Қазақстан Республикасының Фармацевтiк және медицина өнеркәсiбiн дамытудың мемлекеттiк бағдарламасы
Қазақстан Республикасының Фармацевтiк және медицина өнеркәсiбiн дамытудың
мемлекеттiк бағдарламасы туралы
Қазақстан Республикасы Президентiнiң Жарлығы. 1997 жылғы 20 тамыздағы N
3621
Республика денсаулық сақтау iсiнiң дәрi-дәрмек препараттары импортына
тәуелдiлiгiн жоспарлы түрде төмендетудi қамтамасыз ету, өзiнiң өндiрiстiк
қуаттарын, шикiзат ресурстарын, ғылыми-техникалық әлеуетiн неғұрлым толық
пайдалану және осы заманғы технологиялар базасында жаңа фармацевтiк
өндiрiстер құру мақсатында қаулы етемiн:
1. Қазақстан Республикасының Үкiметi ұсынған, қоса берiлiп отырған
Қазақстан Республикасының Фармацевтiк және медициналық
өнеркәсiбiн дамытудың мемлекеттiк бағдарламасы бекiтiлсiн.
2. Қазақстан Республикасының Үкiметi Қазақстан Республикасының
Фармацевтiк және медициналық өнеркәсiбiн дамытудың мемлекеттiк
бағдарламасын iске асыру жөнiнде шаралар қолдансын.
3. Осы Жарлық қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының
Президентi
Қазақстан Республикасы
Президентiнiң
1997 жылғы 20 тамыздағы
N 3621 Жарлығымен
бекiтiлген

өнеркәсiбiн дамытудың мемлекеттiк бағдарламасы
КIРIСПЕ
Қазақстан Республикасының Фармацевтiк және медициналық өнеркәсiбiн
дамытудың мемлекеттiк бағдарламасы Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1996-
1998 жылдарға арналған реформаларды тереңдету жөнiндегi iс-қимыл жоспарына,
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1996 жылға арналған реформаларды
тереңдету жөнiндегi кеңейтiлген шаралар жоспарына сәйкес әзiрлендi.
Мемлекеттiк бағдарламаны әзiрлеудiң қажеттiгi республикамызда
фармацевтiк саланың болмауына байланысты туындап отыр. КСРО тарағаннан
кейiн Қазақстан дәрi-дәрмектер импортына тәуелдi болып қалды, ол нарықтық
экономикаға өту кезеңiндегi және ТМД мемлекеттерi арасындағы экономикалық
байланыстардың үзiлуiнен туған қаржы тапшылығымен ұштасып, халықты дәрi-
дәрмекпен қамтамасыз етудi күрт нашарлатып жiбердi.
Бағдарламада өзіміздің өндірістік қуаттарымызды, шикізат
ресурстарымызды және ғылыми-техникалық әлеуетімізді неғұрлым толық
пайдалану қарастырылады.
Бағдарламада Қазақстан Республикасында фармацевтiк индустрия құру
жөнiндегi шаралар кешенi қамтылған. Бұл саланы дамытудың негiзгi бағыттары
мыналар болып табылады:
жұмыс iстеп тұрған кәсiпорындарды жаңарту, бұл жай дәрi-дәрмек
түрлерi мен субстанциялар дайындаудан осы заманғы дайын дәрi-дәрмек
түрлерiн шығаруға көшуге мүмкiндiк бередi;
осы заманғы дәрi-дәрмек препараттарын шығаратын жаңа өндiрiстер құру;
импортталатын және өз шикiзатымыздың базасында синтетикалық және
биотехникалық субстанциялар мен дәрi-дәрмек препараттары өндiруді
ұйымдастыру;
өсiмдiк, жануарлар, органикалық емес және минералдық шикiзаттан
жасалатын субстанциялар мен дәрi-дәрмек препараттары өндiрiсiн дамыту;
Фармацевтiк өнеркәсiпке арналған қосалқы өндiрiстер құру;
медициналық мақсаттағы бұйымдар шығаратын кәсiпорындар құру.
Орындалу уақыты бойынша Бағдарлама жеке жобаларының жүзеге асу
мерзiмдерi әртүрлi кешендi бағдарламаға жатады және екi кезеңнен тұрады:
орындалу мерзiмi 5-10 жылдық ұзақ мерзiмдi және орындалу мерзiмi 2 жылға
дейiнгi қысқа мерзiмдi. Бағдарламаны тұтас жүзеге асырудың жалпы құны 700
миллионға жуық АҚШ доллары.
Бағдарламаны әзiрлеудiң маңызды принципi кешендiлiк болып табылады,
онда алға қойылған мiндеттердi оңтайлы шешудi қамтамасыз ететiн барлық
қажеттi: ғылыми, техникалық, ұйымдық, экономикалық, әлеуметтiк және
экологиялық шаралар тоғысып жатыр;
Бағдарламаның мақсаты - өзіміздің өндірістік қуаттарымызды, шикізат
ресурстарымызды, ғылыми-техникалық әлеуетімізді неғұрлым толық пайдалану
және осы заманғы технологиялар базасында жаңа фармацевтік өндірістер құру
жолымен Қазақстан Республикасының дәрі-дәрмектер импортына тәуелділігін
жоспарлы түрде төмендету.
Бағдарламаның негізгі міндеттері:
сала кәсіпорындарының дамуы үшін қолайлы нормативтік-құқықтық және
экономикалық жағдайлар жасау;
жұмыс істеп тұрған өндірістерді техникалық жағынан жаңарту мен ішкі
және сыртқы рынокқа бейімделген жаңа жоғары технологиялы өндірістерді
дамыту үшін жағдай жасау;
фармацевтік өнеркәсіпке арналған қосалқы өндірістер құру;
саланың ұйымдық, ғылыми-техникалық және өндірістік инфрақұрылымын
жасау;
фармацевтік өнеркәсіп үшін жоғары білікті кадрлар даярлау;
саланың өнімнің бәсекелестікке төтеп беру қабілетін арттыруға
бағытталған кәсіпорындарына мемлекеттік қолдау көрсету.
ЕСКЕРТУ. Кіріспе өзгерді және толықтырылды - ҚР Президентінің
2000.01.06. N 323 Жарлығымен.
I Бөлiм
Фармацевтік және медициналық өнеркәсіптің
жағдайына талдау жасау
Осы заманғы әлемдiк медицина әртүрлi дәрi-дәрмектердiң 10000-дай
атауын пайдаланады. Медициналық практикада қолданылатын маңызды препараттар
тiзбесiне 700-ге жуық атаулар кiредi. Әлемде бiрде-бiр ел медикаменттердiң
толық номенклатурасын шығара алмайды. Әлемнiң анағұрлым дамыған елдерi
олардың маңыздыларының өндiрiсiн қамтамасыз етуге, ал тапшылықты өзара
жабдықтаулармен толықтыруға тырысады. Қазақстан Республикасы тәуелсiздiк
алғаннан кейiн фармацевтiк өнеркәсiпсiз қалды. Бiздiң мемлекетiмiздiң дәрi-
дәрмектерге деген сұранымы жылына 300 млн. АҚШ доллары бола тұра, қолда бар
қуаттар оның 3 процентiн ғана қамтамасыз етедi. Қалғандары таяу және алыс
шетелдерден импортталады. Сөйтiп, бүгiнгi таңда республикамыздың денсаулық
сақтау iсi шетелден дайын дәрi-дәрмек препараттарын сатып алу үшiн валюта
қаражаттарының болуына 97 процент тәуелдi болып отыр.
Қазақстан Республикасындағы нарықтық экономикаға өтеу кезеңiндегi
қалыптасқан қаржы тапшылығы кезiндегi орын алып отырған дәрi-дәрмек
препараттарының импортына тәуелдiлiк халықты дәрi-дәрмекпен қамтамасыз
етудi күрт нашарлатып жiбердi. ЮСАИД баяндамасының деректерi бойынша
Қазақстандағы дәрi-дәрмек құны 1993 жылмен салыстырғанда 154 есеге дейiн
өскен. Нәтижесiнде өзiмiздiң дамыған фармацевтiк өндiрiсiмiздiң болмауы
әлеуметтiк маңызды проблемаға айналып отыр. Сонымен қатар дәрi-дәрмек
препараттарын импорт бойынша сатып алуды одан әрi жалғастыру экономикалық
тұрғыдан алғанда бiр ғана нәрсенi - шетелдiк фармацевтiк фирмаларды
қазақстандық қаржы көздерiмен қаржыландыруды бiлдiредi.
