ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ЭКОНОМИКАСЫНЫҢ ДАМУ СИПАТТАМАСЫ


Пән: Экономика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 8 бет
Таңдаулыға:   

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ЭКОНОМИКАСЫНЫҢ ДАМУ СИПАТТАМАСЫ

1. 1 Экономика ғылымдарының жүйесі

1. 2 Шаруашылық қызмет және адамның тіршілік әрекетінің экономикалық ортасы

1. 3 «Кәсіпорын экономикасы» пәнінің мәні

1. 1 Экономика ғылымдарының жүйесі

Экономиканың заңдары мен қағидаларын білу адамға сенімділік әкеледі, күрделі экономикалық процесті дұрыс бағалауға және шаруашылықтың оңтайлы шешімдерін қабылдауға мүмкіндік береді. «Экономика» сөзі «оіkoпоmіа» деген грек сөзінен шыққан - үй шаруашылығын басқару дегенді білдіреді. «Экономика» термині өте ертеде, екі мың жылдан астам уақыт бұрын пайда болып, халықаралық мәнге ие болды. Алғаш рет бұл терминді ежелгі грек философы Ксенофонт айналымға енгізді, экономика жөнінде бірінші трактатты жазған да сол болды.

Экономика - бұл табыс табу, тіршілікке қажетті заттарды алу мақсатында адамның табиғатқа белсенді әрі саналы әсер етуінің факторы және нәтижесі.

Адам өзінің экономикалық әрекетті процесінде қарым-қатынасқа түседі және табиғи ортаны ғана емес, сонымен қоса өздері жасаған жасанды ортаны да пайдаланады.

Экономика адамның өзін қоршаған нысандарға әсер етуімен, шаруашылық қызметті іске асыру процесінде адамның бір-бірімен қарым-қатынасымен байланысты. Бұл қатынастардың зат өндірумен, материалдық игіліктермен байланысының шамасына қарай оларды өндірістік деп атауға болады. Сонымен қатар адамдар арасында игіліктер мен ақша құралдарын өндіру, бөлу, айырбастау және тұтынуға байланысты туындайтын экономикалық қатынастар да бар. Сондықтан да экономикалық қатынасты зерттеу - экономика ғылымының негізгі міндеті.

Қазіргі заманғы тілде экономика көп мағыналы және негізгі үш түрлі ұғымға ие:

- бұл өндіріспен және барлық шаруашылық қызметпен байланысты қоғамдық қатынастар жиынтығы; осы қатынастың сипаты бойынша, шаруашылық жүргізу нысаны бойынша экономиканы нарықтық, әкімшіл-әміршіл, феодалдық, капиталистік деп бөледі;

- бұл жекелеген ауданның елдің немесе әлемнің шаруашылығы;

- экономика - бұл коғамның шаруашылық өмірінің қандай да бір саласын, мысалы: өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы экономикасын, еңбек экономикасын және т. б. зерттейтін ғылыми пән.

Осы үш түрлі ұғым негізінде жалпы анықтаманы да ұсынуға болады:

Экономика - материалдық тетіктер мен процестерді қамтамасыз етумен байланысты, адам баласының негізгі қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін керек талаптарды қамтамасыз ететін адамның кез-келген қызметі.

Сонымен қатар экономика ғылым ретінде адам арасындағы байланыс пен қатынасты және адамның қоғамдағы мінез-құлқын зерттейді. Бірақ философия мен әлеуметтанудан айырмашылығы - ол қоғамды тұтастай емес, оның экономикалық тіршілік саласын ғана, яғни адамның шаруашылық байланысы мен экономикалық мінез-құлқын қарастырады және:

- экономиканы ұйымдастыру және реттеу;

- бағаны қалыптастыру және ақша кірісі;

- жұмыссыздық және инфляция;

- кедейлік және теңсіздік;

- әскери шығыстар және қоршаған ортаны ластау және тағы басқа көптеген өмірлік игілікті өндіру, бөлу, айырбастау және тұтыну мәселелерімен айналысады.

Адамның мол игілікке деген қажеттілігі шексіз, ал оларды жасауға ресурстар шектеулі. Сондықтан экономист ғалымдардың басты міндеті - адамның қажеттілігін қанағаттандыру үшін материалдық игілікті өндіруде шектеулі ресурстарды тиімді пайдалану жолдарын іздеу. Осының өзі экономиканың негізгі пәнін құрайды.

Экономика ғылымы нені зерттейді? Ол кімге және не үшін қажет? Экономика - бұл шаруашылық болғандықтан, экономика ғылымы - бұл шаруашылық және шаруашылық қызмет туралы ғылым. Әрине, мұндай қысқа анықтама қарыштап даму кезеңін басынан өткеріп отырған қазіргі ғылымның бірі ретінде экономикаға терең түсінік бере алмайды.

Ғылым ретінде экономика пәні экономикалық өнімді, тауар мен қызметті өндіруді, бөлуді, айырбастауды және тұтынуды зерттеумен байланысты. Бірақ бұл анықтамада экономикалық әрекеттер тәсілін таңдаудың ерекшеліктері көрініс таппаған. Сондықтан көптеген көрнекті экономистер экономиканы өндірістік ресурстың шектеулігі, сирек кездесетіндігі және оларды осы шақтағы және келешектегі қажеттілікті қанағаттандыруға арналған әртүрлі тауар мен қызметті өндіру мақсатында пайдалану тәсілдерін таңдау жөніндегі ғылым ретінде сипаттағанды дұрыс көреді.

Кей жағдайда экономика пәнін оның қандай сұраққа жауап бере алатынымен және беретінімен сипаттайды. Экономика ғылымы - өзара байланыстағы меселелердің үш тобына жауап беруге мүмкіндік тудыратын білім жиынтығы:

1) нені өндіру керек, яғни қандай тауарды, өнімді, қызметті, жұмысты және қандай мөлшерде өндіру керек;

2) қалай өндіру керек , яғни кім, қандай ресурс пен қандай технология көмегімен өндіру керек;

3) кім үшін өндіру керек , өндірілетін тауар мен қызмет кімге арналуы тиіс, оларды кім тұтына алады?

Осы мәселелермен қатар экономика ғылымы қайда өндіру, қалай сату керектігін, өндіріс, сауда мен тұтыну арасындағы байланысты қалай орнату керектігін ұсынады.

Экономика ғылымын оқып-үйрену қажеттілігі анық. Біріншіден, экономика ғылымы - жалпы ғылымның, бүкіл адамзат білімі жүйесінің ажырамас бөлігі. Сондықтан экономикалық ақиқатты білмей білім алу, толық емес әрі жетілмеген болып шығады.

Екіншіден, ешкім де экономикадан тыс өмір сүре алмайды. Біздің бар өміріміз өндіріспен, саудамен, тұтынумен, ақшамен тығыз байланысты. Осы жағынан алғанда экономика - өмір туралы ғылым, ал дұрыс өмір сүре білу үшін экономикалық сауатты болу қажет.

Үшіншіден, кез-келген адам азамат болып табылады. Ал экономикалық ойлауды қалыптастырмай, экономикалық көзқарассыз, оқиғаға экономикалық баға беруде өзіндік пікірің болмай, толық азамат бола аласың ба? Экономика ғылымы өтіп жатқан экономикалық құбылыс пен процеске ғылыми негізделген көзқарас пен пікірлер қалыптастыруға, игеруге, өзіндік экономикалық бағыт ұстануға көмектеседі.

Сонымен, төртіншіден, экономика біздің көпшілігіміз үшін өзіндік қызмет саласы, жұмыс түрі болып шығады. Экономика - бұл кең таралған жұмыс, қызмет түрі, ол экономистер үшін де, шаруашылық иелері үшін де, ме-неджер, кәсіпкер, бизнесмен, саудагер үшін де, ақша табу және жинаушылар үшін де қажет. Экономикалық қызметке бейімі барлардың экономикалық білімсіз күні қараң.

1. 2 Шаруашылық қызмет және адамның тіршілік әрекетінің экономикалық ортасы

Экономикалық қызметтің барлығы адам қажеттілігін қамтамасыз ету үшін қажет.

Егер өндірістік өнімге қажеттілік болмаса, оларды сатып алуды қажетсінетіндер болмаса, ол үшін сату нарығы да болмайды және өндіруші оны өндіруден пайда таба алмайды. Нәтижесінде осы тауарды өндіру тоқтатылады.

Қанағаттандыру - бұл тұтынушы талабын жартылай немесе толықтай орындау процесі.

Тұтынушы қандай да бір ерекше өнім немесе қызметке деген бір ғана қажеттілігін қанағатдырумен әрқашан басқа қажеттілігін қанағаттандыру тәсілін іздеп жүреді. Оның кейбір сұранысы уақытша болып табылады, бірде қанағаттандырылса да, кейін қайтадан қанағаттандыруды талап етеді.

Қажеттіліктерді қанағаттандыру, сондай-ақ жаңалықтың пайда болуы шексіз процесс болып табылады. Адам ешқашан өзінің барлық қажеттілігін қанағатдыра алмайды.

Сондықтан экономикалық өндірістің ең жалпылама мақсаты адамды оған өмір процесінде қажетті тауармен қанағаттандыру болып табылады. Нарықтық экономикада кез келген қажеттілік емес, тек төлем қабілеттілігі бар, яғни ақшамен қамтылған және экономикалық пайдамен, пайдалылықпен өлшенетін қажеттілік қана қанағаттандырылады. Пайдалылықты өлшей алатын өлшем жоқ. Белгілі бір ресурсқа қанша пайдалылық салынғанын анықтауға мүмкіндік беретін тәсіл де жоқ. Тұтыну моделін таңдауда адамның ойлау логикасының қандай болуына байланысты ресурсқа салынған пайдалылық туралы пікір айтуға тура келеді. Пайдалылық үш жағынан сипатталуы мүмкін:

- нысан, сыртқы түр - мысалы, автокөлік әрқашан металдан жасалады;

- уақыт - тауар керек болған кезде саудада болуы тиіс;

- орын - тауар өзі қажет болған жерде саудада болуы тиіс.

Тұтынушы өнімге салынған пайдалылықты осы өнім қайда және қашан керек болса, тап сол жерден және сол уақытта алуы қажет.

Адамның шаруашылық қызметі әр түрлі құбылыс пен процестің өте күрделі және шиеленіскен кешенін білдіреді, онда экономикс төрт сатыны бөліп көрсетеді: өндіру, бөлу, айырбас, тұтыну.

Өндіру - бұл адамның тіршілігі мен дамуы үшін қажетті, демек, айқын пайдалылыққа ие материалдық және рухани игіліктер жасау процесі.

Бөлу - бұл үлес, сан, пропорцияны анықтау процесі, мұнда әрбір шаруашылық жүргізуші адам өндірілген өнімге қатысады.

Айырбас - бұл материалдық игіліктер мен қызметтердің бір субъектіден екінші субъектіге жылжу процесі және қоғамдық зат айырбасы арқылы өндірушілер мен тұтынушылардың қоғамдың байланыс нысаны.

Тұтыну - бұл өндіріс нәтижесін нақты қажеттілікті қанағаттандыру үшін пайдалану процесі, ресурсқа салынған пайдалылықты алу процесі.

Біз тамақты пайдаланған кезде осы ресурсқа салынған пайдалылықты пайдаға асырамыз. Сондықтан тұтыну процесі - өнімнен пайдалылықты алу акті. Өнімді тұтынған кезде оны бүлдіреді, яғни, тұтынған кезде өнім өзінің пайдалылығынан айрылады деуге де болады, өйткені ол тұтыну себебі болып табылады.

1. 3 «Кәсіпорын экономикасы» пәнінің мәні

Нарықтық экономика жағдайында кәсіпорын - шаруашылық жүргізудегі негізгі объективті буынға айналды. Мәселен, нарық сұранысын ескере отырып, кәсіпорын тек өнім өндіріп қана қоймай, сонымен қатар халықты жұмыспен қамту, жаңадан жұмыс орындарын ашу, еңбекақыны есептеу т. б. жұмыстарды іске асырады.

Өндірістің, кәсіпорынның барлық жұмыс қызметін сипаттау және түсіндіру - «Кәсіпорын экономикасы» пәнін зерттеу болып табылады. Өндірістік қызметтің заңдылығын түсіну негізінде нақты өндірістік мақсатты іске асыруда шаруашылық әдістерді әзірлеуге мүмкіндік туады.

Қазіргі кезде кәсіпорынның беделі, оны құру тәртібі мен жойылуы, мүлікті пайдалануы, шаруашылық жүргізуі, экономикалық және әлеуметтік қызметтері, кәсіпорынның мемлекеттік және жергілікті өзін-өзі басқару органдарымен қатынасы ұлттық заңдармен реттеледі.

«Кәсіпорын экономикасы» курсын зерттеуде, оның негізгі міндетін тұжырымдау қажет. Олар екі ережемен анықталады және оның мәні мынада:

1. Кәсіпорын меншік формасына және белгілі бір сала құрамында болуына қарамастан халық шаруашылығының экономикалық негізі болып табылады, нәтижесінде кәсіпорынның тиімді жұмыс істеу деңгейі жалпы халық шаруашылығының даму деңгейі мен халықтың әл-ауқатының деңгейіне байланысты болады;

2. Нарықтық экономика бұрыннан әрекет еткен шаруашылық механизмін жан-жақты қарастыруды, оның құрылымына жаңа нысандар енгізуді, атап айтқанда, кәсіпкерлік, бәсеке, бизнес-жоспар, еңбек мотивациясы, салық салу, т. б. қажет етеді.

Осыған сәйкес пәннің негізгі мақсаты мыналардан тұрады:

- кәсіпорында әрекет ететін шаруашылық механизмінің негізгі элементтерін қарау;

- нарықтық экономиканың талаптарына сай шаруашылық жүргізудің алдын-ала анықтайтын жаңа нысандары мен әдістерін кеңінен енгізу;

- меншіктің әртүрлі формасындағы кәсіпорын экономикасы мен ұйымдастырудың ерекшеліктерін зерттеу.

Адам өмірі тауар мен қызметтің көмегімен әртүрлі қажеттіліктерін қанағаттандыру процесі. Әрбір адам тамақтануы, киінуі, баспанасы болуы, пәтерін жиһаздандыруы қажет, яғни негізгі өмірлік қажеттілігін қанағаттандыруы керек. Бұдан да басқа адам оқығысы, саяхатқа шыққысы, басқа адамдармен араласқысы және т. б. жүзеге асыруды армандайды. Осы армандардың орындалуы, олардың өмірін ыңғайлы және жайлы етеді. Яғни, бұл жерде әңгіме мәдени қажеттілік пен байлыққа қажеттілік жөнінде.

Осы келтірілген жағдай бойынша мынадай қорытынды жасауға болады, тауар мен қызметтің көмегімен қанағаттандырылатын адамның барлық физикалық және рухани сезімдері, мұқтаждығы қажеттілік деп аталады.

Қажеттілік - бұл күрделі, көпжақты категория. Бұны тереңірек зерттеу маркетингтің пәні болып табылады. Біздің қарастыратынымыз осы қажеттілікті қанағаттандыру мүмкіншіліктері әрбір қоғамда әртүрлі. Әрбір ел белгілі бір әлеуетке ие. Ол табиғи және өндірістік материалдық игіліктер мен жұмысшы күшінің қабілетіне байланысты. Сондықтан да әрбір қоғамның алдында тұрған міндет қажеттілікті анағұрлым толық қамтамасыз ету мақсатында тауар мен қызмет өндірісі үшін қолдағы бар табиғи және материалдық ресурстарды, жұмысшы күші мен басқару қабілетін қамтамасыз етуді оңтайлы пайдалану.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
ГФР мен Қазақстан Республикасы арасындағы экономикалық қатынастар
Мектептегі экономикалық география білім жүйесін жүргізу әдісі мен тәсілдері
Экономикалық дамуы
Қаржылық лизинг
Нарықтық жүйенің сипаттамасы мен дамуы
Негізгі экономикалық мәселелер
Қазақстан Республикасының индустриялық-инновациялық даму бағдарламасы
Нашар дамыған елдердің салыстырмалы сипаттамасы
Кәсiпорынның инвестициялық iс-әрекетiн жүргiзу
Шағын компаниялардағы венчурлық жобаларды басқару
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz