КӘСІПОРЫНДАҒЫ ЕҢБЕКТІ ҰЙЫМДАСТЫРУ, НОРМАЛАУ ЖӘНЕ ЕҢБЕКАҚЫ ТӨЛЕУ



Пән: Менеджмент
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 7 бет
Таңдаулыға:   
КӘСІПОРЫНДАҒЫ ЕҢБЕКТІ ҰЙЫМДАСТЫРУ, НОРМАЛАУ ЖӘНЕ ЕҢБЕКАҚЫ ТӨЛЕУ

1. Еңбек процесі кәсіпорындағы еңбекті ұйымдастыру объектісі ретінде. Еңбекті ұйымдастыру және Еңбекті ғылыми ұйымдастыру түсінігі мазмұны
2. Еңбекті ұйымдастыру жүйесін құрайтын элементтер. Еңбекті ғылыми ұйымдастырудың мақсаттары мен міндеттері
3. Еңбекті ұйымдастыруды жетілдіру бойынша негізгі бағыттар мен қызмет түрлері
4. Қазіргі кезеңдегі еңбекті ұйымдастыру мәселелері

Пәннің мақсаты студенттерді кәсіпорындағы еңбекті ұйымдастырудың, нормалаудың және еңбекақы төлеудің қазіргі заманғы ыңғайлары мен әдістеріне үйрету болып табылады.
Қазақстан Республикасының Еңбек туралы заңына сәйкес еңбек деп адамдардың өміріне қажетті материалдық, рухани және басқа құндылықтарды жасауға бағытталған адамның іс-әрекеті танылады. Қоршаған табиғи ортаға әсер етіп, оны өзінің қажеттілігіне сай өзгертіп және бейімдеу арқылы адамдар өз тіршілігін қамтамасыз етіп қана қоймай, қоғамның прогресі және дамуы үшін де жағдай жасайды.
Кез-келген еңбек ету процесі, еңбек (затының), еңбек құралдарының, еңбек затының адамға қажетті қасиеттерді берудегі іс-әрекеттер ретінде еңбектің өзінің технологиясының, сонымен қатар еңбек қатынасының және еңбек шартының болуы қажет.
Еңбек заты - бұл адамзат қажеттілігін қамтамасыз ету үшін, пайдалы қасиеттерге ие болу үшін өзгерістерге бағытталған еңбек.
Еңбек құралы - бұл арқылы адам еңбек затына әсер етеді. Оларға машиналар, механизмдер, инструменттер және тағы басқа еңбек құралдары, сонымен қатар бұл құралдарды тиімді пайдалану үшін қолайлы жағдай жасайтын ғимараттар мен құрылыстар жатады.
Өндіріс құралы - бұл еңбек құралымен еңбек затының жиынтығы.
Технология еңбек затына әсер етудің бір тәсілі; еңбек өнімін құрайды - табиғи зат, заттар немесе басқа объектілерді, олар адамдардың қажеттілігіне бейімделген және қажетті қасиеттері бар.
Еңбек ресурстары - еңбекке жарамды жастағы еңбек етушілер және еңбекке жарамсыз жастағы еңбек етуші адамдар (зейнеткерлер және жасөспірімдер). Еңбек ресурстары деген ұғымды былай анықтауы, бұл таза есептік статистикалық ақпаратты көрсетіп , аталған ұғымның сапалық параметрлерін көрсетпейді. Бұл ұғым статистикалық практикада, мемлекеттің және облыстық еңбек ресурстарының балансын құру кезінде кеңінен пайдаланады. Ғылыми зерттеулерді еңбек ресурстары термині жұмысшы күші ұғымымен қатар пайдаланады және біреуін екіншісімен алмастырып отырады.
Еңбек ету жағдайы - еңбекті нормалау және қорғау, ақы төлеу шарттары, жұмыс істеу режимі, мамандықтарды қатарынан пайдалану мұмкіндігі және тәртібі, техникалық, санитарлық, гигиеналық, өндірістік-тұрмыстық жағдайлар, сонымен қатар өзге де екі жақтың келісуімен жеке және ұжымдық келісімдердегі жағдайлар.
Еңбек ету процесі - бұл күрделі, көп аспекті құбылыс. Еңбек етудің негізгі формалары:
1. Адам энергиясының жұмсалуы. Бұл еңбек іс-әрекетінің психофизиологиялық жағы, ол бұлшық теі, миы, жүйкесінің, сезіну органдарының энергияны жұмсауымен айқындалады. Адам энергиясының жұмсалуы, оның еңбегінің ауырлығына және жүйкелік - психологиялық шиеленушіліктің деңгейімен анықталады, олар шаршапжәне қажу көңіл күйін қалыптастырады. Адам энергиясының жұмсалу деңгейіне орай адамның еңбекке жарамдығы, денсаулығы және дамуы анықталады.
2. Жұмысшылардың өндіріс құралдарымен (еңбек заты мен құралы) байланысты. Бұл еңбек іс-әрекетіндегі ұйымдастырушылық және технологиялық аспект. Оның деңгейі еңбектің техникамен қамтамасыз етілуіне, оның механизация және автоматизация деңгейіне, технологияның әбден жетілдірілгеніне, жұмыс орнын ұйымдастыруына, жұмысшының біліктілігіне, оның тәжірибесіне, оның қолданатын еңбек ету тәсілдеріне т.б. байланысты. Іс-әрекеттің ұйымдастырушылық-технологиялық параметрлері жұмысшылардан арнайы дайындықты, олардың біліктілік деңгейіне талаптар қояды.
3. Еңбек іс-әрекетінің ұйымдастырушылық-экономикалық жағымен анықталған жұмысшыларды бір-бірімен көлденеңінен (біртұтас еңбек процесіне қатысуы) және тігінен (басшылар мен бағынушылардың өзара қарым-қатынасы) өндірістік өзара іс-әрекет жасауы. Ол еңбектік кооперациясының және бөлінісінің деңгейіне еңбекті ұйымдастыру формасына - жеке және ұжымдық, жұмыс істеушілердің санына, өндірісті ұйымдастырушының құқықтық формасына байланысты.
Еңбек іс-әрекетінің проблемалары көптеген ғылыми салаларының зерттеу объектісі болып табылады, олар: еңбек психологиясы және физиологиясы, еңбек статистикасы, еңбек социологиясы, еңбек экономикасы, еңбек құқығы және т.б.
Адам және қоғам дамуындағы еңбектің рөлі, адамдардың қажеттілігін қамтамасыз ету үшін еңбек процесінде тек материалдық және рухани құндылықтар ғана құрылып қоймайды, сонымен қатареңбек ету барысында (еңбек етуші) жаңа нарықтарға ие болады, өзінің мүмкіндіктерін ашады, білімін жоғарылатады, яғни еңбек етуші адам дамиды.
Сонымен еңбек етудің салдарынан бір жағынан рынок қажетті тауар, қызмет, мәдениқұндылықтарментолады, ал екінші жағынан өндіріс дамиды, жаңа қажеттіліктер пайда болады және оны қамтамасыз етуі жүзеге асырылады.
Бұл процестер мемлекет аралық және ұлт аралық қатынастарға, саясаттың күшті ықпалына тап болатынын естен шығармау қажет. Дүние жүзінде сызбада көрсетілгендей барлығы сәтті емес. Бірақ соған қарамастан, адамзат қоғамның жалпы даму тенденциясы өндірістің прогресіне, материалдық жағдайдың және адамдардың мәдени деңгейінің өсуіне, адам құқықтарының жердегі ең басты құндылық екенін сезінуге бағытталған.
Еңбек процессі және онымен байланысты іс әрекеттің әлеуметтік-экономикалық нәтижелері өндіріс және қызмет аясымен шектелмейді. Еңбектің экономикасы мен социалогиясы еңбек рыногында ұсыныс жасайтын жұмыс күшінің қалыптасу мәселесінен басталады.
Еңбек ол жұмыс күшінің өндірістік заттың элементтерімен бірігуі және жұмыс күшін тұтыну тікелей өндірісте жүзеге асырылады. Бірақ бұл еңбектің бір жағы ғана. Екінші жағы материалдық қажеттілікті өндіру процесінде адамдардың арасында пайда болатын қоғамдық қатынастарда, экономикалық-құқықтық категория ретінде еңбек рыногының негізгі жоғарыда айтылған қоғамнық қатынастардың талдауында анықталады. Нақты еңбек рыногында жұмыс күшінің иесі ретінде жұмыскердің белгілі бір жұмыс орнына тұруына мүмкіндік беріледі, ал жұмыс берушіге - табыс табуға жағдай жасалады. Сөйтіп еңбек рыногында жұмыс күшінің сатуға потенциалды мүмкіндік пайда болады, ал оны тұтыну (пайдалану) тікелей өндірісте жүзеге асырылады. Еңбек көп жағдайда жеке тұлғаның әлеуметтенуін анықтайды, құндылық шарттарын қалыптастырып, криминогендік істің таралуына кедергі болады. Басқаша айтсақ, еңбек іс-әрекеті адамзат дамуымен экономикалық өсу арасындағы байланыстырушы буын болады.
Еңбек рыногының қалыпты қызмет атқаруы үшін, жұмыс күші иесінің қоғамдық еңбекке қатысу немесе қатыспау өз еркімен шешуге құқығы болуы экономикның кез-келген саласында еңбек ету аясын таңдау мүмкіндігінің болуы маңызды.
Еңбек нарығы - бұл рыногының мамандандырылған түрі, оның мазмұны тауардың ерекше түрін - жұмыс күшін немесе адамның еңбекке икемділігін сату. Бұл жұмыс күшінің иесі, яғни сатушы бір жағынан және жұмыс күшін сатып алушы немесе жұмыс беруші (екінші жағынан) арасындағы қарым-қатынас. Аталған экономикалық қатынас заң формасына килігеді және еңбек заңында бекітіледі.
Еңбек нарығы - қоғамда тауар өндірісінің абсолютті басымдылығы кезінде пайда болады. Жұмыс күшінің тауарға айналуы қажетті шарт болды, бірақ бұл мүмкін болады, егер жұмыскер - заң тұрғысында еркін адам болса және өндіріс құралдарынан айырылған болса. Жұмыс күшіне қатысты рыноктық ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Өзгермелі экономика жағдайындағы еңбекақының өсу шарттары мен маңызы. ТОО “ПРОМСВЯЗЬ” кәсіпорындағы еңбекті нормалау мен еңбекақы төлеудің нысандары мен жүйесі
Кәсіпорын кадрларын талдау және оның есебі.
Қызметшілер санын анықтау
Еңбекті ұйымдастырудың мәні
Еңбекақыны ұйымдастырудың құрылымы
Еңбек нарығын экономикалық - құқықтық реттеу
Кәсіпорында еңбекақы төлеудің ұйымдастырудың жіктемесі
«Кәсіпорындарды персональды басақару және еңбекақы төлеу»
Кәсіпкерлік қызметтегі еңбек ақы төлеуді ұйымдастыру «Доссормұнай» МГӨБ
Еңбекті нормалау және оның еңбек өнімділігін жоғарлатудағу рөлі
Пәндер