Фармацевтік өнімдерді негізгі тұтынушылар халықтың табысы төмен жігі
(мүгедектер, зейнеткерлер, үш жасқа дейінгі балалар) болып табылатындықтан,
олар негізінен арзан әрі тиімділігі төмен дәрілік заттарды сатып алады.
Республикада дәрілік заттардың қауіпсіздігіне, тиімділігіне және
сапасына мемлекеттік бақылау әлі жеткіліксіз түрде жүзеге асырылуда.
Дәрілік заттарды контрабандалық жолмен әкелудің көлемі кейбір көрсеткіштер
бойынша фармацевтік өнімнің заңды айналымының көлемімен теңесіп отыр. Бұл
жағдай өндірушілер қызметіне де, сонымен қатар фармацевтік өнімдерді ресми
түрде импорттаушылар қызметіне де мүлдем кері әсерін тигізуде. Тұтастай
алғанда фармацевтік рынокқа мемлекеттің ықпалы әлсіз, мұның өзі саладағы
тігінен басқару жүйесінің бұзылуымен тікелей байланысты.
Шетелдік инвесторлар негізгі 2 себепке байланысты Қазақстанда
фармацевтік өнеркәсіпті дамытуға мүдделі болмай отыр:
- фармацевтік рыноктың жеткілікті түрде кең болмауы;
- Қазақстанда фармацевтік өнеркәсіптің дамуы шетелдік тауар
өндірушілер өндіретін дайын өнімдерді өткізетін рынокты жоғалтуға әкеліп
соғады.
Фармацевтік саланы дамыту мен халықты дәрі-дәрмек препараттарымен
қамтамасыз етудің мемлекеттік саясатын қалыптастыруды ұзақ мерзімді
жоспарлау мақсатында Қазақстан Республикасының негізгі (өмірлік маңызды)
дәрілік заттарының тізімі дайындалып, бекітілді.
Жасалған талдау өмірлік маңызды дәрілік заттардың Тізіміндегі 300
атаудың 70-ке жуық атауы Қазақстанда шығарылатынын және республиканың толық
қажеттілігі оның 46-сы бойынша ғана өзіміздің отандық фармацевтік
кәсіпорындардың өндірістік қуаттары есебінен қанағаттандырылатынын
көрсетті.
Бұл проблеманы шешу үшiн Қазақстан Республикасының Үкiметi 1993 жылғы
18 қарашада N 1149 "Қазақстан Республикасының фармацевтiк өнеркәсiбiн
дамыту жөнiндегi шаралар туралы" қаулы қабылдады. Соған сәйкес Қазақстан
Республикасының фармацевтiк және медициналық өнеркәсiбiн дамытудың
мемлекеттiк бағдарламасы жасалды.
Қазақстан Республикасының фармацевтiк өнеркәсiбiн дамытудың базасы
мыналар болып табылады:
фармацевтiк кәсiпорындар: "Алматы фармацевтiк фабрикасы" АҚ-ы, "Шипа"
АҚ-ы, "Химфарм" ААҚ, Шымкент қ., "Павлодар фармацевтiк зауыты" ЖҰАҚ-ы;
Қазақстан Республикасының Биотехнологиялар жөнiндегi ұлттық
орталығының кәсiпорындары: "Биомедпрепарат" АҚ, "Алматы биокомбинаты"
республикалық мемлекеттік кәсіпорны;
Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлiгiнiң ет
комбинаттары мен сүт зауыттарындағы медициналық препараттар зауыттары және
цехтары: "Ертiс" АҚ-ы, "Қазақ Аджанта фарм" ЖШС БК", "Ромат" фармацевтік
компаниясы", "Таймаз" АҚ" және "Береке" АҚ-ы;
жекеменшiк фармацевтiк кәсiпорындар: "Ромат" фирмасы, Семей қаласы,
"Вита-Вент" фирмасы, "Қызыл май" фирмасы, Алматы қаласы және т.б.;
Республикадағы жұмыс iстеп тұрған фармацевтiк бағдардағы өндiрiстiк
қуаттар табиғи және моральдық жағынан ескiрген. Негiзгi қорлар мен айналым
қаражаттары қайта жаңғыртуды қамтамасыз ете алмайды, жаңа дәрi-дәрмек
түрлерiн шығаруды ұйымдастыру үшiн өндiрiстiк әлеуеттi өрiстетуге мүмкiндiк
бермейдi, сондықтан фармацевтiк өнеркәсiптi жұмыс iстеп тұрған фармацевтiк
өндiрiстi халықаралық стандарттардың талаптарына сәйкес жаңғырту және жаңа,
сондай-ақ қосалқы өндiрiстер құру арқылы дамыту жоспарланып отыр.
Республикамыздың фармацевтiк өнеркәсiбiне өсiмдiктер мен жануарлардан
алынатын субстанциялар өндiрiсi, сондай-ақ қарапайым дәрiлердiң түрлерi:
тұнбалар, экстрактiлер, майлар, микстуралар және т.б. өндiру тән. Соңғы
жылдары таблеткалар, ампулалар сияқты дайын дәрілік нысандар игеріліп,
табысты шығарылуда.
Өзiмiздiң фармацевтiк өнеркәсiбiмiздi дамытудың негiзгi жергiлiктi
шикiзаттың молдығында, соған сәйкес субстанциялар мен дайын дәрi-дәрмек
препараттарын 7 топқа бөлуге болады:
синтетикалық шикiзаттан алынатын субстанциялар мен дәрi-дәрмек
препараттары;
биотехникалық шикiзаттан алынатын субстанциялар мен дәрi-дәрмек
препараттары;
жануарлар шикiзатынан алынатын субстанциялар мен дәрi-дәрмек
препараттары;
өсiмдiк шикiзатынан алынатын субстанциялар мен дәрi-дәрмек;
органикалық емес және минералдық шикiзаттан алынатын субстанциялар
мен дәрi-дәрмек препараттары;
қан препараттары;
радиофармпрепараттары.
Аталған топтар өндiрiсте бiр-бiрiнен айтарлықтай өзгеше, сондықтан
фармацевтiк өнеркәсiптi дамыту Бағдарламада әр топ бойынша жеке-жеке
қарастырылады.
Қорытындылар:
жұмыс істеп тұрған фармацевтік өндірістер ескірді және жаңартуды
қажет етеді;
мемлекеттің салық және инвестиция саясатын жетілдіру саласында заңдар
базасына өзгерістер енгізу қажет;
салаға тартылған инвестиция көлемінің мардымсыздығы оның дамуының
тежеуші факторы болып табылады;
саланың бірыңғай инфрақұрылымы жоқ;
салаға мемлекет тарапынан басшылық жасау әлсіз;
дәрілік заттардың қауіпсіздігіне, тиімділігіне және сапасына
мемлекеттік бақылау жеткіліксіз;
төлем қабілетінің төмендігі халықты арзан әрі тиімділігі аз дәрілік
заттарды тұтынуға итермелейді;
саланың бірыңғай ақпараттық қамтамасыз етілуі жолға қойылмаған.
ЕСКЕРТУ. I Бөлiм өзгерді және толықтырылды - ҚР Президентінің
2000.01.06. N 323 Жарлығымен.
II бөлім.
Фармацевтік және медициналық өнеркәсіпті дамытудың
тұжырымдамасы
Қазақстан Республикасының фармацевтік және медициналық өнеркәсібін
тұрақты түрде дамыту үшін бұл процесті басқару мен мемлекеттік қолдау
көрсетудің жаңа оңтайлы әдістерінің жасалуын қамтамасыз ету қажет.
Саланың экономикалық өсуін қамтамасыз ету артықшылықтар мен
резервтерді мейлінше пайдалану, көтерілуге кедергі жасайтын проблемаларды
шешу тұрғысында еліміздің ерекшеліктерін ескеруден келіп шығуы тиіс.
Салаға жеке меншік инвестицияларды тартудың тетіктерінсіз, сондай-ақ
мемлекеттік қолдау көрсетудің деңгейін анықтап алмай Қазақстанның
фармацевтік және медициналық өнеркәсібін дамытудың басымдығын құрғақ
жариялап қана қоюдың болашағы жоқ.
Сол себепті бұл Бағдарламаны іске асырудың шеңберінде меншік иесі мен
жеке меншік инвестордың мүдделерін дәрі-дәрмек саясаты саласындағы
жалпыұлттық басымдықтармен нақты үйлестіру қажет.
Мемлекеттің ролі: Өндірістік секторды дамыту және мемлекеттік
бюджетті толтыру үшін оңтайлы жағдайларға қол жеткізу бағытында салық
жүйесін жетілдіру;
Қаржы ресурстарын жинақтау және фармацевтік өнеркәсіпке инвестициялау
үшін ынталандыру шараларын енгізу;
Тұрақты тауар-ақша айналымын, кредитке төмен проценттік ставкаларды,
тікелей инвестициялар үшін қолайлы инвестициялық жағдай жасауды қамтамасыз
ету;
Кедендік әкімшілік етуді жетілдіру және контрабандаға қарсы күрес;
Мемлекеттік сатып алу кезінде қолданылып жүрген заңдар шеңберінде
отандық фармацевтік өндірушілерге басымдық беру;
Өмірлік маңызды дәрілік заттарды өндіруге мемлекеттік тапсырыс;
Сыртқы экономикалық шаралардың барлық арсеналын іске қосу арқылы ішкі
рыноктың ашықтық деңгейін реттеу (кедендік тарифтер, импортты саны жағынан
шектеу, дәрілік заттарды Қазақстан Республикасының аумағында пайдалану
құқығына тіркеуге шектеу енгізу);
Банкроттық, жекешелендіру және мемлекет қарамағына алу құралдары
арқылы фармацевтік және медициналық кәсіпорындардың тиімсіз меншік иелерін
ауыстыру;
Фармацевтік өнеркәсіпті мемлекеттік басқарудың құрылымы мен жүйесін
жетілдіру;
Халықты сапасыз фармацевтік өнімдерден қорғау; денсаулық сақтау
мәселелері жөніндегі орталық уәкілетті мемлекеттік органның жанынан бақылау-
қадағалау қызметін ашу;
GMP (тиісті өндірістік практика) нормаларын сақтаудың мемлекеттік
инспекциясын құру.
Денсаулық сақтау мәселелері жөніндегі уәкілетті орталық мемлекеттік
органның ролі:
Жекешелендірілген кәсіпорындар жедел шешімдер қабылдауда еркін.
Органның рөлі стратегияны әзірлеумен, өндіріс жағдайларына бақылау жасаумен
және мемлекеттік қолдау көрсету үшін инвестициялық жобаларды іріктеумен
шектеледі.
Аумақтық органдардың тапсырыстарын жинау арқылы денсаулық сақтау
саласының дәрілік заттарға деген жалпы қажеттілігін анықтау және
өндірушілерді хабардар ету;
Жекелеген ауру түрлеріне қарсы күрестің республикалық бағдарламасы
шеңберіндегі дәрілік заттарға қажеттілікті анықтау;
Негізгі өмірлік маңызды дәрілік заттардың тізімін жасау;
Өндірушілерге лицензиялар беру;
Дәрілік заттардың қауіпсіздігіне, тиімділігіне және сапасына
бақылауды жүзеге асыру;
Дәрілік заттарды сатып алу жөнінде конкурстар ұйымдастыру;
Медициналық және фармацевтік ақпараттың ақпараттық-талдау жүйесін
жасау;
Дәрілік заттар өндірісі мен айналымы саласындағы қолданылып жүрген
заңдарға өзгерістер мен толықтырулар әзірлеу.
Бағдарламаның қысқа мерзімді кезеңінде мынадай міндеттер белгіленді:
отандық тауар шығарушыларды, сондай-ақ республиканың фармацевтік
өнеркәсібін дамытуға шетелдік инвестицияларды тарту үшін қолайлы жағдай
туғызуды қамтамасыз ететін заңдар базасын қалыптастыру;

саланы ақпараттық қамтамасыз ету жүйесін жасау;
өзінің өсімдік және жануарлар шикізатымен жұмыс істейтін фармацевтік
өндірісті шетелдік озық технологияларды пайдалана отырып және халықаралық
стандарттар талаптарына сай қайта құру;
таблеткалар мен капсулалар, сондай-ақ импортталатын шикізаттан
синтетикалық жолмен алынатын дайын қатты дәрі-дәрмек түрлерін дайындау үшін
блистерлік және орау өндірісін ұйымдастыру;
ампулалық препараттар өндірісін құру;
өзіміздегі шикізаттың барлық түрінен жасалған республика үшін жаңа
дәрі-дәрмек препараттарын өндіріске енгізу. Бұл орайда негізінен өндіріске
енгізілуі көп уақытты және қаражатты керек етпейтін және таяу арада оларды
импорттаудың қажеттілігін толық жоюға мүмкіндік беретін өнім түрлеріне баса
ден қойылады;
өз шикізатымыз негізінде медициналық мақсаттағы бұйымдардың өндірісін
құру;
Бағдарламаның ұзақ мерзімді кезеңінің мақсаттары мыналар болып
табылады:
қан препараттарын шығаратын кәсіпорындарды жаңғырту;
базалық және көмекші фармацевтік өндірісті және онымен байланысты
өнеркәсіптік және ғылыми-техникалық инфрақұрылымдарды дамытуды қамтамасыз
ету;
фармацевтік өнеркәсіп үшін кадрлар даярлау;
қазақстандық ғалымдар жасаған жаңа фармацевтік препараттар бойынша
ғылыми әзірлемелер жоспарын іске асыру;
ТМД-ның басқа мемлекеттерімен арадағы кооперация шеңберінде
синтетикалық препараттар өндірістерін құру.
ЕСКЕРТУ. II Бөлiм жаңа редакцияда - ҚР Президентінің
2000.01.06. N 323 Жарлығымен.
III Бөлiм
Бағдарламалық тапсырмалар мен күтiлетiн нәтижелер,
олардың (әлеуметтiк және экономикалық) тиiмдiлiгi
1 қосымша бағдарлама
Синтетикалық препараттар өндiру
Республикада фармацевтiк индустрияның бұл бағыты жоқтың қасы.
Сондықтан синтетикалық спазмолитиктер, анальгетиктер, транквилизаторлар
және т.б. шығаратын осы заманғы өндiрiстi құру осы Бағдарламаның маңызды
мiндеттерiнiң бiрi болып табылады. Бұл жұмысты орындау үшiн республикада
түпнұсқалық синтетикалық дәрiлiк заттар жасаудың ғылыми тәжiрибесi
өнеркәсiптiк әлеует бар және органикалық синтез саласындағы жоғары бiлiктi
мамандар жеткiлiктi.
Республикада дамыған химия өнеркәсiбiнiң болмауына байланысты
синтетикалық субстанциялар мен дайын дәрi түрлерi өндiрiсiн құруды екi
бағытта жүргiзу жоспарланып отыр.
Бiрiншi бағыт тауарлық кредиттер бойынша дайын дәрiлер сатып алудан
оларды "ин балк" бойынша жабдықтауға iшiнара көшуден, кейiннен таблеткалау,
капсульдеу, блистирлеу, ампула жасау және сатып алынған дәрi-дәрмектердi
Қазақстан кәсiпорындарында буып-түю жұмыстарынан тұрады.
Екiншi бағытқа дәстүрлi дәрiлiк препараттар, сондай-ақ қазақстандық
ғалымдар жасаған түпнұсқалық дәрi-дәрмек шығаратын өндiрiстер құру кiредi.
Бiрiншi бағытты жүзеге асыру қазақстандық фармацевтiк өнеркәсiптi
дамытудың қысқа мерзiмдi кезеңiне жоспарланып отыр, бұл дәрiлiк
препараттардың құнын 25-30 процентке төмендетуге мүмкiндiк бередi.
Экономикалық тұрғыдан алғанда синтетикалық препараттар өндiрiсiн
патенттiк мерзiмi өтiп кеткен ("дженериктер" деп аталатын)
жалпыға мәлiм дәрiлiк заттардан бастаған жөн, олардың құны
патенттелген дәрi-дәрмектен әлдеқайда төмен.
Осы бағытты iске асыру үшiн мыналар ат салысады деп жоспарлануда:
"Алматы фармацевтiк фабрикасы" Шетел инвестицияларын
АҚ-ы тарту жолымен
"Құлан" АҚ-ының медициналық Үндi кредит желiсiнiң
репараттар зауыты, Алматы бiрiншi кезегi
қаласы шеңберiнде
"Химфарм" АҚ-ы, ШХФЗ, Шымкент Шетел
инвесторларынақаласы, және iшкi инвесторларға
"Сарыарқа АҚ-ы медициналық сыртқы басқаруға беру
препараттар зауыты, "Ромат" жолымен
фирмасы, Семей қаласы
"Шипа" АҚ-ы, Алматы қаласы Шетел инвестицияларын
тарту жолымен
"Алматы биокомбинаты" АҚ-ы Бұл да
"Павлодар фармацевтiк зауыты" Бұл да
ЖҮАҚ-ы
"Биомедпрепарат" ҚҒӨК-i, Конверсиялық бағдарлама
Степногор қаласы шеңберiнде
Жұмыс істеп тұрған қуаттарды жаңғыртумен қатар сапаның халықаралық
стандарттарының осы заманғы талаптарына сай жаңа өндірістік қуаттар
құрылатын болады. Сол тәріздес өндірістерді құру модульдік сызба бойынша
жүзеге асырылады.
Синтетикалық шикiзаттан дәрi-дәрмек шығаратын жаңа қуаттар құрумен
қатар, инфузиялық белок ерiтiндiлерi мен қанның консерванттарын өндiретiн
жұмыс iстеп тұрған өндiрiстердi кеңейтуге және жаңғыртуға едәуiр көңiл
бөлiнетiн болады. Бұл топқа кiретiндер:
"Береке" АҚ-дағы медициналық Шетел инвестициялары және
препараттар цехы, Орал қаласы iшкi инвестициялар
есебiнен
"Наргез" АҚ-дағы медициналық Бұл да
препараттар цехы, Ақмола қаласы
"Сарыарқа" АҚ-ы медициналық Бұл да
препараттар зауыты, "Ромат"
фирмасы, Семей қаласы
Екiншi бағытты iске асыру жөнiнде Қазақстан Республикасының Білім
және ғылым министрлігінің А.Б.Бектұров атындағы Химиялық ғылымдар
институтында (ХҒИ), Д.В.Сокольский атындағы Органикалық катализ және
электрхимия институтында (ОКЭИ) және Органикалық синтез және көмiр химиясы
институтында (ОСКИ) едәуiр жұмыс көлемi атқарылды.
Шикiзат базасы ретiнде Батыс Қазақстан Республикасының көмiрсутектi
шикiзаты. "Карбид" ӨБ-i ацетилен өндiрiсiнiң өнiмдерi, "Испат-Кармет" АҚ-ы
кокс өндiрiсiнiң қалдықтары. Темiртау қаласы Ақтөбенiң "Фосфохим" ӨБ-i
күкiрт қышқылы, Алға қаласы, Павлодар, Шымкент және Атырау мұнай өңдеу
зауыттарының, сондай-ақ Қазақ және Теңiз газ өңдеу зауыттарының қалдықтары
пайдаланылатын болады. Бұл бағытты құру шеңберiнде Мемлекеттiк бағдарламаны
жүзеге асырудың бiрiншi кезеңiнде мыналар жоспарланып отыр:
Шымкент қаласындағы "Химфарм" Ақ-да просидол өндiрiсiн жолға қою.
Жылдық шығару көлемi 100 млн. таблетка мен 1,0 млн. ампула;
Қазақстандық ғалымдар жасаған технологиялар бойынша Шымкент "Химпром"
ААҚ-да жаңавалидол, корвалол, нафтизин, фурациллин, промедол, рихлокаин
өндірісін құру.
ЕСКЕРТУ. III Бөлiмнің 1 қосымшасы өзгерді және толықтырылды - ҚР
Президентінің 2000.01.06. N 323 Жарлығымен.
2 қосымша бағдарлама
Биотехнологиялық препараттар өндiру
Биотехнологиялық препараттар өндiрiсi Биотехнология жөнiндегi ұлттық
орталықтың кәсiпорындарында: "Биомедпрепарат" ҚҒӨК-i, "Прогресс" АҚ-ы,
Алматы биокомбинатында жолға қойылған және Қазақстан Республикасы
Президентiнiң 1993 жылғы 21 қаңтардағы N 1090 Жарлығы мен Қазақстан
Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1993 жылғы 22 қаңтардағы N 161 қаулысын
жүзеге асыру мақсатында жасалған "Биотехнология және гендiк инженерия
әдiстерiн медицинада, ауыл шаруашылығында және өнеркәсiпте пайдалану"
Республикалық мақсатты ғылыми-техникалық бағдарламасымен үйлестiрiлген. Осы
Бағдарламаға сәйкес бiрiншi кезеңде 16 препарат (антибиотиктер, витаминдер,
ферменттер мен белоктар) өндiрiсiн құру, әрi қарай олардың номенклатурасын
50-ге дейiн жеткiзу жоспарланып отыр.
Мемлекеттiк бағдарламаны жүзеге асырудың бiрiншi кезеңi шеңберiнде
"Биомедпрепарат" ҚҒҒӨК-i, Фармацевтік биотехнология институты синтетикалық
дәрi-дәрмектi таблеткалау және буып-түю желiсiн құруға кiрiседi.
Екiншi бағытта пробиотикалық препараттар: бифидумбактерин,
колибактерин, лактобактерин, бификол өндiрiсiнiң көлемiн ұлғайту
жоспарланған - жылына 3,1 млн. сауыт. "Биомедпрепарат" ҚҒӨК-iн дамытудың
үшiншi бағыты протеолитикалық иммобилизациялық ферменттер өндiрiсiн кеңейту
болып табылады:
профезим - жылына 7 млн. сауыт;
иммозимаз немесе ұқсас түрлерi - жылына 7 млн. сауыт.
Негiзгi өнiмдермен қатар "Биомедпрепарат" ҚҒӨК-да құны 10 млн. АҚШ
доллары тұратын екiншi желiнi монтаждаудың есебiнен бiр реттiк шприцтердi
шығаруды кеңейту, сондай-ақ 750 000 АҚШ долларын қажет ететiн медициналық
препараттар мен бұйымдарды радиоизотопты тазарту учаскесiн құру жөнiндегi
жұмыстарды аяқтау көзделген.
Осы бағдарламаны жүзеге асырудың екiншi кезеңiнде "Биомедпрепарат"
ҚҒӨК-да антибиотиктер шығаруды жолға қою жоспарланып отыр. Негізінен бұл
кең ауқымды әсер ететін антибиотиктер.
Осы препараттарды кең ауқымда өндiрудi ұйымдастыру кеңiнен
қолданылатын антибиотиктердi сатып алуды тең жартысына дейiн кемiтуге
мүмкiндiк бередi. Цефалоспориндiк қатар антибиотиктерiн шығару жоғары
улылығы мен өндiрiстi химиялық жаңғырту қажеттiгiне байланысты
қарастырылмаған.
Ұзақ мерзiмдi кезең шеңберiнде жоспарланатын басқа бағыт гендiк-
инженерлiк препараттар: адам инсулинi - жылына 400-600 кг, интерлейкин,
интерферон, соматропин өндiрiсiн құру болып табылады. Бұрынғы КСРО-да
гендiк-инженерлiк өндiрiс бағдарламасы шеңберiнде "Биомедпрепарат" ҚҒӨК-да
адамның рекомбинанттық инсулинiн өндiрудiң лабораториялық және тәжiрибелiк-
өнеркәсiптiк регламенттерi жасалған болатын. Бұл бағытты ТМД
мемлекеттерiнiң Үйлестiру Кеңесi аясында медицина және денсаулық сақтау
саласындағы бiртұтас инвестициялық шаралар жоспары шеңберiнде ресейлiк
кәсiпорындарымен бiрлесе жүзеге асыру керек.
Ұзақ мерзiмдiк кезеңге жататын соңғы бағыт - микробиология мен
биотехнологияда пайдаланылатын микроорганизмдердi бөлуге және бiрiздi етуге
арналған құрғақ қоректiк заттарды өндiрудi ұйымдастыру. Жобаның құны - 2,5
млн. АҚШ доллары.
Биотехнологиялық препараттар өндiрiсiне арналған шикiзаттар, құрал-
жабдықтар және жұмсалатын материалдардың әлемдiк рыногын талдау
экономикалық тұрғыдан алғанда жоғарыда аталған өндiрiстердi ұйымдастыру
үшiн құрал-жабдықтарды конверсиялық бағдарламалар мен шетел инвестициялары
шеңберiнде шетелдерден сатып алу, ал шикiзатты (балық-сүйек ұны, агар-агар,
соя ұны, казиен гидролизаты, қант, фосфорлы органикалық қосылыстар, тұз,
қышқыл, витамин) Қазақстанда немесе ТМД-ның басқа елдерiнен алу тиiмдi
болатындығын көрсетiп отыр.
Алматы биокомбинатында жалпы көлемi жылына 507 млн. бiрлiк болатын 10
дайын дәрi түрлерi (таблеткалар мен капсулалар) өндiрiсiн құру жоспарланып
отыр. Жобаның құны - 2,8 млн. АҚШ доллары.
Сонымен қатар бұл кәсiпорында оның бұрынғы атқарған қызметiн, сондай-
ақ жұқпалы ауруларға байланысты Қазақстанда орын алып отырған көкейкестi
проблемаларды ескере отырып, дамудың ұзақ мерзiмдiк кезеңi шеңберiнде шетел
инвестицияларын тарта отырып, диагностикумдар, вакциналар және сарысу
өндiрiсiн құру жоспарланып отыр. Бұл жобаны iске асыру үшiн Қазақстан
Республикасының Ғылым министрлiгi - Ғылым академиясының Микробиология және
вирусология ғылыми-зерттеу институтын, сондай-ақ Гигиена және эпидемиология
ғылыми орталығы мен Қазақстанның Обаға қарсы күрес жүргізу ғылыми-зерттеу
институтында жұмылдыру қажет.
Бұл бағдарламаны iске асырудың әртүрлi кезеңдерi үшiн
Биотехнологиялар жөнiндегi ұлттық орталық 1 және 2 қосымшаларда келтiрiлген
жаңа дәрi-дәрмек препараттарын жасау жөнiндегi тапсырыстық зерттеулер
тiзбесiн жасады.
ЕСКЕРТУ. III Бөлiмнің 2 қосымшасы өзгерді және толықтырылды - ҚР

3 қосымша бағдарлама
Жануарлар шикiзатынан алынатын
дәрi-дәрмек препараттарын өндiру
Қазақстан Республикасының жануарлардан алынатын құнды эндокриндiк-
ферменттiк және арнайы шикiзаттан жасалатын дәрi-дәрмек шығаруға едәуiр
әлеуеттiк мүмкiндiгi бар. Бұл шикiзаттың сойылатын малдың етiн өңдейтiн
кәсiпорындардағы жылдық жинаулы елдегi iрi қара (IҚМ) және ұсақ мүйiздi
(ҰММ) малдың, сондай-ақ шошқаның санына байланысты мына мөлшерде болуы
мүмкiн:
тоннамен
IҚМ, ҰММ, шошқа бездерi 190
IҚМ, ҰММ, шошқаның етi 160
IҚМ ұлтабарының шырыш қабыршығы 280
IҚМ гипофизi: алдыңғы бөлiгi 0,93
артқы бөлiгi 0,18
шошқа гипофизi 0,1
IҚМ бүйрек бездерi 9
шошқаның бүйрек бездерi 1,7
IҚМ, ҰММ, шошқаның қалқанша бездерi 20
IҚМ қалқанша қосымша безi 0,23
жемсау безi 10
IҚМ эпифизi (қалқанша бездерi) 0,13
IҚМ жұлыны 80
IҚМ миы 240
IҚМ, шошқа көздерiнiң шыны тәрiздi денесi 21
IҚМ, ҰММ, шошқа ұрық бездерi 100
Алайда бүгiнгi таңда Қазақстанның 20 ет комбинатының 2-сi ғана және 2
сүт зауыты дәрiлiк препараттар шығарады. Бұл "Сарыарқа" АҚ-ы, Семей қаласы,
"Ертiс" АҚ-ы, Павлодар қаласы, Батыс Қазақстан облыстық "Береке" сүт
комбинаты АҚ-ы, Орал қаласы және "Наркез" қалалық сүт зауыты, Ақмола
қаласы. Бұл кәсiпорындар жануарлардан алынатын шикiзаттан жасалатын 7 түрлi
дәрi-дәрмек препараттарын шығарады, бұл бұрынғы КСРО өндiретiн
номенклатураның 15 проценттейi ғана. "Ертiс" АҚ-да 1995 жылы iске қосылған
медициналық препараттар зауытын (МПЗ) қоспағанда, аталған зауыттардың
барлығы да жеке жобалармен салынған және 70 жылдардың басында iске
қосылған. Қазiргi жұмыс iстеп тұрған, моральдық және табиғи жағынан
ескiрген, iшiнара жарамай қалатын қуаттарда өнiмдердiң номенклатурасы мен
шығару көлемiн одан әрi ұлғайту мүмкiн емес.
Сөйтiп, жануарлардан алынатын шикiзаттан жасалатын дәрi-дәрмек
өндiрiсiн одан әрi дамыту кәсiпорындарды жаңартуды және жаңа кәсiпорындар
құруды талап етедi.
Дәрiлiк заттарды шығаруды ұлғайтудағы басқа бағыт - жануарлардан
алынатын шикiзатты жинау, алғашқы өңдеу, сақтау және тасымалдау жүйесiн
құру.
1994 жылғы 6 тамыздағы Фармацевтiк өнеркәсiп пен денсаулық сақтау
саласындағы ынтымақтастықты тереңдету туралы үкiметаралық келiсiмге сәйкес
бұл жүйеге тек бiздiң мемлекетiмiздiң ғана емес, Қырғыз Республикасының да
ет өңдеу кәсiпорындарын қосу керек, онда жануарлар шикiзатынан дәрi-дәрмек
өндiрiлмейдi және ол Қазақстанға туберкулезбен ауырғандарды емдеуге қажеттi
құрғақ қымыз бере алады.
Мұндай жүйенi құру дәрi-дәрмек шығару көлемiн ұлғайтуды қамтамасыз
етiп қана қоймай, Қазақстан үшiн жаңа дәрi-дәрмек (цитомединдер) есебiнен
олардың номенклатурасын кеңейтуге де мүмкiндiк бередi, бұл жануарлардан
алынатын шикiзат негiзiнде өз фармацевтiк өнеркәсiбiмiздi дамытудағы үшiншi
маңызды бағыт болып табылады.
Осы айтылғандардың негiзiнде жануарлардан алынатын шикiзат негiзiнде
дәрi-дәрмек препараттарын шығару өндiрiсiн дамытудағы
негiзгi үш бағытты бөлуге болады:
жұмыс iстеп тұрған өндiрiстердi жаңарту және жаңа өндiрiстер
құру - 1 кезең;
дәрi-дәрмек өндiрiсiнiң аймақтық орталықтарына барлық ет өңдеу
кәсiпорындарынан жануарлардан алынатын шикiзатты жинау, алғашқы
өңдеу, сақтау және тасымалдау жүйесiн құру - 1 кезең;
жануарлардан алынатын шикiзаттан жасалатын дәрi-дәрмек шығару
номенклатурасын арттыру - 1 және 2 кезеңдер.
Жұмыс iстеп тұрған өндiрiстердi жаңарту
және жаңа өндiрiстер құру
Бұл бағытта мынадай жұмыс көлемiн атқару жоспарланып отыр.
Батыс Қазақстан облыстық "Береке" сүт комбинаты АҚ-да Орал қаласы:
өндiрiске және инъекциялық ерiтiндiлердi тазартып ампулаға құю
желiсiн орнату, сондай-ақ ерiтiндiлердi сауыттарға құю желiсiн толық
алмастыру;
Қазақстан үшiн жаңа полиглюкин, гемодез-Н поликсидин
препараттарын полимер қаптамада өндiру;
плоцефин емдеу-профилактикалық препаратын өндiру;
лактовит препаратын өндiру;
қазiргi уақытта шығарылып жатқан казеин гидролизатының орнына
белоктык қоректер жасап шығару.
Үндi кредит желiсiнiң шеңберiнде, "Құлан" АҚ-да "Аджанта фарма
Лтд" фирмасымен бiрлесе отырып, таблеткаланған және
капсулдандырылған дәрi түрлерiн жасау жөнiндегi оның iшiнде
жергiлiктi шикiзаттан жасау БК құрылды.
___________________________________ ________________________________
Препараттың атауы Өлшем бiрлiгi Саны Бастапқы шикiзаты

Гемостимулин млн данажылына 17 IҚМ қаны
Аллохол -"- 60 IҚМ өтi
Тиреоидин -"- 25 IҚМ қалқанша безi
Холензим -"- 5 IҚМ безi
Панкреатин -"- 5 Бұл да
Липоцеребин -"- 10 IҚМ бауыры
Жобаның құны - 1,4 млн. АҚШ доллары.
"Сарыарқа" АҚ-да, "Ромат" фирмасында төмендегi номенклатура
бойынша дәрi-дәрмек препараттарын шығаратын БК құру көзделген:

Тазартылған инсулин млн 7 Ұйық безi
жылынасауыт
Химопсин -"- Бұл да
Трипсин -"- Бұл да
Гепарин -"- IҚМ өкпесi
Эпиталамин мың 200 Эпифиз (қалқанша
жылынасауыт безi)
Простатилен -"- 100 Қуық түбi безi
Жобаның құны - 3,5 млн. АҚШ доллары.
