Кәсіпорынның айналым қорын бағалау


Пән: Өнеркәсіп, Өндіріс
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 7 бет
Таңдаулыға:   

КӘСІПОРЫННЫҢ АЙНАЛЫМ КАПИТАЛЫ

1. 1 Айналым капиталының мәні және құрылымы

1. 2 Кәсіпорынның айналым қорын бағалау көрсеткіштері

1. 3 Айналым қорын пайдалануды жақсарту жолдары

1. 1 Айналым капиталының мәні және құрылымы

Құндық формадағы қор айналымдылығы мен айналым қорының жиынтығын көрсететін активтер түріндегі айналым құралдары да кәсіпорынның мүлігі болып табылады. Қоймадағы және өндірістегі өндірістік қорды құру үшін бюджетпен, жабдықтаушылармен есеп айырысу үшін, еңбек ақы төлеу үшін және т. б. қажеттіліктерге ақша қоры қажет.

Айналым қоры (айналым капиталы) - ақшаның үздіксіз айналымдылығын қамтамасыз ететін, өндірістік қор мен қор айналымдылығы үшін қажетті ақша қорының жиынтығы. (Сурет 7. 1) .

Айналым қорының құрамына айналым құралын қалыптастыратын элементтерінің жиынтығы кіреді. Айналым қорын өндірістік айналым қоры және қор айналымдылығына бөлу - өнімді өндіру мен оны сату аясында пайдаланылатын және бөлу ерекшеліктерімен анықталады.

Негізгі өндірістік қормен қатар, өндіріс процесінің үздіксіздігін қамтамасыз ету үшін материалды ресурстар, еңбек заттары қажет. Еңбек заттары еңбек құралдарымен бірге еңбек өнімін қалыптастыруға, яғни оның тұтыну құны мен пайда болу құнына қатысады. Өндірістік айналым қорының заттық элементтерінің айналымы негізгі өндірістік қор мен еңбек процесімен тығыз байланыста.

http://cdo.keu.kz/content/11778/11842/lek.files/image001.gif

Сурет 1. 1 - Кәсіпорынның айналым қорының құрылымы

Айналым қоры - өндіріс процесінің міндетті элементі, өнімнің өзіндік құнының негізгі бөлігі. Айналым қоры дегеніміз - өндіріс процесіне бір-ақ рет қатысатын және өзінің құнын өндірілген өнімге толығымен аударатын өндіріс құралдарының бір бөлігі. Өнім бірлігіне неғұрлым шикізат, материалдар, энергия мен отын шығыны аз болса, өнімді өндіруге кеткен еңбек соғұрлым аз жұмсалып, өнім төмен бағада шығарылады.

Айналым қорының құрамы бірнеше белгілері бойынша жіктеледі:

1. Айналым аясы бойынша айналым қоры үлкен екі топқа жіктеледі:

- өндірістік айналым қоры (өндіріс аясы) ;

- қор айналымы (айналыс аясы) .

Кәсіпорынның өндірістік айналым қоры үш бөліктен тұрады:

- өндірістік қор;

- аяқталмаған өндіріс пен өз тұтыну үшін дайындалған жартылай фабрикаттар;

- болашақ кезеңнің шығысы.

Өндірістік қор - өндіріс процесін бастауға дайындалған еңбек заттары; олар келесілерден тұрады: шикізаттар, негізгі және көмекші материалдар; отын; сатып алынатын жартылай фабрикаттар мен кешендендіруші өнімдер, ыдыс-қаптар мен ыдыс-қаптық материалдар, негізгі қорды жөндеуге арналған бөлшек саймандар.

Аяқталмаған өндіріс пен өз тұтынулары үшін дайындалған жартылай фабрикаттар - өндірістік процеске қатысып кеткен еңбек заттары: жинақтау мен қайта өңдеу процесіндегі материалдар, бөліктер, саймандар; сонымен қатар өз тұтынулары үшін дайындалған жартылай фабрикаттар, кәсіпорынның бір цехында аяқталған, толықтай аяқталмаған және болашақта сол кәсіпорынның басқа цехында қайта өңдеуге жіберілетін өнімдер жатады.

Болашақ кезеңнің шығысы - нақты кезеңде (тоқсан, жыл) өндірілетін жаңа өнімді дайындау мен игеруге кеткен шығынды қосатын айналым қорының заттай емес элементтері. Бірақ бұл өнім (шығын) болашақ кезеңнің өніміне жатқызылады.

Шикізат және негізгі материалдар дегеніміз - өнімді дайындайтын еңбек заттары (олар өнімнің материалдық негізін құрайды) . Шикізатқа ауыл шаруашылық және қазба өнеркәсіптерінің өнімдері (бидай, мақта, сүт және т. б. ) жатса, ал негізгі материалдарға өңдеу өнеркәсібінің өнімдері (қант, мата және т. б. ) жатады.

Көмекші материалдарға өнімге қандай да бір тұтыну қасиетін беру үшін шикізат пен материалға әсер ету үшін қолданылатын немесе еңбек құралын күтіп ұстау үшін және өндіріс процесін жеңілдететін материалдар (шұжық өндірісіндегі жуа, бұрыш және басқа да арнайы қосымшалар; станоктарды майлайтын материалдар және т. б. ) жатқызылады.

Өндірістік айналым қоры өз кезегінде айналым аясында қызмет ететін қор айналымдылығымен байланысты. Қор айналымдылығы - қоймадағы дайын өнім қорынан, ақысы төленбеген жолдағы тауардан, сондай-ақ кәсіпорын кассасындағы, есеп айырысу және банк шоттарындағы ақша қаражаттарынан тұрады.

2. Нормалаумен қамту дәрежесі бойынша айналым қоры:

- нормаланған;

- нормаланбаған болып бөлінеді.

Нормаланған айналым қорына өндірістік қорға салынған құалдар, яғни аяқталмаған өндіріс және өз қажеттілігі үшін өндірілген жартылай фабрикаттар, сондай-ақ болашақ кезеңнің шығыстары, кәсіпорын қоймасындағы дайын өнім жатады.

Нормаланған айналым қоры кәсіпорынның айналым қорының 80% астам бөлігін құрайды.

Нормаланбаған айналым қорына өнімге салынған, яғни тұтынушыға артылып жіберілген, бірақ ақысы әлі төленбеген; кәсіпорынның есеп шоттарындағы ақша құралдары жатады. Айналым қорының бұл элементтерін кәсіпорынның қажеттілігінің және оның құрамының тұрақсыздығынан нормалау мүмкін емес.

3. Қаржыландыру көзі бойынша айналым қоры:

- Меншікті;

- Қарыздық қор болып жіктеледі.

Меншікті қор дегеніміз - үнемі кәсіпорынның иелігінде болатын және меншікті ресурс есебінен қалыптасатын қорлар.

Қарыздық қор дегеніміз - коммерциялық банктердің кәсіпорынға несие беруі есебінен қалыптасқан қорлар.

Пайыздық түрдегі айналым қорының элементтерінің бөлек элементтері арасындағы қатынас айналым қорының құрылымы деп аталады. Олардың құрамындағы өзгешеліктер көптеген фактор көмегімен негізделеді:

- кәсіпорынның мамандануы;

- дайын өнімнің сапасы;

- өндірістің концентрация, мамандану, көшіру және араластыру деңгейі;

- ғылыми-техникалық прогресті жылдамдату.

Айналым қорының құрылымына байланысты оларды пайдалануды жақсарту жолдары, әсіресе үлес салмағы анағұрлым көп элементтер бойынша қарастырылады.

Айналым қоры өз қозғалысында тізбектелген мынадай кезеңдерден өтеді: ақшалай, өндірістік және тауарлық.

Айналымның ақшалай кезеңі - дайындық кезеңі, яғни ақша қоры өндірістік қор формасына ауысы процесі жүзеге асырылатын айналыс аясы.

Өндірістік кезең - өндірістің үздіксіз процесі. Бұл кезеңде сатып алынған өндірістік қордың құны еңбек ақыға және онымен байланысты шығындарға артады, сондай-ақ осы кезеңде негізгі қор өзінің құнын дайын өнімге бөлшектеп аударады. Айналымның өндірістік кезеңі дайын өнімді шығарумен аяқталады, содан соң оны сату кезеңі келеді.

Айналымның тауарлық кезеңінде еңбек өнімі өндіру кезеңіндегідей, сол мөлшерінде қалады. Тек өндірілген өнім құны тауарлық формадан ақшалай формаға ауысқанда өнімді сатқаннан түскен түсім есебінен авансталған қор қалпына келтіріледі. Қалған сома - ақшалай жинақты құрайды, оларды бөлу жоспарына сәйкес қолданады. Айналым қорын арттыруға бағытталған жинақтың бір бөлігі қайтадан айналымға қосылып келесі циклдағы айналымға қатысады.

Айналым қорының айналысындағы үшінші кезеңнің ақша формасы келесі кезеңнің бастапқы кезеңі болып табылады.

Айналым қорының айналымдылығы мына сызба түрінде жүзеге асырылады:

А - Т . . . Ө . . . Т1 - А"

Мұндағы, А - шаруашылық субъектімен авансталған ақша құралы;

Т - өндіріс құралы;

Ө - өндіріс;

Т1 - дайын өнім;

А"- өнімді сатудан түскен (пайданы қоса) ақша қоры.

Кәсіпорын айналым қорының жиынтық көлеміндегі өндірістік айналым қорының үлесін, шикізат пен негізгі материалдың үлес салмағын, пайдадағы өндірістік активтердің үлесін есептейді.

1. 2 Кәсіпорынның айналым қорын бағалау көрсеткіштері

Айналым қорын тиімді пайдалану оның айналымдылық көрсеткіштерімен өлшенеді. Айналым қорының айналымдылығы дегеніміз - қордың өндіріс пен айналымның жеке кезеңдерін тізбектеп өту ұзақтығы.

Айналым қорының айналымдылығының келесі көрсеткіштері қолданылады:

2) айналымдылық коэффициенті;

3) айналым құралын жүктеу коэффициенті;

4) бір айналымның ұзақтығы.

Айналымдылық коэффициенті кәсіпорынның айналым қорының орташа қалдығын көтерме бағада сатылған өнімнің көлеміне қатынасына тең:

К айн = Ө с / Қ орт (7. 1)

Мұндағы, К айн - айналым қорының айналымдылық коэффициенті, айналым;

Ө с - сатылған өнім көлемі, тг;

Қ орт - айналым қорының орташа қалдығы, тг.

Айналымдылық коэффициенті кәсіпорынның айналым қорының белгілі кезең ішіндегі (жыл, тоқсан, ай) жасаған айналым саны немесе айналым қорының 1 теңгесіне шаққандағы сатылған өнімнің көлемін көрсетеді. Формуладан көрініп тұрғандай, айналым санының артуы, не айналым қорының 1 теңгесіне шаққандағы өнімнің шығарылуын арттырады, не өнімнің осы көлеміне аз айналым қорының сомасын жұмсау керектігін көрсетеді.

Айналым қорын жүктеу коэффициенті айналымдылық коэффициентіне кері көрсеткіш. Ол сатылған өнімнің 1 теңгесіне шаққандағы айналым қорының сомасын көрсетеді:

К жүк = Қ орт / Ө с (7. 2)

Мұндағы, К жүк - айналым қорының жүктеме коэффициенті.

Айналым қорының ең негізгі функцияларының бірі оларды пайданың өндіріс активі ретінде пайдалану. Осы қордың (капиталдың) аты айтып тұрғандай, айналымдағы олардың маңызы өте зор. Осы мақсатта айналым қорының көлемін белгілі кезең ішіндегі олардың айналымдылық санын бағалайды және кәсіпорынның қалыпты жұмыс жасауын қамтамасыз ететін қор көлемі неше күнге жететіндігін анықтайды. Жалпы б ір айналымның ұзақтығын күн есебінде мына формула бойынша анықтаймыз:

Т күн = С / К айн (7. 3)

Мұндағы, Т күн - күн есебіндегі қор көлемі;

С - кезеңдегі күн саны (360, 90, 30) .

Ал шикізаттың, материалдың, дайын өнімнің және т. б. қорын талдау, жоспарлау және бақылауды ұйымдастыру мақсатында қор көлемін күн есебінде мына формуламен анықтаймыз:

Т күн = Қ і / Ш і (7. 4)

Мұндағы, Т күн - күн есебіндегі қор көлемі;

Қ і - натуралды өлшем бірліктегі қажетті ресурс түрінің (і) қоры;

Ш і - сол өлшем бірліктегі қажетті материалдың (і) орташа күндік шығыны.

Әрбір кәсіпорында қордың орташа мөлшері мәліметтер екі датаға берілген жағдайда орташа арифметикалық әдіспен және мәліметтер үш және одан да көп датаға берілген жағдайда орташа хронологиялық әдіспен анықталады.

Қорды басқару жағдайын бағалау үшін олардың айналымдылығын күн және рет есебінде мына формулалармен анықтаймыз:

Т айн = Σ Ā / Ш күн (7. 5)

Мұндағы, Т айн - күн есебіндегі айналымдылық;

Σ Ā - белгілі бір кезең ішіндегі орташа тауар қоры, сомада;

Ш күн - сол кезең ішіндегі бір күндік шығын, сомада.

Т рет = V сат / Σ Ā (7. 6)

Мұндағы, Т рет - рет есебіндегі айналымдылық;

V сат - белгілі кезең ішіндегі сатылған көлем;

Σ Ā - сол кезең ішіндегі орташа қор.

Орташа айналымдылықты есептеу дегеніміз - бірдей бағадағы қордың орташа көлемінің сатылған өнімнің өзіндік құнына қатынасы.

Күн есебіндегі айналымдылық көлемі ликвидтік көрсеткіштің бірі болып табылады, яғни ол қордың ақшаға айналу жылдамдығын анықтайды.

Айналым қорының айналымдылығы азайған сайын немесе сол сатылған өнімнің көлеміндегі олармен жасалған айналымдылық саны артса, айналым қоры соғұрлым аз қажет болады, және керісінше, айналым қоры көп айналым жасаған сайын, оларды пайдалану соғұрлым тиімді болып келеді.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Кәсіпорынның айналым қоры
Кәсіпорын қаржысын ұйымдастыру мен басқару
Кәсіпорынның қаржылық ресурстарын ұйымдастыру және оларды пайдалану тиімділігі
Айналым капиталы - кәсіпорын меншіктегі айналым құралдары
Ақша қорлары ның элементтері
Кәсіпорындағы айналым капиталдарының тиімділігін арттыру
Кәсіпорынның негізгі қоры және олардың тиімділігін арттыру
Кәсіпорындағы айналым активтерін және босалқы қорды басқару
Кәсіпорыннның өндірістік қорлары
Кәсіпорынның өндірістік қорлары жайлы ақпарат
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz