КӘСІПОРЫННЫҢ НЕГІЗГІ КАПИТАЛЫ



Пән: Экономика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 11 бет
Таңдаулыға:   
КӘСІПОРЫННЫҢ НЕГІЗГІ КАПИТАЛЫ

1.1 Негізгі өндірістік қордың экономикалық мәні мен маңызы
1.2 Негізгі қордың құрамы, құрылымы және бағасы
1.3 Негізгі қордың тозуы және амортизациясы
1.4 Өндірістік негізгі қордың көрсеткіштерінің қолданылуы
1.5 Кәсіпорынның негізгі қорының қозғалысын бағалау көрсеткіштері
1.6 Негізгі қорды қолдану тиімділігі

1.1 Негізгі өндірістік қордың экономикалық мәні мен маңызы

Негізгі қор (құндық бағада негізгі капитал) - бұл еңбек құралы ретінде қолданылатын, өзінің табиғи қалпын сақтай отырып ұзақ мерзім бойы әрекет ететін, өзінің құнын өндірген өнімге біртіндеп аударатын материалдық-заттық құндылық.
Есептеу және статистика тәжірибесінде негізгі қорға еңбек құралын пайдалану мерзімі бір жылдан кем емес мүліктер жатады.
Негізгі қордың кеңейтілген ұдайы өндіріс процесіне қатысу сипатына байланысты оларды өндірістік және өндірістік емес деп бөледі.
Негізгі өндірістік қор - материалдық өндіріс саласында тікелей қызмет етеді, өндіріс процесіне бірнеше рет қатысады, біртіндеп тозады, ал оның құны өндірілетін өнімге қолдану мөлшеріне байланысты біртіндеп ауысады. Олар қаржы салымы есебінен толықтырылады.
Негізгі өндірістік емес қор - кәсіпорын балансындағы тұрғын үйлер, бала-бақшалар және спорт мекемелері, мәдени-тұрмыстық бағыттағы басқа да объектілер жатады. Негізгі өндірістік қорға қарағанда, олар өндіріс процесіне тікелей қатыспайды, олардың құны пайдаланғанда жоғалады. Олар ұлттық табыс есебінен қайта өндіріледі.
Өндірістік емес қор өндіріс көлеміне және еңбек өнімділігіне тікелей әсер етпейді, бірақ олардың қызмет етуі кәсіпорын жұмысшыларының әл-ауқатын жақсартумен, материалдық және мәдени өмір деңгейін көтерумен байланысты, түбінде ол кәсіпорын қызметінің нәтижесіне әсер етеді.
Негізгі өндірістік қор жүйелі түрде жаңартылуы тиіс. Негізгі қордың, әсіресе еңбек құралының дамуы, олардың сапасын жаңа техникалық және ғылыми жетістіктер негізінде жақсарту, еңбектің техникалық қарулануын жоғарылатады, аз еңбек шығынын жұмсай отырып, жоғары сапалы өнім өндірудің маңызды шарты болып табылады, сонымен қатар еңбек өнімділігін арттырып, өнімнің өзіндік құнын төмендетеді.

1.2 Негізгі қордың құрамы, құрылымы және бағасы

Негізгі қордың жеке бөлшектері өндірістік процесте пайдалану мақсатына және есептеу тәртібіне байланысты натуралдық көрсеткіште келесі топтарға жіктеледі:
1) кәсіпорын меншігіндегі жер телімдері және табиғатты пайдалану объектілері;
2) ғимараттар;
3) құрылғылар;
4) таратушы құрылғылар;
5) машиналар мен жабдықтар;
6) өлшеуіш және реттеуіш құралдар, қосалқы және лабораториялық жабдықтар;
7) есептеуіш техникалар;
8) транспорттық құралдар;
9) пайдалану мерзімі 12 айдан асатын құрал-саймандар;
10) өндірістік - шаруашылық инвентарь;
11) ішкі шаруашылық жолдар;
12) негізгі қорға қатысты жабдықтарды, кеңселерді, жалға берілетін ғимараттарды, жер телімдерін және басқа да объектілерді жақсартуға салынған қаржы.
Өндірістік негізгі қордың құрылымы қордың әрбір тобының өнеркәсіптегі жалпы құнымен сипатталады.
Негізгі қорды өндіріс процесіне қатысуына байланысты екі топқа жіктейміз: активті және пассивті.
Меншік иесі үшін негізгі қордың топтарына қаржы салу маңызды болып келеді. Ол негізгі қордың активті бөлігі болып саналатын машиналар мен жабдықтардың үлес салмағының оңтайлы ұлғаюына көп көңіл бөледі. Транспторттық құралдар, есептеуіш машиналар мен құрал-саймандарды активтік бөлігіне жатқызуға болады. Негізгі қордың бұл элементтері технологиялық процеске қатысады, тікелей өндіріс қуаты мен жұмыстың өнімділігіне ықпал етеді. Негізгі қордың басқа топтары өндірістік процестер үшін қажетті жағдай жасайды, бірақ олар пассивті бөлігіне жатады. Бұлар ғимараттар, құрылғылар, таратушы құрылғылар, инвентарь.
Негізгі өндірістік қордың активті бөлігінің үлес салмағы неғұрлым жоғары болса, соғұрлым өнім көлемі мен қорқайтарымдылық көрсеткіші артады. Сондықтан негізгі қордың құрылымының жақсаруы өндірістің маңызды мәселесі, яғни өнімнің өзіндік құнының төмендеуі, фирманың қаржы салымдарының өсуі болып табылады.
Негізгі өндірістік қордың құрылымын жақсарту мыналарға мүмкіндік береді:
- жабдықты жаңарту және жаңғырту;
- жабдықтың құрылымын машина мен станоктың, әсіресе соңғы операцияларды атқаратын станоктардың, автоматты және жартылай автоматты станоктардың, әмбебап агрегатты станоктардың, автоматты желілердің, сандық бағдарламалық басқару станоктарының прогрессивті түрлерінің үлесін арттыру арқылы жетілдіру;
- ғимараттар мен құрылғыларды тиімді пайдалану, бос алаңдарға қосымша жабдықтар орнату;
- құрылыс жобасын дұрыс өңдеу және кәсіпорын құрылысының жоспарын жоғары сапада орындау;
- артық және аз қолданылатын құралдарды жою және оның басқа бөлек топтармен дұрыс пропорциялық қарым-қатынасын қамтамасыз ететін жабдықты құру.
Негізгі қорды тиімді басқаруда оның негізделген бағасы көп мағынаны білідіреді. Негізгі қордың есептеу және талдау тәжірибесінде натуралдық және ақшалай формасы қолданылады. Негізгі қордың натуралды түрін бағалауда машина саны, олардың өнімділігі, қуаты, өндірістік алаңдардың мөлшері және басқа да сандық өлшемдері анықталады. Бұл мәліметтер кәсіпорынның және оның салаларының өндірістік қуатын есептеу, өндірістік бағдарламаны жоспарлау, жабдық өнімділігінің резервін көбейту, жабдық балансын құру үшін қажет. Осы мақсатпен жабдықты құжаттау және түгендеу, оның кіруі мен шығуын есепке алу жүргізіледі.
Негізгі қордың ақшалай немесе құндық бағасы негізгі қордың кеңейтілген ұдайы өндірісін жоспарлау мен амортизациялық аударымдардың өлшемін және тозу дәрежесін анықтау үшін қажетті.
Негізгі қордың өндірістік процесте ұзақ қатысуы мен тозуы және осы кезең ішінде ұдайы өндіріс шарттарының өзгеруіне байланысты негізгі қорды бағалаудың бірнеше түрі бар, олар:
1) Негізгі өндірістік қордың бастапқы құны,
2) Негізгі өндірістік қордың қалпына келтіру құны
3) Негізгі өндірістік қордың қалдық құны.
Негізгі өндірістік қордың бастапқы құны - қорды дайындауға немесе сатып алуға және оларды жеткізу мен монтаждауға кеткен шығын сомасынан тұрады. Ол амортизация нормасы мен амортизациялық аударымдардың өлшемін, кәсіпорын пайдасын, рентабелділігін және олардың көрсеткіштерінің қолданылуын анықтау үшін қолданылады.
Ғылыми-техникалық прогресс негізгі өндірістік қордың жағдайы мен өндіріс факторының өзгеруіне әсерін тигізеді, демек ол өндіріс шығынын, ағымдағы нарық бағасы мен тарифін өзгертеді. Қазіргі уақытта негізгі қорды сатып алудың ағымдық бағасы мен тарифіне бірінші дәрежелі әсерді инфляция тигізіп отыр.
Уақыт өтуіне байланысты кәсіпорын балансындағы негізгі қор аралас бағада көрсетіледі, яғни олардың құрылған немесе сатып алынған бағасы ағымдағы нарықтық баға бойынша көрсетіледі. Негізгі қордың бастапқы құнындағы бағасы қазіргі уақытта шын мәніндегі өзінің құнын көрсетпейді, сондықтан да негізгі қорды қайта бағалау қажеттілігі туындайды және оларды ортақ құндық өлшеуішке айналдыруға тура келеді. Осы мақсат үшін негізгі қордың қалпына келтіру құны қолданылады.
Қалпына келтіру құны - жаңа өндірістік жағдайға сай негізгі қордың ұдайы өндірісіне кеткен шығындар, яғни ережеге сай ол қорды қайта бағалау кезінде бекітіледі.
Кәсіпорын, фирма негізгі қор объектілерін жылына бір рет (ағымдағы жылдың басында) индексациялау немесе құжаттай бекітілген нарық бағасы бойынша қалпына келтіру құнын есептеуге (қайта бағалауға) құқығы бар.
Эксплуатациялау процесінде негізгі қор тоза бастайды және біртіндеп бастапқы құнын жоғалтады. Олардың нақты құнын бағалау үшін қордың тозған бөлігінің құнын алып тастау қажет. Негізгі қордың бастапқы құны мен қалпына келтіру құнының арасындағы айырмашылық пен олардың тозу сомасы қалдық құнды (ликвидтік) құрайды.
Негізгі қордың ликвидтік құны - бұл негізгі қордың өндірістен алынып тасталған және тозған құнын шегеруі (көп жағдайда бұл сыну құны).
Экономикалық көрсеткіштерді есептеуде негізгі қордың орташа жылдық құны анықталады. Бұл есептеу бастапқы құн негізінде оларды енгізу және шығару арқылы есептеледі және мына формуламен анықталады:

НҚор.жыл. = НҚб.қ. + (НҚен. * n1 ) 12 - (НҚшек. * n2 ) 12 (5.1)

мұндағы, НҚор.жыл. - негізгі қордың орташа жылдық құны;
НҚб.қ. - негізгі қордың жыл басындағы (баланстық) құны;
НҚен. - негізгі қордың енгізілген құны;
НҚшек. - қордың ликвидтік құны;
n1 - негізгі қорды енгізген бастап ай саны;
n2 - негізгі қордың шығуынан бастап ай саны.

1.3 Негізгі қордың тозуы және амортизациясы

Негізгі қордың ерекшелігі - өндірістік процесте көпреттік қолданылуы болып табылады. Бірақ олардың қызмет ету уақытының шегі болады, яғни олардың тозуымен қалыптасады.
Тозудың екі түрі бар - физикалық және моральдық.
Физикалық тозуы негізгі қордың өзінің бастапқы тұтыну құнын біртіндеп жоғалтуымен түсіндіріледі, олар қызмет ету процесінде ғана емес, әрекетсіз жағдайлары да (сыртқы ортаның әсері, атмосфералық құбылыстар, коррозия) әсер етеді. Негізгі қордың физикалық тозуына негізгі қордың сапасы, технологиялық жетілдіруі (конструкциялар, материал сапасы мен түрі, ғимаратты салу сапасы мен станокты орнату, құру), технологиялық процестің ерекшеліктері (беріп тұру мен кесу жылдамдығы мен күші), әрекет ету уақыты (бір жылдағы жұмыс күнінің саны, бір тәуліктегі ауысым саны мен ауысымның жұмыс сағаты), негізгі қорды сыртқы ортаның әсерінен қорғау дәрежесі, күту, жөндеуден өткізу сапасы, жұмысшылардың біліктілігі және олардың негізгі өндірістік қорға деген көзқарасы әсер етеді.
Негізгі қордың бірдей элементтерінде физикалық тозу әртүрлі болады. Негізгі қорды толық және біртіндеп тозу деп те айырады. Толық тозуда әрекет етуші қор шектеледі және жаңа қорға, яғни күрделі құрылысқа ауыстырылады. Біртіндеп тозу жөндеу жұмыстары арқылы қалпына келтіріледі.
Негізгі қордың физикалық тозуы нақты қызмет еткен уақытын нормативтік қызмет мерзіміне қатынасын 100-ге көбейтіп шектеуі мүмкін. Анағұрлым дұрыс әдіс - бұл объектің жағдайын табиғи түрде зерттеу болып табылады.
Моральдық тозу - олардың ұдайы өндірісіне қажетті қоғамдық қажетті шығындарды қысқарту салдарынан машиналар мен жабдық құнының төмендеуі (моральдық тозудың бірінші түрі) немесе жаңа жетілдірілген, анағұрлым прогрессивті және экономикалық тиімді машиналар мен жабдықтардың енгізілу салдарынан олардың құнының төмендеуі (моральдық тозудың екінші түрі). Негізгі қор моральдық тозудың мұндай формаларының әсерінен экономикалық тиімділігі мен техникалық сипаты жағынан ескіріп қалады.
Моральдық тозудың екінші түрін біртіндеп, толық және жасырын формасында қарастыруға болады.
Біртіндеп болатын моральдық тозу формасында машиналар өз құны мен тұтыну құнын біртіндеп жоғалтады. Жеке операциялардағы олардың мөлшерінің біртіндеп арту нәтижесінің салдарынан оларды әлі де болса анағұрлым тиімді болатын басқа операцияларда, өндірістің басқа жағдайларында пайдаланған жөн болады.
Амортизация - негізгі қордың тозуын, олардың құнының бір бөлігін өндірілген өнімнің шығынына қосу арқылы ақшалай қайтаруы. Сонымен, амортизация негізгі қордың моральдық және физикалық тозуының ақшалай көрінісі.
Амортизациялық процесс негізгі қордың қызмет ету мерзімі ішінде өндірілетін өнімге құнын бөлшектеп тасымалдауы және тұтынылған негізгі қорды қайтару үшін осы құнды келешекте пайдалануы. Өнім құрамындағы негізгі қордың тасымалданған құны өндіріс аясын тастап, айналыс аясына көшеді. Өнімді сатқаннан кейін негізгі қордың тасымалданған құнына сәйкес ақша сомасының бір бөлігі амортизациялық қорға енеді, яғни бастапқы құнының көлемі жиналғанға дейін (тозған негізгі қорларды алып тастағандағы) жинақталады. Амортизациялық қор - тозған негізгі қордың орнына жаңасын сатып алу үшін қолданылады.
Амортизацияны есептеу үшін шаруашылық тәжірибеде амортизациялық аударым және амортизациялық нормалар қолданылады.
Амортизациялық аударым - тасымалданған ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Кәсіпорындағы айналым капиталдарының тиімділігін арттыру
ААҚ «Тұк казхром» кәсіпорынның экономикалық қызметін талдау
Айналыс қорлары
Меншікті капиталдың маңызы, орындайтын функциялары мен құру тәртібі
Кәсіпорын капиталының құрылымы
Кәсіпорынның айналым капиталын жетілдіру жолдары
Капитал құрылымын оңтайландыру
Айналым капиталының қалыптасу көздері
ААҚ «Тұк казхром» экономикалык қызметін талдау
Кәсіпорынның айналым капиталын бағалау
Пәндер