Қазақстан территориясын табиғи географиялық тұрғыдан зерттеуд


Қазақстан территориясын табиғи географиялық тұрғыдан зерттеудің арнайы тақырыптық кезеңі .
Ресейде империализм дәуірінің басталуына байланысты 19- ғасырдың 90-жылдары Қазақстан территорисын табиғи географиялық тұрғыдан зерттеу жаңа кезеңге аяқ басты. Қазақстанның кен байлықтарына, кен шығатын оындарын пайдалануға ауыл шаруашылық жерлерін игеруде Ресейдің мүдделілігі барған сайын арта түсті. Ал мұның өзі жергілікті жағдайлармен ресурстарға табиғи географиялық жағынан арнайы тақырыптық зерттеулер жүргізу, темір жол салу, құрылысты өрістету, шаруаларды жаңа қоныстарға көшіру және т. б мүмкіндіктерін қарастыру қажеттігін тудырды.
Ембінің мұнайы, Қарағандының көмірі, Риддердің мыс рудасы және т. б сияқты Қазақстанда қазба байлықтарының аса ірі кен орындарының ашылуы орыс, сондай ақ шетел капиталы бірлестіктерінің назарын айрықша аударды. Қазақстанда экономикалық жағынан отар елге айналдыруға барынша мүдделі болған Ресей капиталистері Ресейге неғұрлым арзан шикізат әкетудің түрліше айла тәсілдерін іздеді. Сөйтіп мұнда темір жол тарту қажеттігі туды.
19-ғасырдың аяғынан бастап патша үкіметі шаруаларды Ресейдің шығыс аудандарына қоныс аудару арқылы олардың жер үшін күресін әлсіретуге тырысты. 1896жылы қайта қоныстандыру басқармаы құрылып, ол шаруаларды Ресейдің шет аймақтарына көшіру істерімен айналысты. Ауыл шаруашылығы үшін игеруге және отарлауға жарамды алқаптарды іздеп табу мақсатымен патша үкіметі Қазақстанның далалы аудандарына ерекше көз тікті. Сөйтіп Қазақстанның кең байтақ далаларын зерттеуге . үлкен ғылыми күштерді жұмылдырды.
Осыған байланысты 19-ғасырдың аяғынан бастап Қазақстанды геологиялық географиялық тұрғыдан зерттеу одан ары жалғастырылды.
Бұдан бұрын айтылғанындай, 19-ғасырдың 2-жартысындағы аса көрнекті жаратылыстанушы орыс ғалымдарының физикалық географиялық зерттеулері нәтижесінде Қазақстан территориясы бұл уақытта негізінен таныма болғанды. Енді Қазақстан жерін одан әрі зерттеу жұмыстары табиғаттың жеклеген құбылыстаын, шаруашылық тұрғыдан аса маңызды белгілі бір аудандардың физикалық географиялық жағдайларын егжей тегжей танып білу бағытында жалғастырылды.
Қазақстанды физикалық географиялық танып білудің классикалық кезеңінде қол жеткен қыруар табыстарға тоқмейілсіген орыс географиялық қоғамы 19-ғасырдың аяғына таман өлкені географиялық зерттеу ісін күрт бәсеңдетіп жіберді. Тіпті Қазақстанда жалпы географияық зерттеу жұмысы аяқталды деген пікір туды. Қазақ жерін бір сыдырғы танып білген орыс географтары енді өз қызметін Ресейдің шығыс аймақтарымен өзге көршілес елдерге ауыстырды. Орыс географиялық қоғамы Орынбор, Батыс Сібір, Түркістан бөлімдерінің және Семей бөлімшесінің барлығын ескеріп, Қазақстан территориясын физикалық географиялық зерттеу міндетін бұдан былайғы жерде соларға жүктеді. Л. С. Берг әділ атап көрсеткеніндей, «20-ғасырдың басынан бергі уақытта, тіпті одан да ертерек бірқатар бөгде ұйымдар далалық зерттеу жұмыстарына жұмылды. Ең әуелі олардың қатарына Ресей тауларының бітімін және геологиясын іскерлікпен зерттеп, талай талай тамаша еңбектер жариялап шығарған геологиялық комитет, сосын Ғылым Академиясы жатады. Бұл орайда Сібір мен Түркістанның әр тарабына көптеген экспедициялар аттандырып, ботаникалық және топырақ зерттеу жұмыстарын жүргізген қайта қоныстандыру басқармасында айтуға болады».
Осы кезеңде Қазақстан территориясында темір жол құрылысын жобалау және салуға кірісу кең көлемді геологиялық және географиялық гидрологиялық зерттеулерді бастауға түрткі болды.
Қазақстан жеріндегі ірі темір жол құрылысының Орынбор Ташкент темір жолының тұңғыш жобасы 1874 жылы жасалды. Бірақ бұл жолдың құрылысы тек 1899-1905 жылдары ғана жүзеге асырылды.
1895-1904 жылдары Сібір темір жолы салынды.
Жоғарыда аттары аталған ұйымдар қолға алып жүргізген арнайы тақырыптық экспедициялық зерттеулер тек ғылыми білімдердің кеңеюіне ғана емес, сонымен қатар Қазақстанның табиғи байлықтарын неғұрлым көбірек пайдалануға да септігін тигізді.
Темір жолдардың бойларында бірқатар геологиялық экспидициялар жұмыс істеп, оларға, К. И. Богданович, Н. К. Высоцкий, А. А. Краснопольский, А. К. Мейстер, Н. Н. Тихонович, И. И. Жилинский және басқалар қатысты.
Олар өздерінің зерттеу жұмыстарымен Солтүстік және Орталық Қазақстанның темір жол салынып жатқан маңдағы кең алқаптарын қамтыды және осы аудандардың геологиялық құрылымының негізгі белгілерін сипаттайтын өптеген өте құнды материалдар берді. Гоелогтар жариялаған еңбңектерде геологиялық сипаттарымен қатар сол аймақтардағы таулардың орографиясы да суреттелген.
Батыс Сібір ойпатының оңтүстігіндегі үштік және төрттік дәуірлерде пайда болған борпылдақ қабаттарды зерттеген Н. К. Высоцкиййдің еңбектерінің шоқтығы ерекше биік. Борпылдақ қабаттарының жіктелуінің өзіндік беогілерін тұңғыш рет зерттеген Н. К. Высоцкий сонымен бірге осынау ұлан-ғайыр ойпаттың геологиялық тарихын да анықтады. Сөйтіп ойпаттың негізгі табиғи ерекшкліктеріне генетикалық түсінік берді. Н. К. Высоцкийй палеографиялық көзқарастары бертін келгенше Батыс Сібір бойынша геологиялық және географиялық жұмыстар үшін жетекші нұсқау болып келеді. Тек соңғы жылдары ғана оның тұжырымдарына елеулі толықтырулар мен өзгерістер енгізіле бастады.
Қазақстанның табиғат жағдайларын фтзикалық географиялық тұрғыдан зерттеу үшін геологияық комитет басқарған геолог ғалымдардың еңбектері аса маңызы роль атқарды. Геолог ғалымдар Қазақстан территориясын белгілі жоспар мен программа бойынша жүйелі түрде зерттеген екінші кезеңнің өресі 19-ғасырдың 2-жартысындағы іс деңгейінен анағұрлым жоғары тұр. 19- ғасырдың 2-жартысында негізгі геологиялық жұмыстарды оқта текте ғана ұйымдастырылған экспидициялар жүргізді, әрі олар көбіне әртүрлі ведомстволарға бағынған тау-кен инженерлерінің сондай ақ кездейсоқ жергілікті әуесқой зерттеушілердің күшімен атқарылды.
Ал сөз болып отырған екінші кезеңде Қазақстанның түрліше аймақтарында геологиялық және табиғи географиялық зерттеулерді үкімет тапсырмасы, бойынша, А. Н. Седельников, В. В. Сапожников, В. А. Дубянский, Л. С. Берг, В. А. Обручев, Б. Ф. Мифферд, С. Н. Никитин, Н. И. Андрусов, М. М. Пироговский және т. б сынды әр саладағы айтулы маман ғалымдар жүргізді. Олармен қоса қазақ жерінде шетел саяхатшылары мен зерттеушілері де болды.
В. В. Сапожниковтың 1902-1904жылдары Тянь-Шань мен Жоңғар өлкесіне барған экспидициясы Қазақстан территориясын зерттеуде маңызды орын алды.
В. В. Сапожниковтың бірінші экспидициясы Іле Алатауында, Тянь- Шаньның Сарыжаз өзені бастау алатын маңында және Жоңғар Алатауында болды. В. В. Сапожников Арғанаты қыратында, Балхаш көліне, Үлкен және Кіші Алматы өзендерінің алқабына саяхат жасады. Верный қаласынан шығып, Қастек пен Боам шатқалын басып өтіп саяхатшы ғалым Ыстықкөлге, одан Пржевальск қаласына жетіп, әрі қарай Тянь-Шаньның биік шоқысы Сарыжаздың жүйесіне көтерілді. Семенов мұздығын зерттеу үшін Сарыжаздың жоғары ағысына бірнеше дүркін сапар шеккен В. В. Сапожников Хан Тәңірі шыңының биіктігін өлшеп, Баянкөл өзенінің алқабы арқылы Жаркент қаласына барды, одан әрі шекарадағы Қорғас өзенінің алқабын өтіп Көксу өзенінің аңғары арқылы Қапалға шықты. Экспидиция жолай Қора, Ақсу, Бүйен өзендерінде және олардың мұздықтарында болды.
Екінші саяхатында В. В. Сапожников Сауыр тау торабымен, оған жалғасып жатқан Маңырақ және Тарбағатай жоталарымен танысты.
Осы зерттеулер нәтижесінде В. В. Сапожников алдын ала жазған есептермен қоса «Жетісу очерктері» деген атпен екі томдық еңбегін де жариялап, оларда жүрген жерлерінің табиғи географиялық жағдайларын толық баяндап жазды, жолай кездескен өсімдіктерге егжей-тегжейлі сипаттама берді. Зерттеуші жолда кездескен тауларды, адыр қыраттарды, төбелерді кейде барометрлік жолмен, бағызы бірде аспап құралдармен өлшеп, олардың тізімін жасады. Автор аталған еңбегінде Жоңғар Алатауындағы Қора, Бүйен, Ақсу өзендерінің, сондай ақ Түрген, Теректі және т. б өзендердің бастау сағаларында өзі ашқан мұздықтар жайында көптеген деректер келтіреді. Саяхатшы Сарыжаз өзенінің маңында ежелгі заманда мұз басқан кең алқаптың іздері туралы қызғылықты мағлұматтар алды. Іле Алатауындағы Есік көлінің алқабында да ертеде мұз жатқаны атап көрсетілді. Жетісудың табиғатына, өсімдіктері мен жанурлар дүниесіне тән ерекшеліктерге тоқтала келіп, В. В. Сапожников бұл өңірді «солтүстікте Сібір мен оңтүстікте Түркістанның екі арасын байланыстырып тұрған дәнекер» деп есептейді. «Алтайдың солтүстігінен оңтүстігіне жүрген сайын, одан Ертіс алқабын, Сауыр мен Тарбағатайды, Балхаш, Алакөл мен Жоңғар далаларын, Жоңғар Алатауын, Іле алқабын, Іле Алатауын басып, Памир арқылы Гималай тауларымен жалғасып жатқан Тянь-Шаньға» дейін өткенде өсімдіктер мен жануарлардың Сібірлік белгілері бірте бірте жоғалып, оларда Түркістан тіпті Гималай жеріне тән қасиеттер болатынын байқаймыз».
Ғалым еңбегінде Жоңғар Алатауының шығыс бөлігіндегі таулардың құрылымын сипаттайды. Автор ең биік деген тау шоқыларының солтүстік беткейі әуелі тік жарқабақ болып келетінін, содан ілезде көлбеу жоталарға айналатынын және олардың ара арасын тау өзендерінің терең шатқалдары кесіп өтенінін атап көрсетеді. Онан әрі солтүстікке қарай әлгі таулар аласарақ жондарға айналып, оның сілемдері Жоңғар даласына ұласады.
Ал Жоңғар Алатауының батыс бөлігіне келетін болсақ, оның толық сипаттамасын Гамбург География қоғамының мүшесі, доктор Макс Фредрихсеннің еңбегінен табамыз. Ол еңбек «Dr. Max Treiderichsen Forschungreise in den Zentralen Tienschan und osungarischen Alatau» деген атпен Гамбургте 1904ж жарық көрді. Кезінде профессор В. В. Сапожников өзінің тұңғыш саяхатына осы неміс ғалымымен шыққанды. М. Фридриксеннің пікірі бойынша, Жоңғар Алатауы өзара қапталдас жатқан негізгі екі тау тізбегінен тұрады. Солтүстік және оңтүстік болып екіге жарылатын осы жоталардың арасын тау тізбектерін бойлай бір біріне қарама қарсы ағатын Көксу және Боратал өзендерінің алқаптары бөліп жатыр. Жаңағы айтқан тау тізбегі Солтүстік Тянь Шань тауларын тән бағытта яғни сілемі бірден солтүстік батыс жақа бұрылады да, қыр арқасы оңтүстікке қараған қос иін пайда болады. Солтүстік беткейдің солтүстік тізбегіне қапталдаса ілгері ұмтыла біткен тағы екі тізбек бар. Бұл екеуінің ортасында және негізгі тізбекпен екі аралығында биік қырат жатыр. Ал автор Көксу мен Боратал өзендерінің алқаптары тектоникалық жолмен пайда болған деп топшылайды.
Ғалым көп замандар бойы климаттың континентальды болуы тау жүйелерінің даму барысында елеулі әсер еткенін атап көрсетіп сол кезеңдерде тау етектерінде шөгінділердің қалың қабаттары жиылған болуы ықтимал деп есептеді. Ал бұл қабаттар таудың солтүстік беткейі мен батыс сілемдерінде, үгілуден, су шаюдан пайда болған жыраларды қалыптастырады. М. Фредиксеннің болжамы бойынша ол «жыралар»Сарыжаз өзенінің бастауындағы таулы аймақта жатқан Сырттарға ұқсайды. Бір айырмашылығы Сырттар тау ішінде»жыралар»оның етегінде болады.
Жоңғар Алатауында Сарыжаз өзенінің аңғарындағы сияқты қиыршық тастардан жаралған биік алқаптар жоқ. . оның ұзынша біткен алқаптары көбіне биік таулы өлкенің жер жағдайына ұқсайды. Тек Боратал өзені аңғарының ғана Сарыжаз өзенінің алқабына ұқсастығы бар. Бұл арада автор Сарыжаз өзенінің маңында мұхитқа шықпайтын тұйық таулы өлкенің «шеткері» жатқан Жоңғар Алатауынан айырмашылығын аңғарып, сол туралы В. В. Сапожниковтың деректеріне М. Фридрихсен елеулі толықтырулар енгізді.
1902 жылы Мюнхен географы әрі альпинисі Г. Мерцбахер Жетісуға келеді. Оның басты мақсаты Хантәңірі тауларын және Сарыжаз өзенінің жоғары сағасын зерттеу еді. Геолог Кайдельмен бірге ол Ыстықкөлді, Санташ асуын, Баянкөл өзенін, Сарыжаз өзенінің жоғары сағасын, Ашатұр мен Инешік мұздықтарының алқаптарын аралап, одан Нарынқол асуымен Мұзарт арқылы Қашқар өлкесіне өтті. Орталық және Шығыс Тянь-Шаньның жалпы геологиясын, орографиясын, гляциологиясын, картографиясын және географиясын қарастырған Г. Мерцбахер экспидиясының жұмысы өте мөте нәтижелі болды. Г. Мерцбахердің есебі «Vonlantiger Vericht uber ainen in Ichren 1902 1903 ausgefurte Far schingsreise in den zeutr Tionschon» деген атпен 1905 жылы Лондонда басылды. Тянь-Шаньның морфологиясымен қалыптасуының алуан түрлі мәселелерін қамтыды.
1905, 1906, 1909 жылдары атақты геолог әрі Сібірді зерттеуші В. А. Обручев Жоңғар өлкесінің шекаралас аудандарында болды. Үш жаз бойғы сапарында ғалым Жоңғар өлкесінің геологиясы мен тектоникасына байланысты аса маңызды мәселелерді шешу үшін толық, әрі хеткілікті мәлімет жинады. Ол Алтай тау жүйесі мен Тянь-Шаньның шекарасы туралы дәл анықтады. Зерттеушінің бақылауы бойынша Жоңғар өлкесінде опырылмалы тектоника ерекше орын алады. . мұнда жердің көтерілуі бор дәуірдің аяғында және үштік дәуірдің басында пайда болғанға ұқсайды. Шекаралас Жоңғар жерінде тектоникалық жарылыстар салдарынан ұзындығы мен ені әр түрлі бөліктерге бөлініп кеткенде, олардың бірі жоғары, бірі төмен түскен және әр түрлі биіктікте орналасқан. В. А. Обручев Жоңғар қақпасын ұлан ғайыр Балхаш Алакөл және Ебінұр Айранкөл ойпаттарын жалғастыратын көлденең біткен жон деп есептеді.
В. А. Обручевтың Жоңғар өлкесін зерттеуі Орта Азия мен Қазақстан территориясын тарихын зерттеу саласындағы көп жылғы еңбегінің заңды жалғасы еді. Ғалым Орта Азияда өз жұмысын 1886 жылы бастап, бұл атыраптағы құмдардың шығу тегін зерттеді.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz