Білім мен дағдыны бақылау және бағалау: бағалау қағидалары мен үлгермеушілікті болдырмау шаралары


Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 2 бет
Таңдаулыға:   

Дәріс №25

Тақырыбы: Білім мен дағдыныбақылау мен бағалау

Баға қою. Баға оқушыға білімдік стандарттарды меңгергені үшін қойылады.
Мұғалімнің негізгі міндеттерінің бірі - баланы өзіне баға беруге дағдыландыру үшін оған бағалау өлшемдерін түсіндіру.
Дәстүрлі төрт баллдың бағалау жүйесі:
• толық біледі (өте жақсы) ;
• жеткілікті біледі (жақсы) ;
• жеткіліксіз біледі (қанағаттанарлық) ;
• білмейді (қанағаттанғысыз) .
Бірінші тәсіл арқылы мұғалім баға туралы өз пікірін айтады, бірақ оған уақыт кететіндіктен, көп қолданбайды. Екінші тәсіл - бағаны, оны неліктен қойғаны жөнінде күнделікке жазу. Үшінші тәсіл - үлгерім экранын шығару. Білім, іскерлік, дағдыларды бақылау және бағалау жұмыстары:
• тексеру және бағалаудың пайдасын көрсететін жағдаяттар жасау;
• "Үйге не берілді?" деген сұраққа жауап алуға уақыт кетірмеу;
• жақсы көңіл-күйге бөлеу;
• оқушының жауапты ойланып беруіне уақыт бөлу;
• оқушылардың жауаптарын мұқият тыңдау, мадақтау;
• жауапты соңына дейін тыңдау, талдау және ескертулерді кейін жасау;
• оқушылардың жеке ерекшеліктерін ескеру (жай, темперамент, тіл кемістігі) ;
• жеке тапсырмалар беру;
• оқушы өзін еркін сезетін жағдай жасау:
• оқушының жауабын талдау, жеке тұлғасын сынамау;
• оқушылар бағасын көтергісі келсе, оларға талсырманы қайта беру;
• жауап бергенде, тапсырманы орындағанда тірек сызбаларды қолдануға рұқсат беру;
• бақылау және тексеру әдістерін түрлендіріп отыру;
• тестілік бақылауды жиі қолдану.
Сонымен баға қою білімді және шеберлікті талап етеді. Баға -бала өміріндегі маңызды оқиға. Баға арқылы бала өзі туралы ойын реттеп, сыныптағы беделін нығайтады. Сондықтан мұғалім баға қоюға өте мұқият болу керек. 1-сыныпта баға қоймауға болады, басқа сыныптарда байқау, жарыс, ойындар ұйымдастырып, әр баланың өз орнын анықтауына көмектеседі.
"5" деген баға оқу бағдарламасының мазмұнын терең және толық білетін, оқу материалындағы теория мен фактіні ажырата алатын, жауабын өз бетімен жүйелі етіп құрастыратын, анықтама, ұғымдарды түсінетін, тілдік нормаларды сақтап сенімді, қатесіз, жауап беретін қосымша материалдар қолдана алатын, ойы оралымды оқушыға қойылады.
"4" бағасы ұғым, ереже, анықтамаларды дұрыс түсініп, дәлелдей алатын, бірақ кейбір жерлерін нақты айтпайтын, жекелеген қате жіберетін оқушыға қойылады.
"3" бағасы оқу материалындағы негізгі ережелерді, тәуелділіктерді үстүрт түсінген, ой-пікірлерді талдай алмайтын, жауабы жүйесіз, мұғалім көмегімен жауап беретін оқушыға қойылады.
"2" бағасы білімі жүйесіз, негізгі мен көмекшіні, теория мен фактіні ажырата алмайтын, жаттанды сөйлейтін, бағдарламаны игеруге мүмкіншілігі жоқ, бағдарламаның материалын түсінбейтін оқушыға қойылады.
8. Оқушылардың үлгермеушілігін болдырмау шаралары:
Үлгермеушілікті болдырмау үшін оқу материалдарын түсінбеу себептерін анықтау керек.
Үлгермеудің негізгі себептерінің бірі - жұмыс істеу қабілетінің, ынтаның, зейіннің жоқтығы. Егер бұл сапалар отбасында қалыптаспаса, онда балаға мектепте оқу қиынға түседі.
Екінші себеп - білімнің жүйесіздігі, жауапкершіліктің төмендігі. Оқушы бұрынғы оқу материалдарын түсінбегенін мұғалім уақытында байқамаса, онда оқушының оқуға қабілеті жеткіліксіз болады. Әдетте мұндай оқушылармен жеке жұмыстар жүргізіліп, оларға кеңес беріледі.
Үшінші себеп - материалдан мәнді белгілерді бөле алмау, негізгі мен негізгі емес мәселелерді ажырата алмау, оқушылардың жаттап оқып, бәрін есте сақтауға тырысуы. Мұндай оқушыларға абстрактілі ойлауларын дамыту үшін талдауға, қорытындылауға жаттығулар беріледі.
Төртінші себеп - пәнге деген қызығушылықтың жоқтығы. Нәтижесінде оқушының зейіні, білімге деген ықыласы төмендейді. Бұл тәжірибесіз мұғалімнің ашу-ызасын туғызып, түрлі дау-жанжалдарға себепші болады. Оқушыларға талап қою, құрметтеу, оқушының жеке тұлғалық сапаларын ескеру, баланы қызықтыру оның оқу жұмысын белсенді етіп, кемшіліктерін түзетуге ықпал етеді.
Бесінші себеп - оқушының отбасындағы қолайсыз жағдай, құрбыларымен тіл табыса алмау, оқушының оқу жұмысын атқара алмауы, "қиын" балаларға еліктеуі.
Үлгермеудің басқа да себептері бар. Ең бастысы - үлгермеу себебін анықтап, жеке жұмыстың жолдарын белгілеу. Мұғалімнің, мектептің міндеті әрбір оқушының жақсы оқуына көмектесу.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Оқушылардың білім, білік және дағдаларын бақылау мен бағалау: тестілеу әдістері мен қағидалары
Бастауыш сыныпта үлгермеушілікті педагогикалық профилактика арқылы болдырмау
Критериалдық бағалау: қағидалары мен білім беру үдерісіндегі қолданылуы
Бақылау жұмыстарының түрлері мен бағалау әдістері
Оқушылардың білімін бағалау: бақылау жұмыстарының түрлері мен бағалау әдістері
Оқушылардың білім мен дағдыларын бақылау және бағалау: талаптар, әдістер және диагностикаға көшу
Бастауыш білімнің нәтижелерін бағалау: түрлері, сандық және сапалық өлшемдер, бағалау қағидалары мен критерийлері
Білім беру сапасын нәтижелік басқару және бағалау жүйесінің қағидалары
Білім сапасын бақылау және оқыту нәтижелерін бағалау: педагогикалық мониторинг механизмі
Бастауыш сыныптағы математика сабағында білім, білік пен дағдыларды бақылау және бағалау: теориялық негіздер мен педагогикалық іс-тәжірибе
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz