Салауатты Қазақстан мемлекеттік бағдарламасының паспорты


Пән: Социология, Демография
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 7 бет
Таңдаулыға:   

Мазмұны

1. Кіріспе

2. Бағдарламаның паспорты
2. Бағдарламаның паспорты: Пайдаланылғап әдебиет
:

КІРІСПЕ

Қазақстандағы нарықтық қатынастың қазіргі жағдайларында әрбір адамның денсаулығы халық денсаулығының құрамдас бөлігі ретінде, оның тіршілігінің толыққанды бағасын ғана емес, сонымен қатар оның мүмкіндіктерінің әлеуетін анықтайтын факторға айналып отыр. Халық денсаулығы жағдайының деңгейі өз кезегінде, елдің әлеуметтік-экономикалық, мәдени және индустриялық даму өлшемін анықтайды. Медициналық көмек көрсетудің қолжетімділігін, уақтылығын, сапасы мен сабақтастығын қамтамасыз етуге жұмылдыратын әлеуметтік бағдарлы жүйені ұсынатын денсаулық сақтау саласы, халық әл-ауқатының бірқалыпты және тұрақты жақсаруы тұрғысынан алғанда Республикадағы негізгі және басымдық берілетін саланың бірі болып табылады.

Қазақстан Республикасының Президенті Н. Ә. Назарбаевтың «Қазақстан- 2030. Барлық қазақстандықтардың өсіп-өркендеуі, қауіпсіздігі және әл-ауқатын жақсарту» атты Қазақстан халқына Жолдауында халықтың денсаулығын сақтау деңгейін жақсарту қажет екендігі жөнінде «Қоғамымызды құруымызға қарай азаматтарымыздың өз өмірінің аяғына дейін сау болуы және қоршаған табиғи ортаның таза болуы үшін күш салу керек» деп айтылған, ол медициналық және сол сияқты медициналық емес сипатқа ие құрамнан тұрады.

Соңғы онжылдықтың ішінде Қазақстанда жүргізіліп отырған денсаулық сақтау саласындағы саясат экономикалық және саяси трансформациялардың салдары болды, сонымен бірге денсаулық сақтаудағы реформаларға көзқарас бірнеше рет түбегейлі өзгерді. Қазіргі таңда Қазақстанның денсаулық сақтау жүйесі оның құрылымдарын перспективалық мақсаттардың айқын көрінісіне, барлық секторлармен ықпалдастыруға негізделген жаңа стратегияларды енгізе отырып, сондай-ақ дамудың қазіргі заманғы ғылыми, әлеуметтік және институционалдық технологияларды қолдану негізінде одан әрі жетілдіруді талап етеді.

Одан әрі Республиканың денсаулық сақтау жүйесін елдің көпсалалы экономикасының жүйелі жаңаруымен ықпалдастыру денсаулық сақтауды жетілдірудің негізін салушы қағидаттардың бірі болуы тиіс. Яғни, денсаулық сақтау мемлекеттің ұлттық экономикалық доктринасының бір бөлігіне айналуы тиіс. Дамыған қоғамда денсаулық сақтау ісі және онымен байланысты фармацевтикалық индустрия, биотехнология, ақпараттық технологиялар, медициналық сервис, медициналық сақтандыру, әлеуметтік жұмыс, коммуникациялық-психологиялық қызмет сияқты салалар тұрақты экономикалық дамудың шекті өзара байланысты элементтері болып табылады.

Денсаулық сақтауды тұрақты дамыту бағдарламасын тиімді іске асыруды қамтамасыз ету үшін дамуды стратегиялық жоспарлау және басқару, тиімді және дұрыс қаржыландыру, сапалы нормативтік база, алдыңғы қатарлы ғылыми-әдістемелік және қазіргі заманғы институционалдық даму базалары сияқты компоненттер қажет. Қазақстанда экономиканың әлеуметтік секторларын дамыту шеңберіндегі денсаулық сақтау саласын дамытудың ұлттық институттары қажет, олардың мақсаты Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау жүйесін тұрақты дамытуды ғылыми, ұйымдастырушылық-әдістемелік, білім беру және қаржылық қамтамасыз ету болуы тиіс.

Президент Н. Ә. Назарбаев «Жаңа әлемдегі Жаңа Қазақстан» атты Қазақстан халқына Жолдауында еліміздің дамуының жаңа кезеңіндегі мемлекеттік саясаттың бір бағыты медициналық қызмет көрсету сапасын жақсарту және денсаулық сақтаудың жоғары технологиялық жүйесін дамыту болуы керек деп атап көрсетті. Медициналық қызметтердің сапасы кешенді түсінік болып табылады және ол көптеген көлемді себептерге байланысты, олардың ішінде медициналық ұйымдардың материалдық-техникалық жабдықталуын, кәсіби деңгейін және клиникалық мамандардың оны арттыруға деген уәждемесінің болуын, медициналық көмекті ұйымдастыру мен көрсету процестерін басқарудың қазіргі заманғы технологияларын енгізуді, медициналық көмекке ақы төлеудің тиімді әдістерін енгізуді бөлек атап өткен жөн. Қазақстанның денсаулық сақтау саласын 2020 жылға дейін стратегиялық дамыту бағдарламасында медициналық қызметтердің сапасын басқаруды жетілдіру маңызды орын алады.

2010 жылғы Жолдауда Президент жақын онжылдыққа нақты міндеттер қойды. Оның ішінде Нұрсұлтан Әбішұлы «Салауатты өмір салты мен адамның өз денсаулығы үшін ынтымақты жауапкершілігі қағидаты - денсаулық саласындағы және халықтың күнделікті тұрмысындағы мемлекеттік саясаттың ең басты мәселесі болуы тиіс» екендігін атап көрсетті.

Жоғарыда көрсетілгендерге сәйкес, сондай-ақ халық денсаулығының қазіргі заманғы жағдайына және Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау жүйесіне жүргізілген талдау негізінде Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011 - 2015 жылдарға арналған «Салауатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасының (бұдан әрі - Бағдарлама) стратегиялық басым бағыттары және іске асыру тетіктері анықталды.

Бағдарламада ведомствоаралық және сектораралық ықпалдастықты ескере отырып, жоспарланған іс-шараларды орындауды заңнамалық, инвестициялық, құрылымдық, экономикалық және кадрлық қамтамасыз ету жөніндегі шаралар көзделген. Саланың нарықтық қатынастарға бейімдеу көзделген: меншік нысандарының көптұрпаттылығын дамыту, медициналық қызметтердің нарығын құру, медициналық ұйымдардың арасындағы бәсекелестік қатынастар.

Бағдарламаны іске асыру медициналық қызмет көрсетудің аз шығынды нысандарына өту үшін жағдай жасау, саланың профилактикалық бағыттылығын қамтамасыз ету, медициналық қызметтің қолжетімділігі мен сапасының деңгейін арттыру, арнайы әлеуметтік қызметтерді енгізу, халықтың өзін өзі сақтау мінез-құлқының дәйектемесі, медицина қызметкерлері құрамының кәсіптік және жеке өсуі, денсаулық сақтау жүйесін қоғамның қазіргі талаптарына және нарықтық жағдайларына бейімдеу үшін жағдай жасау арқылы денсаулық сақтау жүйесін қарқынды дамытуға ықпал ететін болады.

БАҒДАРЛАМАНЫҢ ПАСПОРТЫ

Жылдар бойынша
Барлығы
Республикалық бюджет
Жергілікті бюджет
Басқа көздер
Бағдарламаның атауы: Бағдарламаның атауы
Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011 - 2015 жылдарға арналған «Салауатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы: Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011 - 2015 жылдарға арналған «Салауатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы
Бағдарламаның атауы: Әзірлеу үшін негіз
Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011 - 2015 жылдарға арналған «Салауатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы: Қазақстан Республикасы Президентінің «2020 жылға дейін Қазақстан Республикасы дамуының стратегиялық жоспары туралы» 2010 жылғы 1 ақпандағы № 922 Жарлығы
Бағдарламаның атауы: Бағдарламаны әзірлеуге жауапты мемлекеттік орган
Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011 - 2015 жылдарға арналған «Салауатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы: Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі
Бағдарламаның атауы: Бағдарламаны іске асыруға жауапты мемлекеттік органдар
Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011 - 2015 жылдарға арналған «Салауатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы:

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі,

Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігі,

Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі, Қазақстан Республикасы Байланыс және ақпарат министрлігі,

Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі, Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлігі, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі, Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі, Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігі, Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі, Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрлігі, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдіктері

Бағдарламаның атауы: Бағдарламаның мақсаты
Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011 - 2015 жылдарға арналған «Салауатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы: Қазақстан азаматтарының денсаулығын нығайту және елдің әлеуметтік-демографиялық дамуын қамтамасыз ету үшін денсаулық сақтаудың бәсекеге қабілетті жүйесін қалыптастыру
Бағдарламаның атауы: Міндеттері
Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011 - 2015 жылдарға арналған «Салауатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы:

халықтың денсаулығын сақтау және санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылықты қамтамасыз ету мәселелері бойынша сектораралық және ведомствоаралық өзара іс-қимылды күшейту арқылы сырқаттанушылықты төмендету және халықтың денсаулығын одан әрі нығайту;

әлеуметтік бағдарланған медициналық-санитариялық алғашқы көмекті басымдықты дамыта отырып, Бірыңғай ұлттық денсаулық сақтау жүйесін одан әрі дамыту және жетілдіру арқылы медициналық көмектің қолжетімділігін және сапасын, азаматтардың ынтымақтастық жауапкершілігін арттыру;

кадр әлеуетінің бәсекеге қабілеттілігін қалыптастыру мақсатында медициналық және фармацевтикалық білімді жетілдіру. Инновациялық технологияларды әзірлеуге және енгізуге бағдарланған медицина ғылымын дамыту.

Бағдарламаның атауы: Іске асыру мерзімі
Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011 - 2015 жылдарға арналған «Салауатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы:

2011 - 2015 жылдар

бірінші кезең: 2011 - 2012 жылдар

екінші кезең: 2013 - 2015 жылдар

Бағдарламаның атауы: Мақсатты индикаторлар
Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011 - 2015 жылдарға арналған «Салауатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы:

2013 жылға қарай:

Қазақстан Республикасының Бірыңғай ұлттық денсаулық сақтау жүйесі қалыптастырылды.

2015 жылға қарай:

халықтың күтілетін өмір сүру ұзақтығын 70 жасқа дейін ұлғайту;

ана өлім-жітімі 1, 5 есе төмендейді;

нәрестелер өлім-жітімі 1, 5 есе төмендейді;

жалпы өлім-жітім 15 %-ға төмендейді;

туберкулезбен сырқаттанушылық 10 %-ға төмендейді;

дәрігерді және медициналық ұйымды еркін таңдау жүйесі енгізілді; тұрғылықты жеріне қарамастан тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемінің шеңберінде медициналық қызметтерді алуда республика азаматтарына тең жағдайлар жасалды;

халықтың жеке бейресми төлемдерінің деңгейі төмендеді және тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемінің жұмыс істеп тұрған жүйесімен қатар қосалқы төлем тетігі енгізілді;

денсаулық сақтаудағы инвестициялардың тиімділігін бағалау әзірленді;

тиімді тарифтік саясат енгізілді;

медициналық-санитариялық алғашқы көмек шеңберінде

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Солтүстiк Қазақстан облыстық кешендiк бағдарлама
Құқық бұзушылықтың алдын алу, құқықтық тәртіпті нығайту
Қызылорда облыстық жастар саясатының 2006-2008 жылдарға арналған бағдарламасы
Қызылорда қалалық жастар саясатының 2009-2011 жылдарға арналған бағдарламасы туралы
Кәсіби қызмет саласы
Денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттік қызметтерді автоматтандыру
Тұрғындарды медициналық тексеру
Қостанай облысында кәмелетке толмағандар арасында құқық бұзушылықтың алдын алудың 2007 - 2011 жылдарға арналған өңірлік бағдарламасы
Тәрбие жұмысының нәтижесін бағалау
Туризм дамуының қазiргi жай-күйiне талдау
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz