Сабақтағы оқу жұмысының формалары мен ұйымдастыру кезеңдері


Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 5 бет
Таңдаулыға:   

Дәріс №18

Тақырыбы: Сабақтағы оқушылардың оқу жұмысының формасы

Білімді тәжірибеде қолдану
Оның кезеңдері:
• ұйымдастыру;
• мақсат қою;
• үй тапсырмасын тексеру;
• білімді еске түсіру;
• білім, іскерлік, дағдыларды тәжірибелік міндеттерді шешу үшін қолдану;
• оқушылардың орындаған жұмыстары жөнінде есеп жазуы;
• үй тапсырмасын беру.
Оқушылар бұрынғы білімдеріне сүйеніп тәжірибелік жұмыстар жасайды, алдымен үй тапсырмасы тексеріледі.
Мысалы, экскурсия кезінде жинаған материалдарға сүйеніп, мектеп жанындағы алаңға егілетін өсімдіктердің сызбасын жасайды. Шет тілі сабағында түрлі тақырыптарға диалог құрастырады. Осылайша оқытудың өмірмен байланысы жүзеге асады.
Жаппай, топтың және жеке жұмыстар жүргізіледі. 3 оқушыдан тұратын бөлім мектеп алаңында егілетін өсімдіктердің сызбасын жасайды.
Түрлі ұжымдық жұмыстар оқушылардың арасындағы ізгі қатынастарға жақсы әсер етіп, білімдерін жаңа жағдайда шығармашылықпен қолдану оқушыны дамытады.
Практикум мақсаты - зертханалық жұмыстар өткізу.
Кезеңдері:
• ұйымдастыру;
• мақсат қою;
• білімді еске түсіру;
• нұсқау;
• құрал-жабдықтарды іске қосу;
• эксперимент және оны бақылау;
• бақылау нәтижелерін талдау және безендіру;
• есеп жазу;
• есепті мұғалімге тапсыру.
Ол жоғары сыныптарда бағдарламанық бөлімдерін, курсты оқып біткеннен кейін өткізіледі. Бұл сабақ оқушылардан бағдарламаны жақсы білуді, дамыған іскерлік пен дағдыларды талап етеді.
Оқушылар аппараттарымен, приборлармен, өлшеуіш техникамен жұмыс істеп, эксперимент барысын жазады, талдайды, қорытынды жасайды, күнделік жүргізеді.
Мұғалім эксперимент кезінде оқушының білімін қолдануына көмектесіп, оқушының жұмысына бақылау жасап, керек болса түзетеді.
Тәжірибелік сабақтар шеберханаларда, оқу цехтарында, оқу-тәжірибе учаскелерінде өтеді.
Кезеңдері:
• ұйымдастыру;
• мақсат қою;
• білімді еске түсіру;
• нұсқау;
• тәжірибелік жұмыс;
• жұмыс нәтижесін шығару.
Сабақтың көп уақытында оқушылар тәжірибелік жұмыспен айналысады. Мысалы, шеберханада түрлі бұйымдар жасайды.
Оқу-тәжірибе учаскесінде жерді өңдеп, өсімдік өсіреді, өнім жинайды. Репродуктивтік және ішінара ізденіс әдістері қолданылады.
Әр оқушыға тапсырма, технологиялық карта беріледі, сол бойынша ол жұмыс істейді.
Бақылау сабақтары оқушылардың теориялық материалдарды, оқылып отырған курстың негізгі ұғымдарын меңгеру деңгейін, іскерлік, дағдылардың, оқу-танымдық іс-әрекет тәжірибесінің қалыптасқандығын анықтап, оқыту технологиясына қандайда бір өзгеріс, оқушылардың білімдеріне сәйкес оқу процесіне түзету енгізу мақсатында өткізіледі.
Бақылау және түзету сабақтарының түрлері: ауызша сұрау (жаппай, мазмұндама, есептер және мысалдар шығару, т. б. ) сынақ, тәжірибелік (зертханалық), сынақ, практикумдар, өздік бақылау жұмыстары, емтихандар, т. б. Осы сабақ түрлері пәннің тұтас бөлімдерін, ірі тақырыптарды өткен соң өткізіледі. Оқушылардың білімін тексеру және бағалаудың соңғы, жоғары түрі - емтихан. Бақылау сабақтарында оқушылардың өз білім, ісқорлік, дағдыларын танымдық-тәжірибелік іс-әрекетте, әр түрлі оқу жағдаяттарында қолдануға дайындығы айқынырақ көрінеді.
Бақылау сабақтарын өткізгеннен кейін оқушылардың білім, іскерлік, дағдыларындағы, оқу-танымдық іс-әрекетін ұйымдастыруындағы кемшіліктер анықталып, оларды талдап, жоятын арнайы сабақ өтеді, оқушылардың және мұғалімдердің іс-әрекеттеріне керек болса түзетулер енгізіледі.
Әдістері: түсіндіру, әңгіме, салыстыру, дәлелдеу, бағалау.
Тәсілдері: бақылау жұмысын жаздыру, қорыту.
Жаңа материалды оқу сабағының құрылымы:
• оқу материалын бірінші рет түсіндіргенде, таным процесінің, заңдылықтарына сәйкес оқушылардың ақыл-ой белсенді арттыруға баса назар аудару;
• есте сақтау керек мәліметтерді оқушыларға айту;
• есте сақтауға және ұзаң уақыт есте сақтауға ықпал ететін жағдайларды жасау;
• оқушыларға есте сақтаудың техникасын хабарлау. Мәліметтерді еске түсіруге тірек болатын сызбалармен жұмыс, оларды мағыналарына қарай топтастыру;
• мұғалімнің басшылығымен қайталау, бірінші рет бекіту;
• есте сақталған мәліметтерді анықтау;
• қайталау, жеке тапсырмалар беру іштей қайталау, алған білімді, үйренген іс-әрекетті түрлі тапсырмаларды орындағанда қолдану;
• білім, іскерлік, дағдыларды оқушылардың есінде қалдыруға көмектесетін тірек мәліметтерді жиі қолдану.
Білімді білік және дағдыларды қолдану сабағының құрылымы:
• сабақтың басын ұйымдастыру;
• оқушыларға сабақтың тақырыбын және оның алдында тұрған міндеттерді айту;
• іскерлікті қалыптастыруға керекті жаңа білімдерді оқып үйрену;
• біліктілікті бірнеше рет үйрету, жаттықтыру, үлгілер бойынша жұмыс істету;
• білімді және біліктілікті шығармашылықпен қолдану;
• дағдыларды бекіту үшін жаттығулар беру;
• үйге тапсырма;
• оқушылардың жұмыстарына баға беру және сабақты қорытындалау.
Білім, іскерлік және дағдылары дамыту сабақтарының құрылымы.
• оқу жұмысының мақсатын оқушыларға хабарлау;
• оқушылардың тапсырманы орындауға керекті білім, іскерлік, дағдыларын естеріне түсіріп қолдануы;
• оқушылардың түрлі тапсырмалар мен жаттығуларды орындауы;
• олардың орындаған жұмыстарын тексеру;
• қателерді талдау және оларды түзету;
• қажет жағдайда үйге тапсырма беру;
• қайталау сабағының құрылымы;
• ұйымдастыру бөлімі;
• білімдік, тәрбиелік, дамыту міндеттерін қою;
• негізгі ұғымдарды, онымен байланысты біліктілік, дағдыларды (тәжірибелік және ақыл-ой) қайталау үшін үйге берілген тапсырманы тексеру. Келесі сабақтарда қайталанатын материалдарды анықтау, оларды үйге беру;
• тексерудің нәтижесін шығару, сабақ үстіндегі оқу жұмысының нәтижелерін тексеру;
• үйге тапсырма.
Іскерлік және дағдыларды қалыптастыру сабағының құрылымы:
• сабақтың мақсатын қою;
• жаңа іскерлік, дағдыларға керекті бұрынғы іскерлік, дағдыларды қайталау;
• бұрынғы

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мектептегі тәрбие жұмысының теориясы мен технологиясы: ұйымдастыру формалары мен әдістемелері
Сыныптан тыс тәрбие жұмысының маңызы, мақсаттары мен ұйымдастыру формалары
Оқу орындарындағы тәрбие жұмысының формалары мен негізгі бағыттары
Сыныптан тыс тәрбие жұмысының маңызы, мақсаты, формалары мен ұйымдастыру жолдары
Сыныптан тыс тәрбие жұмысының мақсаты, формалары және ұйымдастыру әдістері
Оқу формалары: түсінігі, қалыптасуы мен ұйымдастыру түрлері
Оқу формаларының қалыптасуы және оқу процесін ұйымдастыру формалары
Сынып жетекшісінің ата-аналармен жұмысының мазмұны, міндеттері және ұйымдастыру формалары
Кәсіптік білім беру жүйесінде тәрбие жұмысының мәні, әдістері және ұйымдастыру формалары
Ата-аналар жиналысын ұйымдастыру: сынып жетекшісінің жұмысының формалары, құрылымы және жоспарлау
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz