Қазақстан Республикасының Парламент құрылымы



Пән: Мемлекеттік басқару
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 6 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар
1. Қазақстан Республикасының Парламенті
2. Қазақстан Республикасының Парламенті құрылымы
• Парламент
• Сенат
• Мәжіліс
3. Қолданылған әдебиеттер тізімі

Қазақстан Республикасының Парламенті
Қазақстан Республикасындағы биліктің заң шығарушы тармағы қос палаталы
Парламент арқылы жүзеге асырылады. Қазақстан Республикасының
Конституциясына сәйкес Парламент заң шығару қызметін жүзеге асыратын
республиканың ең жоғары өкілді органы болып табылады.
1995 ж. 30 тамызда бүкiлхалықтық референдуммен қабылданған ҚР
Конституциясына сәйкес Парламент екi рет (1995 ж. және 1999 ж.) сайланды.
Парламенттiң өкiлеттiгi оның бiрiншi сессиясы ашылған сәттен басталып,
жаңадан сайланған Парламенттiң бiрiншi сессиясы жұмысқа кiрiскен кезден
аяқталады. Өкiлеттiк Конституцияда көзделген жағдайлар мен реттерде
мерзiмiнен бұрын тоқтатылуы мүмкiн.
Парламенттiң ұйымдастырылуы мен қызметi, оның депутаттарының құқықтық
жағдайы конституц. заңмен белгiленедi.
Қазақстан Республикасының Парламенті құрылымы
ҚРП құрылымы тұрақты негiзде жұмыс iстейтiн екi палатадан: жоғ. палата
— Сенат және төменгі палата — Мәжiлiстен тұрады.
Парламент
Парламент өз Палаталарының бөлек отырысында мәселелердi әуелi
Мәжiлiсте, содан соң Сенатта қарау арқылы заңдар қабылдайды; респ. бюджеттi
және оның атқарылуы туралы есептердi, бюджетке енгiзiлетiн өзгерiстер мен
толықтыруларды талқылайды, мемл. салықтар мен алымдарды белгiлейдi және
оларды алып тастайды; ҚР-ның әкiмш.-аумақтық құрылымына қатысты мәселелердi
шешу тәртiбiн белгiлейдi; азаматтарға рақымшылық жасау туралы актiлер
шығарады; палаталардың бiрлескен комиссиялары мүшелерiнiң жартысын
сайлайды; Конституцияға сәйкес Палаталар депутаттарының өкiлеттiгiн
тоқтатады, оларды қол сұғылмаушылық құқығынан айырады; Үкiмет мүшелерiнiң
есептерiн тыңдайды; палаталардың үйлестiрушi және жұмысшы органдарын
жасақтайды, регламент қабылдайды, ҚР Конституциясында (54-бап) көзделген
басқа да өзгерiстердi жүзеге асырады.
Парламент Палаталардың бiрлескен отырыстарында: Президенттiң ұсынысы
бойынша Конституцияға өзгерiстер мен толықтырулар енгiзедi; Конституц.
заңдар қабылдайды, оларға өзгерiстер мен толықтырулар енгiзедi; респ.
бюджеттi және Үкiмет пен Респ. бюджеттiң атқарылуын бақылау жөнiндегi Есеп
к-тiнiң бюджеттiң атқарылуы туралы есептерiн бекiтедi, бюджетке өзгертулер
мен толықтырулар енгiзедi; Президенттiң қарсылығын туғызған заңдар немесе
заңның баптары бойынша Президент қарсылық бiлдiрген күннен бастап бiр ай
мерзiм iшiнде қайталап талқылау мен дауысқа салуды өткiзедi (бұл мерзiмнiң
сақталмауы Президент қарсылығының қабылданғанын бiлдiредi); Президенттiң
бастамасы бойынша әр Палата депутаттары жалпы санының үштен екiсiнiң дауыс
беруiмен Президентке бiр жылдан аспайтын мерзiмге заң шығарушылық өкiлеттiк
бередi; Президенттiң Премьер-министрдi; Ұлттық банк төрағасын тағайындауына
келiсiм бередi; Премьер-министрдiң Үкiмет бағдарламасы туралы баяндамасын
тыңдап, бағдарламаны мақұлдайды немесе қабылдамай тастайды (Палата
депутаттары жалпы санының үштен екiсiнiң дауысымен Үкiмет бағдарламасының
екiншi рет қабылданбауы Үкiметке сенiмсiздiк бiлдiрген болып табылады); әр
Палата депутаттары жалпы санының үштен екiсiнiң дауысымен, Парламент
депутаттары жалпы санының кемiнде бестен бiрiнiң бастамасы бойынша Үкiметке
сенiмсiздiк бiлдiредi; соғыс және бейбiтшiлiк мәселелерiн шешедi; респ.
референдум белгiлеу туралы ұсыныс енгiзедi, т.б.
Парламент Республиканың бүкiл аумағында мiндеттi күшi бар ҚР-ның
Заңдары, Парламенттiң қаулылары, Сенат пен Мәжiлiстiң қаулылары түрiнде заң
актiлерiн қабылдайды. Республика Заңдары Президент қол қойғаннан кейiн
күшiне енедi. Парламент пен оның палаталарының заң актiлерi, егер
Конституцияда өзгеше көзделмесе, Палаталар депутаттары жалпы санының
көпшiлiк дауысымен қабылданады, ал конституц. заңдар Конституцияда
көзделген мәселелер бойынша әр Палата депутаттарының жалпы санының кемiнде
үштен екiсiнiң көпшiлiк дауысымен қабылданады. Парламент Үкiметке
сенiмсiздiк бiлдiргенде, Парламент Премьер-министрдi тағайындауға екi мәрте
келiсiм бермесе, Парламенттiң Палаталарының арасындағы немесе Парламент пен
мемл. билiктiң басқа тармақтары арасындағы келiспеушiлiк салдарынан саяси
дағдарыс болғанда — Президент Парламенттi тарата алады. Бiрақ төтенше
жағдай немесе соғыс жағдайы кезеңiнде, Президент өкiлеттiгiнiң соңғы 6
айында, сондай-ақ, алдыңғы таратудан кейiнгi 1 жыл iшiнде Парламенттi
таратуға болмайды.
Парламенттiң ағымдағы қызметi тұрақты к-ттерде атқарылады, олардың саны
әр Палатада жетеуден аспауға тиiс. Палаталардың бiрлескен қызметiне қатысты
мәселелердi шешу үшiн Сенат пен Мәжiлiс тепе-тең негiзде бiрлескен
комиссиялар құруға құқылы. Заң жобасы Мәжiлiстiң тұрақты к-тiнде алдын-ала
қаралып, к-т ол бойынша қорытынды бергеннен кейiн — Мәжiлiстiң жалпы
отырысында талқыланады. Әдетте, талқылау екi оқылымда өтедi. Ал
Конституцияға өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу және конституц. заңдар
қабылдау немесе оларға өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу мәселелерi
бойынша кемiнде ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
ҚР-сы Парламенті
Парламент депутаттарының құқықтық мәртебесі
Қазақстан Республикасының Парламенті құрылымы
Мемлекеттегі парламенттік басқару нысандарындағы мемлекеттік басқару ерекшеліктері
Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарының конституциялық жүйесі
Парламент Сенатының ерекше өкілеттігі
Қазақстан Республикасының мемлекет нысандарының жүйесі
АТҚАРУШЫ БИЛІК ОРГАНДАРЫНЫҢ ӘКІМШІЛІК-ҚҰҚЫҚТЫҚ МӘРТЕБЕСІ ТУРАЛЫ
Парламентаризм ұғымы
Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару жүйесі
Пәндер