Еңбек мүмкіншілігі мен еңбек ресурстары



Пән: Экономика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 8 бет
Таңдаулыға:   
ЕҢБЕК РЕСУРСТАРЫ
1.1 Еңбек мүмкіншілігі мен еңбек ресурстары, олардың құрамы мен құрылымы, қалыптастыру көздері
1.2 Кәсіпорын персоналының негізгі сипаттамасы
1.3 Кәсіпорындағы еңбек ресурсының жіктелуі
1.4 Кәсіпорынның еңбек ресурсының көрсеткіштері мен еңбек өнімділігі

1.1 Еңбек мүмкіншілігі мен еңбек ресурсы, олардың құрамы мен құрылымы, қалыптастыру көздері

Еңбек ресурсы - қызмет көрсету мен материалдық игілікті өндіру үшін физикалық және интеллектуалдық мүмкіншілігі бар мемлекет халқының жұмысқа қабілетті бөлігінен тұратын қоғамның негізгі өндірістік күші. Еңбек ресурсына жұмыс істеуге қабілетті, бірақ жұмыспен қамтылмаған және экономикаға қатысатын азаматтар жатады.
Еңбек ресурсын жұмысбастылар мен жұмыссыздардан тұратын эко-номикалық белсенді және экономикалық енжар халық деп бөлеміз. (Сурет 8.1)
Экономикалық белсенді халық - тауар мен қызмет өндірісі үшін жұмысшы күшінің ұсынысын қамтамасыз ететін халықтың бөлігі.
Жұмысбасты адамдар екі топқа бөлінеді:
I топқа - жалданып жұмыс істейтіндер (жалдамалы жұмысшылар) жатады. Осы топқа еңбек туралы келісімнің шартына сәйкес еңбек ақы төлеуді қамтамасыз ететін;
II топқа - жалданып жұмыс жасамайтындардың барлығы жатады. Бұл топқа: жұмыс берушілер, жеке негізде жұмыс жасайтын тұлғалар жатады. Осы топ жұмыскерлерінің еңбек ақысы тауар мен қызмет өндірісінен алынатын пайдаға байланысты болады.

Сурет 1.1 - Еңбек ресурсының құрамы

Жұмыссыздарға ҚР-ның Халықты еңбекпен қамту туралы заңына сәйкес халықтың экономикалық тұрғыдан белсенділігін өлшеу үшін белгіленген жастағы, қаралып отырған кезең ішінде бір мезгілде үш негізгі критерийге жауап беретін адамдар жатады:
а) жұмыссыз болды (табысты жұмысы болмады);
ә) оны іздеумен белсенді айналысты;
б) белгілі бір кезең ішінде жұмысқа кірісуге әзір болды.
Осы аталған үш белгі жұмыссыздық ұғымын қалыптастырады және осы белгілердің біреуі жоқ болған жағдайда азаматты жұмыссыздарға жатқызуға болмайды.
Экономикалық енжар (әрекетсіз) халық - экономикалық тұрғыдан белсенді халықты өлшеу үшін белгіленген жастағы жұмыспен қамтылған немесе жұмыссыз болып табылмайтын адамдар. Қазақстан Республикасының экономикалық тұрғыдан белсенді және енжар халқының сипаттамасы 1.1 - кестеде көрсетілген.
Еңбек ресурсының құрылымдық көрсеткіштерін жеке-жеке қарастырайық.
Жынысы бойынша еңбек ресурсының көрсеткіштері кәсіби-салалық және аумақтық кескіндерде жұмысты ұсыну аясы бойынша жұмысбастылық құрылымын тиімді қалыптастыру үшін маңызы зор. Бұл көрсеткіш қоғамдық өндірістегі, үй және жеке шаруашылықтағы, оқудағы және т.б. салалардағы ерлер мен әйелдердің қатынасын анықтайды. Жынысы бойынша еңбек ресурсының құрылымы мемлекеттің аумағы мен жұмысбастылық аясы бойынша анықталады.
Жасы - жалпы халықтың ішінен еңбек ресурсын бөліп алу үшін қолданылатын көрсеткіш. Адамның физикалық және интеллектуалдық қабілеті осы критерий арқылы анықталады: адам өмірінің бастапқы кезеңі мен орта жасында олар қалыптасады және толықтырылады, ал қартаюына қарай азаяды.

Сурет 1.2 - Еңбек ресурсының құрылымы

Еңбек ресурсының білім көрсеткіші оқыту жылының орташа санымен, оқушылар мен студенттердің санымен, жоғарғы білімді мамандардың үлес салмағымен және т.б. анықталады. Білім деңгейі сауаттылық дәрежесін, оқу жылының орташа санымен, халықтың алған біліміне байланысты топтарға бөлумен сипатталады.
Қоғамдық топтар әртүрлі: кәсіби одақтар, жастар ұйымы, спорттық ұйымдар, мәдени, техникалық және ғылыми қоғамдар.
Кәсіпорын жұмысшыларының кәсіби құрылымы - өндіріс құралы мен жұмысшы күшінің тікелей біріккен жердегі кәсібі мен біліктілігінің қатынасы.
Қазақстан Республикасының жұмыспен қамтылған халықты экономикалық саладағы қызмет түрлері бойынша бөлінеді.
Экономика мен басқару тәжірибесі мен ғылымда еңбек ресурсы ұғымынан басқа қоғамның, ұйымның, жеке жұмыскердің еңбек әлеуеті термині де қолданылады. Еңбек әлеуеті - анағұрлым көлемді, жан-жақты ұғым, өйткені оның негізін әлеует термині - белгілі-бір мақсатқа қол жеткізу, қандай-да бір міндеттерді шешу кезінде қолданатын, қозғалысқа келтіре алатын мүмкіншіліктер, қорлар, заттар көзі құрайды.
Қоғамның еңбек әлеуеті сандық және сапалық сипатта болады: еңбекке қабілетті халық саны; еңбекке қабілетті халықпен атқарылатын жұмыс уақытының саны; денсаулық жағдайы, қоғамның еңбекке қабілетті мүшелерінің дамуы мен физикалық қабілетсіздігі; біліми және біліктілік деңгейі; еңбекке қабілетті халықтың адамгершілік жағдайы.

1.2 Кәсіпорын персоналының негізгі сипаттамасы

Еңбек ресурсы ұғымы экономика саласындағы, өңіріндегі, мемлекет деңгейінде немесе кәсіпорында еңбекке қабілетті халыққа сипаттама беру ішін қолданылады. Ал жеке кәсіпорын шеңберінде анағұрлым жақын қолданылатын термин - персонал, яғни жұмыс жасайтын меншік иелері мен барлық жалдамалы жұмысшыларды қосқандағы кәсіпорынның жеке құрамы.
Кәсіпорын персоналының негізгі сипаттамасы болып жұмысшылардың саны мен құрылымы саналады.
Кәсіпорынның персонал саны оның өндірістік және басқару процесінің сипатына, күрделілігіне, еңбек сыйымдылығына, сондай-ақ, механизациялау, автоматизациялау, компьютеризациялау дәрежесіне байланысты болады. Бұл факторлар оның нормативтік (жоспарлық) мағынасын анықтайды. Персоналдың объективті сипаты болып тізімдік (іс жүзіндегі) саны, яғни сол кезеңде кәсіпорында жұмыс жасайтын жұмысшылар саны жатады.
Кәсіпорынның персонал құрылымы - жұмысшылардың бірқатар белгілері мен категориялары бойынша біріккен жеке топтарының жиынтығы. Олар, өндіріс процесіне қатысуына байланысты: өнеркәсіптік-өндірістік персонал - өндіріспен тікелей байланысты жұмысшылар және өнеркәсіптік емес персонал - өндіріспен және оған қызмет көрсетумен тікелей байланысы жоқ, әлеуметтік инфрақұрылымдағы (кәсіпорын балансындағы балалар бақшасындағы және медицина мекемелеріндегі жұмыскерлер) жатады.
Еңбек функциясының сипатына байланысты өнеркәсіптік-өндірістік персонал мынадай категорияларға жіктеледі:
- жұмысшылар - бұл өндірістік және транспорттық қызмет көрсетумен немесе материалдық құндылықтың пайда болуымен тікелей байланысты жұмысшылар. Жұмысшылар негізгі (өнім өндірісімен тікелей байланысты) және көмекші (өндіріске қызмет көрсетумен байланысты) деп екіге жіктеледі;
- мамандар - экономикалық, инженерлі-техникалық, заңдылық, әкімшілік және басқа да функцияларды жүзеге асыратын жұмысшылар. Оларға: экономистер, инженерлер, технологтар, заңгерлер, кадр жөніндегі инспекторлар, бухгалтерлер және т.б. жатады.
- қызметкерлер (техникалық атқарушылар) - қаржылық-есептік функцияларды, құжаттарды дайындау мен толтыратын, шаруашылық қызмет көрсететін және басқа да функцияларды жүзеге асыратын жұмысшылар. Оларға хатшылар, табельщиктер, кассирлер, экспедиторлар және т.б. жатады.
- басшылар - кәсіпорынды басқару функцияларын жүзеге асыру. Басшыларды мынадай деңгейге бөлеміз: жоғарғы деңгей (жалпы кәсіпорын - басшы, жоғарғы басшы, басқарушы және оның орынбасарлары); орташа (негізгі құрылымдық бөлімшелердің басшылар - цехтардың, бөлімдердің басшылары, сондай-ақ, бас мамандар) және төменгі (арқарушы жұмысын орындаушылар - бюро, сектор, мастерлер басшысы).
Кәсіпорын персоналын осылайша категорияларға жіктеу нормативтік құжаттарға сәйкес жүргізіледі.
Қазір біздің қоғамымыздың дамуына байланысты басшылар лауазымына менеджер лауазымы жатқызылады. Менеджер кәсіпорын қызметін (жоғарғы деңгей), оның құрылымдық бөлімшелерін (орта деңгей) немесе бизнес аясында белгілі-бір қызметті (төменгі деңгей) басқаруды жүзеге асырады. Төменгі деңгейдегі менеджерлер шағын және орта кәсіпкерліктің даму жағдайында осы қызметті ұйымдастырушылар болып табылады.

1.3 Кәсіпорындағы еңбек ресурсының жіктелуі
Кәсіпорын ішінде жұмысшыларды бөлу, бір жағынан кәсіпорынның жұмысшы күшіне деген қажеттілігін, ал екінші жағынан жұмысшылардың жеке амбициясын жүзеге асыруын қанағаттандыруға мүмкіндік береді.
Қазіргі уақытта жұмысшыларды бөлу мен қайта бөлу әртүрлі ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Отын – энергетикалық кешен
Экономикалық ресурстар мен экономикалық факторлар
Кәсіпорында персоналды басқару жүйесі
ҰЙЫМНЫҢ МАҒЫНАСЫ МЕН ТҮРЛЕРІ
«Өндірістік экономика және менеджмент» пәні бойынша дәрістер жинағы
Қызметшілер санын анықтау
Кәсіпорын кадрларын талдау және оның есебі.
Нарықтық экономиканы дамытудың экономикалық қатынастары мен заңдылықтары
Жүйе ретіндегі Ұлттық экономика
Банкінің атқаратын функциясы және мәні
Пәндер