"Ертiс" АҚ Павлодар ет комбинатында төмендегi номенклатура
бойынша дәрi-дәрмек шығаратын медициналық препараттар зауытының
екiншi кезегiн iске қосу жоспарланған:
___________________________________ _____________________________

Шыны тәрiздi дене мың 500 IҚМ мен шошқа
жылынасауыт көздерi
Тималин -"- 500 Бұзаулардың немесе
тайыншалардың
жемсау бездерi
Инъекцияға арналған -"- 200 IҚМ шырышынан
гепарин және алынған кептiрiлген
гипарин майы мукоза
Жануарлардан алынатын шикiзатты жинау, алғашқы
өңдеу, сақтау және тасымалдау жүйесiн құру
Мұндай жүйенi құрудың қажеттiлiгi iрi ет комбинаттарындағы
өңдеу көлемiнiң едәуiр төмендеп кетуiнен және мал соятын шағын пункттердiң
пайда болуынан туындап отыр. Бұл жүйенi аймақтық принцип бойынша
ұйымдастырған жөн;
Оңтүстiк және Қырғыз Республикасы - "Құлан" АҚ-ы, Алматы қаласы;
Солтүстiк - "Ертiс" АҚ-ы, Павлодар қаласы
Шығыс - "Сарыарқа" АҚ-ы, Семей қаласы
Батыс - Батыс Қазақстан ет-консервi
комбинаты, Орал қаласы.
Құрылатын жүйе шеңберiнде әрбiр ет өңдеу комбинатында жануарлар
шикiзатын жинау және алғашқы өңдеу пункттерi құрылады,
бұл өнiмдер рефрижатор машиналармен дәрi-дәрмек препараттарын шығаратын
аймақтық зауыттарға жеткiзiледi. Жобаның құны 3,0 млн. АҚШ долларын
құрайды.
ЕСКЕРТУ. III Бөлiмнің 3 қосымшасы өзгерді - ҚР Президентінің
2000.01.06. N 323 Жарлығымен.
4 Қосымша бағдарлама
Өсiмдiк шикiзатынан субстанциялар мен дайын
дәрi-дәрмек препараттарын өндiру
Қазақстан Республикасы өзiнiң аумақтық-географиялық жағдайының
ерекшелiктерiне орай өсiмдiк шикiзатынан алынатын дәрi-дәрмек препараттары
өндiрiсi үшiн болашағы мол база болып табылады. Әртүрлi климаттық
аймақтардың, табиғи жасыл әлемнiң үлкен алаңдарының астасып жатуы
Қазақстанда өсетiн 6000-дай өсiмдiктiң кең ауқымды пайдаланылуына мүмкiндiк
бередi.
КСРО фармацевтiк өнеркәсiбiне арналған жабайы өсiмдiк шикiзатының 80
проценттен астамы Қазақстан мен Орта Азияда дайындалды. Қазақстан
Республикасында жылына "Қаздәрөсөнеркәсiп" бiрлестiгi 500-600 тонна, Орман
және аң шаруашылығы кәсiпорындары - 50-60 тонна, Ботаника және
фитоинтродукция институты - 10 тоннаға дейiн, Табиғи ресурстар және
қоршаған ортаны қорғау министрлігінің ұйымдары - 5-7 тонна дәрiлiк өсiмдiк
жинайды, олардың атауы 100-ге жетедi.
Алайда, Қазақстан кәсiпорындарында тек 20 тоннадайы ғана өңделдi, бұл
жалпы жиналған мөлшерiнiң 3 процентiнен де аз. Қалғандары жартылай өңделген
немесе өңделмеген түрде экспортқа шығарылады және шығарылып жатыр. 80
жылдың iшiнде Шымкентте дерменеден шетелге экспорттау үшiн сантонин
жасалды. Жыл сайын 30 тоннаға дейiн әртүрлi дәрiлiк шөп пен таушымылдық
тамырлары тұнба жасау үшiн Батуми зауытына жөнелтiлдi, кейiн Қазақстанда
оның азғана мөлшерi сатылды Левзеяның, алтын тамырдың және т.б. жай-күйi де
осы iспеттес. Мия тамырының ахуалы да дәл осындай. Нәтижесiнде республикаға
экономикалық шығын тартады, өйткенi дайын дәрi-дәрмектiң құны бастапқы
өсiмдiк шикiзатынан 7-10 есе қымбат.
Өсiмдiк шикiзатынан жасалатын дәрi-дәрмектiң негiзгi өндiрушiсi
Алматы фармацевтiк фабрикасы (АФФ) болып табылады, ол тұнба, эликсип,
тамшы, экстракт, мазь, сприт, май, жаққыш, линимент, ерiтiндi және қоспа
(барлығы 116 атау) шығарады.
Өсiмдiк шикiзатынан субстанция шығарумен Шымкент
химиялық-фармацевтiк зауыты (ШХФЗ) айналысады - 37 атау.
Алайда бұл кәсiпорындар бүгiнгi жағдайлары жағынан қолда бар
мүмкiндiктердi толық пайдалана алмайды. Өсiмдiк шикiзатынан осы заманғы
дәрi-дәрмек препараттары өндiрiсiн құру үшiн мынадай жұмыс
көлемiн атқару жоспарланды:
жұмыс iстеп тұрған өндiрiстердi жаңарту және
қайта құру - 1 кезек;
Өсiмдiк шикiзатынан дәрi-дәрмек препараттарын алудың осы заманғы
технологиялық процестерiн
енгiзу - 1 кезең;
дәрiлiк өсiмдiктердi жинау және алғашқы
өңдеудiң осы заманғы жүйесiн жасау және енгiзу - 1 кезең;
анағұрлым перспективтi дәрiлiк өсiмдiктерiн
қолдан өсiруге кiрiсу және интродукция - 1 және
2 кезеңдер;
қазақстандық ғалымдар жасаған талдамалар
негiзiнде дәрi-дәрмек препараттарын шығару
номенклатурасын кеңейту - 1 және
2 кезеңдер.
Жұмыс iстеп тұрған өндiрiстердi жаңарту және қайта құру
АФФ мен ШХФЗ-ды жаңарту мен қайта құруды шетел инвестицияларын тарату
есебiнен жүргiзу жоспарланып отыр. Қарапайым галендiк препараттар мен
субстанциялар өндiруден таблеткалар, капсулалар және ампулалар сияқты осы
заманғы дәрi түрлерiн шығаруға көшу мүмкiндiгi туады.
АФФ-ны қайта құруға 0,5 млн АҚШ долларын құрайтын мөлшердегi "Ронк
Пулен Рорер" фирмасының инвестициясы тартылған. Қайта құрылғаннан кейiн АФФ
жылына бес атаудан тұратын 200 миллион таблетка шығаратын болады. Осы
заманғы техниканы (таблетка престерi, блистерлер, буып-түю машиналары)
орнату жергiлiктi шикiзаттан алынатын дәрi-дәрмек: кальций глюконаты,
димедрол, пиперазин адипенаты, натрий безонаты және т.б. шығаруды да
ұлғайтуға мүмкiндiк бередi. Сонымен қатар АФФ-да дәрiлiк өсiмдiктi таза
күйде өңдеу мен қаптау жөнiндегi учаскенi жаңарту қажет.
ШХФЗ-ны қайта құру нәтижесiнде мынадай мөлшерде 12 түрлi дәрi-дәрмек
препараты өндiрiсiн құру жоспарлануда: ампулалар - жылына 120 млн.;
таблеткалар - жылына 300 млн.; капсулалар - жылына 150 млн. Бұл жобаның
жалпы құны 5,0 млн. АҚШ долларын құрайды.
ШХФЗ-да таблеткаланған және ампулалы препараттар өндiру желiсiн
орнату бұл кәсiпорынға субстанциялар шығарудан мукалтин, аллапинин,
сапарал, эфедрин, глидеринин және т.б. сияқты дайын дәрi-дәрмек түрлерiн
шығаруға көшуге мүмкiндiк бередi.
Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігінің Фитохимия
институтында өсімдік шикізатынан қазақстандық ғалымдар әзірлеген әрі жоғары
дайындық дәрежесі бар жоғары дәрі-дәрмек өндірісін жаңарту жоспарланып
отыр. Оның сыртында, облыстарда галендік препараттар өндірісі, оның ішінде
өсімдік шикізатынан жасалатын препараттар өндірісі қалпына келтірілуге
тиіс.
Өсiмдiк шикiзатынан дәрi-дәрмек препараттарын алудың
осы заманғы технологиялық процестерiн енгiзу
Өсiмдiктен алынатын шикiзат базасында емдiк препараттар өндiрiсiн
одан әрi дамыту дәрi-дәрмек алудың осы заманғы технологияларына көшпейiнше
атап айтқанда:
эфир майларын өндiру;
көмiрқышқыл экстрактiлерiн өндiру;
криопрепараттар өндiру мүмкiн емес.
Қазiргi уақытта эфир майларының орнықты рыногы қалыптасып отыр, оның
жалпы тенденциясы - өнiмге деген тұрақты сұранымы. Эфир майларының аса iрi
тұтынушылары фармацевтiк саламен қатар парфюмерлiк және тамақ өнеркәсiбi
болып табылады. Эфир майының әлемдiк рыноктағы 1 кг-ның бағасы оның түрiне
қарай 1,6-дан 3990-ға дейiнгi АҚШ долларын құрайды. Халықаралық саудада
эфир майының 200 түрi бар. Сату көлемi бiрнеше килограмнан 10 мың тоннаға
дейiн және одан жоғары деңгейге ауытқып тұрады. Әлемдiк өндiрiстiң жалпы
деңгейi 40 мың тоннаға жуық. Оның 40 проценттейi америка континентiнiң
үлесiне тисе, Азия елдерiнiң үлесi 30 процентке дейiн, қалғандары Африка,
Австралия және Океания мемлекеттерiнiң үлесiнде.
Бұл өнiмдi көтерме сатып алушыларға АҚШ, Ұлыбритания, Жапония, ГФР
жатады. Соңғы 10 жылда эфир майларының импорты Еуропа мемлекеттерiнде 2
есе, АҚШ-та 2,5 есе, Жапонияда 1,5 есе өскен. Бұрынғы КСРО аумағында эфир
майын шығаратын және плантациялық шикiзатпен жұмыс iстейтiн 40-тан аса
кеңшар-зауыттар болған. Алайда сол кездiң өзiнде бұл өнiмге деген сұраным
40 процентке ғана қанағаттандырылды. Қазақстан Республикасында таяу уақытқа
дейiн эфир майлары мен көмiрқышқылды экстрактiлерiнiң өндiрiсi болған жоқ.
Қазiргi кезде Қазақстанда меншiк түрлерi әртүрлi бiрқатар кәсiпорындар эфир
майлары негiзiнде жаңа дәрi-дәрмек препараттары өндiрiсiн игерiп үлгердi.
Қазақстанның эфир майларына деген iшкi сұранымы үлкен емес, бiрақ шет елдер
оны жылына 60 мың литр мөлшерiнде сатып алуға дайын. Сөйтiп, эфир
майларының өндiрiсiн құру негiзiнен республика үшiн басқа фармацевтiк
жобаларды жүзеге асыруға соншалықты қажет валюта табу мақсатында экспортқа
бағытталған.
Алайда эфир майының мұнша мөлшерiн алу үшiн орта есеппен 6000 тоннаға
дейiн шикiзат өңдеуге тура келедi. Мұнша мөлшердегi жабайы өсетiн шикiзатты
дайындауды және өңдеудi ұйымдастыру экономикалық жағынан да, экологиялық
тұрғыдан да тиiмсiз, сондықтан эфир майы дақылдарының плантациясын құру
қажет.
Медициналық препараттар алу үшiн дәрiлiк өсiмдiктердi өңдеу базаларын
құрған кезде экологиялық таза аудандардың шикiзатын пайдалануға баса ден
қойылады. Алайда оны дайындау, сақтау және өңдейтiн жерге тасымалдау көбiне-
көп экономикалық тиiмсiз болып табылады. Осыған байланысты жабайы өсетiн
шикiзатты жинаудан гөрi оны плантациялық өсiруге және қазақстандық ғалымдар
жасаған қалдықсыз технологияны пайдалана отырып эфир майын алатын жылжымалы
шағын зауыттар құруға көшу пайдалы. Осы технология бойынша өңделген өсiмдiк
шикiзатынан азықтық витаминделген ұн алынады.
Жылжымалы эфир майы зауытының негiзгi технологиялық модулi КрАЗ
автомобилiнiң шассиiне орнатылған өнiмдiлiгi бiр ауысымда (8 сағат) 4-5
литр эфир майы болатын бу генераторлы қондырғы болып табылады. Жобаның
есептiк құны 25-30 мың АҚШ доллары. Өтем мерзiмi 1-1,5 жыл. Осы зауыттардың
өндірісін, сондай-ақ дәрілік шикізатты өңдеу, жинау және ұқсату үшін
мамандандырылған басқа да техникалар осы өнімдерді шығаруға барлық
мүмкіндігі бар Қазақстанның конверсиялық кәсіпорындарында жолға қойылуы
қажет.
Сонымен қатар өсiмдiктiң бұл түрлерiн өңдеу үшiн Алматы облысында
жалпы өңдеу көлемi жылына 400 тонна шикiзат болатын және 4000 литр эфир
майын алатын үш қондырғыдан тұратын тұрақты өңдеу кешендерiн құру
ұсынылады.
Қазақстан Республикасының аумағында эфир майы бар 450-ден астам
өсiмдiк түрлерi анықталған, олардың 68-i өзiнiң жоғары эфир майымен және
мол құрамды бөлiгiмен ерекшеленедi. Эфир майының құрамы 1 проценттен асатын
38 түр анықталған. Эфир майлары өндiрiсiн құрудың бiрiншi кезеңiнде эфир
майлы дақылдардың құраушы бөлiгi құнды мына түрлерi таңдалынған: киiкоты,
Бунге зизиформасы, лимон мелиссасы, ақ топырақ жусаны, ақбас жусан. Алдағы
уақытта, ұзақ мерзiмдiк кезеңде, Қазақстан Республикасы Ғылыми министрлiгi
- Ғылым академиясының ХҒИ Өсiмдiктер химиясы лабораториясында және "Вита-
Вент" ШҒЕК - да жасалған негiзбен Қазақстанда аршадан, самырсыннан,
жусаннан, тас шөптен, құлмақтан, шалфейден, иссоптан, андыздан,
түймедағынан, шышадан және т.б. жалпы саны 50-ден астам атаудағы эфир майын
өндiрудiң нақты мүмкiндiгi бар.
Көмiрқышқылды экстракция - шығымдылығы жоғары (2 процентке дейiн)
және өз бетiнше тиiмдi дәрiлiк зат болып табылатын аралық өнiмнiң жоғары
биологиялық белсендiлiгiмен сипатталған эфир майын алудың тәсiлi. Бұл
технологиялық процесс жоғары экологиялық тазалығымен сипатталады.
Көмiртегiнiң сұйық қос тотығының сұрыпталушылығы мен жоғары
диффузиялық қасиетi көмiрқышқылды экстрактiлердiң қасиетi мен құрамын
реттеуге мүмкiндiк бередi. Бұл орайда алынатын биологиялық активтi заттар
(БАЗ) табиғи ортада болады және витаминдерге, провитаминдерге және
карантиноидтерге бай болады, ол көмiрқышқылды экстрактiлердiң тканьдарды
радионуклеидтерден қорғайтын биокатализаторларға жақындата түседi.
Реактор көлемi 100 кг болғандағы көмiрқышқылды экстракцияның
технологиялық мүмкiншiлiктерi жылына 120 тонна шикiзат өңдеуге және 4800 кг
экстракт алуға мүмкiндiк бередi. Қазақстан Республикасындағы алғашқы
көмiрсутектi экстракция цехы Талғар қаласындағы "Аромат" ШК-да пайдалануға
берiлген, оның өнiмдiлiгi күнiне 10 килограмға дейiн эфир майы.
Көкiнiс пен жемiс-жидектен вакуумды кептiру және криогендi ұнтақтау
арқылы ұнтақ алу тәсiлi бастапқы шикiзаттың биологиялық құндылығын толық
сақтауға мүмкiндiк бередi және алынатын өнiмдi арнайы сақтауды талап
етпейдi. Алынатын криоұнтақ - түйiршiктерiнiң өлшемi 5 мкм-ден аспайтын
және ылғалдылығы 2-3 процент болатын ұсақ дисперстi жүйе сақталу мерзiмi
шектелмеген витаминдердi, пектиндiк заттарды, микроэлементтердi және т.б.
қоса алғандағы биологиялық активтi заттардың бiрқатарының табиғи
концентраторы болып табылады. Ең төзiмсiз витаминдердiң бiрi - С
витаминiнiң өзi мұндай әдiспен кептiргенде барлық сақтау мерзiмiнде өзiнiң
бастапқы деңгейiнiң 63 процентiн сақтап қалады.
Криоұнтақтардың жоғары сапалық сипаттамалары оны балалар тағамын
жасауда бағалы шикiзатқа айналдырады. Криоұнтақтарды балаларға арналған
ұндық және сүттiк негiздегi құрғақ қоспаларға қосу, сондай-ақ оларды сусын
даярлауда пайдалану Қазақстанда әлi кездеспеген балалар тағамының жаңа
өнiмдерiн алуға мүмкiндiк бередi.
Дәрiлiк өсiмдiктердi жинаудың және алғашқы өңдеудiң
осы заманғы жүйесiн жасау және енгiзу
Дәрiлiк өсiмдiктердi жинаудың және алғашқы өңдеудiң осы заманғы
жүйесiн жасау үшiн мынадай негiзгi екi мiндеттi шешу қажет: жабайы дәрiлiк
өсiмдiктердiң қорын анықтау жөнiнде жұмыс жүргiзу, оларды есепке алуды және
экологиялық қолайлы аймақтардағы өнiмдiлiгiн болжауды ұйымдастыру. Алынған
деректердiң негiзiнде гендiк қорымыздың қалпына келуi мен сақталуын
қамтамасыз етiп дайындау мөлшерiн анықтау керек;
жабайы өскен шикiзатты жинаумен қатар, анағұрлым болашағы мол
өсiмдiктердi қолдан өсiрудi, басым дамытуға жағдай жасау. Оларды дақылға
айналдырып, агротехникалық шараларды жүзеге асыру.
Қазақстанның шығыс және солтүстiк облыстарындағы қылқан жапырақты
орман қорын жылына 30 тонна самырсын және қарағай эфир майын алу, соңынан
камфора мен мүсәтiр жасау үшiн шикiзат көзi ретiнде пайдалану жоспарлануда.
Қайың ағашынан қара май мен активтелген көмiр алу жоспарлануда.
Қазақстанның оңтүстiк облыстарындағы жабайы алма, долана, зерек және т.б.
пектин, сироп және қоспа алуға арналған шикiзат болып табылады.
Бұл мiндеттердi шешу үшiн Өсiмдiк шикiзаты жөнiндегi республикалық
салааралық орталық құру жоспарлануда, оған филиалдары ретiнде мына ұйымдар
кiредi:
Қазақстан Республикасы Ғылым министрлiгi - Ғылым академиясының
Ботаника институты, Ботаникалық бақ және Ө.О.Оспанов атындағы топырақтану
институты, Алматы қаласы;
Фитохимия институты, Қарағанды қаласы;
Қазақ орман шаруашылығы агроорманмелиорациясы ғылыми-зерттеу
институты;
Р.Р.Вильямс атындағы Қазақ жер өңдеу ҒЗИ-i, Алматы қаласы;
"Фармбиопром" ЖШС-i, Шымкент қаласы.
Сол сияқты Алматы, Жамбыл және Шығыс Қазақстан облыстарында бұл
орталықтың филиалдарын ашқан жөн.
Неғұрлым перспективалы дәрiлiк өсiмдiктердi
қолдан өсiруге кiрiсу
Өсiмдiк ресурстарын аяусыз пайдалану кейбiр өсiмдiк түрлерiнiң: алтын
тамырдың, феруланың, таушымылдықтың, марья түбiрiнiң және т.б. жойылуына
әкелiп соқты. Олардың көбiне жойылып кету қаупi төнiп тұр.
Бұл түрлердi қалпына келтiру және өсiмдiк шикiзатынан дәрi-дәрмек
препараттарын әзiрлеудiң шикiзат базасын жасау үшiн дәрiлiк шөптi қолдан
өсiруге кiрiсу, яғни плантациялар құру керек. Бұл жағдайда фитомассаның
үлкен көлемiн алып және оның фармацевтiк өнеркәсiпке арналған өндiрiсiн
жоспарлап қана қоймай, дәрiлiк шөптi өскен жерiнiң өзiнде өңдеу процесiн
механикаландыру мүмкiндiгi пайда болады.
Сонымен қатар, плантациялық шикiзат жабайы түрiне қарағанда алынатын
шикiзаттың бiртектiлiгi, табиғаттағы жабайы өсiмдiктердi сақтап қалу, басқа
аймақтардағы бағалы өсiмдiктердi олардың қасиетiн арттыра және климатқа
бейiмдей интродукциялау сияқты бiрқатар артықшылықтарға ие.
Қазiрдiң өзiнде Қазақстан Республикасында дәрiлiк шөп өсiретiн
бiрқатар ұйымдар бар: "Клон" ҒӨБ-i Алматы облысының орман шаруашылықтары
мен кеңшарларында бүрген, итмұрын, ырғай элиталық сорттарының плантациясы
құрылған, "Ареал" ШК-i аршаны интродукциялау және қолдан өсiру жұмысын
жүргiзуде, "Әлем-Ген" агрофирмасы маралшөп, шүйгiншөп, шалфей, түймедағы,
жасыл сасық шөп өсiру жөнiндегi агротехникалық шараларды жасап жатыр,
оларды өсiруге Томаровский атындағы кеңшар аумағынан 30 га жер бөлiнген.
Ауыл шаруашылығы министрлiгiнiң Экологиялық-биологиялық орталығы Iле
Алатауының Талғар және Қаскелең аудандарына қарасты аумақтарында сафлора
тәрiздес маралшөп, қызғылт родиола, дәрiлiк шалфей, жуан жапырақты бадан,
дәрiлiк шүйгiншөп, дәрiханалық түймедағы және бұрыш жалбызы аналық
плантацияларын салды. Қазақ жер өңдеу ҒЗИ-i 80 түрлi дәрiлiк өсiмдiктердiң
аналық плантацияларын салған.
Фитохимия институты (Қарағанды қаласы) 530 гектардан астам алаңға
дәрілік шөптердің 34 түрін екті. 3 гектар алаңда дәрілік өсімдіктердің
тұқымдық питомнигі бар.
"Дермене" және Фрунзе атындағы кеңшарларда "Химфарм" АҚ-ы қажеттiгiне
арналған дәрiлiк өсiмдiктер шикiзатын өндiру жұмыстары өз жалғасын табуда.
Өсiмдiк шикiзатын жинауды, өңдеудi және интродукциялауды оңтайлы ету
жөнiнде ғылыми ұсыныстар жасау мақсатында жұмысқа жоғарыда аталған
Республикалық салааралық орталық құрамында қосымша Қазақстан Республикасы
Экология және биоресурстар министрлiгiнiң Ормандардың гендiк қорын сақтау
және интродукциялау салааралық лабораториясын, Орманжобалауды, Орман
тәжiрибе станциясын, Алматы қаласы, Балық шаруашылығы ҒЗИ-iн, Қазақстан
фирмалары "Вита-Вена" ШҒЕК-iн және "Аслан" ШК-iн тарту жоспарланып отыр.
Плантациялар құрумен қатар жабайы өсiмдiктер шикiзатын жинау жүйесiн
Қазақстан Республикасында нарықтық экономикаға өту процесiнде қалыптасып
отырған жаңа жағдайларға сай жетiлдiру керек.
Жабайы өсiмдiктер шикiзатын жинауды лицензиялық негiзде дәйектелген
ғылыми ұсынымдарды ескере отырып, жүзеге асыру қажет. Өсiмдiктiң дәрiлiк
шикiзатын дайындау көлемiн жоспарлағанда Үкiметаралық келiсiм шеңберiнде
бұл өнiмнiң бiзге Қырғыз Республикасынан қаншалықты келiп түсетiндiгiн
ескерген жөн. Қырғыз Республикасы Қазақстанның фармацевтiк кәсiпорындарына
мия тамырын, қылша, гармал шөбiн, жусан, итмұрын жемiстерiн, аконит тамыры
мен бүрген жемiстерiн жеткiзiп бере алады.
Өсiмдiк шикiзатынан алынатын дәрi-дәрмек
препараттарының жаңа түрлерiн өндiру
Соңғы жылдары қазақстандық ғалымдар жергiлiктi өсiмдiк шикiзатынан
дайындалатын жаңа дәрi-дәрмек жасап шығарды. Бұл препараттардың тiзбесiн
фармацевтiк өнеркәсiптi дамытудың екi ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz