КӘСІПОРЫННЫҢ ЕҢБЕК АҚЫ ТӨЛЕУ ЖҮЙЕСІ


Пән: Социология, Демография
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 11 бет
Таңдаулыға:   

КӘСІПОРЫННЫҢ ЕҢБЕК АҚЫ ТӨЛЕУ ЖҮЙЕСІ

1. 1 Еңбекақы төлеудің тарифтік жүйесі

1. 2 Еңбекақы төлеудің формалары мен жүйелері

1. 3 Еңбекақы төлеудің тарифтік емес жүйесі

1. 4 Еңбекақы төлеу қорын жоспарлау

1. 1 Еңбекақы төлеудің тарифтік жүйесі

Тарифтік жүйе - бұл атқарылатын еңбектің түріне, қиындығына, шарттарына және сипатына байланысты сараланған түрде еңбекақы төлеуді қамтамасыз ететін нормативтер мен нормалардың жиыны. Ол келесі негізгі элементтерден тұрады: тарифтік - біліктілік анықтамалар, тарифтік тор, тарифтік санаттар (разрядтар) және оларға сәйкес коэффициенттер, тарифтік ставкалар (соның ішінде 1-санат), еңбекақыға қосылатын аудандық коэффициенттер, тарифтік ставкаларға қосымша төлемдер мен белгілі еңбек жағдайынан ауытқулар болғаны үшін қосымша төлемдер. (Сурет 9. 1)

Тарифтік - біліктілік анықтамалар бірінші санатты тарифтік ставка мен тарифтік торды қолдануды қарастырады. Тарифтік-біліктілік анықтамалар мынадай түрлерге бөлінеді:

1) жұмыс пен жұмысшылардың кәсіби Біріңғай тарифтік-біліктілік анықтамасы;

2) өндірістік саладағы жетекшілердің, лауазымды басшылардың, қызметкерлер мен мамандардың біліктілік анықтамасы;

3) бюджет аясындағы лауазымды қызметкерлердің біліктілік анықтамасы.

Жұмыс пен жұмысшылардың кәсіби Біріңғай тарифтік-біліктілік анықтамасы (БТБА) жұмыс пен жұмысшылардың санатын анықтау үшін қажет. Көбінесе өнеркәсіптік саладағы жұмыстар алты санатқа, ал кейбір салаларда - сегізге бөлінеді. БТБА арқылы анағұрлым күрделі қиын мәселе - салыстыру шешіледі, яғни жұмыстың әр түрін оның қиындық дәрежесіне, біліктілік деңгейіне байланысты салыстырады.

Жұмыскерлерді тарификациялау, яғни оларға кәсіби білімі мен еңбекке машықтануына байланысты белгілі бір санатты беруі. Ол әрекет етуші БТБА негізінде комиссиямен халық шаруашылығының барлық салаларына жалпы берілетін кәсіп үшін 70-тен астам шығарымы (выпуск), сондай-ақ салалық шығарамы да бар және меншіктің басқа формаларындағы кәсіпорындар үшін ұсыныстық формадағы, ал мемлекеттік кәсіпорындарда міндетті түрде қолданатын санат.

Еңбекақыны төлеудегі тарифтік тор - еңбекақы төлеудегі сараланған құрал, яғни ол әртүрлі топтағы жұмыскерлерге жұмысының қиындығына байланысты, сонымен қатар санат саны мен оларға сәйкес тарифтік коэффициенттердің абсолюттік немесе салыстырмалы бірліктерінен тұрады.

Бюджеттік аядағы еңбекақы төлеу бойынша бірыңғай тарифтік тор 18 санаттан тұрады, олардың әрқайсысына 1-санаттағы тарифтік ставкаға шаққандағы өз тарифтік коэффициенті сәйкес келеді.

http://cdo.keu.kz/content/11778/11842/lek.files/image004.gif

Сурет 1. 1 - Тарифтік жүйенің құрамы

Тарифтік тор тарифтік коэффициенттердің санаттық өсімін әрі абсолюттік, әрі салыстырмалы түрде қамтамасыз ету мақсатымен құрылады. Тарифтік коэффициенттің абсолюттік өсімі тарифтік коэффициенттің арасындағы айырмашылықты көрсетеді.

Тарифтік ставкалар - бұл жұмыс уақытының бірлігіндегі еңбекақының ақшалай формадағы абсолютті мөлшерінің көрінісі. Ол ең алдымен жұмыскер еңбекақысының деңгейін анықтайды, өйткені жұмыскердің еңбекақысы бекітілген минималды еңбекақы мөлшері мен жұмыс уақытының ұзақтығы негізінде есептелетін 1-ші санаттағы тарифтік ставканың көлеміне байланысты. Жұмыскердің біліктілігіне сәйкес тарифтік ставка (Т і ст ) келесідей формуламен анықталады:

Т і ст = Т ст * К і Т, (1. 1)

мұндағы, Т ст - 1-ші санаттағы тарифтік ставка;

К і Т - і-ші санаттағы тарифтік коэффициент.

1-ші санаттағы тарифтік ставка сағаттық, күндік және айлық болуы мүмкін. 1-ші санаттағы сағаттық және күндік тарифтік ставка ереже бойынша мерзімдік және кесімді жұмыс істейтін жұмыскерлерге қолданылады. 1-ші санаттағы айлық тарифтік ставка қазіргі кезде бюджетпен қаржыландырылатын мекемелерде, ұйымдар мен кәсіпорындарда істейтін жұмыскерлердің Бірыңғай тарифтік еңбекақы төлеу жүйесінде қолданылады (БТЖ) . Әрбір кәсіпорын өзі 1-ші санаттағы басшылардың, мамандардың және атқарушылардың тарифтік ставкасын анықтайды. 1-ші санаттағы айлық тарифтік ставка БТЖ-дегі принциптерге және заңға сәйкес еңбекақының минималды көлемінен төмен болмауы тиіс.

Еңбекақыға қосылатын аудандық коэффициенттер еңбекақыны реттеудің аудандық механизмі болып табылады. Еңбекақыны аудандық реттеу мыналардан тұрады:

а) Еңбекақының аудандық коэффиценті. Ол жалпы кәсіпорынның немесе өнеркәсіптің орналасқан жеріне байланысты еңбекақының нормативтік көрсеткіш дәрежесінің артуы және ол өмір сүруге қолайсыздық дәрежесін ескере отырып бекітіледі. Аудандық коэффициент диапазоны 1, 15-тен 2, 0-ға дейін ауытқиды.

б) Зиянкесті аймақтардағы үздіксіз өтілі үшін еңбекақыға қосылатын пайыздық үстеме. Еңбек өтіліміне және жұмыс істеу мекеніне байланысты еңбекақыға үстеме 10-нан 100%-ға дейін ауытқиды.

Еңбекақыны аудандық реттеу мемлекеттің шаруашылық субъектілеріне, жұмыс беруші мен жұмыскерлерге қойылатын міндетті талабының бірі.

1. 2 Еңбекақы төлеудің формалары мен жүйелері

Кәсіпорын жұмысының тәжірибесінде еңбекақы төлеудің кең тараған формаларының бірі кесімді және мерзімді формалары (Сурет 1. 2) .

Еңбекақы төлеудің барлық формалары мен жүйелері тарифтік жүйе мен еңбекті нормалауға негізделген.

Еңбекақы төлеудің кесімді формасы. Кесімді еңбекақыны есептеу кезінде жұмыскердің жасап шығарған өнімінің саны мен сапасы немесе істеген жұмыс көлемі ескеріледі.

Еңбекақының кесімді формасы келесідей жүйелерге бөлініп, қарастырылады:

- Тікелей кесімді;

- Кесімді - сыйақылы;

- Кесімді - үдемелі;

- Жанама кесімді;

- Аккордты;

- Аккордты - сыйақылы;

- Ұжымдық кесімді және т. б.

http://cdo.keu.kz/content/11778/11842/lek.files/image005.gif

Сурет 1. 2 - Еңбекақы төлеудің формасы мен жүйесі

Кесімді еңбекақыны есептеудің негізгі тауар бірлігіне кеткен кесімді бағалама (расценка) келесі формуламен анықталады (Б ке ) :

Е ке = Т ст с жс немесе Е ке = (Т ст см ) / Н см өндір (1. 2)

Мұнда, Т ст - атқарылған жұмыстың сағаттық тарифтік ставкасы, тенге;

Т см - ауысым ұзақтығы, сағат;

Н с жс және Н см өндір - 1 сағаттағы немесе ауысымдағы өндіру нормасы, өнім бірлігі.

Еңбекақының кесімді формасы жеке тұлғалық және ұжымдық болады. Егер жұмыс уақытының нормасы бекітілсе, онда кесімді бағалама келесі формуламен анықталады:

Ж кес = Т ст өнд (9. 3)

Мұндағы, Н өнд - өнім бірлігін жасап шығаруға кеткен уақыт нормасы, сағат.

Еңбекақы есептеудің тікелей кесімді жүйесі бойынша кесімді бағалама өндіріп шығарған тауардың санына тікелей байланысты және ол келесі формуламен есептеледі:

Е кес = Р кес * В (1. 4)

Мұндағы, Е кес - кесімді еңбекақы, тенге;

В - өндірілген өнім саны (көлемі), өнім бірлігі.

Еңбекақы есептеудің кесімді-сыйақылы жүйесі бойынша тікелей кесімді бағаламадан басқа, жұмыстың алдын ала бекітілген сандық және сапалық көрсеткіштерін орындағаны және оны асыра орындағаны үшін сыйықы тағайындалады.

Е кес. сый = Е кес + Е сый немесе Е кес. сый = Е* (1+C пайыз / 100%) (1. 5)

мұндағы, Е кес. сый - кесімді сыйақылық еңбекақы төлеудегі кесімді жалақы, тенге;

Е сый - бекітілген көрсеткіштерді орындағаны (асыра орындағаны) үшін сыйақы, тенге;

C пайыз - сыйақылық көрсеткіштерді орындағы үшін тағайындалған сыйақы пайызы.

Еңбекақы төлеудің үдемелі кесімді жүйесінде бекітілген норма шегінде кесімді бағалама бойынша еңбекақы есептеледі де, ал нормадан тыс атқарған еңбегі үшін үдемелі өсіп отыратын кесімді бағаламамен төленеді. Еңбекақы төлеудің мұндай формасы барлық өндірісте емес, тек өнімділіктің үдемелі нормасына қол жеткізу үшін еңбек интенсивтілігін ынталандыру мақсатына кейбір өндіріс орындарында қолданылатын қосымша шара. Үдемелі кесімді еңбекақы төлеу жүйесінде, жалақы, оның өнімділігіне қарағанда әлдеқайда жылдамырақ артады.

Жанама - кесімді жүйе негізгі өндіріске қызмет көрсететін көмекші жұмыскерлерге (краншылар, ағаш кесушілер, қалақшылар және басқалар) еңбекақыны төлеу үшін қолданылады. Жанама кесімді еңбекақы жұмыскердің өз еңбегінің өнімділігіне емес, негізгі жұмыскердің еңбегінің нәтижесіне байланысты есептеледі.

Аккордтық жүйеде еңбекақының жалпы сомасы жұмысты атқарғанға дейін әрекет етуші норма мен кесімді бағалама бойынша анықталады. Кесімді бағалама белгіленген мерзімде аяқталуға тиіс жұмыстың жалпы көлеміне байланысты белгіленеді. Егерде аккордтық жүйеде мезгілінен бұрын немесе жұмысты сапалы түрде орындағаны үшін сыйықы берілсе, онда ол аккордтық-сыйықылық еңбекақы деп аталады. Аккордтық еңбекақы жалпы жұмыс кешенін анағұрлым аз уақыт ішінде, аз жұмыскерлер санымен атқаруды ынталандырады.

Ұжымдық кесімді жүйеде әр жұмыскердің еңбекақысы бүкіл бригаданың, учаскенің жұмысының соңғы нәтижесіне тәуелді есептеледі.

Еңбекақы төлеудің мерзімді формасы. Еңбекақы төлеудің мерзімдік формасы еңбектің сандық параметрлерін бекіту мағынасыз немесе мүмкін емес болған жағдайда қолданылады. Еңбекақының бұл формасында жұмысшы жалақыны атқарған жұмыс уақытының саны мен оның біліктілік деңгейіне байланысты алады. Еңбекақы төлеудің мерзімдік формасының келесідей түрі қолданылады:

- жай мерзімді;

- мерзімді - сыйақылы;

- окладтық;

- келісім шарттық.

Жай мерзімді жүйеде еңбекақы белгілі санаттағы жұмыскердің тарифтік ставкасы бойынша, оның нақты атқарған жұмыс уақыты негізінде есептеледі. Бұл жүйеде сағаттық, күндік, айлық тарифтік ставкаларды бекітуге болады. Бір айлық еңбекақы (Е ай ) белгілі санаттағы жұмыскердің бекітілген сағаттық тарифтік ставкасы (Т сағ ) негізінде мына формуламен анықталады:

Е ай = Т сағ * C нақ (1. 6)

мұндағы, C нақ - бір айдағы нақты жұмыс істеген сағат саны.

Жұмыскердің күндізгі тарифтік ставка бойынша бір айлық еңбекақысы осындай әдіспен анықталады. Айлық еңбекақыны есептеген кезде жалақы тұрақты айлық оклад (ставка) пен сол айда жұмыскермен атқарылған нақты жұмыс күнінің саны және сол айдың жұмыс графигіне сәйкес жұмыс күнінің жоспарлық санының негізінде есептеледі.

Мерзімді- сыйақылы жүйеде жалпы жай мерзімді еңбекақыға жұмыстың сандық және сапалық көрсеткіштерін жоғары деңгейде атқарғаны үшін қосымша жұмысшыларды сыйақыға тарту туралы ережеге сәйкес сыйақы төленеді. Сонымен қатар белгілі бір уақыт аралығында (1 айға және т. б. ) жұмыскердің еңбекақысы келесі формуламен есептеледі:

Е мер. сый = (Т сағ * С нақ ) + Е сый немесе

Е мер. сый = (Т сағ * С нақ ) + Е сый * (1+С пайыз / 100%) (1. 7)

мұндағы Е сый - сыйақы беру көрсеткішін орындағаны үшін сыйақы, теңге;

С пайыз - сыйақы беру көрсеткішін орындағаны үшін сыйақы пайызы.

Окладтық жүйеде еңбекақы тарифтік ставка бойынша емес, бекітілген айлық лауазымдық окладына байланысты төленеді. Лауазымдық оклад жүйесі басшыларға, мамандар мен басқа да қызметкерлер үшін қолданылады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Міндетті зейнетақы төлемдер
КӘСІПОРЫНДА ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРГЕ ТӨЛЕУ ЖҮЙЕСІНІҢ ТИІМДІЛІГІН АРТТЫРУ ЖОЛДАРЫ
Нарық жағдайында еңбек ақының теориялық негіздері
Еңбек ақы төлеудің есебі мен аудиті
ТМД елдеріндегі орташа айлық жалақы
Нарық экономика жағдайындағы еңбек ақыны реттеудің теориялық аспектілері
Кәсіпорынның экономикалық және еңбек ақыны ұйымдастыру жағдайларын талдау
Еңбекақының экономикалық мәні
Нарық жағдайында еңбек ақы төлеуді ұйымдастыру
Еңбек ақы бойынша есеп айырысулардың есебі мен талдауы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz