Қазақстан соғыстан кейінгі жылдарда (1946-1990ж.)


Пән: Қазақстан тарихы
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 11 бет
Таңдаулыға:   

Қазақстан соғыстан кейінгі жылдарда (1946-1990ж. )

Республика халық шаруашылығын қалпына келтіру және одан әрі дамуы

Ұлы Отан соғысы жеңіспен аяқталғаннан кейін Қазақстан еңбекшілері бейбіт құрылысқа қайта оралды. Соғыс Қазақстан экономикасына да үлкен зардаптарың тигізді. Өнеркәсіп өнімдерінің, әсіресе бұқара халық көп қолданатын тауарлар өндіру түрлері қатты қысқарды. Еңбек ресур-старының проблемасы едәуір шиеленісті. Ауыл шаруашылығыиың материалдық-техникалық базасы әбден төмендеді. Сондықтан Кеңес өкіметі, оның жергілікті басшы органдары халық шаруашылығын қалпына келтіруге айрықша көңіл бөлді, оның қарқынын шапшаңдатуда тиісті шаралар жүзеге асырыла бастады. Елдің шаруашылық құрылысы мен мәдени саласына мемлекеттік бюджет пен күрделі қаржы қайта бөлінді. Әскери шығындар барынша қысқартылды. Республикада соғыс қажеттерін өтеуге жұмыс істеген жүзде-ген косіпорындар азаматтық өнімдер шығару үшін қайта құрылды.

  1. жылы КСРО Қарулы Күштерінің едәуір бөлігін запасқа шығару есебінен Қазақстанға 104 мың солдат пен офицер, ал 1947 жылдың 1-ші қаңтарына қарай 188, 2 мың адам келді. Өнеркәсіпте 8 сағаттық жұмыс күні қалпына келтірілді. Соғыс кезіндегі мерзімнен тыс жаппай жұмыс істеу және демалыс күндерінде қызмет ету тоқталды. Жұмысшылар мен қызметкерлерге ақы төленетін демалыстары берілді.
  2. жылы 18 наурызда қабылданған төртінші бесжылдыққа арналған жоспар бойынша соғыстан бүлінген аудандарды қалпына келтіру, өнеркәсіп пен ауыл шаруашылығының соғыстан бұрынғы дәрежесіне жетіп, одан едәуір асып түсу міндеті белгіленді. Сонымен бірге онда Қазақстан экономикасын өрге бастыруға үлкен мән берілді.

Республикада ауыр индустрияны жедел дамыту, сондайақ, жеңіл және тоқыма өнеркәсібін одан әрі өркендету көзделді. Тұрғын үй құрылысын және қалалар мен жұмысшылардың тұрақты аудандарында мәдени-тұрмыстық орындар жүйесіи кеңейтуге ерекше көңіл бөлінді. Өнеркәсіп пен ауыл шаруашылығын өркендету негізінде республика еңбек-шілерінің материалдық және мәдени тұрмыс дәрежесін одан әрі көтеру көзделді. Қазақстанға бөлінген күрделі қаржы көлемі одақ бойынша үшінші орынға шықты. Мұнда күрделі қаржы кәсіпорындарды қалпына келтіруден гөрі бұрынғыларын кеңейтіп, жаңа кәсіпорындар салуға бағытталды. Төртінші бссжылдықта бүкіл елде өнеркәсіп өнімі 1940 жылмен салыстырғанда 40 пайызға өсетін болып белгіленсе, Республикада ол 2, 2 есеге арту көзделді.

Соғыстан кейінгі 1946 жыл елдің ауыл шаруашылығы үшін ауыр жыл болды. Сол жылғы қуаңшылық ауыл шаруашылығының онсыз да күрделі жағдайын ауырлатты. Кеңестер Одағының еуропалық бөлігінде жарты ғасыр болып көрмеген қуаңшылық соғыстан зардап шеккен аудандардың ауыл шаруашылығына қиын тиді. Оған байланысты Одақты астықпен және етпен қамтамасыз етуде шығыстағы аудандардың, соның ішінде Қазақстанпың рөлі бұрынғыдан да арта түсті. Жұмыс қолының азайып, ескі ауылшаруашылық техникасының істен шығып қалғанына, ал жаңаларының жстіспеуіне қарамастан, республика ауыл-ссло еңбеккерлері өздерінің мемлекет алдындағы өнім тапсыру жөніндегі міндеттемелерін ойдағыдай орындап отырды.

1948 жылы республикада ауылдар мен селоларды жаппай электрлендіру жорығы басталды. Сөйтіп, төртінші бесжылдық тұсында 752 колхоз, 317 МТС, 164 совхоз және 193 селолық аудан орталықтары электрленді. Селолық электр станцияларының қуаты 1945 жылмен салыстырған-да 2, 8 есе өсті.

Халық шаруашылығын қалпына келтіру және одан әрі дамуы еңбекшілердің тұрмыс дәрежссінің біршама артуына көмектссті. 1947 жылы желтоқсанда ақша реформасы жүргізілді, карточка жүйесі жойылды. Республикада халықты азық-түлік және өнеркәсіп тауарларымен қамтамасыз етуде бірқатар нақты шаралар жүзеге асырылды. 1946 жылы 1 қаңтардан бастап соғыс салығының жойылуы және халықтан табыс салығын жинаудың жаңа сараланған түрін енгізу жұмысшылар мен қызметкерлердің еңбек ақысын арттыруға жағдай жасады. Олардың айлық орташа еңбек ақысы 1940 жылғы 29, 8 сомнан 1950 жылы 62 сомға дейін көтерілді.

Казақстанның мәдениеті, әдебиеті, ғылымның одан әрі дамуына XX ғ. 50-ші жылдардың басында озінің шыркау-ына жеткен тоталитарлық социализм идеологиясы әсіресе кері әсерін тигізді. БК/б/П Орталық Комитетінің "Звезда" және "Ленинград" журналдары туралы /1946 ж. 14 тамыз/ қаулысы кеңестік идеологиядан басқаша ойлайтын адамдарды қудалаудың жаңа науқанын ашып берді. Қазақстан партия комитеттері де өз жұмысын осы қаулының ағымына құрды.

Бұл ксздс Орталықта "Ленинградтық іс", "Дәрігерлердің ісі" қолдан жасалып жатқан кезде, Қазақстанда "Бекмахановтың ісі" ұйымдастырылды.

40 жылдардың аяғы - 50 жылдардың басында "Бекмахановтың ісі" жалғыз болмады. Республиканың көрнекті қоғамтану ғалымдары Л. Жұбанов, X. Жұмалиев, Б. Сүлейменов, Е. Смаилов және т. б. нақақтан тағылған саяси айыптармен жазаланды. Ә. Әбішев, Қ. Аманжолов, Қ. Бекқожин, С. Бегалин және басқа белгілі ғалымдар меп жазушылар саяси және буржуазиялық-ұлтшылдық қателіктер жіберді деп дәлелсіз айыпталды. Қудалауға ұшыраған Қазақ КСР Ғылым академиясының Президенті Қ, Сәтбаев пен аса көрнекті жазушы әрі ғылым М. Әуезов Қазақстаннан Мәскеуге кетуге мәжбүр болды. Космополиттер (батыс мәдениетін дәріптеушілік) деп айыпталған бірсыпыра ғалым биологтар да республиканың ғылыми мекемелері мен жоғары оқу орындарынан қуылды.

Сөйтіп, соғыстан кейінгі жылдарда Қазақстанда пісіп-жетіліп келе жатқан қоғамдағы жаңа өзгерістер әміршіл-әкімшіл жүйенің қудалауымен тұншықтырылып тасталды.

1946 жылы Қазақстан Ғылым академиясы құрылып, республикада ғылым мен ғылыми-зерттеу мекемелерінің дамуында елеулі рөл атқарды. Көптеген ғылыми кадрлар өсіп жетілді. Академия жүйесіндегі ғылыми институттар нығайып, кеңінен дами түсті. 1950 жылы Академия құрамында 50 ғылыми-зерттеу мекемесі, оның ішінде 19 институт, 13 бөлім, 2 музей, обсерватория, 3 ботаника бағы және 8 ғылыми базасы жұмыс істеді. Академияның ғылыми-зерттеу институттарында 500-ге жуық аспиранттар оқыды. Соғыстан кейінгі жылдары Ақтөбе, Гурьев, Қарағанды, Қостанай, Петропавл, Шымкент екі жылдық мұғалімдер институттары жоғары білім беретін педагогикалық институттар болып қайта құрылды.

Жалпыға бірдей жетіжылдық білім беру туралы Заң одан әрі жүзеге асырылды. 1952 жылы Қазақстанда жалпы білім беретін 9 мыңдай мектеп, 125 техникум мен арнаулы орта оқу орны жұмыс істеді, бұларда 1, 5 млн. адам оқыды. Дегенмен мектептердің материалдық жағдайы онша болған жоқ. Олардың көпшілігінің ғимараты болмады. Сондықтан оларға ғимарат салу, мсктептердің ескірген, тозған үйлерін жөндеуге халықтың, село мен қала еңбекшілерінің тарапынан үлкен көмек көрсетілді. Сонымен бірге олар клуб, кітапханаларға да жәрдемдесті. Кітап қорларын толықтыру үшін кітап, радиоқабылдағыш, т. б. мәдени құралдарды жинап берді.

Қорытып айтқанда, соғыстан кейінгі жылдары Қазақстанның қоғамдық-саяси өмірінде, оның мәдени дамуында сталиндік тоталитарлық жүйенің үстемдігі нәтижесінде көптеген қарама-қарсылықтар, елеулі көлеңкелі жақтар орын алды. Мұның өзі республикадағы демократиялық қаты-настардың тежелуіне, қазақтың ұлттық мәдениетінің одан ары дамуына үлкен зардаптарын тигізді.

1953 жылы 5 наурызда Коммунистік партия мен Кеңес Одағының басында 30 жылдан астам отырған И. В. Сталин қайтыс болды. Сталин өлгеннен кейін елде демократиялық қайта кұру процесі қарқынды жүре бастады. Демократиялық өзгерістсрдің ықпалымеи Кеңес өкіметі шамадан тыс орталықтандыруды босаңсытуға және одақтас республикалардың шаруашылық, саяси-мәдени құрылыс саласындағы құқықтарын кеңейтуге бағытталғап кейбір шараларды жүзеге асыруға мәжбүр болды. Бұл кезде Қазақстанның бюджет құқықтары кеңейтіліп, оның көлемі едәуір өсті. Атап айтқанда, 1951-1955 жж. өнеркәсіпке жұмсалған қаржының жалпы көлемі 1941-1950 жж. салыстырғанда 2, 3 есе артты. Ал 1956 жылдан бастап табыстын кейбір түрлсрІ бойынша республикалық біоджсттсргс қаржы бұрынғыдан да көбірек бөліне бастады. Қазақстан бюджетінің шығыс көлемі - 1953-1960 жылдарда 7 еседеп аса ұлғайды: 434, 9 млн. сомнан 3 млрд. 53 млп. сомға дейін жетті.

1954-1956 жылдарда одақтық министрліктерден республика қарамағына 144 ірі кәсіпорны, ал 1959 ж. түсті металлургияның барлық 29 кәсіпорындары берілді. Мұның нәтижесінде одақтық-республикалық өнеркәсіптегі өндіріс көлемі 2 еседен артық ұлғайды.

Республика ауыл шаруашылығының артта қалуы. Тың және тыңайған жерлерді игеру

50-ші жылдардың басында бүкіл ел бойынша ауыл шаруашылық өнімдерін дайындаудың дәрежесі біршама төмендеді. Ауыл шаруашылық өнімдерін дайындау бағасының арзан болуы өнімді көп өндіруге ынталандырмады, колхоздардың шығынын әрдайым өтей бермеді. Ауыл шаруашылық өнідірісінің артта қалуының бір себебі партия органдарының басшылығындағы елеулі кемшіліктердің салдары еді. Ауыл шаруашылығын дамытудың мүмкіндіктері жете пайдаланылмады. Дәнді дақылдардың шығымдылығы төмендеп кетті. Тіпті ауа райы қолайлы болған жылдардың өзінде республика небәрі 100-150 млн. пұт (шамамен 1, 6-2, 4 млн тонна) ғана тауарлы астық өндірді. Ал республикада, әсіресе, оның солтүстік және солтүстікбатыс облыстарында пайдаланылмай келген, егіске жарамды ұлан-ғайыр құнарлы жерлер бос жатты.

Қазақстан ауыл шаруашылығының мұндай жағдайы осы аса маңызды сала бойынша бүкіл елдегі істің жағдайын бейнеледі. Бұл жөнінде КОКП Орталық Комитетінің 1953 жылғы қыркүйекте өткен пленумында барынша айқын айтылды. Ірі-ірі әлеуметтік-экономикалық шаралар белгіленді.

Бұлардың ішіндегі ең маңыздылары - ауыл шаруашылығы еңбеккерлерінің егіншілік пен мал шаруашылығы өнімдерін өндіруді арттыруға материалдық ынталылығы қағидасын қалпына келтіру, колхоздарды, МТС-тер мен совхоздарды ауыл шаруашылығының білікті маман, механизатор кадрлармен нығайту, барлық ауыл шаруашылық процестерін механикаландыру дәрежесін көтеру, ауыл шаруашылығына жұмсалатын күрделі қаржыны көбейту, ауыл шаруашылық өндірісін жоспарлауда колхоздар мен совхоздардың құкықтары мен ынта-ықыласын арттыру. Ауыл шаруашылық өнімдерін дайындау және оны сатып алу бағалары қай-та қаралып, едәуір көтерілді. Осы тұста көптеген қала тұрғындары, әсіресе бұрынғы ауыл шаруашылық қызметкерлері, әр түрлі себептермсн өнеркәсіпке, транспортқа, құрылысқа жұмысқа ауысқан мамандар мен механизаторлар селоға оралуға тілек білдірді. 1953 жылдың аяғында өнеркәсіп пен халық шаруашылығының басқа да салаларынан 2536 механизатор-тракторшылар мен комбайншылар, 4905 маман-агрономдар, инженерлер, зоотехниктер, мал дәрігерлері және басқалар республиканың МТС-тері мен МЖС-теріне жұмыска ауысты. Сонымен бірге РСФСР-деп Қазақстанға бірнеше жүздеген инженерлер мен техниктер келді. Өнеркәсіп орындарының ұжымдары ауыл шаруашылық техникасын шығаруды ұлғай-тты. 1953 жылдың аяғында республиканың1096 кәсіпоры-ны мен мекемесі 928 колхозды, 185 МТС пен МЖС-ті қамқорлыққа алды.

1954 жылы КОКП Орталық Комитеті ақпан-наурыз Пленумында елімізде азық-түлік мәселесін шешу үшін шығыс аудандарда тың және тыңайған жерлерді игеру мәселесі қойылды. Оны игеруге Қазақстан кеңінен қатыстырылды. Мұнда қысқа мерізімде тың жерлерді игеру есебінен егіс көлемі 35 млн. гектарға дейін жеткізіліп, солтүстік аудандарда жүздеген жаңа поселкелер, совхоз орталықтары салыңды.

1970-1990 жылдары Қазақстанда өнеркәсіп косшорындары мен цехтар салынды. Павлодар - Екібастұз, Қаратау - Жамбыл, Маңғышлақ, Теміртау - Қарағанды, Рудный - Алтай, Қостанай - Лисаковск және басқа да бірегей территориялық-өндірістік комплекстер (ТӨК) іске қосылды және даму үстінде болды. Халық шаруашылығына жаңа салалары - газ, подшипник, трактор, фосфор, атом өнеркәсібі пайда болып, интенсивті түрде дамыды. Республика титан, магний, глинозем, шойын, кокс, жасанды каучук, полиметалл аммофос, көтергіш крандар, электро-двигательдер, осы заманғы сым созатын станоктар, ұста-пресс машиналарын және басқаларды шығара бастады. Шевченко (Ақтау) қаласында тұңғыш рет шапшаңдатылған нейтронды (Б- 350) өндірістік атом реакторы жұмыс істей бастады. Екібастұз еліміздің төртінші көмір ошағы деп аталды. 80 жылдары мұнда Советтік Қазақстанда совет өкіметі орнаған жылы бүкіл елімізде өндірілгендегіден көп көмір шығарылады. Ермак ферросплав, Павлодар алюминийді қайта өңдеу заводтары салынды. 1975 ж. мартта 100 мыңыншы трактор жасап шығарғанды. Ұзындығы 1500 км Өзен - Гурьев - Куйбышев "ыстық" мұнай құбыры салынды. Қаратаудағы фосфорит кені негізінде химия өнеркәсібінің ірі территориялық-өндірістік комплексі (ТӨК) пайда болды. Қаратау - Жамбыл ТӨК-і СССР-дегі сары фосфор мен құрама тыңайтқыш ондіру жөніндегі ірі базаға, Соколов-Сарыбай және Лисаковск кен байыту комбинаттары Урал мен Қазақстандағы қара металлургияның ірі шикізат базасына айналды. Көмір ондірудің негізгі процесі толық механикаландырылды. Жер асты рудниктерінде кен қазудың прогрессивті әдістері өндіріске енгізідді. Түсті металл балқыту оттегін үрлеуді қолдану арқылы жүзеге асырылады. Өнеркәсіпте механикаландырылған тасқынды және автоматты желілерді автоматты басқару жүйесінің, есептеу және информациялық орталықтардың саны артты.

1965-80 жыддары республика бойынша өндірілген жалпы қоғамдық өнім 3 еседен астам өсті. 1940 ж. шығарылған өнеркәсіп өнімдерінің көлеміндегі өнімді республика 1965 ж. 30 күнде, 1970 ж. 19, ал 1978 ж. 12 күнде өндірді.

Өндірілген өнеркәсіп өнімдері мен электр энергиясының жан басына шаққанда Қазақстан еліміз бойынша алдыңғы орындардың біріне ие болды. Жарыстың коллективтік және жеке түрлері бір-бірімен табиғи үйлестірілген. Жұмысшы табының қалың тобы "Қатарымызда бірде-бір артта қалушы болмасын", "Бескүндік тапсырмасын төрт күнде", "Сапа бесжылдығына - жоғары кепілдік" деп аталатын патриоттық қозғалыс азаматтық үлкен мәнге ие болды. "Қазақстандық сағат үшін", "Тиімділік пен сапа бесжыддығына - жастардың энтузиазмы мен творчествосы", "Қол еңбегін - механизм-дерге жүктейік", "Тиімділік пен сапа бесжылдығына - тыңның толық дәнді масағы" деп аталатын және басқа да бастамалар республика жастарының творчестволық еңбек және саяси белсенділіктерінің артуына ықпал етті. Семей облысы Шүбартау ауданы мектеп бітірушілерінің "Мал шаруашылығы - жастар ісі" деп аталатын бастамалары қолдау тапты. Жеке творчестволық жоспар бойынша жарысқа түсу, аралас мамандық кәсіпорындарының жарысы, достық бал-қымасы, бригадалық шаруашылық есепті енгізу қозғалысы т. б. кең өрістетілді. Ғылым мен өндіріс қызметкерлері арасындағы өзара достық нығайды. Осы жылдарда ҚазССР ҒА республика халық шаруашылығын, экономикасы мен мәдениетін өкендетудің маңызды проблемаларын шешетін еліміздегі ірі ғылыми орталыққа айналды. Республика ғылымдарының геология, сейсмология, металлургия, химия, зооло-гия, астрофиз және жаратылыстану техника білімдер салала-рындағы зерттеулерінің нәтижелері дүние жүзіне белгілі болды.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Психология пәні
Соғыстан кейінгі жылдардағы Қазақстанда халық шаруашылығы мен мәдениеті
Интеллектуалдық әлеует пен этномәдени өмірдің өзара ықпалдастығын зерделеу
Тарихшы Е. Бекмахановтың ісі
Қызылорда облысының мәдени даму белестері (1946-1991 жж.)
Кеңес өкіметінің орнауы
Бекмахановтың ісі
Соғыстан кейінгі Қазақстан (1946 - 1980 жж. )
Қазақстан соғыстан кейінгі жылдарда
Ұлы Морав мемлекеті
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz