрбиелік мақсатты қоя отырып, бірнеше мақсатты да қарастыруы мүмкін. Немесе бір тәрбиелік мақсатты бірнеше сабақ барысында қарастырады, өйткені оқушының бойында бір қасиетті бір сабақта тәрбиелеу мүмкін емес. Барлық адамгершілік қасиеттер оқытушы тарапынан тәртіп, әділдік. жолдастық, сыпайылық негізінде тәрбиеленуі қажет. Тәрбиелік мақсатты қоюда оқушының бойында патриоттық қасиеттерді тәрбиелеу өте маңызды аспектілердің бірі, өз Отанына деген сүйіспеншілік, оны қорғау, дамыту бойынша жауапкершілік бұл өте маңызды қасиеттердің бірі.

3. Дамыту: Бұл мұғалім үшін ең күрделі мақсаттардың бірі. Мұнда екі себеп бар. Біріншісі мұғалімнің сабақ сайын жаңа дамытушылық мақсатты құруға ұмтылуында және оқушының даму процесінің баяу жүретінін ескермеуінде.

Сабақтың түрі : Сабақтың түрі мен әдісі дидактикалық мақсатымен анықталады: жаңа білімді қабылдау, өткен сабақты қайталау, инновациялық техналогияны ендіру, тәжірибелік білік пен іскерлік дағдыны қалыптастыру.

Сабақты әр түрлі етіп ауыстырып өтуге болады. Сонда ғана оқушыларға қызықты әрі сабақ түсінікті болады.

Сабақтың әдісі : Оқытушы оқу материалын ауызша, жазбаша жаттығулар, лабораториялық, тәжірибелік жұмыстар жүргізу арқылы есептер шештіру, ситуациялар тудыру, кестелер жасау арқылы түсіндіреді. Әдістерді қолданудағы негізгі мақсат - оқушылар білімінің нақты, берік, саналы, сапалы болып, оларды ойлауға, ұзақ есінде сақтауға, дамытуға мүмкіндік тудыру. Олар - лекция, түсіндіру, әңгімелесу. Бұлар көбіне сабақтың жаңа білімді хабарлау кезінде теориялық мәселелерді түсіндіру барысында пайдаланады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Сабақтың түрлері, дидактикалық талаптары және құрылымы
Сабақтың құрылымы мен типологиясы: оқыту формасы ретіндегі рөлі
Орта мектепте математиканы оқытудағы сабақтың құрылымы мен түрлері
Сабақтың типтері, дидактикалық міндеттері және құрылымы
Оқыту теориясы мен түрлері: дәстүрлі, проблемалық, бағдарламалық оқыту және ұйымдастыру формалары
Қазақстан тарихын оқыту әдістері: дәстүрлі тәсілдерді тиімді пайдалану
Сабақтың құрылымы мен кезеңдері: дидактикалық мақсаттар, әдістер және бағалау
Сабақтың оқыту формасы ретінде: теориялық негіздері, ұйымдастырылуы және стандартты емес формаларының тиімділігі
Тарих пәнін оқытуда аралас сабақтың құрылымы мен бөлімдері
Бастауыш сыныптардағы музыкалық сабақтың құрылымы, мазмұны және мұғалімнің рөлі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz