КӘСІПОРЫННЫҢ МАРКЕТИНГТІК ЖӘНЕ ӨНДІРІСТІК ҚЫЗМЕТІ



Пән: Маркетинг
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 5 бет
Таңдаулыға:   
КӘСІПОРЫННЫҢ МАРКЕТИНГТІК ЖӘНЕ ӨНДІРІСТІК ҚЫЗМЕТІ

1.1 Маркетинг: мазмұны мен негізі
1.2 Тұтынушыны зерттеу. Нарықты сегменттеу
1.3 Маркетинг құралы

1.1 Маркетинг: мазмұны мен негізі

Маркетинг - жоғары пайда табу мақсатында тұтынушының сұранысын зерттеу негізінде кәсіпорын, фирма, корпорция тауарын өңдеу, өндіру және сату қызметін ұйымдастыру жүйесі болып табылады.
Маркетинг нарық, сату аясындағы қызмет.
Маркетингтің негізі болып бірін-бірі толықтыратын келістер - нарықты терең және жан-жақты зерттеу, оған белсенді әсер ету, сондай-ақ қажеттілік пен сатып алушының талғамын қалыптастыру. Өндіруші мен тұтынушыны байланыстыру, олардың бірін-бірі табуына көмектесу - бұл кез-келген маркетингтік қызметтің негізгі мақсаты.
Тұтынушының қажеттілігі шексіз, бірақ оларды қанағаттандыратын ресурс шекті. Адамның қаржылық жағдайының көлеміне байланысты өзінің қажеттілігін қанағаттандыратын тауарды таңдайды. Сатып алушының қажеттілігін қанағаттандыратын барлық тауар - тауар ассортименті деп аталады. Тауар тұтынушы талғамына неғұрлым толық сәйкес келсе, өндіруші соғұрлым жоғары жетістікке ие болады. Ол үшін өндіруші әлеуетті тұтынушыны табуы керек, оның қажеттілігін анықтауы қажет, содан соң осы тұтынушының қажеттілігін анағұрлым толық қанағаттандыратын тауарды өндіруі керек.
Маркетингтік қызмет жағдайында нарықтың 2 түрін қарастырады:
Сатушы нарығы - бұл, ережеге сәйкес тапшылық нарығы, мұнда сатушы үлкен билікке ие, сондықтан сатып алушы анағұрлым белсенділік танытуы қажет. Сатып алушы нарығы - бұл ережеге сәйкес, қаныққан нарық, бұл жерде сатып алушы үлкен билікке ие, ал сатушы белсенділік танытуы қажет.
Әрбір сатушы өткізу проблемасымен соқтығысады, яғни тауарды сатып алушыға дейін жеткізу. Әрбір өндіруші-сатушы мен тұтынушының негізгі міндеті - коммерциялық қанағаттанатындай нәтиже алу. Коммерциялық жетістік нарық формасын, түрі мен типін терең және жан-жақты зерттеуіне байланысты. Нарықты зерттеу екі тұрғыда жүргізіледі:
1) сипаттамалық ерекшелігі, қажеттілігі мен мүмкіншілігі;
2) оның сыйымдылығы, толықтыру дәрежесі, бәсеке жағдайы, ұқсас тауардың пайда болу ықтималдылығы және т.б.
Осы екі тұрғының біреуін таңдау не өнімге бағытталған маркетингке, не тұтынушыға бағытталған маркетингке алып келеді.
Өнімге бағытталған маркетинг кәсіпорын қызметін жаңа тауарды дүниеге әкелуге немесе бұрыннан шығарылатын тауарды жетілдіруге бағыттайды. Мұның негізгі міндеті - тұтынушыны тауардың жаңа немесе жетілдірілген түрін сатып алуға итермелеу.
Тұтынушыға бағытталған маркетинг кәсіпорын қызметін тікелей нарықтан туындаған қажеттілікті қанағаттандыруға бағыттайды. Мұндағы маркетингтің негізгі міндеті - қабілетті тұтынушыны зерттеу және нарықтан орын іздеу. Бұл типтегі маркетинг - жалпы коммерциялық қызметтің негізгі бөлігі, өйткені тұтынушының сұрасынын зерттемей кәсіпкер ұзаққа бара алмайды.
Маркетинг көмегімен өндіріс мақсатының жетістікке жетуі - тұтынушы талабын қанағаттандыру мен бағалау арқылы жүзеге асырылады. Маркетинг нарыққа шығу үшін жағдай жасайды.
Маркетингтің негізгі принципі - жалпыға бірдей мақсаттылығы, яғни өндірістің соңғы нәтижесін тұтынушының нақты талабы мен жағдайына бағдарлау. Осындай негізгі принциптен бірқатар басқа принциптер туындайды:
1) нарықты білу, яғни сол тауар түріне деген тұтыну сұранысының жағдайы мен серпінін жан-жақты зерттеу, ғылыми-техникалық, өндірістік және шаруашылық шешімді әзірлеу мен қабылдау процесінде алынған ақпаратты пайдалану;
2) Кәсіпорын қызметінің тиімділігін арттыру үшін өндірісті нарық талабына максималды түрде сәйкестендіру; не сатылады, соны өндіру;
3) маркетингтік зерттеу жүргізу нәтижесінде пайда болған техникалық және шаруашылық проблемаларға, оның ішінде өнім мен қызмет сапасын арттыру мен жетілдіру бойынша шешімін тапқан шығармашылық келістерді қолдау және дамыту;
4) Нарықты салыстырмалы түрде біртектес тұтынушы тобына бөлу (нарықты сегменттеуді жүзеге асыру) және кәсіпорынды анағұрлым әлеуетті мүмкіншілігі бар сегменттерге бағыттау; нарықтың жеке сегментінің ерекшелігін ескере отырып, белгілі бір типтегі тұтынушы мен олардың қажеттілігіне сәйкес өнім шығару;
5) Бәсекелестік күресте өнім сапасы мен техникалық деңгейін арттыру нәтижесінде басымдылыққа ие болу, сатып алушыға үлкен көлемде және жоғары сапада қызмет көрсету;
6) Сауда делдалдарына жәрдемдесу мен көмек көрсету, тұтынушыға дайын өнімді дер кезінде жеткізіп тұру үшін, оларды қоймалармен қамтамсыз ету, ондағы техникалық және персоналды оқыту проблемаларын шешуге көмектесу;
7) Нарықты жаулап алу, әсіресе нарықтың прогрессивті секторында нақты мәселені қоя отырып, сату көлемін арттыру бойынша келешекте маркетингтік стратегияны бағдарлау.
Маркетингтегі ең бастысы - мақсатты бағыт пен кешендік, яғни кәсіпкерлік, шаруашылық, өндірістік және өткізу қызметінің бірігуі. Маркетинг мақсаты - өндірістік тауардың өндірісі ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Кәсіпорында маркетингтік қызметті ұйымдастыру
Кәсіпорынды басқару процесі
Кәсіпорында маркетингті ұйымдастыру
Кәсіпорын мен цехтарды ірілендіру
КӘСІПОРЫНДАРДЫҢ МАРКЕТИНГТІК ҚЫЗМЕТ
Баспа өнімдері саласындағы кәсіпорындағы маркетингтік қызметті ұйымдастырудың теориялық негіздері
Кәсіпорын процестерін басқарудағы маркетинг қызметі
Фирманың басқару жүйесіндегі маркетинг
Маркетинг өткізу тұжырымдамасы
Қазақстан Республикасындағы өнеркәсіптегі маркетингті енгізу тәжірибесі
Пәндер