Ана туралы әуендер



Пән: Өнер, музыка
Жұмыс түрі:  Реферат
Көлемі: 13 бет
Бұл жұмыстың бағасы: 400 теңге
Таңдаулыға:   
Тегін:  Антиплагиат

Қандай қате таптыңыз?

Рақмет!






Ана туралы әуендер

Анаға сәлем
Сөзі: О.Иманғлиев
Әні: Е.Хасанғалиев

1.Мереке күніңмен,
Қарсы алам өзіөді.
Сәбилік сезіммен,
Арнаймын сөзімді.
Қ-сы:
Көргенше алаңмын,
Аңсаймын, толғанам.
Қабыл ал, балаңның,
Сәлемін жолдаған.
2. Бөбегің оянса,
Ұйқыңнан мың тұрдың.
Гүліңмен балауса,
Көктемдей құлпырдың.
Қ-сы:
3.Аялап алақан,
Мәпелеп өсірген.
Аяулы жан анам,
Қатемді кешірген.
Қ-сы:

АНА ТУРАЛЫ ЖЫР
Сөзі Ғ.Қайырбековтікі
Әні Ш.Қалдаяқовтікі

Әлемнің жарығын сыйладың сен маған.
Даланың әр гүлін жинадың сен маған.
Сен бердің құстардың қанатын самғаған,
Балалық құштарым өзіңе арнаған.
Қ-сы:
Әлдилеп, аялап, өсірген жемісің,
Самал жел, сая бақ құшағың мен үшін.
Есейіп кетсем де мен саған сәбимін.
Көңіліңді көктемдей көзіңнен танимын.

Өтеуге борышың, анашым, жан сырым.
Іздедім сен үшін әлемнің асылын.
Әлемнің байлығын сыйлар ем, кеш мені,
Сыйлар ем ай, күнін, қолыма түспеді.
Қ-сы.
Ете гөр қанағат, әзірге берерім,
Балалық махаббат, балалық жүрегім.
Бол риза анашым, қолдағы осы бар,
Өзіңе арнаған әнімді қосып ал.
Қ-сы.

ҚҰТТЫҚТАЙМЫН, МАМА, ТУҒАН КҮНІҢМЕН!
Сөзі М.Мақатаевтікі
Әні Н.Тілендиевтікі

Нұрын төккен маған
Шуағымсың - сен!
Айналайын мама,
Қуанышыңмен!
Шаттандырған мені
Жұбанышым - сен!
Құттықтаймын сені
Туған күніңмен!

Аялаған мені
Ән қанатымен,
Құттықтаймын сені
Салтанатыңмен!
Бақытты ғой заман,
Қандай көңілді.
Мен тілеймін саған
Ұзақ өмірді.

АНАМНЫҢ ТІЛІ - АЯУЛЫ ҮНІ
Сөзі Ш. Смаханұлынікі
Әні Ә. Тыналиевтікі

Өмірге келдім,
Анамды көрдім,
Деді ол: жаным,
Арайлы таңым.
Самал боп желпіп,
Жырымен ертіп,
Үйретті тынбай
Бал тілін, әнін.
Қ-сы:
Анамның тілі - айбыным менің,
Анамның тілі - ай-күнім менің!
Сүйемін байтақ елімді туған,
Сүйемін мәңгі - өмірді думан.
Мектепке келдім,
Ұстазды көрдім,
Тыңдадым сөзін
Табынып, сүйіп.
Анамның тілі,
Аяулы үні
Жүрекке нұрын
Жіберді құйып.

АНАШЫМ

Сөзі Қ.Жұмағалиевтікі
Әні М.Омаровтікі

Шет жүрсем - сағынарым,
Жабықсам - шағынарым,
Анашым, бір өзіңсің -
Табынарым.
Анашым, шалқып күлсең,
Алдымда ұзақ жүрсең,
Жүрегім жыр толғайды,
Көңілім ортаймайды,
Анасы бар адамдар
Ешқашан қартаймайды.
Ұшырған сұңқарыңмын,
Қияға шырқарыңмың,
Бәйгеге өзің қосқан
Тұлпарыңмын.
Анашым, шалқып күлсең,
Алдымда ұзақ жүрсең,
Жүрегім жыр толғайды,
Көңілім ортаймайды,
Анасы бар адамдар
Ешқашан қартаймайды.
Қорғаным - өзің деймін,
Жан дауа - сөзің деймін,
Анашым, сені ойласам
Көз ілмеймін...
Анашым, шалқып күлсең,
Алдымда ұзақ жүрсең,
Жүрегім жыр толғайды,
Көңілім ортаймайды,
Анасы бар адамдар
Ешқашан қартаймайды.

ӘЖЕ ТУРАЛЫ ӘН

Сөзі Қ. Мырзалиевтікі
Әні Н.Тілендиевтікі

Асыл әжем, ғасыр әжем аңсаған,
Сағынышым - сары ормандай самсаған.
Әке болып жүргенімді ұмытып,
Әлі күнге еркелеймін мен саған.

Құлыңдаймын асыр салған аңғарда,
Қозындаймын ойнақтаған албарда.
Өзің барда қысылмаймын күлуге,
Жылауға да қысылмаймын сен барда.

Мен өзіңнен қабылдаппын сүюді,
Мен өзіңнен қабылдаппын күюді.
Сенің жаның жүрегіме ораулы,
Менің жаным жаулығыңа түюлі.

Тұра тұршы түзелгенше бұзығың,
Жүре тұршы жалғанғанда үзігің.
Маған дәулет неге керек, ақ әже-ау,
Өзің бірге көре алмасаң қызығын?!

ЖАҢА ЖЫЛДЫҚ әуендер

Шырша жыры

1.Аппақ, аппақ жапалақтап,
Қар жауады тынбастан.
Қалың орман , қар жамылған,
Маужырайды түнгі аспан.

2.Кең пейілді, мол мейірлі,
Сағынышпен табысқан.
О, алақай , аязатай,
Келе жатыр алыстан.

3.Кел, билейік, үйренейік,
Ол келгенше жаңа жыр.
Құтты болсын, құтты болсын,
Құтты болсын, жаңа жыл

Шырша әні

Орманда шырша туылып,
Орманда өсіп-жетілді.
Бой түзеп қысы-жазымен
Жап-жасыл, өзі кекілді.
Боран кеп оған ән салды:
Әлди, шырша, ай-қой-ой!
Аяз кеп қармен орады:
Тонып қалма! - айқайлай...
Сұп-сұр қорқау қоян да
Секеңдеп шырша астымен.
Булығып жүрген аш қасқыр,
Булығып жүр ғой жас тілеп...
Шу!
Орманда қар мен жай ғана
Табан асты сықыр бір:
Асығып алға, ентелей
Ентелей түссе жылқы дүр.
Жылқы отын ап барад
Бір ердің қатқыл үнімен.
Сауабы кімнен дейсің ғой?!
Кесілген шырша түбінен.
Қуаныш сыйлап жан-тәні...
Ортаға бүгін келіп тұр.
Бала біткенді монтаны
Жан-тәніңмен еліктір.

БАҚЫТТЫ БАЛАЛЫҚ ШАҚ әуендері

Менің шөжелерім
Сөзі Н.МүталлибовтікіӘні Г.Гусейнлидікі
Аударма М.Әлімбаевтікі

Шеп, шеп, шеп, шөжелерім,
Шеп, шеп, шеп, шеп, шөжелерім!
Мамық жүнді шөжелерім,
Нәзік үнді шөжелерім.

Кек шалғында жайылыңдар,
Тез,келіңдер,жайылым бар.
Әй, менің шөжелерім,
Әй, менің шөжелерім,
Балғын бөбек, шөжелерім.

Шеп, шеп, шеп, шөжелерім,
Шеп, шеп, шеп, шеп шөжелерім!
Мамық жүнді шөжелерім!
Нәзік үнді шөжелерім.

Не жейсіндер,мен берейін.
Су берейін, жем берейін.
Әй, менің шөжелерім,
Әй, менің шөжелерім,
Балғын бөбек шөжелерім, шеп. 3 рет.

Тез-ақ өсіп толарсыңдар,
Ақтауықтай боларсыңдар.
Әй, менің шөжелерім,
Әй, менің шөжелерім,
Балғын бөбек шөжелерім. 3 рет

Шеп, шеп, шеп шөжелерім,
Шеп, шеп, шеп, шеп, шәжелерім.
Мамық жүнді шөжелерім,
Нәзік үнді шөжелерім, шеп. 3 рет

Ертегілер

1.Ғажайып түс көрдім,
Таң ата мен бүгін
Ертегі әлемінің қызығында жүрдім,
Нұрына шомылдым бүгін.
Жұлдыз айы көркем,
Әдемі еді неткен,
Құстары сөйлейді, бұлттары тербейді,
Мен оянып кеттім әттең.
Қ-сы.
Ертегілер, ертегілер,
Неге мені ертпедіңдер.
Әлемдерінің талай жырын,
Шертпедіңдер сендер.
2. Гүл тердім бақтардан,
Әр гүлде бір арман.
Таусылмайтын тәтті
Сый әкеліп жатты,
Жан біткеннің бәрі маған.

Ризашылық әні
Сөзі мен әні Луиза Хейдікі

Ризамыз бүгінге,
Ризамыз бүгінге!
Ризамыз бүгінге,
Ризамыз қазірге! (2 рет)
Ризамын, ризамын,
Ризамын бүгінге!
Ризамын, ризамын,
Ризамын қазірге! (2 рет)

Әнші балапан
Сөзі -- Құдайберген Қазыбекұлынікі
Әні -- Марат Омаровтікі

Білім, ғылым, өнерге,
Қанат қағар кездерің.
Ата салтын ертеңге
Жеткізетін өздерің,
Жеткізетін өздерің!

Қ-сы:
Әнші, биші, әнші балапан,
Әнші, жыршы, күйші балапан.
Әнші, биші, әнші балапан,
Әнші, жыршы, күйші балапан.

Әрқашан күн сөнбесін

Сөз -- Л. Ошаниндікі
Әні -- А. Островскийдікі
Аударғандар -- І. Мәмбетов, Қ. Ыдырысов

Күн әдемі, көк әлемі,
Бұл -- суреті жас баланың.
Ақ қағазға салған ізі,
Қалдырған бұл сөзі:

Қайырмасы:
Әрқашан күн сөнбесін!
Аспаннан бұлт төнбесін!
Қасымда болсын мамам,
Болайын мен де аман.

Айгөлек

Сөзі - Н.Баймұхамедовтікі
Әні - Б. Байқадамовтікі

Көлдей шалқып жас өмір,
Тасып жатқан шағында,
Кемерінен шалықтап
Асып жатқан шағында.
Ойын ойнап, ән салмай,
Өсер бала болар ма?
Күміс күлкі көрмей ол,
Кемеліне толар ма?!
Қ-сы:
Айгөлек-ау, айгөлек,
Айдың жүзі дөңгелек.
Айгөлек деп ән шырқа,
Ел бөбегі, кел бөбек!

Асыл сөздің ұстазы -
Ақын болар ұрпақпыз.
Өнер, білім, еңбекке
Жақын болар ұрпақпыз.
Он саусағы майысқан
Шебер болар ұрпақпыз.
Тұла бойы толған бір
Өнер болар ұрпақпыз!

Қамажай

Басында Қамажайдың бір тал үкі ,айрылып
Қамажайдан болдым күлкі, болдым күлкі.
Айрылып Қамажайдан отырғанда,
Келеді қай жерімнен ойын күлкі , ойын күлкі.
Ахау хайлилайым, лилилайым
Қамажай қалдың кейін сәулетайым, сәулетайым.

Қолында Қамажайдың алтын жүзік,
Қамажай отыр екен көзін сүзіп, көзін сүзіп.
Көрмесе жарты сағат тұра алмаушы ед
Апырмай кетті ме екен күдер үзіп, күдер үзіп.
Ахау хайлилайым, лилилайым
Қамажай қалдың кейін сәулетайым, сәулетайым.

Ертістің жағалауын жағалаймын,
Мұз болса көк бестіні тағалаймын.
Үш топтан таңдап алған Қамажайым
Өзіңді тоқсан қызға бағалаймын
Ахау хайлилайым, лилйлайым
Қамажай қалдың кейін сәулетайым, сәулетайым.
Мал жасы жылқы деген баығп жүрсе
Монына үкі тұмар таығп жүрсе
Ішінен бір жорғаны таңдап мініп
Аулына Қамажайдың барып жүрсе.
Ахау хайлилайым, лилйлайым
Қамажай қалдың кейін сәулетайым, сәулетайым.

Ақ көгершін, көгершін,

Әні А.Жұбановтікі
Сөзі Н.Баймұхамедовтікі
Ақ көгершін, көгершін,
Қолқанат құс сен едің,
Бар, кезіп қайт ел үшін,
Кең дүниенің көлемін.
Әділеттің құсы ... жалғасы
Ұқсас жұмыстар
Суррогат ана
Суррогат ана түсінігі
Ана тілін білмеген- ана сүтін ембеген
Тереза Ана
Ана- өмірдің шуағы
Бала тәрбиесі ана құрсағында
Ана тілі пәні арқылы оқушыларды өз ана тілінде сөйлуге дағдыландыру
Ана мен баланың денсаулығы
Ана тілің - анаң
Қыз - болашақ ана
Пәндер
Көмек / Помощь
Арайлым
Біз міндетті түрде жауап береміз!
Мы обязательно ответим!
Жіберу / Отправить

Рахмет!
Хабарлама жіберілді. / Сообщение отправлено.

Email: info@stud.kz

Phone: 777 614 50 20
Жабу / Закрыть

Көмек / Помощь