КӘСІПОРЫН ШАРУАШЫЛЫҚ ЖҮРГІЗУ ОБЪЕКТІСІ РЕТІНДЕ


КӘСІПОРЫН ШАРУАШЫЛЫҚ ЖҮРГІЗУ ОБЪЕКТІСІ РЕТІНДЕ
1. 1 Кәсіпорын - дербес шаруашылық жүргізуші субъект және нарықтық қатынастың негізгі жүргізуші
1. 2 Кәсіпорынның негізгі және қосымша белгілері бойынша жіктелуі
1. 3 Кәсіпорынның ұйымдық-құқықтық формалары
1. 1 Кәсіпорын - дербес шаруашылық жүргізуші субъект және нарықтық қатынастың негізгі жүргізушісі
Кәсіпорын - мемлекеттің экономикалық жүйесінің шаруашылық бірлігі. Кәсіпорын - пайда алу мақсатында коммерциялық, ғылыми-зерттеу, өндірістік қызметтерді жүзеге асыратын, заңды тұлғалардың құқығына ие өзбетінше әрекет ететін шаруашылық жарғылық субъект, ұлттық экономиканың басты буыны болып табылады.
Меншiк, шаруашылық жүргiзу немесе жедел басқару құқығындағы оқшау мүлкi бар және сол мүлiкпен өз мiндеттемелерi бойынша жауап беретiн, өз атынан мүлiктiк және мүлiктiк емес жеке құқықтар мен мiндеттерге ие болып, оларды жүзеге асыра алатын, сотта талапкер және жауапкер бола алатын ұйым заңды тұлға деп танылады.
Заңды тұлғаның дербес балансы немесе сметасы болуға тиiс. Заңды тұлғаның өз атауы жазылған мөрi болады.
Мүлiктiк кешен ретiнде кәсiпорынның құрамына оның қызмет етуiне арналған мүлiктiң барлық түрлерi, соның iшiнде үйлер, ғимараттар, жабдықтар, құрал-саймандар, шикiзат, өнiмдер, жер учаскесiне құқық, талап ету құқықтары, борыштар, сондай-ақ оның қызметiн дараландыратын белгiлерге құқықтар (фирмалық атау, тауар белгiлерi) және, егер заң құжаттарында немесе шартта өзгеше көзделмесе, басқа да айрықша құқықтар енедi.
1. 2 Кәсіпорынның негізгі және қосымша белгілері бойынша жіктелуі
Кәсіпорындар экономикада бірнеше белгілері бойынша жіктеледі:
1. Меншік формасына байланысты:
- Жеке меншiк;
- Мемлекеттік меншік
Жеке меншiк азаматтардың және мемлекеттiк емес заңды тұлғалар мен олардың бiрлестiктерiнiң меншiгi ретiнде көрiнедi.
Заң құжаттарына сәйкес азаматтарға немесе заңды тұлғаларға тиесiлi бола алмайтын жекелеген мүлiк түрлерiнен басқа кез- келген мүлiк жеке меншiкте болуы мүмкiн. Жеке меншiкте болатын мүлiктiң саны мен құны шектелмейдi.
Мемлекеттiк меншiктегi мүлiк мемлекеттiк заңды тұлғаларға шаруашылық жүргiзу немесе оралымды басқару құқығымен бекiтiлiп берiлуi мүмкiн. Жекелеген мемлекеттік мекемелердің иелігіндегі мемлекеттік мүліктің құқықтық режимінің ерекшеліктері заң актілерімен белгіленеді.
2. Өз қызметiнiң негiзгi мақсатына байланысты кәсіпорындар
- коммерциялық ұйым (табысын келтiрудi көздейтiн)
- коммерциялық емес ұйым (пайда келтiре алмайтын және алынған таза табысын қатысушыларына үлестiрмейтiн ұйым заңды тұлға бола алады) .
Коммерциялық ұйым болып табылатын заңды тұлға мемлекеттiк кәсiпорын, шаруашылық серiктестiк, акционерлiк қоғам, өндiрiстiк кооператив нысандарында ғана құрылуы мүмкiн.
Коммерциялық емес ұйым болып табылатын заңды тұлға мекеме, қоғамдық бiрлестiк, акционерлiк қоғамдар тұтыну кооперативi, қоғамдық қор, дiни бiрлестiк нысанында және заң құжаттарында көзделген өзге де нысанда құрылуы мүмкiн.
Коммерциялық емес ұйым кәсiпкерлiк қызметпен өзiнiң жарғылық мақсаттарына сай келуiне қарай ғана айналыса алады. Коммерциялық емес ұйым болып табылатын және мемлекеттiк бюджеттiң есебiнен ғана ұсталатын заңды тұлға тек қана мемлекеттiк мекеме нысанында құрылуы мүмкiн.
3 . Салалық қызметіне байланысты кәсіпорындар:
Материалдық өндіріс - өнеркәсіп, құрылыс, ауыл шаруашылығы, транспорт;
Материальдық емес өндіріс (қызмет көрсету) - денсаулық сақтау, білім беру, сауда, ғылым, мәдениет аясы болып жіктеледі.
4. Кәсіпорыннан жалақы алатын жұмысшылардың саны мен жарғылық капиталының мөлшеріне байланысты кәсіпорындар: шағын, орта және ірі кәсіпорындар болып жіктеледі.
5. Ұйымдық-құқықтық формасына байланысты кәсіпорындар: шаруашылық серіктестік, акционерлік қоғам, кооперативтер, шаруа қожалықтары болып бөлінеді. Бұларды ұйымдастыру ерекшеліктерімен және жіктелуімен келесі параграфта танысасыздар.
1. 3 Кәсіпорынның ұйымдық-құқықтық формалары
Кәсіпорынның шаруашылық механизмі дегеніміз ұйым дамуының стратегиялық және ағымдық мақсатына қол жеткізу үшін шаруашылық қызметіне әсерін тигізетін экономикалық қызығушылықтарды басқару формаларының, әдістерінің және құралдарының жиынтығы.
Заңмен және басқа да шаруашылық құқықтың нормасымен қарастырылған кәсіпорын қалыптасуының құрылымдық тәсілі мен түрі (фирма, компания және т. б. ), оның меншік формасы, шығаратын өнім көлемі мен ассортименті, оның капиталының қалыптасуы, қызметінің сипаты мен мазмұнына тәуелді болғандықтан және әртүрлі фирмааралық одақтарға кіру тәсілі мен бәсеке күресін жүргізу әдісіне байланысты жіктелуі кәсіпорынның ұйымдық-құқықтық формасын құрайды.
Коммерциялық емес ұйымдардың құрамына мыналар жатады:
Мекеме. Басқару, әлеуметтiк-мәдени немесе өзге де коммерциялық емес сипаттағы қызметтердi жүзеге асыру үшiн құрылтайшы құрған және қаржыландыратын ұйым мекеме деп танылады.
Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына сәйкес немесе Қазақстан Республикасы Президентінің, Қазақстан Республикасы Үкіметінің және облыстар (республикалық маңызы бар қалалар, астана), аудан (облыстық маңызы бар қала) әкімдіктерінің нормативтік құқықтық актілерімен мемлекет құрған және егер заң актiлерiнде қосымша қаржыландыру көздерi белгiленбесе, тек мемлекеттiк бюджеттiң немесе Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi бюджетiнiң (шығыстар сметасының) есебiнен ғана ұсталатын мекеме мемлекеттiк мекеме деп танылады.
Қоғамдық бiрлестiктер. Қазақстан Республикасында қоғамдық бiрлестiктер болып, саяси партиялар, кәсiптiк одақтар және азаматтардың заңдарға қайшы келмейтiн, өздерiнiң ортақ мақсаттарына жету үшiн ерiктi негiзде құрған басқа да бiрлестiктерi танылады.
Қоғамдық бiрлестiктерге қатысушылардың (мүшелерiнiң) осы бiрлестiктерге өздерi берген мүлiкке, соның iшiнде мүшелiк жарналарға құқықтары жоқ. Олар өздерi мүшелерi ретiнде қатысатын қоғамдық бiрлестiктердiң мiндеттерi бойынша жауап бермейдi, ал аталған бiрлестiктер өз мүшелерiнiң мiндеттемелерi бойынша жауап бермейдi.
Қоғамдық қор. Азаматтар және (немесе) заңды тұлғалар ерiктi мүлiктiк жарналар негiзiнде құрған, әлеуметтiк, қайырымдылық, мәдени, бiлiм беру және өзге де қоғамдық пайдалы мақсаттарды көздейтiн мүшелiгi жоқ коммерциялық емес ұйым қоғамдық қор деп танылады.
Тұтыну кооперативi. Қатысушылардың материалдық және өзге қажеттерiн қанағаттандыру үшiн өз мүшелерiнiң мүлiктiк (үлестiк) жарналарын бiрiктiру арқылы жүзеге асырылатын азаматтардың ерiктi бiрлестiгi тұтыну кооперативi деп танылады.
Заң актiлерiнде көзделген жағдайларда тұтыну кооперативiне заңды тұлғалар кiре алады.
Селолық тұтыну кооперативтерi тек өз мүшелерiнiң ғана емес, селолық жерлерде тұратын басқа адамдардың да материалдық және өзге қажеттерiн қанағаттандыру үшiн құрылуы мүмкiн.
Өзара сақтандыру қоғамдары - тұтыну кооперативтерi қызметiнiң ерекшелiктерi Қазақстан Республикасының заңнамалық актiлерiнде айқындалады.
Дiни бiрлестiк. Рухани қажеттерiн қанағаттандыру үшiн өз мүдделерiнiң ортақтығы негiзiнде, заң құжаттарында белгiленген тәртiп бойынша бiрiккен азаматтардың ерiктi түрдегi бiрлестiгi дiни бiрлестiк деп танылады.
Дiни бiрлестiктер өз қаражаты есебiнен сатып алған немесе өздерi құрған азаматтар, ұйымдар жылу ретiнде берген немесе мемлекет берген және заң құжаттарына қайшы келмейтiн басқа да негiздер бойынша сатып алынған мүлiкке меншiк құқығы болады.
Қауымдастық (одақ) коммерциялық емес ұйым болып табылады. Қауымдастықтың (одақтың) мүшелерi өз дербестiгiн сақтап қалады. Қауымдастық (одақ) өз мүшелерiнiң мiндеттемелерi бойынша жауап бермейдi. Қауымдастық (одақ) мүшелерi оның мiндеттемелерi бойынша қауымдастықтың (одақтың) құрылтай құжаттарында көзделген мөлшер мен тәртiп бойынша жәрдем жөнiнен жауапты болады.
Коммерциялық ұйымдардың құрамына мыналар жатады:
Шаруашылық серiктестiк. Жарғылық капиталы құрылтайшылардың (қатысушылардың) үлесiне (салымдарына) бөлiнген коммерциялық ұйым шаруашылық серiктестiк деп танылады. Құрылтайшылардың (қатысушылардың) салымдары есебiнен құрылған, сондай-ақ шаруашылық серiктестiк өз қызметi үрдiсiнде өндiрген және алған мүлiк меншiк құқығы бойынша серiктестiкке тиесiлi болады.
Шаруашылық серiктестiктер мынадай формада болады: толық серiктестiк, сенiм серiктестiгi, жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiк, қосымша жауапкершiлiгi бар серiктестiк нысандарында құрылуы мүмкiн.
1. Толық серiктестiк. Толық серiктестiктiң мүлкi жеткiлiксiз болған жағдайда қатысушылары серiктестiктiң мiндеттемелерi бойынша өзiне тиесiлi барлық мүлкiмен ортақ жауапкершiлiкте болатын серiктестiк толық серiктестiк деп танылады.
2. Сенiм (коммандиттiк) серiктестiгi. Серiктестiктiң мiндеттемелерi бойынша өзiнiң бүкiл мүлкiмен (толық серiктерiмен) қосымша жауап беретiн бiр немесе одан да көп қатысушылармен қатар, серiктестiктiң (салымшылардың) мүлкiне өздерi салған салымдардың жиынтығымен шектелетiн бiр немесе одан көп қатысушыларды да енгiзетiн және серiктестiктiң кәсiпкерлiк қызметтi жүзеге асыруға қатыспайтын серiктестiк сенiм серiктестiгi деп танылады.
Сенiм серiктестiгiне қатысатын толық серiктердiң құқықтық ережесi және олардың серiктестiк мiндеттемелерi бойынша жауапкершiлiгi толық серiктестiктiң қатысушылары туралы ережемен белгiленедi.
3 . Жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiк. Бiр немесе бiрнеше адам құрған, жарғылық капиталы құрылтай құжаттарымен белгiленген мөлшерде үлеске бөлiнген серiктестiк жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiк деп танылады; жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiкке қатысушылар оның мiндеттемелерi бойынша жауап бермейдi және серiктестiктiң қызметiне байланысты залалдарға өздерiнiң қосқан салымдарының құны шегiнде тәуекел етедi.
4. Қосымша жауапкершiлiгi бар серiктестiк. Қатысушылары серiктестiк мiндеттемелерi бойынша өздерiнiң жарғылық капиталға салымдарымен жауап беретiн, ал бұл сомалар жеткiлiксiз болған жағдайда өздерiне тиесiлi мүлiкпен, оған өздерi еселенген мөлшерде енгiзген салымдар арқылы жауап беретiн серiктестiк қосымша жауапкершiлiгi бар серiктестiк деп танылады.
Акционерлiк қоғам. Өзiнiң қызметiн жүзеге асыру үшiн қаражат тарту мақсатында акция шығаратын заңды тұлға акционерлiк қоғам болып танылады. Акционерлiк қоғамның акционерлерi осы заң актiлерiнде көзделгеннен басқа жағдайларда, оның мiндеттемелерi бойынша жауап бермейдi және өзiне тиесiлi акция құнының шегiнде қоғамның қызметiне байланысты шығындар тәуекелiн көтередi.
Акционерлiк қоғамның жарғылық капиталы. Акционерлiк қоғамның жарғылық капиталының ең төменгi мөлшерi және оны қалыптастыру тәртiбi, сондай-ақ оны ұлғайту тәртiбi Қазақстан Республикасының заң актiлерiмен айқындалады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz