Зерттеудің көкейкестілігі



Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Көлемі: 107 бет
Бұл жұмыстың бағасы: 1500 теңге
Таңдаулыға:   
Тегін:  Антиплагиат

Қандай қате таптыңыз?

Рақмет!






Кіріспе
Зерттеудің көкейкестілігі. Қазақстан мектебінің алдына қойып отырған
мақсаты - инновациялық оқыту технологиясы арқылы оқу мен тэрбие жұмысын
дамыту, еліміздің элеуметтік - экономикалық жағдайын жақсарту бағытында
оқушьшарға жүйелі, нақты білім беру.
Қазақстан Республикасының Білім туралы Заңында: Білім беру жүйесінің
басты міндеті - үлттық жэне жалпы адамзаттық қүндылықтар, ғылым мен
практика жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға жэне кэсіби
шыңдауға бағытталған білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау, оқытудың жаңа
технологиясы мен инновациялық әдіс – тәсілдерді енгізу, білім беруді
ақпараттандыру, халықаралық ғаламдық коммуникациялық желілерге шығу -деп
білім беру жүйесін одан эрі дамыту міндеттерін көздейді [1]. Бүл
міндеттерді орындау мүғалімнің ізденісіне байланысты. Осы күні Қазақстанда
білім берудің өзіндік ұлттық үлгісі қалыптасуда. Бүл процесс білім берудің
жаңа парадигмасын туғызды.
Нарықтық экономикаға өту кезеңінде қоршаған табиғи ортаға антропогендік
және техногендік әсердің күшеюіне байланысты мэселелер күрделеніп кетті.
Үшінші мыңжылдықта адамзаттың ғаламдық экологиялық мэселелерінің
шешілуі көбінесе қазіргі мектеп партасында отырған оқушылардың алғашқы
білімдерін қоршаған ортадан алуына байланысты.
Қазақстан Республикасының азаматтарының денсаулығын сақтау, білім алуы
мен эл — ауқатын қолға алып, қамтамасыз ету мақсатымен, Елбасымыз Н.Ә.
Назарбаевтың Қазақстан - 2030 жолдауында халақтың денсаулығын жақсарту,
аурулардың алдын алу жэне оларды болдырмай салауатты өмір салтын
қалыптастыру үшін экологиялық проблемаларды шешу қажеттігі атап
көрсетілген. Онда: Экологиялық нашар ахуал бүгінде адам өлімінің 20 % - ға
артуына себеп болып отыр, ал кейбір ршақтарда жағдай мүнан да қиын,
отандастарымыздың үштен бірі сапасыз ауыз суды пайдаланады. Жеткілікті жэне
дұрыс тамақтанбау да теріс демографиялық салдарға экеліп соғады - деді
[2].

Қазіргі таңдағы экологиялық проблемалардың қауіпті көріністері
-аймақтық шөлейттену, топырақтың құнарсыздануы, су ресурстарының тартылуы,
атмосфераның ластануы, озон қабатының едэуір дэрежеде жүқаруы, қышқыл
жауынның кенеттен пайда болуы, ормандардың селдіреуі, тіршілікке қатер
төндіретін дүлей табиғи қүбылыстар мен өнеркәсіп апаттардың белең алып жэне
улы қалдықтардың жер бетінде сақталынуы қоршаған ортаға зиянын тигізіп
отырғаны баршаға мэлім. Табиғаттың осындай күйге үшырауының, еліміздің
көптеген жерлерінің апат аймағына айналуының негізгі себебінің бірі -
экологиялық білім мен тэрбиенің төменгі дэрежеде болуынан.
Орта ғасыр ғүламалары да табиғатты қорғауға байланысты өз көзқарастарын
келтірген. ІХ-ХУ ғғ. қазақ топырағынан шыққан ғүлама ғалымдар - Әл-Фараби,
Ж.Баласағұн, Қожа Ахмет Иассауи, М.Қашқари жэне т.б метафизика, тіл ғылымы,
логика, психология, география, этика жэне т.б ғылымдар жайлы жазған
еңбектерінің мэні ерекше[3,4,5,6]. Соның ішінде Әл-Фараби медицина,
биология, география ғылымдарының теориялық философиялық тұрғыдан негіздеуге
көп күш жүмсады. Мэселен, Адам ағзалары жайлы, Жануарлар ағзалары
жайлы, Темпераменттер туралы т.б. еңбектер жазған. Онда: адам баласы
жаратылыстың, бүкіл жан иесі атауларының биік шоқтығы, сондықтан оны
құрметтеу жэне қастерлеу керек, - деп түсіндіреді.
Ал, М.Қашқаридің қайсы бір бэйіттерін алсаңыз, үлкен элеуметтік-
этикалық ой-түжырымдар, парасат, табиғат көріністерін, білімділікті арқау
етіп алған. Мүнда ауыз эдебиетінің үлгілері табиғат көріністерін
бейнелейтін пейзаж лирикасы мен жыл маусымына арналған өлең жырлар көптеп
кездеседі. Мысалы, біздер оның аңшылық жайындағы өлеңдерін оқи отырып,
табиғаттың эсемдігін, сүлулығын танып-білуге сана-сезімдерін, ой-
пікірлерін, сол кездегі аңшылық дэрежесін байқаймыз.
Сондықтан жас үрпаққа экологиялық білім мен тәрбие беру бүгінгі күн
тәртібіндегі бірден - бір қажетті кезек күттірмес мэселе екендігі 1991
жылғы Қазақстан Республикасының жалпы білім беретін мектептері
түжырымдамасында, Қазақстан Республикасының 2004-2015 жылға арналған
экологиялық қауіпсіздік тұжырымдамасында (2003ж.) жэне Ата заңымызға
негізделіп жасалған ҚР Білім туралы Заңдарда көрсетілген [7,8,9,10].
Сонымен қатар Қазақстан Республикасының Конституциясының 6-шы бабы жер
жэне оның қойнауы, су көздері, өсімдіктер мен жануарлар дүниесі, басқа да
табиғи ресурстар мемлекеттің меншігі екендігін, олардың мемлекет қорғауында
болатындығын мәлімдейді, ал Конституцияның 38-шы бабы Қазақстан
Республикасының азаматтарына табиғатты сақтауға жэне табиғат байлықтарын
үқыпты қарауға міндеттейді. Қоршаған ортаны қорғау туралы заңы 1997
жылдың 15-ші шілдесінде қабылданды. 19 тарау, 89 баптан түратын заңның 15 -
тарауында мынадай қағидалар көрсетілген:
1. Экологиялық білгм мен тэрбие берудің жалпыға бірдейлігі жэне
үздіксіз жүргізілуі;
2. Оқу орындарының білім беру бағдарына жэне меншік нысанасына
қарамастан, оларға экологиялық пэндерді міндетті түрде оқытудың
көзделуі;
3. Лауазымды адамдар мен мамандардың қажетті экологиялық даярлығы
болуға жэне олар қоршаған ортаны қорғау туралы заңдар негіздерін білуге
міндеттілігі;
4. Қоршаған ортаны қорғау саласындағы ғылыми зерттеулер мемлекет
тарапынан қолдау табатындығы айтылған. 73-бабы Экологиялық тэрбие мен
білім берудің жалпыға бірдей жэне үздіксіз жүргізілуі деп аталады. 74-бап
оқу орындарында Экологиялық білім берудің мэселесіне, 75-бап Қоршаған
ортаны қорғау саласында зерттеулердің мэселелеріне арналған. Осылармен
қатар 1995 жылдың Республикамыздың қабылданған Конституциясында табиғат
байлықтарын қорғау, көбейту жэне тиімді пайдалану керек екендігі
көрсетілген (6,38 баптар) [11].
Экологиялық мэселелердің кешенді ғылым аралық сипаты окушыларға
экологиялық білім мен тэрбие беру мақсатында барлық оқу пэндерін
экологияландыруды талап етеді.
Заңдарды орындау бағытында соңғы жылдары Экологиялық білім
бағдарламасының (1999), ҚР жалпы орта білім беру жүйесінде үздіксіз
экологиялық білім мен тэрбие беру түжырымдамасын (2001) т.б. экологиялық
тұрғыдағы маңызды құжаттар жарық көрді [12,13].
Жоғары сынып оқушыларына экологиялық білім беруде олардың қоршаған
ортаны қорғауға, аялауға тэрбиелеу бүгінгі күннің өзекті міндеттерінің
бірі.
Педагогика ғылымында жоғары сынып оқушыларына инновациялық оқыту
технологиясы арқылы экологиялық білім беру жаңа бағыт болып табылады,
олардың экологиялық саясат, экологиялық мэдениет, экологиялық жағдайларды
шешу туралы экологиялық білімі қалыптасады.
Табиғат пен қоғам арасындағы қарым - қатынастың үйлесімді дамуы, эрбір
адамның денсаулығына, физиологиялық өсіп жетілуіне ауадай қажет екендігіне
жас ұрпақтың көзін жеткізу бүгінгі таңдағы өзекті мэселелердің бірі. ¥зақ
жылдар бойы табиғаттың даму заңдылықтармен санаспау салдарынан Арал, Семей,
Балқаш, Капустин -Яр, Тайсойған, Сырдария, Шардара су қоймасы т.б.
экологиялық апат аймақтарының туындауына себеп болды.
Қазіргі кездегі экологиялық дағдарыстың пайда болуы адамдардың
экологиялық сауатсыздығының салдары болып табылады.
Экологиялық білім мен тэрбие беру мәселелері жалпы білім берудің
элементі ретінде окушыларға айналадағы орта мен табиғатқа жауапкершілік
қарым-қатынасты қалыптастырумен жэне қоғам арасындағы өзара байланысты
ғылыми негізде меңгерумен сабақтас қаралады. Күннен - күнге шиеленісіп келе
жатқан экологиялық дағдарыстың қауіптілігі баршаға белгілі. Экологиялық
білім берудің өмір талабынан туындайтын негізгі - жеке экологиялық тэрбие
беру істерімен ғана шектеліп қоймай, табиғатты үздіксіз қорғау іс-
эрекеттерін бір тізбекке біріктіру. Мүлдай тэрбие жүмыстарының бір бөлігі
экологиялық оқу - ағарту қажетті білім, түжырым, түсінік, сенімді
қалыптастыруға бағытталады.
Асан қайғыдан бастап, Ақтамберді, Қазтуған, Шал, Бұқар, Жиембет,
Махамбет, Базар жэне т.б. ақын-жыраулар шығармаларында заман жайындағы ой-
толғаныстары, тіршілік, табиғат сырының мэн мағынасы, адам өмірінің эр
кезеңі, олардың іс-эрекеттері сөз болады. Осы асыл ой-толғаныстары эдемі
жыр маржанымен термелеп айтьшатын мақал-мэтелге, шешендік сөз тіркестеріне
үқсас болып келеді [14,15,16].
Абай Құнанбаев, Ыбырай Алтынсарин, Шоқан Уәлиханов, Ахмет Байтүрсынов,
Мағжан Жұмабаев, Шәкәрім Қүдайбердиев, Жүсіпбек Аймауытов, Міржақып Дулатов
шығармаларында табиғатқа деген сүйіспеншілік көзқарастарының негізі -
көшпенді елдің өміріне, ата-бабаның шаруашылығына бейімделген егін жинау,
шөп шабу, жайлауға шығу, қыстауға қайту, аң аулау кездерін еске үстап,
табиғаттың тепе - теңдігін сақтауға ақыл -кеңестер берген
[17,18,19,20,21,22,23,24]. Абай Қүнанбаев табиғат пен адам өмірін,
тіршілігін бір-бірімен тығыз байланыста екенін өз өлеңінде айтып кеткен.
Жас жеткіншектерге саналы білім мен тэлім-тэрбие беру Республикамыздың
атақты педагог ғалымдарының Н.Д.Хмель, Г.А.Уманов, Қ.Б.Жарықбаев,
И.Н.Нүғыманов, С.Қ.Қалиев, Ж.Б.Қоянбаев, Қ.Б.Бөлеев жэне т.б. ғалымдардың
еңбектерінде зерттелді [25,26,27,28,29,30,31].
Оқушыларға экологиялық білім мен тәрбие беру саласында ізденіп
зерттеулер жүргізген ғалым - педагогтар И.Д.Зверев, А.Н.Захлебный,
Н.С.Сарыбеков, И.Г.Суравегина, Н.А.Гладков, П.В. Иванов, Б.Г. Иоганзен,
И.С.Матрусов, Н.А.Рыков, А.П.Сидельковский, В.Н. Скалон, Е.С.Сластенина,
А.С.Бейсенова, Н.Е.Илышская жэне т.б. ғалымдарының еңбектерінде кеңінен
қарастырылды
[32,33,34,35,36,37,38,39,40,41,42,4 3,44,45,46,47,48,49,50,51,52]. Қоршаған
ортаны, табиғатты жэне оның байлықтарын қорғау, табиғатпен адамдардың қарым
- қатынасы мэселелері жөнінде бір қатар ғалым - экологтар В.Бранн,
К.А.Благосклонов, А.Д.Бондаренко, А.Р.Банников, В.П.Горощенко, А.А.Гаев,
Я.И.Гептнер, Н.И.Деленковский, А.А.Горелов, Ю.В.Новиков, З.Новрузов,
И.Н.Родзевич, Н.Б.Здорик, Я.И.Габеев жэне т.б. өз еңбектерінде атап
көрсеткен [53,54,55,56,57,58, 59,60, 61, 62,63,64,65,66].
Ғылыми - техникалық прогрестің өркендеуі, адамдардың табиғатқа жасаған
бір жақты қарым-қатынасымен табиғат заңдылықтарымен санаспауы салдарынан,
табиғаттың экологиялық тепе-теңдігінің бүзылуы, экологиялық дағдарыстың
болу себептері, қазіргі кездегі еліміздің экологиялық жағдайын түзеу кезек
күттірмейтін мәселе екендігі жёнінде Т.Төлендиев, Қ.Құрманов, Е.Қонақбаев,
С.Қаженбаев, Б.Шайкенов, С.Ысқақов, Е.Мамбетқазиев, В.Дежкин, Ю.Жданов,
ТВ.М.Песков және т.б. еңбектерімен шығармаларында өз пікірлерін білдірген
[67,68,69,70,71,72,73,74,75].
Сол сияқты экологиялық білім мен тәрбие беру мәселесін зерттеуде
Республикамыздың танымал ғалымдарының - А.С.Бейсенова, А.Б.Бигалиев,
М.Н.Сарыбеков, А.Г.Сармузина, Г.К.Длимбетова, Э.А.Түрдықүлов,
Ж.Ж.Жатқанбаев, К.А.Сарманова, Н.Т.Торманов, Ж.Б.Шілдебаев жэне т.б. қосқан
еңбектері зор. [40,51,76,77,78,79,80,81,82,83].
Экологиялық мәселелердің кешенді ғылым аралық сипаты оқушыларға
экологиялық тэрбие беру мақсатында барлық оқу пэндерін экологияландыруды
талап етеді. Әрбір пэн өтілетін сабақ мазмүлына сай экологиялық
мәліметтерді өз түрғысынан түсіндіруі тиіс.
Қазіргі кезде пэнаралық байланыс оқыту принципі жэне оның эдістемелік
шарты ретінде дидактиканың кешенді проблемасы болып табылады, ол көп
аспектілі жолдарды пайдалану арқылы шешімін табады. Пэнаралық байланыс
оқушыларға экологиялық білім мен тэрбие берудің жалпы мақсаты мен
міндеттеріне сэйкес эрбір оқу пәнінің мазмүны мен қүрылымына байланысты,
оқытудың әдісі, форма мен қүралдары, оқушыларға тәрбие беру тэсілдерінде
көрініс береді. Сонымен қатар, пэнаралық байланыс проблемасын
педагогикалық, психологиялық эдістемелік жағынан ғалымдар В.В.Давыдов,
С.Л.Рубенштейн, Р.Г.Лемберг, Ө.Мүсабеков, М.Ә.Қүдайқүлов, И.Н.Нүғыманов,
А.Д.Болтаев жэне т.б. зерттеген [84,85,86,87,88,89,90].
Оқушыларға экологиялық білім мен тэрбие беруге байланысты экология
бағыты бойынша А.С.Бейсенова, А. Б.Бигалиев, А.Г.Сармузина, К.Сарманова,
Ж.Б.Шілдебаев, физикадан М.К.Хакимова, Э.А.Тұрдықүлов, М.И.Уралов,
А.Д.Болтаев, географиядан И.Н.Родзевич, С.В.Васильев, Т.В.Кучер,
¥.Ә.Есназарова, Р.Г.Төлегенова, қазақ тілі мен эдебиетінен Ө.Т.Танабаев,
биологиядан Ш.Қарамергенов, И.Г.Суравегина, Т.В.Машарова, С.Орынбеков,
табиғаттанудан Л.П.Салеева, М.Н.Сарыбеков, Е.А.Гринева, Д.І.Жангельдина,
химиядан В.М.Назаренко, И.Н.Нүғыманов, математикадан Қ.Н.Сарыбекова және
сыныптан тыс жұмыстар негізінде экологиялық тэрбие беруден К.Ж.Бүзаубақова
жэне т.б. жазды [51,76,77,81,83,91,93,90,
94,95,64,96,97,98,99,100,101,102,10 3,104,105,106,107,108,109].
Сонымен қатар, біздің зерттеу жүмысымыздың тақырыбына жақын
Г.М.Сабденалиеваның диссертациялық жүмысын атауға болады [110]. Экологиялық
білім беру проблемасы жоғарыдағы ғылыми еңбектерде көрсетілгендей жеке
пэндер негізінде қарастырылғанымен, бүгінгі күнге дейін инновациялық оқыту
технологиясы арқылы оқушыларға экологиялық білім беру мэселесі элі толық
зерттелмеген. Бұл тақырып бүгінде, зерттеуді қажет ететін өмірдің өзекті
мэселесіне айналып отыр.
Қазіргі уақытта педагогика ғылымының бір ерекшелігі - баланың түлғалық
дамуына бағытталған жаңа оқыту технологияларын шығаруға үмтылуы.
Педагогикалық технология - мұғалім мен оқушының іс-эрекеттерінің
біріккен жүйесі арқылы іске асатын, ақнаратты білім беру нэтижесі жэне
рефлекция негізінде білім апуға бағытталған, бір үлгідегі педагогикалық
жүйе. Педагогикалық жүйенің мынадай қүрылымы бар: 1) оқу жэне тэрбиелеу
мақсатында нақты жүйелі дидактикалық, педагогикальщ зерттеу жүргізу; 2)
оқушы меңгеруге тиісті ақпарат мазмүлын толықтыра отырып, жүйелеу; 3)
қажетті дидактикалық, техникалық оқу қүралдарын дұрыс қолдануын қадағалау;
4) тэрбиелеу жэне диагностикалық оқыту жүйесін дамыту; 5) оқушыларға жоғары
деңгейде сапалы білім беру.
Педагогикалық технологияға - В.П.Беспалько Практикада іске асатын
нақты педагогикалық жүйе - деген анықтама берген. Ал педагогикалық
жүйені түлғаны қалыптастыруға ықпал ететін арнайы ұйымдастырылған,
мақсаты, бір - бірімен өзара байланыстағы эдіс-тэсілдер деп қарастырады.
Бүгінгі таңда П.Э. Эрдниевтің дидактикалық бірліктерді шоғырландыру
технологиясы, Д.Б.Эльконин мен В.В.Давыдовтың дамыта оқыту технологиясы,
Ш.А.Амонашвилидің ізгілікті - тұлғалық технологиясы, В.Ф.Шаталовтың оқу
материалдарының белгі жэне сызба үлгілері негізінде қарқынды оқыту
технологиясы, М.Чошановтың проблемалық модельді оқыту технологиясы,
П.И.Третъяковтың, К.Вазинаның модельді оқыту технологиясы, В.М.Монаховтың,
В.П.Беспалько жэне т.б. ғалымдардың технологиялары кеңінен таралған
[112,113,114,115,116,117].
Қазақстанда Ж.А.Қараевтың, Ә.Жүнісбектің, Ш.Т.Таубаеваның,
Қ.Қ.Қабдықайыровтың, С.Н.Лактионованың, Қ.М.Нағымжанованың
М.М.Жанпейсованың, және т.б. ғалымдардың үсынған оқытудың жаңа
технологиялары оқу үрдісінде белсенді түрде қолданылуда [118,119,120,121].
Қазіргі мектептерде, тэжірибелік - педагогикалық жүмыстар көрсеткендей,
эсіресе жалпы орта білім беретін мектептердің оқу жоспарлары мен
бағдарламаларында оқу-тэрбие үрдістерінде инновациялық оқыту технологиялары
туралы материалдар пайдаланылғанымен, экологиялық білім берудің
педагогикалық мүмкіндіктері мен мазмүндары элі де болса толық
айқындалмайды, проблеманың теория жүзінде жеткілікті зерттелмеуі, ізденіс
тақырыбының көкейкестілігін дэлелдейді. Сонымен жоғары сынып оқушыларына
инновациялық оқыту технологиясы арқылы экологиялық білім берудің ролі арта
түсуде. Жалпы орта мектептердің оқу-тэрбие үрдісінде бүгінгі өмір талабына
сай оқушыларға инновациялық оқыту технологиялар арқылы экологиялық білім
берудің ғылыми түрғыда негіздеудің қамтамасыз етілмеуі, бүл мэселенің
педагогика теориясы мен практикасында зерттелмеуі арасында қарама-
қайшылықтар байқалады. Осы қайшылықтардың шешімін табуға ықпал ететін
инновациялық оқыту технологиясын іздестіру, зерттеу жүмысымыздың
проблемасын белгілейді. Бүл проблема элі де болса педагогика ғылымында
толық шешімін тапқан жоқ. Сол себептен, зерттеу жүмысымыздың тақырыбын
Жоғары сынып оқушыларына инновациялық оқыту технологиясы арқылы
экологиялық білім беру деп таңдауға негіз болды.
Зерттеудің мақсаты: жоғары сынып оқушыларына инновациялық оқыту
технологиясы арқылы экологиялық білім берудің теориялық түрғыдан негіздеу
жэне педагогикалық эксперименттік жұмыста тиімділігін сынақтан өткізу
арқылы эдістемесін жасап, практикаға ендіру.
Зерттеу нысаны: жалпы орта білім беретін мектептің оқу-тэрбие үрдісі.
Зерттеу пэні: жоғары сынып оқушыларының инновациялық оқыту технологиясы
негізінде алған экологиялық білімі.
Зерттеудің ғылыми болжамы: егер, инновациялық оқыту технологиясы арқылы
оқушыларға экологиялық білім беру теориялық түрғыдан дэлелденіп, ол арнайы
түжырымдама негізінде жасалған тиімді эдістеме арқьшы жүзеге асырылса жэне
оқу-әдістемелік қүралмен қамтамасыздандырылса, қоғамның іргелі қүрылымынан
қолдау тапқан экологиялық білім мен насихат балаларды XXI ғасырдың
толыққанды азаматы болып қалыптастыруға, эрі шиеленіскен әлеуметтік-
экологиялық жағдайда дұрыс іс-әрекет жасауға үйретеді.
Зерттеу міндеттері:
1. Жоғары сынып оқушыларына инновациялық оқыту технологиясы арқылы
экологиялық білім берудің теориялық негізін айқындау.
2. Инновациялық оқыту технологиясы арқылы экологиялық білім берудің
түрлерін жетілдіру.
3. Инновациялық оқыту технологиясы арқылы үздіксіз экологиялық білім
берудің моделін жасау.
4. Педагогикалық эксперимент арқылы экологиялық білім
беруде инновациялық оқыту технологиясын пайдаланудың тиімділігін дэлелдеу
жэне эдістемесін жасау.
Зерттеудің жетекші идеясы: инновациялық оқыту технологияларды мектептің
оқу-тэрбие үрдісінде пайдалану арқылы табиғат - адам - қоғам қарым-
қатынастарының заңдылықтарын оқушылардың игеру негізінде экологиялық білім
беруді жетілдіру.
Зерттеудің әдіснамалық және теориялық негіздері: философиялық,
педагогикалық, психологиялық эдебиеттердегі таным теориясы, дидактикалық
принциптер жэне түлғаның шығармашылығы мен жаңашыл іс-әрекеттерін дамытуға
негізделген инновациялық эдіс-тэсілдер теориясы.
Зерттеу көздері: экология мэселесіне байланысты философия, педагогика,
психология жаратылыстану ғылымдары классиктерінің жэне инновация туралы
ғьшыми еңбектері, Қазақстан Республикасының Білім туралы заңы жэне
Үкіметінің ресми қүжаттары, Қазақстан Республикасының 2004-2015 жылдарға
арналған экологиялық қауіпсіздік түжырымдамасы, Қазақстан Республикасы
жалпы білім беру жүйесінде үздіксіз экологиялық білім мен тэрбие беру
түжырымдамасы, мектеп бағдарламалары, оқулықтар мен оқу-әдістемелік
құралдар, сондай-ақ диссертанттың педагогикалық-зерттеушілік өз тэжірибесі.
Зерттеудің әдістері: тақырыпқа байланысты философиялық, педагогикалық,
психологиялық, жаратылыстану ғылыми-эдістемелік еңбектеріне, жалпы орта
білім беретін мектептердегі экология пэнінің бағдарламаларына,
оқулықтарына, эдістемелік-қүралдарына талдау, зерттеу бойынша сұрақтар қою,
бақылау жүргізу, пікір алысу, экологиялық ойындар үйымдастыру, экологиялық
шығарма жаздыру арқылы оқушылардың экологиялық білім берудің мазмұнын
анықтау, педагогикалық эксперимент жүргізу, эксперимент нэтижелерін
қорытындылау.
Зерттеу базасы: тэжірибелі-эксперимент жұмыстары Алматы қаласының № 12,
№ 81 орта мектептерінде жэне Тараз қаласының № 30 орта мектебінде, Жамбыл
атындағы №5, Ш. Уэлиханов атындағы № 32 орта мектептерінде жүргізілді.
Зерттеу кезеңдері: зерттеу негізінен 3 кезеңде жүргізілді:
І-кезең (1998-2000 жж.) зерттеу тақырыбы бойынша материалдар жинап бір
жүйеге келтірілді, осы тақырып бойынша философиялық, психологиялық,
педагогикалық, жаратылыстану, оқу-эдістемелік эдебиеттерге талдау
жасалынып, теориялық негіздері анықталды.
П-кезең (2000-2003 жж.) жоғары сынып оқушыларына инновациялық оқыту
технологиясы арқьшы экологиялық білім беру жолдары зерттеліп, тэжірибелік-
эксперименттік жұмыстар үйымдастырылып мектептерде жүргізілді.
Ш-кезең (2003-2005 жж.) жүргізілген тэжірибелік-эксперимент жү_мысы
жалғастырылып, нэтижесі қорытындыланып, ғылыми-эдістемелік ұсыныстар
жасалынды, диссертациялық қорытындысы шығарылып, эдеби даярлығы аяқталды.
Зерттеудің ғылыми жаңалығы мен теориялық мәнділігі:
- жоғары сынып оқушыларына экологиялық білім берудің педагогикалық
негіздері анықталды;
- инновациялық оқыту технологиясы арқылы үздіксіз экологиялық білім
берудің моделі жасалынды;
- иннновациялық оқыту технологиясы арқылы экологиялық білім мен
дағдыларын қалыптастырудың критерийлері мен деңгейлері жэне көрсеткіштері
айқындалды;
- инновациялық оқыту технологиясы арқылы (модульдік
оқыту технологиясы, компьютерлік жэне ақпараттық оқыту, деңгейлеп саралап
оқыту технологиясы) оқушыларға экологиялық білім берудің эдістемесі
берілді;
- 9 сыныпқа арналған Экология атты факультатив сабағының
бағдарламасы жасалынды.
Зерттеудің практикалық маңыздылығы: жоғары сынып оқушыларына
экологиялық білімді факультатив сабақтар арқылы беру мен оны жүзеге асыру
үшін инновациялық оқыту технологияның үсынылған түрлерін қолданудың
тиімділігі анықталды:
- модульдік оқыту технологиясы оқушылардың экологиялық танымдық
қабілетін арттырады;
- компьютерлік жэне ақпараттық оқыту арқылы жоғары сынып оқушыларына
үздіксіз, жан-жақты экологиялық білім береді;
- деңгейлеп-саралап оқыту технологиясы оқушылардың алған экологиялық
білім деңгейін тексеруге мүмкіндік береді;
- зерттеу материалын жалпы орта білім беретін мектептерде пайдалануға
болады. Зерттеу жүмысының нэтижесі оқу-тэрбие үрдісіне енгізіледі.
Қорғауға ұсынылатын негізгі қағидалар:
- жоғары сынып оқушыларына инновациялық оқыту технологиясы арқылы
экологиялық білім беру жүйесі;
- жоғары сынып оқушыларына инновациялық оқыту технологиясы арқылы
экологиялық білім берудің моделі мен оны жүзеге асырудың эдістемесі;
- жоғары сынып окушыларына инновациялық оқыту технологиясы арқылы
экологиялық білім берудің критерийлері мен көрсеткіштері.
Зерттеу нәтижелерінің дәлелділігі мен негізділігі: ізденушінің
эдіснамалық жэне теориялық түрғыдан қарастырған мэселесін негіздеу жэне
зерттеу мазмұлының ғылыми аппаратқа сай келуімен, проблеманы меңгеруде
ғьшыми-педагогикалық эдістерді қолдануымен, тэжірибелі-эксперимент
жүмыстарының жоспарлы кезеңділігімен, үсынылған эдістеменің тиімділігімен,
анкеталық сауалнама нэтижелері статистикалық мэліметтер негізінде
дәлелденуімен жэне педагогикалық практикаға ендірілуімен сипатталады.
Зерттеу жұмысының сынақталуы. Жүмыстың негізгі мазмұны Тараз
мемлекеттік педагогикалық институтының ¥стаздарды дайындаудағы
педагогикалық инновациялар атты халықаралық ғылыми-практикалық конференция
материалдарында (Тараз, 2005 ж.), Қ.А. Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-
түрік университетінің Жоғары оқу орындардағы жаңа білім берудің
технологиялары: теория жэне практика атты халықаралық қашықтықтан оқыту
ғылыми-практикалық конференция материалдарында (Түркістан, 2006 ж.)
баяндалып, халықаралық ғылыми-педагогикалық жураналдарында ¥лт тағлымы
(Алматы, № 4, 2005 ж.), Ізденіс (Алматы, № 3(2), 2005 ж.) ғылыми мамандар
назарына үсынылды.
Диссертацияның құрылымы: диссертация кіріспеден, екі бөлімнен,
қорытынды мен пайдаланылған эдебиеттер тізімінен жэне қосымшадан түрады.
Кіріспе бөлімінде зерттеу тақырыбының көкейкестілігі, зерттеу мақсаты,
объектісі мен пэні, зерттеудің ғылыми болжамы, міндеттері, жетекші идеясы,
зерттеу эдістері, зерттеу көздері, зерттеу кезеңдері, зерттеудің ғылыми
жаңалығы мен теориялық маңызы, зерттеудің практикалық маңыздылығы, қорғауға
үхынылатын негізгі қағидалар баяндалды.
Жоғары сынып оқушыларына инновациялық оқыту технологиясы арқылы
экологиялық білім берудің ғылыми-теориялық негіздері атты бірінші бөлімінде
проблеманың философия, жаратылыстану, психология, педагогика, экология
ғылымында зерттеу деңгейі қарастырылып, жоғарғы сынып оқушыларына
инновациялық оқыту технологиясы арқылы сабақта жэне сабақтан тыс уақытта
экологиялық білім берудің педагогикалық негіздері мен қазіргі жағдайы
сипатталды.
Инновациялық оқыту технологиясы арқылы оқушыларға экологиялық білім
берудің әдістемесі атты екінші бөлімінде жоғары сыныптарында (9-10-шы
сыныптар) модульдік оқыту технологиясы, компьютерлік жэне ақпараттық оқыту,
деңгейлеп-саралап оқыту технологиясы арқылы факультатив сабақтарда
экологиялық білім беру эдістері қарастырылып, тэжірибелік-эксперименттік
жүмыстың нэтижелері шығарылып, ғылыми-әдістемелік ұсыныстар берілді.
Қорытынды: жоғары сынып оқушыларына инновациялық оқыту технологиясы
арқылы экологиялық білім берудің тэжірибелік-эксперименттік жұмыстарының
нәтижелеріне негізделген тұжырымдар мен ғылыми-әдістемелік ұсыныстар
жасалды.
Қосымшада оқушылардың білімдерін өздері тексеруге мүмкіндік беретін
тест сүрақтары үсынылды.
Диссертация тақырыбы бойынша жарияланған еңбектердің тізімі:
1Даменова А.Қ. Компьютерлік технологияны экология сабағында пайдалану
жолдары Үстаздарды дайындаудағы педагогикалық инновациялар: атты
Халықаралық ғылыми-практикалық конференция. - Тараз, 2005. - 72-73 б.
2Даменова А.Қ. Деңгейлеп саралап оқыту технологиясын экология
сабағында қолдану жолдары ¥стаздарды дайындаудағы педагогикалық
инновациялар: атты халықаралық ғылыми-практикалық конференция. -Тараз,
2005. - 72-73 б.
3 Жоғары сынып оқушыларына экологиялық білім берудің педагогикалық
негіздері ¥лт тағлымы. - 2005. - №4. - 19-25 б.
4 Даменова А. Жалпы орта білім беретін мектептерде модульдік оқыту
технологиясын пайдалану ерекшеліктері Ізденіс. - 2005. - №3(2). - 237-
239 6.
5 Инновациялық оқыту технологиясы арқьшы экологиялық білім берудің
эдістемесі Мүғалімдерге арналған оку-эдістемелік құрал. - Тараз, 2006. -
77 б.
6 Жоғары сынып оқушыларына сыныптан тыс уақытта экологиялық білім беру
Ізденіс. - 2006. - № 2(2).
7 Даменова А.Қ. Жоғары сынып оқушыларына инновациялық оқыту
технологиясы арқылы экологиялық білім беру Жоғары оқу орындардағы жаңа
білім берудің технологиялары: теория жэне практика: атты халықаралық
қашықтықтан оқыту ғылыми-практикалық конференция. - Түркістан, 2006. -229-
232 6.
8 Даменова А.Қ. Экологияльщ білім беруде компьютерлік технологияны
қолдану Жоғары оқу орындардағы жаңа білім берудің технологиялары: теория
жэне практика: атты халықаралық қашықтықтан оқыту ғылыми-практикалық
конференция. - Түркістан, 2006. - 376-378 б.
I. Жоғары сынып оқушыларына инновациялық оқыту технологиясы арқылы
экологиялық білім берудің ғылыми - теориялық негіздері
1.1 .Жоғары сынып оқушыларына инновациялық оқыту технологиясы арқьшы
экологиялық білім берудің педагогикалық негіздері
Адамның даму тарихы, ғылыми прогрестің қоршаған орта мен табиғат
арасындағы қатынасты байланыстыруда жэне дүниежүзілік табиғат байланысының
кілт өзгеруіне экеп соқты. Адам, қоғам табиғат заңдылығымен санаспауы
нэтижесінде пайда болған экологиялық қайшылықтардың дамып, элемдік дэрежеге
жеткен, ең дегізгі мэселенің бірі болды. Табиғат пен қоғамның дамуы бір-
бірімен байланысты.
Қазіргі кезде балалардың санасына қоғамдық байлығы мен даму негізіндегі
сезімдерін тэрбиелеп, оларға экологиялық білім беру мұғалімдердің міндеті.
Экология - грекше оікоз- үй, мекен - жай жэне 1о§о8-ғылым деген
мағынаны береді. Экология - тірі ағзалар мен қоршаған ортаның бір - бірімен
байланысын зерттейді. Бүл ғьшымды негізін үхынған неміс ғалымы Эрнест
Геккель [122].
Экологиялық тэлім-тэрбие мен білім беру мэселесін қарастыруда,
ғалымдардың табиғат пэніндегі ой-пікірлері өзгеше. Ж.Ж.Руссо,
И.Г.Песталоции, Ф. Дистерверг баланың табиғатпен байланысы негізінде ой
санасын қалыптастыру, білім мен тәрбие беру заңдылықтарын негіздеді.
Оқушының санасын дамытушы "табиғат сезіміне" үйрету жайында айта келіп,
оның эстетикалық мінез-қүлқының дамуындағы маңызын ашты. Ж.Ж.Руссо (1981)
оқушылардың жан-дүние тэрбиесін табиғатпен өткізуін ұсынады. Ғалымның
ойынша, табиғатқа деген жақсы көзқарасқа үйрету, баланың ой-санасын іштей
дамыту арқылы табиғатты танып, қабылдау сезімдерінің эсерімен жүзеге асады
деп түжырымдайды [123,124].
Педагогика ғылымының негізін қалаушы ғалымы Я.А.Коменскийдің(1955)
тұжырымдарына назар аударсақ, ол дұрыс тэрбие берудің жан-жақты
көзқарасымен табиғаттың байланысуы керек деген ой айтады. Сол себептен
табиғаттың бір бөлшегі — адам деп қарап, адам мен табиғат тэрбиесінің
арасындағы заңдылықтарын дэлелдеуге эрекеттенді [125].
И.Г.Песталлоции(1981) табиғатпен тэрбиенің байланысы жөнінде баланың
ақыл-ойы және күш - жігері ең өзекті мэселесі деп есептеді.
А.Н.Герцен (1954) жас баланьщ психологиясын қалыптастырудағы табиғаттың
негізін тұжырымдай отырып, Біз адам дүниесін табиғат дүниесінен тас
қабырға арқьшы бөліп тастауға эдеттендік, бүл әділетсіздік - деген ой
айтқан болатын [126].
Ал орыс педагогы К.Д.Ушинский(1948) табиғатты психологиялық тэрбие
қүралы деп білуде, адам мен табиғат арасындағы негіздерін қарастырып:
Табиғат даусын ата-аналар да, тэрбиешілер, заң шығарушылар да аяғына дейін
тыңдауы тиіс. Табиғатпенен ерегісу жақсы емес адамға тек оның бү_л
заңдылықтарын білу жэне олардың күшін пайдалану ғана қалады. К.Д.Ушинский
сонымен қатар ой үрығы "үлы тэрбиеші"- деп атады. Ол баланың табиғатпен
жақын өсуін кең көлемде жүргізілуін айтып Педагогикада табиғаттың
тэрбиелік қүралы болар-болмас дэрежеде бағаланғаны таңқаларлық нэрсе - деп
қапа болады [127]. -
В.А.Сухомлинскийдің (1975) психологиялық-, эстетикалық тэрбие негізінде
пайдалану туралы тұжырымдары мол. Ол интелектуалдық қажырлы еңбекке
жігерлендіріп тэрбиелеудегі табиғаттың ролін аша түсу міндетін қояды.
Мұндай өмір үшін табиғатпен байланыс жасаудың мүмкіндігі ұшан -теңіз -
деп көрсетті. Ғалым табиғаттың бала жанына жақындығын жэне табиғат сырына
балалардың қүштарлығын байқаған. Балаларды табиғат негізінде тэрбиелеу оның
ғылыми жү-мысының негізі болған. Ол: Табиғаттың
эдемілігі адам жанының тазалығын тэрбиелеуде улкен ооын алаяы - яетт
лор^сіксн. із.л.^ухомлинскиидщ еңбектерінде қоғамды өз еңбегімен
өркендетуге ат салысқан баланың табиғатқа деген көзқарасы қалыптасқаны жэне
бүл көзқарасын табиғатқа деген сүйіспеншілігін дамытуды, тэрбиенің ең
негізгі мэселелерінің бірі деп білді. Сондықтан да, ол осы мэселеге
байланысты: Туған жер табиғаты - бүл жэй кішкентай адамның өсетін жерге
қадамдарын жасайтын орта ғана емес, он мыңдаған өте жіңішке тамырлары қуат
алып, шырын бұтақтары мен жапырақтарына тарататын құдіретті адам - ағаштың
өркен жаятын ортасы дейді [128,129].
Ал, Г.Афанасьев, В.В.Журавльев, А.Г.Спаркин, Г.С.Смирнова, А.Қасабеков,
Ж.Алтаев т.б. атақты философтар оқушыларға экологиялық білім беруде қоғам
- адам - табиғат арасындағы мінез - қүлықтың сана көлем-пішіндерін жіктеу
түрғысынан қарастырды [130].
Н.В.Скалон, Б.Г. Ионгазен т.б. педагог ғалымдар оқушыларға табиғатты
қорғау үшін адамгершілік, эстетикалық, патриоттық шарттарын үхынды [45,49].
Шығыстың екінші үстазы атанған, ғүлама ғалым Әл - Фарабидің Қазақстан
топырағында дүниеге келіп, артына үлан ғайыр мүра қалдырғанын бүгінгі ұрпақ
мақтан түтады. Соның ішінде адам, білім, тәрбие, ізгілік сияқты қасиеттерге
қоғамды табиғат қү_бьшыстарын танып - білуге баулу керек деп түжырымдайды.
Табиғатты аялау, ізгілікке баулу бала тәрбиесі де үлттық тамырдан нэр алып,
бүгінгі таным -түсініктермен баюы, жаңғыруы заңды қүбылыс. Педагогикада
табиғат арқылы экологиялық білім қалыптастыруды философиялық ой —
түжырымдармен байланысты түсіндіреді. Ғалым философияны меңгерудегі
адамның алғышарттары тазалығы, эдет - ғү_рпы,
15
дүниетанымы деп көрсетеді. Олай болса, педагогикалық
тұжырымның дамуының философиялық бастауы Әл - Фараби мүралары деп білеміз
[3].
Қазақтың үлы ақыны Абай Құнанбаев 18-ші қара сөзіндегі табиғатқа деген
философиялық түрғыдан, сонымен қатар табиғатқа байланысты көзқарастарын да
танытады. Ол табиғаттың байлығын адам баласының таусылмас азығы екенін
көрсете келіп, Кім өзіне махаббат қылса, сен оған махаббат қылмағың парыз
— деп жасөспірімді табиғат — ананы аялап сүйіп, қүрметтеуге үндейді.
Баланың дүниетанымы бесіктен басталады дей келіп, оның ой-санасының
бастысы, білуге қүлггарлық деп санайды. Өсе келе үйрету қүралдары арқылы
жақсы іс - эрекетке, ішкі сезімдерінің қалыптасуына, адамгершілікке
тэрбиелеу болса, ал баланың мінез - қүлқын қалыптастырудың ең маңыздысы
үстаздарының, достарының үлгі - өнегелері қажет деп түйіндейді [17].
Еліміз мақтаныш түтатын үлы ғалымы Ш.Уэлиханов елінің эдет -ғүрпын,
салт - дэстүрін зерттей келіп, өз үрпағын табиғатпен айналысуға жетелейтін
педагогикасын жоғары бағалайды. Табиғат ғажап, табиғаттан қүпия тіршілікте
не бар? - дей отырып, халқы киеліге аса көңіл аударған. Олар айналадағы
жэне күнделікті түрмысқа қажетті саймандарды киелі деп қүрметтеген. Осы
киелілерді қастерлеп, ырым жасау қазақ баласына қүт-береке, байлық экеледі.
Қазіргі таңда жасөспірімдерді табиғатты қорғау үйретуші қүрал Шоқан
Уэлихановтың осы тақырып жөніндегі бай мүрасы болып табылады. Уэлихановтың
табиғат пен халықтың қатынасындағы зерттеулері қазақ халқының арасындағы
жағымсыз сезімдердің Табиғатты шексіз қадірлеуінен туған — деген ой
айтады [19].
Қазақтың ұлы ағартушысы Ы. Алтынсарин жастарды ата-ананың тәлім-
тәрбиесін, ақыл-кеңесіне көңіл түюге шақырып Ақыл-кеңесті алмасаң анау
түрған қисық ағашқа ұқсап өсесің - деп өзінің тәрбиеге деген көзқарасын
айтады. Сонымен қатар ақын ағарту және қоршаған орта мәселелерін сараптап
арнаған шығармаларында дүниеге өзіндік көзқарасын көрсетеді.
Ағартушының өміріндегі ерекше орын алатын мэселелері мэдениеттілік пен
әдет - ғұрыптың көзқарастары және маңызы. Мысалы: аққан судың сылдырауы,
шалғынды көкорайдың-көркі т.б. табиғат қозғалыстары Жаз, Өзен деген
өлеңдерінде суреттеледі. Бұл өлеңдер жастарды табиғатты қастерлеуге
тәрбиелейді [18].
Ұлы Абайдың талантты шэкірті, артына мол мэдени мүра қалдырған
Ш.Құдайбердиев эрі ақын, эрі аудармашы, философ, эрі тарихшы болды. Ақынның
дүниенің ішкі сырын білу жөніндегі философиялық таным көзқарасы Анық пен
танық - атты еңбегінде жақсы сиппатталған:
Жан сезіп, қүлақ естіп, көзбен көрмек, Мүрын иіс, тіл дэмнен хабар
бермек. Бесеуінен мидағы ой хабар алып, Жақсы, жаман эр істі сол тексермек,
16
- деп жаратушы ақыл - ой, сену, ұғыну ісін берді. Сол себептен
табиғат байлығы өз қажетіне жаратсын деген философиялық түрғыдан ой айтады
[22].
Классикалық педагогикада жаратылыстың сүлу көріністері, жыл
мезгіліндегі жағымды қүбылыстар арқылы жас үрпаққа үйретуде адамгершілік
танымда қарастырылады. Бүл туралы Ы.Алтынсарин, Ш.Уэлиханов, А.Байтүрсынов,
Ш.Қүдайбердиев, шығармаларында көрсетілген. Табиғаттағы эстетикалық тәрбие
үлттық тәлім - тэрбиеден бастау алу қажеттігіне үлес қосады
[18,19,20,21,22].
Ж.Аймауытов өзінің Психология - атты еңбегінде Тэрбиенің түпкі
мақсаты не? деген сүраққа келсек, қоғамдағы табиғатқа ықпалын тигізетін күш
жасап беру - деп жауап береді [23].
Тэлім тэрбиенің табиғатқа байланысты толғаныстарына назар аударсақ
М.Дулатұлының Таза бұлақ - атты өлеңінің Болсаң бол ей жолаушы, бұл
бүлақтай, болмаса
Бүл сөзден ғибрат мол адамзатқа, Тегін қыл, жақсылықты қүлға сатпа.
Бүлақтай кез келгенге даяр болып, Міндетсіз біліміңді тарат халыққа -
деген табиғат сыйын бағалауға үндейді [24]. Табиғаттың байлығына қамқор
болуды міндеттейді. Ол педагогикалық мүрасының түйінін қорытындылай отырып,
сэби нені аңғарып, оны қалай ойына сіңіреді? - деген сұраққа, рухани
азығымызды жетік білмей тұрып, оған тэрбиеші болу мүмкін емес дейді.
Экологиялық білім мен тэрбиенің тамыры отбасы мен бала - бақшадан нэр
алып, дамуы керек. Ата - бабаларымыз экологиялық тэрбиені үлттық дэстүрде
наным, сенім, ырымдар арқылы үздіксіз беріп отырған. Мысалы, Көк шыбықты
сындырма, көктей соласың, Аққуды атпа, киесі ұрады, Көзіңді қалдыр -
бүлақ көзін ашып жүр, өзіңді қалдыр - бақша өсіріп жаса нү_р деген ата —
баба өсиетінде не деген көрегенділік, ақылдьшық бар десеңізші! Ата-
бабаларымыз қазақ жол жүріп келе жатып, аға алмай жатқан бүлақ көрсе көзін
ашқан екен. Қазіргі таңда жас жеткішпектерге ата - бабалардың нақыл
сөздерін жеткізіп, оны ұғындыру жэне осыған байланысты экологиялық білім
беру бүл мү_ғалімнің міндеті болып табылады.
Қай заманда болсын қазақ халқы дэстүрінде табиғатқа тағылықпен қарау
деген болмаған. Аң - қүстардан бастап өсімдіктерге дейін жанашырлықпен
қарап, табиғат түлығын обал деп санады. Табиғат байлығын жеке меншік
емес, қоғамдікі, халықтікі, болашақ үрпақтікі деп санады.
Жоғарыда келтірген халқымыздың ырымдары мен тыйым сөздері жас
өспірімдерге экологиялық білім беру жолына үлес қосады.
Алдыңғы қатарлы педагогикалық тәжірибелермен жэне эдебитеттермен танысу
жалпы білім беретін мектептердің барлық түрлері мен мектептен тыс
17
мекемелердің іс - қимыл білігінің нэтижесіндегі жетістіктің кепілі
болатындығы туралы пікірдің қалыптасуы - бүл бағыттағы оңды нәтижелерге тек
жоғары сынып оқушыларымен жүйелі түрде жүргізілген экологиялық -туристік -
өлкетану қызметі арқылы ғана қол жеткізуге болады.
Мектептер қызметі мен мектептен тыс мекемелердің өзара байланысы
қажеттілігін осы бағыттағы эдебиеттерге жасаған талдауларында көптеген
көрнекті оқымыстылар, алдыңғы қатарлы, озық ойлы, халық ағарту ісінің
ұйымдастырушылары В.А.Сухомлинский, Н.К.Крупская, А.В.Луначарский,
С.Т.Шацскийлер дәлелдеп берді [128,131,132,133].
Жоғарғы сынып оқушыларының бойында шығармашылық қабілеттер мен
қызығушылықтарды дамытуда, мектептен тыс мекемелер негізгі нысана болады.
Жоғарғы сынып оқушылардың шығармашылық қызметтерінің Ү-Жымдық түрлері,
эсіресе табиғат пен қоршаған ортаның өсімдіктер мен жануарлар дүниесі
арасында тығыз байланыста бола алады. Жоғарғы сынып оқушыларының
экологиялық білімділігі мен тәрбиелілігі олардың экологиялық санасына
байланысты, яғни олардың барлық қызметі мен мінез - қүлықтарын, бүрынғы ой
- пікірлері мен көзқарастарына өзгеріс енгізудің қалыпқа келтіруші қүралы
деп түсінуге болады. Жоғары сынып оқушыларының экологиялық білім мен
тэрбиесінің педагогикалық үрдісі психологиялық, педагогикалық қайшьшықтарды
шешу мен ғылыми болжамдарды салыстыру эдістері, осы негізде қоршаған орта
мен туған өлкенің, табиғи ортаны сауықтыру мэселелерін шешуге мүмкіндік
береді.
Дэстүр бойынша, экологиялық білім мен тэрбие мэселесіне халықтық
педагогика көп мэн берген. А.Б. Измайлова табиғатпен қарым — қатынас
үрдісі, оны оқып үйрену жэне пайдалану бала өмірінің алғашқы күндерінен
басталады. Бесік эні, ертегілер мен ойындардағы мейірімді үй жануарлары,
қүстар туралы ойлар, мақал - мэтелдер мен нақыл сөздер баланың сэбилік
кезінен бастап табиғатты тануына эсер етіп, бала табиғатпен үздіксіз
байланысқа түседі.
Адам баласы өмірге келгеннен бастап табиғатпен тікелей қарым —
қатынасқа түседі. Шыр етіп дүниеге келген нәресте таза ауа жүтып, қоғамды
яғни қоршаған ортаны тани бастайды. Баланың күнделікті үй жануарларына,
қоршаған ортаға деген қызығушылығы^ойын барысында арта түседі.
Атақты шетелдік педагогтардың табиғатқа деген көзқарастарына сүйенер
болсақ, табиғатқа деген сенімді көзқарас қалыптаса қойған жоқ. Қуатты
тәрбие күштеріне сүйене отырып, олар адам мен табиғат бірлігінің тиімді
жолдарын іздестірді, ал егер осы бағытта тапқан жаңалықтары болса, оны
тәрбие мақсатына пайдаланып отырды.
Б.Т.Лихачев жеке адамның экологиялық мэдениетін қалыптастыру
қажеттілігі мэселесін қарастыра келіп, мектеп жасынан бастап бүл
Я.А.Коменскийдің өсиет етіп кеткен тэрбиенің табиғатпен байланыстылығын
адам тэрбиесінің жетекші қү_ралы деп түсіндірді.

18
Жеке адамның экологиялық мэдениетін қалыптастырудың экологиялық білімі
мен тэрбие үрдісіндегі негіз ретінде мектеп оқушыларының қоршаған ортамен
байланысы, бірлігі алынған. Қазір балаларға санасы мен көзқарасына әсер
ететіндей түтас экологиялық білім мен тэрбие жүйесін бере отырып,
табиғаттағы, космос кеңістігіндегі және қоғамдағы барлық құбылыстарға
адамның қатысы бар екендігін ү_ғындыру қажет.
А.А.Остапец-Свешников өзінің көптеген зерттеулерінде экологиялық
білімге, эсіресе, сынып сабақ жүйесінде жоғары мэн берілетіндігін, бірақ
бүл білімдердің күнд елікті өмірде қолданыла бермейтіндігіне тоқталып өтті.
Н.С.Дежникова экологиялық білім мен тэрбиені балалардың рухани дамуына
эсер ететін, олардың экологиялық көзқарастарын біртүтас жүйе ретінде
қарастырады. Оның ойынша, экологиялық тэрбиенің деңгейі оқушылардың
қоршаған ортаға қүлды деген көзқарастары туралы қалыптасқан білім
жүйелерімен анықталады. Сондай- ақ жоғары сынып оқушылары И.Мичириннің
Адам- табиғаттың бір бөлшегі, ол табиғата биологиялық жағынан ғана емес,
рухани жағынан да тэуелді, табиғаттағы барлық байлықты дүрыс жолмен ғана
пайдалануға болады, табиғаттан адам үйлесімдік пен тұтастықты, сүлулықты
үйренуі керек деген қағидасын тиісті дэрежеде түсіндірулері қажет [134].
Экологиялық білім мен тэрбие балалардың рухани жетілуіне үлкен эсер
етеді. Осы білімді меңгеру барысында балалардың қоршаған орта, оның
қалыптасуы мен маңыздылығы туралы түсінігі қалыптасады. Экологиялық білім
беруді енгізуде адамдардың қоршаған орта мен қарым-қатынас жасауды
қалыптастыруда мектепте оқылатын эр пэннің тәрбие жү-мыстарының қоғамдық
мүмкіншіліктерінің бэрін ТМД елдері бойынша П.В. Иванов Оқушылардың
табиғат қорғау жүмыстарын үйымдастыру арқылы өз туған өлкесінің табиғатын
оқып үйренуді, И.Д.Зверев Экологиялық білім берудің теориялық негізін,
табиғат қорғаудан білім беруде пэнаралық байланысты, Л.П.Салеева Төменгі
сынып оқушыларының табиғатқа жанашырлық қатынасын қалыптастыруды,
Б.Г.Иоганзен Оқушылардың табиғатқа жауапкершілікпен қарауға дағдылану
эдістерін, Я.И.Габев Табиғат корғау туралы білімнің теориялық негізі
туралы зерттеген. Оқушыларға экологиялық білім мен тэрбие беруге байланысты
экологиядан А.С.Бейсенова (1991), А.Г.Сармузина (1996), К.Сарманова(1996),
А.Б.Бигалиев, Ж.Шілдебаев(2000), физикадан М.К.Хакимова(1987),
Э.А.Тұрдықүлов(1982), М.И.Уралов(1988), А.Д.Болтаев(1994), Ғ.К.Длимбетова,
географиядан И.Н.Родзевич(1986),

С.В.Васильев(1987)Т.В.Кучер(1990),¥ .Ә.Есназарова(1996),Р.Г.Төлегенова( 1997),
қазақ - тілі мен эдебиетінен Ө.Т.Танабаев(1992), К.Кңжанбаева,
Ш.М.Тойғанбекова, биологиядан Ш.Қарамергенов(1980), И.Г.Суравегина(1986),
Т.В.Машарова(1992), С.Орынбеков(1996), табиғатанудан Л.П.Салеева(1978),
М.Н.Сарыбеков(1984), Е.А.Гринева(1985), Д.І.Жангельдина, химиядан
В.М.Назаренко(1985),
19
И.Н.Нұғыманов, Д.Ш.Шардарбеков, математикадан Қ.Н.Сарыбекова(1999) жэне
сыныптан тыс жұмыстар негізінде экологиялық тэрбие беруден
Қ.Ж.Бұзаубақова(1997) т.б. жазды (Сурет 1).
Оқушыларға экологиялық білім мен тэрбие беру мэселелерін зерттеген
ғалымдар
Сабақтар
Физикадан
Географиядан
Қазақ тілі мен эдебиетінен
Биологиядан
Химиядан
Математикадан
Экологиядан
Табиғаттанудан
Авторлар
М.К.Хакимова, Э.А.Тұрдықұлов, М.И.Уралов, Н.Н.Максимов, Ғ.К.Длимбетова
А.Д.Болтаев және т.б.
И.Н.Родзевич, А.С.Бейсенова, С.В.Васильев, Т.В.Кучер, ¥.Ә.Есназарова,
Р.Г.Төлегенова жэне т.б.
Ө.Т.Танабаев, К.Құрманбаева, Ш.М.Тойғанбекова жэне т.б.
Ш.Қарамергенов, И.Г.Суравегина Т.В.Машарова, С.Орынбеков, Ж.Б.Шілдебаев
жэне т.б.
В.М.Назаренко, И.Н.Нұғыманов, Д.Ш.Шардарбеков жэне т.б.
Қ.Н. Сарыбекова жэне т.б.
А.С. Бейсенова, А.Б. Бигалиев, А.Б. Сармурзина, К.Сарманова, Ж.Б.
Шілдебаев жэне т.б.
М.Н. Сарыбеков, Л.П. Салеева, Е. А. Гринева, Д. І.Жангельдина жэне т.б.

20
Сурет 1. Оқушыларға экологиялық білім мен тәрбие беру мэселелерін
зерттеген ғалымдар.
Оқушьшарға экологиялық тэрбие берудің басты мақсаты мен міндеттерін
жэне маңызын белгілеу үшін И.Д.Зверев еңбектерінің орны ерекше. Ол
экологиялық тэрбиенің мақсаты білім жүйелерін, көзқарас пен сенімдерін,
моральдық нормаларына сэйкес, қоршаған ортаның жағдайына азаматтық
қатынастарды қамтамасыз ету болып табылады - деп оның педагогикалық
теориясы мен практикадағы сала екендігіне көңіл аударады.
И.Д.Зверев (1993) Барлық оқу пәндерін экологияландыруға байланысты
ойланып жасалған жүмыстар қажет - деп мү_ғалімдерге қойылатын негізгі үш
талапқа ерекше қөңіл бөледі. Біріншіден, мүғалімнің алдында табиғат жэне
қоғам туралы сезім жауапкершілік болу керек. Мүғалімдер эр адам, болашақ
үрпақ табиғатты қорғау қажеттігін түсінуі қажет. Екіншіден, мүғалімнің
өзінің өмірі мен қызметінде табиғаттың жанашыры ретінде басқаларға үлгі
болуы тиіс. Үшіншіден, эрбір мұғалім экологиялық біліммен қарулануы қерек.
Ғалым И.Д.Зверевтің(1993) мү_ғалімдерге қойылған үш талапты балабақша
тәрбиешілерінің экологиялық тэрбие бағытындағы жүмыстарын басшылыққа алуды
у_сына отырып, әр педагог баланың табиғатқа деген сезімін, қызығушылығын
қалыптастыру ретінде, өзінің жауапкершілік деңгейін жоғары үхтау қажет
[32,33].
Әрине оқушыларға экологиялық білім мен тәрбие беруде мүғалімдерге
қойылатын негізгі талап - экологиялық білім мен тәрбие беру барысында
негізгі мақсаты мен міндеттерін, маңыздылығын белгілеу болып табылады.
Б.Г.Иоганзен (1987) Экологиялық білім мен тәрбие жаңа үғым екендігін
атап көрсете отырып: Экологиялық білім мен тәрбие эр адам қоғамды сақтау
жэне жақсарту керектігін түсінуін қоршаған ортаның эсемдігін бағалай
білетін, азаматтьщ жауапкершілік сезімін игерген жеке адамдарды
қалыптастыруды қарастырады - дейді [44,45].
Э.А.Тү_рдықүлов(1982) болса Экологиялық білім мен тэрбие беру
оқушыларды табиғатты пайдаланудың ғьшыми негіздері жөніндегі дағдыларын,
табиғат ресурстарын қорғау саласына көзқарастар қалыптастырудағы
психологиялық-педагогикалық процесті айтамыз, - деп атап көрсеткен.
Э.А.Түрдықүлов жасөспірімдерге экологиялық білім мен тэрбие беру
мақсатында табиғи қоршаған ортаны қорғайтын ғылым негіздерін игеріп, соның
барысында сенімдерін қалыптастырып, табиғи байлықтарды үнемдеу, молайту
әдет-дағдыларын тэрбиелеу жайлы дэлелдейді [79].
Е.М.Кудрявцева(1980) экологиялық тэрбиенің психологиялық табиғатын
қарастырып, оны іске асырудың қажеттілігіне ерекше назар бөлді. Ол
табиғатты21
қорғауға адам бойындағы сенімге мэн беріп, оның негізгі компонентіне
баса назар аударды. Олар бірнеше компоненттерге бөлінеді.
1. Интеллектік (ойлылық) компоненті: сенім негізіндегі экологиялық
білімді дүниетанымдық сипаттағы интеллектік іскерлікті себепті ойлау
тэсілдерін меңгеруі.
2. Жеке даралық компоненті: қатынас пен бағалаудың себебі табиғат
қорғау эрекетіне мақсат қою жэне себептің дэлелі, моральдық бағыттылығы,
табиғатты қорғау қажеттілігін ұғыну.
3. Ішкі дайындығы: субъектінің өзіндегі бар біліміне сэйкес ниеттенуге
байланыстылығын ұстанған жолының эрекетке дайындығы [135].
Осы компоненттердің эр қайсысының өзіндік мэнін үғыну, олардың
органикалық бірлікте болуын қамтамасыз ету, табиғатқа жауапкершілік
қалыптастыруда оқушының қасиетін ескере отырып жүргізуге негіз болды.
Экологиялық білім мен табиғат қорғауға тэрбиелеудің мақсаты мен
міндеттері А.Н.Захлебныйдың еңбектерінде байқалады.
Ғалымдардың басым бөлігі экологиялық білім беру жайлы жеке адамның іс-
эрекетінде байланысатын, табиғатқа деген моральдық жауапкершілік деңгейінің
қалыптасуы экологиялық сезімі болатьшын көрсетеді.
А.Н.Захлебный(1981) жалпы білім беретін мектептегі екі элеуметтік
мақсатқа жетуге бағыттауды зріғарды. Олар мыналар:
1. Оқушылардың мінез-құлқында жэне эр түрлі іс-әрекетінде қоршаған
ортаға жауапкершілік нормаларьш сақтауға тэрбиелеу.
2. Қоршаған ортаны көркейтіп қорғауда оқушылардың ұқыптылықпен
пайдалану дағдысына үйретуді үсынады [34,35].
Ғалым - педагогтар мен ғалым - эдіскерлер экологиялық білім мен тэрбие
берудің мэнін ашқанда табиғатқа саналы қарым - қатынас жасап, оны
корғайтын, табиғат ресурстарын тиімді пайдаланатын, туған жерін сүйетін
жастарды адамгершілікке тэрбиелеуді талап етеді.
Экологиялық білім беруді теориялық тұрғыдан тұжырымдағанда жарық көрген
педагогикалық еңбектерді басшылыққа ала отырып, оны төмендегідей топқа
топтасатырдық (Сурет2).
Психологиялық-педагогикалық ж эдебиеттермен таныса жэне талдай отырып,
экологиялық білім берудің мақсаты - жастарды айналадағы табиғи ортаға
жауапкершілікпен қарау керек екендігін анықтадық.
Зерттеушілер қазіргі педагогикалық теорияда экологиялық білім мен
тәрбие берудің ғылыми негізін, мақсаттары мен міндеттерін, принциптерін
толық анықтауға ұмтылады.
Педагогикалық эдебиеттерде инновациялық оқыту технологиялары арқылы
экологиялық білім берудің мазм^нын анықтауға жэне қай сыныптан бастап
инновациялық оқыту технологиясы арқьшы оқушыларға экологиялық рлім беруге
болашақ мұғалімдерді даярлауға экологиялық материалдарды
22
басымырақ беру керектігі жайлы ғылыми нүсқаулар мен озат тэжірибиелер
элі де болса дэлелдене қойған жоқ.
біпім беру мазмуныңдағы
Сурет 2. Экологиялық білім берудщ теориялық тұрғыдан тркырымдауда
басшылыққа алынған педагогикалық еңбектер.
Осы бір олқылықтың орнын толтыру мақсатында мектептегі тэжірибелік
-эксперименттік жұмысының нэтижесін ортаға салуды жөн көрдік. Оқу-тәрбие
үрдісінің қандай түрі болмасын, олар белгілі бір эдістемеге негізделіп
отырады. Негізінен әдістеме тиімді болу үшін, үстаздық қызметінің іс-
тәжірибесімен, оқу-
23
тэрбие үрдісімен байланысып жатады. Сондықтан әдіс-тәсілдерді
үнемі жетілдіріп отыру керек.
Қазіргі заман талабы түрғысынан алып қарастырар болсақ, бүгінгі мектеп
оқушыларының жаңалық атаулыға жаны құмар, интеллектуалдық деңгейі элдеқайда
жоғары екеніне көз жеткіздік. Ендеше инновациялық оқыту технологиясы
негізінде экологиялық білім беру идеясын олардың қолдап шығатынына
сенімдіміз. Оқушылардың қолдауына ие бола отырып, оның қажеттілігіне сене
отырып, біз енді нақты қай технология негізінде жүргізуді, оның тиімділігі
қандай болады, қиыншылық неде деген мэселелер төңірегінде ойлануды жөн
көрдік. Инновациялық оқыту технологияларының теориялық негізіне зер салуды
ғылыми — педагогикалық эдебиеттерді зерттеуге мақсат еттік.
Инновация үғымы педагогика ғылымымен бірге жасасып келеді деуге
болады. Олай дейтініміз бүл үғым ежелгі педагогикалық ... жалғасы
Ұқсас жұмыстар
Педагогикалық зерттеудің библиографиясы
Зерттеудің негізгі кезеңдері
Зерттеудің жетекші идеясы
Педагогикалық зерттеудің теориялық әдістері
Зерттеудің деңгейі
Зерттеудің өзектілігі
Психологиялық-педагогикалық зерттеудің ұйымдастыру логикасы
Зерттеудің теориялық және эмпирикалық әдістері
Педагогикалық зерттеудің мақсаты
Диссертациялық зерттеудің обьектісі
Пәндер
Көмек / Помощь
Арайлым
Біз міндетті түрде жауап береміз!
Мы обязательно ответим!
Жіберу / Отправить

Рахмет!
Хабарлама жіберілді. / Сообщение отправлено.

Email: info@stud.kz

Phone: 777 614 50 20
Жабу / Закрыть

Көмек / Помощь