КӘСІПОРЫННЫҢ ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ЖӘНЕ ИННОВАЦИЯЛЫҚ САЯСАТЫ

1.1 Кәсіпорын инновациясы мен инвестициясы
1.2 Инвестициялық қызметті ұйымдастыру мен қаржыландыру
1.3 Кәсіпорында жаңа өндірісті дайындау

Қазіргі заманға сай жағдайларда кәсіпорынның қызметі инновация мен инвестициясыз мүмкін емес.
Инновация - бұл өндірістің жаңа немесе жетілдірілген өнімді, технологияны, процесті өндеу мен меңгеру.
Экономика дамуының нарықтық жағдайы тек сандық қана емес, сапалық өзгерістерді де талап етеді. Бұл өзгерістерді ғылыми-зерттеу базасын үздіксіз дамытудың арқасында алдыңғы қатарлы техника мен технологияны қолдана отырып жүзеге асыруға болады. Бұл жоғары сапалы жаңалықты енгізу үшін инвестиция қажет.
Инвестиция - пайданы алу және оң әлеуметтік нәтижеге қол жеткізу мақсатында кәсіпкерлік және басқада қызмет түрлерінің объектілеріне салынатын ақша қоры, мақсатты банк салымдары, пайлар, акциялар мен басқа да құнды қағаздар, технологиялар, қондырғылар, лицензиялар, несиелер, кез-келген мүлік немесе мүліктік құқықтар, сонымен қатар интеллектуалды құндылықтар.
Инновациялар технологиялық, өнім-инновация, процесс-инновация деп жіктеледі.
Технологиялық инновация дегеніміз жаңа технологиялық процесті өңдеу мен игерумен байланысты кәсіпорын қызметі.
Өнім-инновация жаңа немесе жетілдірілген өнімді жасақтау мен ензізуден тұрады. Бұл жағдайда кәсіпорын өнімді қолдану саласы (немесе пайдалану саласы), функционалдық сипаттамалары, белгілері, конструкциялық орындалуы, қосымша қызметтері, сонымен қатар қолданылатын материалдар құрамы мен құраушылары жаңа немесе ертеде шығарылған өнімнен маңызды түрде ерекшеленетін жаңа өнімді өндіруге ұмтылады.
Мұндай инновациялар ереже бойынша жаңа технологияларға немесе қолданылып отырған технологияларға жаңа түрлерін қосып, жұмыс атқаруға негізделген.
Процесс-инновация өндірістік процесті немесе олардың жиынын жаңа немесе жұмыс істеп отырған құрылымын маңызды түрде өзгерте отырып қолдануды білдіреді. Процесс-инновация технологиялық айырбастау (лицензиялар, ноу-хау, кеңестер және т.с.с.) жолмен жаңа әдістерді, анағұрлым жетілдірілген өндірістік жабдықты, жаңаны қолдануды білдіретін, басқа кәсіпорынның өндірістік тәжірибесінде жүзеге асырылған және баршаға әйгілі жетілдірілген өндірістік әдістер, өндірістің жаңа немесе жетілдірілген әдісі.
Өз кезегінде инвестиция нақты (капитал түзуші) және қаржылық деп бөлінеді.
Нақты (капитал түзуші) инвестиция - келешекте нақты нәтиже (табыс) алу мақсатында негізгі қор мен айналым капиталын арттыруға бағытталған құрал. Басқаша айтқанда, нақты инвестиция - бұл материалдық өндіріс саласына ұзақ мерзімге қор салуды білдіреді.
Қаржылық инвестиция - кәсіпорынның ұзақ немесе қысқа мерзімге қаражаттарын еліміздің аумағында немесе одан тыс жерде орналасқан басқа кәсіпорынның құнды қағаздарына, мемлекеттік және жергілікті займдардың пайыздық облигацияларына, басқа кәсіпорынның жарғылық капиталына салу, сонымен қатар басқа кәсіпорынға займдар беруді білдіреді.
Сонымен қатар инвестициялар тікелей және портфельдік деп бөлінеді.
Тікелей инвестиция - кәсіпорынды толық билейтін немесе осы кәсіпорынның 10% кем емес акциясына немесе акционерлік капиталына ие заңды және жеке тұлғамен салынған қаражат салымы.
Портфельдік инвестиция - бұл ұзақ мерзімге құнды қағаздарға, кәсіпорынның қызмет етуіне салымшылардың әсер ету құқығын бермейтін және осы кәсіпорынның, жалпы акционерлік капиталында 10% артық акция сатып алуға, сонымен қатар ұйымның облигациясына, векселіне, жеке және заемдық капиталдың ұзақ мерзімді құнды қағаздарына қаражат салу.
Инновациялық қызмет аясындағы кәсіпорындар, ұйымдар өз алдарына жаңа өнім шығару, жаңа алдыңғы қатарлы технологияны, басқару әдістерін игеру, қайта құрылымдау, яғни ескі ұйымдық құрылымды жаңа құрылымға ауыстыру, қаржы ағындарының жаңа логистикасын және басқаларын құруды міндет етіп қояды. Инновациялық қызмет тек жеке инновациялық процестен құралмайды, сонымен қатар тауарды өткізу нарығын маркетингтік зерттеуден, олардың тұтынушылық қасиетін анықтаудан, ақпараттық, консалтингтік, әлеуметтік және басқа да қызмет түрін жаңаша ұйымдастыру процесінен құралады. Кәсіпорынның, ұйымның инновациялық қызметі инновациялық процестің кез-келген кезеңінде тек локальді түрде ғана қолданбай, сонымен қатар олардан тыс патент, лицензия, ноу-хау алу арқылы да жүзеге асырылады.
1.2 Инновациялық қызметті ұйымдастыру мен қаржыландыру
Біздің елімізде инновациялық қызметпен айналысатын ғылыми-техникалық ұйымның бес типі бар:
- институттар - ғылымның белгілі бір саласының дамуына жауапты және күрделі зерттеуге маманданған ұйымдар;
- ғылыми-зерттеу инситуттары - ғылыми-техникалық бағытқа немесе өндірістің белгілі бір ғылыми-техникалық деңгейіне жауапты және қосалқы зерттеулерге маманданған салалық ұйымдар;
- Жобалық, конструкциялық, технологиялық ұйымдар, техника-экономикалық зерттеу институттары - конструкторлық, технологиялық, жобалық (құрылыс үшін) немесе ұйымдық өңдеулерге сәйкес маманданған және осы салада өнімді, технологияны, жобаны, өндірісті ұйымдастыру арқылы нәтижелерге жауапты салалық ұйымдар;
- өңдеуді игеруге маманданған монтаждық-жөндеу (алғашқы жөндеу) басқармасы, ұйымдастырылған-техникалық орталықтар;
- Жаңалық енгізуді жария ететін ғылыми-техникалық ақпарат институттары мен басқа да ұйымдар.
Нарықтық экономикаға өту инновациялық қызметті соңғы нәтижемен, оның құраушыларын тиімді ұйымдық формаға біріктіруге, сонымен қатар қажет қаржы потенциалымен, инновациялық процестің барлық кезеңдерін жабдықтайтын қызметтермен қамтамасыз етті.
Қазіргі уақытта еліміздегі ұйымның инновациялық қызметінің ұйымдық-құқықтық формалары Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне (жалпы бөлім) және Ғылым және мемлекеттік ғылыми-техникалық саясат туралы ҚР Заңына сәйкес келеді. Инновациялық қызмет формалары болып мыналар саналады: шаруашылық серіктестіктер, әртүрлі қоғамдар, мемлекеттік және муниципалдық кәсіпорындар мен ұйымдар, ал тікелей инновациялық қызметпен ғылыми-зерттеу, конструкторлық, жобалық-конструкторлық, жобалық және жобалық-ізденуші ұйымдар, тәжірибелі зауыттар, өнеркәсіптік кәсіпорын құрамындағы ғылыми бөлімшелер, сонымен қатар жоғары оқу орындары айналысады.
Инновациялық қызметті ұйымдастыру келесі негізгі формаларға ие:
1) корпоративтік құрылым құрамындағы ғылыми орталықтар мен лабораториялар. Олар ғылыми-зерттеулік және тәжірибелік - конструкторлық жұмысты (ҒЗТКЖ) атқаруға, жаңа өнім мен қызмет түрін игеруге және шығаруға арналған;
2) белгілі бір ірі және түпнұсқалық ғылыми-техникалық мәселелерді шешу үшін құрылған уақытша шығармашылық ғылыми ұжым немесе орталықтар. Қойылған міндетті жүзеге асырғаннан кейін осы ұжымдар немесе орталықтар таратылады немесе қайта ұйымдастырылады;
3) мемлекеттік ғылыми орталықтар (МҒО) - бір жағынан мемлекеттің стратегиялық ұзақ мерзімді басымдылығын ғылым мен техниканың маңызды бағытын дамытуға, екінші жағынан ғылыми-техникалық қызметтің нақты субъектілерінің экономикалық және әлеуметтік қызығушылықтарының келісуін қамтамасыз етуге арналған қызмет механизмі бар мемлекеттік ғылыми ұйымдардың ерекше түрі;
4) технопарктік құрылымның әртүрлі формалары (ғылыми технологиялық және зерттеулік парктер, инновациялық, инновациялық-технологиялық және бизнес-инновациялық орталықтар, бизнес инкубаторлар, технополистер).
Технопарк - бұл ғылыми-өндірістік аумақтық кешендер, олардың негізгі міндеті - орта және шағын ғылыми инновациялық фирма-клиенттерді дамыту үшін максималды қолайлы орта жасау. Технопарк құрылымына ақпараттық-технологиялық, оқу, кеңестік, ақпараттық, маркетингтік орталықтар, сонымен қатар өндірістік зона ене алады. Әрбір осы орталықтар әртүрлі кеңес беру, мамандарды қайтадан даярлау жөніндегі қызметтер ұсыну, ақпаратты белгілі бір технология бойынша беру және іздеу жөніндегі жұмыстардан тұратын арнайы қызмет жиынын білдіреді.
Бизнес-инкубатор - бастаушы кәсіпкерге жаңа бастайын деп отырған жеке істерін жүргізу жөнінде мәліметтер беретін, оларға құқықтық, экономикалық және кеңес беру көмектерін жүргізетін ұйым.
Технополистер университет немесе басқа жоғары оқу орындарынан, ғылыми-зерттеу институтарынан, сонымен қатар тұрғылықты аудандардан тұратын ірі, заманға сай ғылыми-өндірістік кешендерді білдіреді. Бұл жерде жаңа ғылыми бағыттар мен ғылыми өндірістерді дамыту үшін қолайлы жағдайлар жасалады.
Технологиялық жаңалықтардың бір формасы - тәуекелдік бизнес ретінде анықталатын венчурлік бизнес. Венчурлік бизнес ғылыми зерттеудің нәтижесін ғылыми және нәтиже алу кепілдендірілмеген, сонымен қатар тәуекелдіктің үлкен үлесі бар бірінші кезекте жоғары технологиялық облыстарды коммерциялау үшін тән. Венчурлық фирма дегеніміз алдын-ала табысы анықталмаған, яғни тәуекелге барып капитал салу арқылы жаңа технология мен өнімді енгізу және жасақтаумен айналысатын ғылыми-техникалық фирма.
Шағын кәсіпорындар инновациялық кәсіпкерліктің дамуында маңызды рөл атқарады. Өз кезегінде венчурлық бизнес, шағын бизнестегі инновациялық кәсіпкерді ұйымдастыру формаларына қарағанда біршама артықшылықтарға ие - жоғарғы икемділік, серпінділік және басқалары. Венчурлық кәсіпкерлік тәуекелді бөлу және тарату шарттарына негізделеді. Ол өз қаражаты жеткіліксіз идеяның авторларына осы идеяларды жүзеге асыруға мүмкіндік береді.
Венчурлық бизнес АҚШ-та пайда болып, сол жерде кең тараған. Кез-келген шағын инновациялық бизнес шектелген материалдық және қаржы ресурстарына ие, әлсіз ғылыми-техникалық базасы мемлекет тарапынан тиімді қолдауға мұқтаж. АҚШ-та шағын инновациялық бизнеске мемлекеттік көмек берудің кешендік бағдарламасы жасалған және қазіргі таңда қызмет атқарып отыр. Ол федералды бюджет арқылы шағын кәсіпорынды тікелей қаржыландырудан, осы кәсіпорынды келісім шарт түрінде министрлікпен және ведомоствалармен қаржыландырудан, қолайлы салық заңдылығы мен амортизациялық климаттан құралады. АҚШ-тағы венчурлық бизнестің мәні - инновациялық фирмалар инвесторлармен ұсынылатын қаражаттар арқылы, яғни құрылатын компанияның жеңілдетілген бағасы бойынша акцияларды сатып алумен алмасу арқылы өз идеяларын жүзеге асырады.
Қазақстанда венчурлық кәсіпкерлікті дамыту үшін қажет заттардың бәрі бар. Бірақ та келешекте алдымен құнды қағаздар нарығын және интеллектуалды қазақ нарығына шетелдік фирмалардың енуін қарынды түрде арттыру қажет. Мұндай ену тікелей экспансия сипатына ғана ие емес, сонымен қатар отандық инновациялық жобаларға инвестиция құю формаларына да ие болады. Оның біреуі - мемлекеттік интеллектуалды меншікті жасырын түрде жекешелендіру, яғни мемлекеттік ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz