Қазақстан Республикасы жеңіл өнеркәсіп кәсіпорындары Қауымдастығы


Қазақстан Республикасы жеңіл өнеркәсіп кәсіпорындары Қауымдастығы.
1990-1998 жылдар аралығында ҚР жеңіл өнеркәсіп басқару құрылымы 5 рет өзгерді. Дегенмен бұл басқару жүйесін жақсартқан жоқ. Осындай кәсіпорындарды басқару мен өзара қатынас жоғалып, ақпарат болмай, бытыраңқылық жағдай туындаған проблемалардан шығу жолында нақты шешім қабылдауды әлсіретіп, мүмкін болмайтындай етті.
1999 жыл 4 мамырды жеңіл өнеркәсіп кәсіпорындарының жиналысында Қазақстан Республикасы жеңіл өнеркәсіп кәсіпорындары Қауымдастығын құру туралы ұсыныс айтылды. Жиналыста бастамашыл топ жасақталды. Оған: «Қазақстан Тексти-Лайн» ЖШС - Апенко С. Л., «Семирамида» ЖШС - Ахшабаева Н. Т., «Восход» ААҚ - Кожаков А. К., «Сымбат» сән академиясы» ЖАҚ - Асанова С. Ж., «Алматы-кілем» ААҚ - Абсаметова Р. А. және т. б. кірді.
Бастамашыл топ Апенко С. Л. жетекшілігімен ҚР жеңіл өнеркәсібінің жағдайына талдау жүргізді. Кәсіпорындардан алынған жауаптар Құрылтай жиналысын өткізуге мәжбүрледі. Ол тек әзірленіп қана қоймай, тіркеуден де өтті. Сонымен қатар Қауымдастықтың алғашқы кезде аяқтан тұруына әрі қарай дамуына бар күшін жұмсады. Және қазіргі кезде белсенді жұмысын жалғастыруда.
Тәуелсіз қоғамдық ұйым-ерікті заңды тұлғалар бірлестігі нысанындағы «Қазақстан Республикасы жеңіл өнеркәсіп кәсіпорындары Қауымдастығы» 1999 жылғы 26 қазанда тіркелді. Тіркеу нөмірі 29184-1910-ЗТБ.
Қауымдастықтың мақсаты - Қазақстан Республикасындағы жеңіл өнеркәсіп кәсіпорындарын дамыту үшін оң экономикалық жағдайлар туғызу.
Қауымдастық қызметінің басты бағыты болып:
- нормативтік-құқықтық актілерді жетілдіру, кәсіпорындардың экономикалық мүдделерін қорғаудағы тиімті тетіктерін әзірлеу;
- отандық кәсіпорындарды қолдау үшін мемлекеттік органдарға ұсыныстар енгізу;
- мемлекеттік органдармен бірге жеңіл өнеркәсіпті дамыту жөніндегі бағдарламаларды ұйымдастыру және өткізу;
- жеңіл өнеркәсіпті кәсіпорындарының мүдделерін қорғау;
- Қауымдастыққа қатысушыларды сыртқы және ішкі нарықта шығару;
- әріптестер іздеу;
- жеңіл өнеркәсіп инфрақұрылымын дамыту және жетілдіру;
Қазақстан Республикасы жеңіл өнеркәсіп кәсіпорындары Қауымдастығының қызметі атқарушы және заң шығарушы өкіметпен, салалық дамытудың тиімді жолдарын әзірлеу мен табу мақсатында өңірлік әкімшіліктермен әрекеттестік, БӘСҰ кіру үшін ұсыныс дайындау, текстилді және жеңіл өнеркәсіп кәсіпорындарының қызметін заңнамалық қамтамасыз етуді жетілдіру негізінде жүзеге асырады.
Қойылған міндеттерді жүзеге асыру үшін Қауымдастық заң шығарушы орган-Парламент Мәжілісінің депутаттарымен, атқаушы билік органдары-ҚР Үкіметімен, өңірлік облыстық әкімшіліктермен, қауымдастықтармен, халықаралық ұйымдармен, жеңіл өнеркәсіп жұмысшылары кәсіподақтарының ОК-мен тығыз қатынаста орнатқан.
Қауымдастық мүшелерінің еліміздегі барлық билік құрылымдарына өз салаларының проблемалары туралы құлақтандыруға қол жеткізгені, Қауымдастықтың белсенді айқындамасы.
Сонымен:
- Алматы қаласы әкімі жанындағы қоғамдық-сараптамалық кеңесте және Қаржы полициясы жанындағы Кеңесте, коммуналды меншік, қалалық статистика басқармасында, Мемстандарт ЮФ және басқаларда Қауымдастық белсенді жұмыс істеуде
Қауымдастық көп уақытын заңнамалық және нормативтік базаны жетілдіру мәселелеріне бөледі. Ұлттық компаниялар мен мемлекеттік бюджет және т. б. қаржысына сапасыз өнімдерді сатып алуды тоқтату жөніндегі «Мемлекеттік сатып алу туралы» заң жобасына ұсыныс жасалды.
Қазақстан Республикасы жеңіл өнеркәсіпті дамыту бойынша ұсыныстар жасалуда.
Ведомствоаралық комиссияға қатысады.
Өнімді қолданудағы отандық өндірушілерге формалы киім дайындау үшін ұсынысқа бастамашы болу мақсатындағы ҚР Премьер-Министр Өкіміне қол қойюға ықпал жасады.
Жетілдіріліп Қазақстан Республикасы Үкіметіне жолданған ұсыныс 2003 жылғы 6 маусымда №11-9/003-250 бекітілді. 2003 жылғы наурызда алғаш рет Қауымдастық бастамашылығымен Премьер-Министрдің орынбасары Мәсімовте К. К. барлық министрліктер мен ведоствалардың қатысуымен «ҚР жеңіл өнеркәсіп мәселелері туралы» жиналыс өткізілді.
Қауымдастықтың бастамашылдығымен импорттық бажды төмендету бойынша Үкіметтің үш Қаулысына қол қойылды. Үшінші елден импортталатын шикізат, материалдар әкелуге 184 өзгерістер енгізілді. Соның ішінде бажсыз әкелімге 20% қойылды, ал кейбір айқындамаларда кедендік импорттық баж 5%-ға төмендетілді. Аталмыш шара ішкі нарықты отандық өндірістің жоғары сапалы өнімдерімен қанықтыру және өнім өндірісінің шығындарын төмендету үшін отандық кәсіпорындарды қолдауға бағытталған. Аталған бағыттағы жұмыс жалғасуда.
Тері шикізатын өңделмеген түрде шығаруға кедендік бажды өсірудің негіздемесі ұсынылды. Жүргізілген жұмыстың нәтижесінде 2004 жылғы 27 желтоқсанда ҚР Үкіметінің Қаулысына қол қойылды және шығарылатын кедендік баждың белгілі бір түрлеріне өзгерістер енгізілді: 4101, 4102, 4103 - КРС, МРС өңделмеген терілері, басқалар - 20%, 1 тоннасы 200 Еуродан кем емес.
1. 01. 2003 жылы тоқтатып қойылған кәсіпорындардың салықтық қарызын өтеу мерзімін ұзарту туралы жұмыс жүргізілді.
ҚР Парламенті Мәжілісінің Депутаттарына, атап көрсетсек В. Н. Егоровқа хат жолданды. Сол қауымдастық хатының негізінде №З-780 2003 жылғы 16 қазанда ҚР текстилді және тігін өндірісі кәсіпорындарында қалыптасқан проблемаларға байланысты ҚР Премьер-Министр Д. Ахметовқа депутаттық сауал жолданды. 2005 жылғы 1 қаңтарға дейін жарамды Салық Кодексінің 179 баб 9 бөліміне өзгеріс енгізілді.
Қауымдастық бастамашылдығымен ҚР индустрия және сауда министрлігінде ҚР Мемлекеттік сатып алу жөніндегі Агенттік пен ҚР кедендік бақылау Агенттігінің қатысуымен жиналыс өткізіліп, кедендік және тариф саясаты мәселелерінің проблемалары мен мем. сатып алу ұйымдарын жетілдіруге бағытталған ұсыныстар дайындалды.
Қауымдастық Қазақстанның БӘСҰ кіруі бойынша өткізілген жиналыстарға қатысады. «Секторлық бастамашылдыққа «Текстиль және дайын киім» секторы бойынша ҚР кіруіндегі салдарының бағасы» тақырыбы бойынша жүргізілетін зерттеулердің тапсырмаларына техникалық ұсыныстар дайындалды.
Жеңіл өнеркәсіп үшін ең өзекті және әзірге шешілуі қиын мәселе - «көлеңкелі» импорттың жолын қию. Бұл жеңіл өнеркәсіпті дамытуға басты кедергі болып табылады. Жүргізілген талдау Үкіметке тапсырылды.
Ашық экономикада, Қазақстан кәсіпкерлері жаһандану жағдайында әлемдік экономика жағынан да қатал қысымды сезінуге тура келеді. Бұл жағдайдан шығу үшін Жапония секілді, әлемдік экономикаға кіріп қана қоймай, онда алғы жақтан көріне білген елдердің тәжірибесімен танысуымыз керек.
ҚР текстилді және жеңіл өнеркәсіптің экспорттық әлеуетін дамыту мақсатында, ішкі сауданы дамыту жөніндегі Жапондық Ұйыммен бірге үшжылдық ДЖЕТРО бағдарламасын көзделуде.
Қауымдастық ДЖЕТРО бағдарламасының шеңберінде текстилді және жеңіл өнеркәсіп мамандары үшін: «Өнім сапасын жақсарту мақсатындағы өндірістік басқару маңыздылығы», «Әлемдік нарық талаптарына сай сапа деңгейіне жету» тақырыбында семинарлар ұйымдастырды.
Қауымдастық жетекшілері бұқаралық ақпарат құралдарымен де белсенді жұмыс жүргізеді. Қауымдастықтың жеңіл өнеркәсіп және өзге де проблемалар туралы көзқарастары үнемі жарияланып тұрады.
Қазақстан Республикасының АРЛА:
- «текстилді және жеңіл өнеркәсіп тауарларының» көтерме жәрмеңкелерін;
- Кәсіпорындарға Халықаралық көрмелер туралы ақпараттарды жеткізуді ұйымдастырады.
Қажетті шикізат, материалдар жеткізуші әріптестер іздеу мақсатында Италия, Түркия, Германия, Ресей, Белоруссия, Литва, Польша, Индия, Мысыр, Румыния және т. б. елдердің сауда өкілдерімен ынтымақтастық орнатқан.
Қазақстан, Түркмения, Өзбекстан және т. б. Министрліктері мен ведомстваларымен байланыс қалдпына келтірілген.
АПЛП жеңілдікті жағдайда көрмелерге қатысу үшін Түркияға іс сапарлар мен кездесулер ұйымдастырады.
Өткізілген конференциялар, семинарлар туралы ақпарат жеткізеді. Дөңгелек үстелдер өткізуді ұйымдастырады.
Халықаралық Прагма Ұйымымен, МАШАВ-пен әріптестік жүзеге асырылған; «Қауымдастықтың бизнестік басқаруы; «Қазақстанда Корпоративтік басқару негізін құру», «Консалтингтік басқару» жобаларына Сорос, Евразия және басқа да Қауымдастықтар қатысты.
Қазақстан нарығына қатысушыларды, бәсекелесті зерделеу, асортимент, нарықты маркетингті зерттеу өткізіледі.
Кәсіпорындардың тапсырысы бойынша жеке компаниялардың қызметі талданады, стратегия әзірленеді.
Қауымдастық мультипликатор ретінде ҚР индустрия және сауда министрлігі, БҰҰ өкілдігі, Халықаралық Сауда Орталығы (Швейцария) өткізген «Сауда және экспортты дамытуға жәрдем» пилотты жобасына қатысты. АПЛП жинақталған тәжірибесін дөңгелек үстелдер, семинарлар өткізу жолымен таратады және қорытады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz